ScreenReader       
Басты бетке     Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі      VKontakte facebook instagram Кіру       


Сайт мәзірі  


















































Іздеу:
 
free counters
Free counters

Құжаттарды жинақтау және өңдеу бөлімі

        Кітапханашылар: Исаева Гүлшашқан- жоғары білімді

        Ермекбаева Гауһар-жоғары білімді

        Илджанова Назира-арнаулы орта білім

        кітап түптеуші: Қайырғалиева Үздік

Жұмысының негізгі бағыттары:

  • Жүйелі түрде кітапхананың кітап қорын оқырмандар сұранысына сәйкес отандық басылымдармен, Қазақстан туралы құжаттармен, шетелдік әдебиеттермен, ТМД елдерінің әдебиетімен толықтырып отыру;
  • Жинақтаудың әмбебап бағдарларымен қамтамасыз ету, алуан түрлері, типтері, әр-түрлі тасымалдауыштағы тіл басылымдары;
  • Мемлекеттік тілдегі басылымдарға назар аудара отырып, әдебиеттерді сатып алу және мерзімді басылымдарды сатып алу республикалық бюджеттік бағдарламасын тиімді орындау;
  • Негізгі функциялары:

  • Кітапхананың басқа да құрылымдық бөлімшелерімен бірлесе отырып кітапхана қорын ағымды және ретроспективті толықтыру;
  • Кітапхана қорының статистика қозғалысын жасау;
  • Негізгі түсу көздері бойынша жұмысты ұйымдастыру: міндетті тегін данасы, сатып алу, сыйға тарту;
  • WEB-РАБИС бағдарламаның «Каталогизатор» және «Кітап қорын толықтыру» модульдері бойынша құжаттарды қабылдау, есепке алу, тіркеу, техникалық өңдеу,кітаптарды еңгізу;
  • WEB - РАБИС бағдарламасы бойынша электрондық каталогты жүргізуді жетілдіру;
  • Дәстүрлі каталогтармен жұмыс жасау, редакциялау;
  • Ескірген, тозығы жеткен әдебиеттерді есептен шығару, каталогтық карточкаларды каталогтардан алып тастау.
  • Оқырмандардың сұранысын негізге ала отырып әдебиеттерге тапсырыс беру, өңдеу және толықтыру
  • Әдебиеттерді аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі филиалдарына бөлу жұмысымен айналысады. Кітапхананы әдебиеттермен және жергілікті кітапхана жанашырларының сыйға тартқан кітаптар есебінен толықтыру қазіргі заман талабына сай жан-жақты жүзеге асыру
  • Кітапхананың жүйе бойынша кітап қоры әмбебап болып есептеледі, 252841 дананы құрайды Оның ішінде 177452 дана басылымдар - мемлекеттік тілде.
  • Жыл сайын кітапхана жүйесіне мемлекеттік тапсырыспен, бюджет, акция, сый, жергілікті бюджеттен қаржыландырылған әдебиеттермен мерзімді басылымдармен толықтырылады. Электронды каталогқа 2007 ж. бастап барлығы 194982 жазба еңгізілді (64822 кітап, 29460мақала)
  • Кітапхананы дамыту және әдістемелік бөлімі

        Бөлімде 2 әдіскер жұмыс жасайды;

        Мәтбаева Назекен – жоғары білімді маман

        Қаленова Рауза - жасөспірімдер мен балалармен жұмыс жөнінде Білімі арнаулы орта, еңбек өтілдері 5 жылдан жоғары.


    Жұмыс бағыты:

    Аналитикалық талдау, әдістемелік – кеңестік, инновациялық.

  • кітапхана ісінің мониторигі,
  • озат тәжірибені жинау және тарату;
  • семинар, тренингтер, кеңестер өткізу;
  • кітапхана мамандарының білімін дайындау.
  • ОКЖ жоспарлары мен есептері;
  • ОКЖ-нің статистикалық көрсеткіші;
  • Жүйелер дислокациясы, мамандар саны.
  • Міндеттері:

  • кітапханашылар қызметінің жылдық мониторгін өткізеді;
  • аймақтағы кітапханалар ісінің негізгі бағыттарының жобаларын жасау;
  • әртүрлі қоғамдық ұйымдармен бірлескен жиынтық үйлестіру жоспарларын әзірлеуге қатысады;
  • әдістемелік менеджмет жетілдіруде өткізілген шаралар, семинар тренингтер өткізу
  •     Әдістемелік менеджмент бойынша бөлімде аудан кітапханаларында ұйымдастырылатын мәдени – көпшілік іс –шараларды жоғары деңгейде өткізу, ауыл тұрғындарымен тығыз рухани байланыс орнату, халықтың мәдени – әлеуметтік өмірінде кітапхананың беделін арттыру мақсаттарында кітапханашыларға әдістемелік - нұсқаулық көмектер көрсетіліп тұрады.


    Ақпараттық – библиографиялық бөлімі

        Бөлімде: Алпысбаева Т - библиограф. Білімі арнаулы орта, еңбек өтілі 30 жылдан жоғары, Айдынғали М. – деректер базасының бас әкімшісі, жоғары білімді, еңбек өтілі 3 жылдан жоғары

        Кітапхана жүйесі бойынша ақпараттық – библиографиялық аппараттар жаңа мәліметтермен толықтырылып, кітапханалық ақпараттық білімді насихаттауда тақырыптық библиографиялық көрсеткіштерді жасақтау жұмыстары жүргізіліп келеді. Оқырмандар сұранысы бойынша мәтінді редакциялау, сандық форматтан өткізу, электронды құжаттарды, кітапхана қызметін пайдаланушыларға қажетті сұраныстарына басылымдарды жинақтау,WEBРАБИС бағдарламасына енгізу жұмыстарын жүргізуде.

        Деректер қоры материалдармен толықтырылып,баспасөз беттерінде жарияланған материалдардан папкалар жинақталып, күнделікті келіп түскен барлық ақпараттар енгізіліп отырады. Бүгінгі таңда аудан тарихына байланысты құжаттар жинақтау жұмыстары үнемі жүргізіліп, Өлкетанулық мазмұндағы 460 материал сандық форматқа көшірілді. WEBРАБИС бағдарламасы бойынша 987 сипаттама енгізілді. Пайдаланушылардың сұранысы бойынша орындалған анықтамалар саны 75.

        Жерлес ақын Сәбит Баймолдиннің 80 жылдығына орай «Еркін ой, ерек мінезді ақын», ғалым, экономист Нұрдәулет Күзембаевқа «Өз заманының перзенті», Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына «Ұлттың ұлы ұстазы», Жерлес жазушы Қажығали Мұханбетқалиұлының 80 жылдығына орай «Қаламы қуатты қаламгер», тақыптарында көрсеткіштер, 2022 жылы ерекше аталып өтілетін және еске алатын күндер тізбесі жасақталды. Библиографиялық ретроспективті көрсеткіш жыл сайын толықтырылуда


    Автоматтандыру бөлімі

    Бөлім меңгерушісі:Мұхамбетияр Гүлзада

    Техник инженер:Сокырова Ботагөз

    Бағдарламашы:Көрпебаев Нұржан

    Суретші – көркемдеуші:Усманова Нұрбақыт

        Автоматтандыру бөлімі 2022 жыл ішінде аудан кітапханаларында сандық форматқа құжаттарды енгізу жоспарлы түрде жүргізілді. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруда 2010-2021 жылдары аралығында кітап қорындағы өлкетану бағытындағы сандық құжаттар қоры 1970-ті құрайды, оның ішінде 146 кітап, 1824 мерзімді басылым материалдары. 2022 жылы 2978 құжат, оның ішінде 230 кітап, 2748 мақала енгізілді.

        Есепті кезеңде кітапхана қызметін пайдаланушыларының қашықтағы және әлеуметтік желі арқылы 54 оқырманның сұранысы қанағаттандырылып, электронды пошта, ватсап, мессенджер желілері бойынша жүзеге асырылды.

        2022 жыл ішінде аудандық кітапхананың әлеуметтік желідегі Инстаграмм, фейсбук парақшаларына жарнама, жаңалықтарды енгізу жұмыстары ұдайы жүргізілді. Оқырмандардың сұранысын қанағаттандыру, Есепті кезеңде кітапхана веб-сайтын пайдаланушылар саны - 76070.

        Жыл ішінде өңірдің мақтаныштары жазушы қаламгер Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қажығали Мұханбетқалиұлының 80 жылдығы мерейтойына «Парасат биігіндегі қаламгер» және қазақтың көрнекті ақыны Сәбит Баймолдиннің «Жыр – жүректің бұлағы», ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты Беркін Құрманбековтің 70 жылдығына «Өлке тарихын зердеген ғалым» ғалым, экономика ғылымдарының докторы Нұрдәулет Күзембаевтың 110 жылдығына «Ғылым биігіндегі кемеңгер» өмірі мен шығармашылығы, ғылыми еңбектері туралы бейне слайдтар дайындалды. 15 мамыр –Халықаралық Отбасы күніне орай «Отбасы бақыты анада» әріптесіміз Ж.Көккөзқызын еске алу мақсатында өткізілген шараға «Кітап әлеміндегі ғұмыр», «Отбасы бақыты анада» слайд дайындалды. Барлық дайындалған слайдттар кітапхананың әлеуметтік желідегі парақашаларына жарияланды.

        Әлеуметтік желідегі инстрграмдағы кітапхана парақшасына 24 қазан –Кітапханашылар күні аталып өтіліп, ауданның кітапхана ісін дамытуда ерен еңбек үлгісін көрсеткен ардагер кітапханашылар туралы мәліметтер «Кітапханашылар галереясы» айдарымен жарияланды.

        Сонымен бірге жыл ішінде өткізілген мәдени көпшілік шаралар аясында конференция материалдары, кітап көрмелерін безендіру жұмыстары, ауылдық кітапханаларға әдістемелік көмектер мен техникалық қолдаулар жасалды.

        Автоматтандыру бөлімі оқырмандарға төмендегідей қызметтер көрсетеді:

    - электронды құжаттарды дискетаға көшіру;

    - титуль беттерін дайындау;

    - принтерден қағазға шығару;

    - мәтінді редакциялау және сканерден көшіру, кестелер, графиктер құру;

    - кітапхана қорындағы құжаттарды сандық жүйеге енгізу

    - кітапханада ұйымдастырылатын іс-шараларды инновациялық бағыттарды қолдану

    - веб - сайт және кітапхана блогтарының жұмысын жүргізу

    - Оқырман сұранысына сәйкес слайдтар дайындау

         Бөлімде компакт дискілер, видео-аудио материалдары, компьютерге қатысты журналдар бар.Бөлімнің өздері басып шығарған библиографиялық құралдар, әдістемелік материалдар, жадынамалар, т.б. бар, сонымен қатар электронды пошта қызмет етеді.Бөлімде меңгеруші, техник инженер, бағдарламашы, суретші көркемдеуші жұмыс жасайды.


    Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі

    Бөлім меңгерушісі: Мәтбаева Назекен Маратқызы (м.у.а. Ажар Адилхан)

    Оқу зал,Кітапханашылар:Қобдабаева Айгерім, Ермекбаева Гауһар Ақсұлтанқызы (м.у.а.Райс Гүлназ)

    Абономент

    Кітапханашы:Қойлыбай Жанаргүл

    Жасөспірімдер кітапханашысы: Жетібаева Орынгүл (м.у.а.Мәнібаева Раушангүл)

      Коворкинг орталығы – аудан тұрғындарының , оның ішінде балалар мен жастардың өзінің демалысын , кітапханаға келушілердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, кез келген цифрлық форматтағы барлық ақпараттар мен қызметтерді пайдалануына жол ашу, өзінің сүйікті ісімен айналысуына мүмкіндік жасалуда , түрлі тақырыптар мен жүздесулер, онлайн шаралар өткізілуде.

    «БІР ЕЛ – БІР КІТАП» акциясы

      Байғанин аудандық орталық кітапханада қазақтың рухани көсемі, Алаш ардақтысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру, ақын өмірін үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу, оқырмандардың танымдық деңгейін дамыту мақсатында «Ұлттың ұлы ұстазы» атты танымдық сағаты өткізілді. Танымдық сағат соңында арнайы кітапхана қорының негізінде жасақталған кітап көрмесімен таныстырылып, библиографиялық шолу жасалынды.

    Жасөспірімдермен «Алаш жұртының бір туар азаматы» атты ақпараттық сағат ұйымдастырды. Қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени, тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға А.Байтұрсынұылының халықтық тәлім – тәрбиелік ойларының негізінде өскелең ұрпақтың бойына адамгершілік, ұлтжанждылыққа тәрбиелеу, педагог – ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу мақсатында өткен шараға «Ұлттың ұлы ұстазы атты» кітап көрмесі ұсынылып, библиографиялық шолу жасалды.

    «Ұлттық рухтың ұлы тінін жалғаған» атты жоғары класс оқушыларының арасында танымдық сайыс өткізілді. Танымдық сайысқа аудандағы бес мектептен бес топ қатысып, «АЛАШҚА АРНАП ҒҰМЫРЫН»(А.Байтұрсыновтың өмір жол), «ӨЛЕҢНІҢ АВТОРЫН ТАП» (Берілген өлеңдердің ішінен А.Байтұрсыновтың өлеңін табу), «ҰЛТ ҰСТАЗЫ -АХМЕТ» (тіл біліміне қатысты сұрақ –жауап), «БАЙТҰРСЫНОВ БИІГІ» (А.Байтұрсыновтың қоғамдық саяси қызметі) деп аталатын IV – кезеңдері бойынша бақ сынады. Нәтижесінде І- ші,ІІ-ші, ІІІ-ші дәрежелі диплом және ақшалай сыйлықтармен «АНА ТІЛІ» тобы, « Lider Q» тобы, ІІІ – ші «БІЛІМ» тобы марапатталды. «БӘЙТЕРЕК», «АСТАНА» топтары қатысқаны үшін естелік сыйлықпен және Алғыс хаттармен марапатталды.

    Аудандық орталық кітапханада қазақтың көрнекті ақыны жерлесіміз Сәбит Баймолдиннің 80 жылдығына арналған ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында «Жырларымен жылу шашқан жүрекке» атты әдеби поэзиялық кеш өтті. Кешке аудан әкімінің орынбасары Жеткізгенов Әсет Тілеуқабақұлы, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қолдасбаев Нұрәділ Алтынбайұлы және ақынның көзін көрген замандастары, онлайн байланыспен қашықтықтан ақынның қыздары Ләззат, Ләйлә Баймолиналар қатысты. Ақынмен бірге қызметтес болған ақпарат саласының үздігі, Егемен Қазақстан газетінің ардагері Гүлзейнеп Садырқызы, ҚР Журналистер Одағының мүшесі Бақтыбай Жайлау сонымен қатар ақынның туған жері Қарабұлақ өңірінің мектеп директоры Келдібай Ахмет және кітапхана қызметкерлері, Көлтабан селолық округінен ақынның көзін көрген жерлестері қатысты. Кеш барысында ақынның қаламынан туған өлеңдерін кітапхана оқырмандары оқып, ақынның жерлесі Айнабек Жеткірбай ақынға өз арнауын арнап, кеш қонақтары әдемі естеліктерімен бөлісті

      Аудандық мәдениет үйінде аудан әкімінің бастамасымен Сәбит Баймолдиннің 80 жылдық мерей тойы тойланды. «Жырларымен жылу шашқан жүрекке» атты әдеби сазды кеш өтті. Кешке ақынның зайыбы Жантөре Әбілханқызы, қыздары Ләйла, Ләззат Баймолдиналар, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағы облыстық ұйымының төреағасы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Ертай Ашықбаев, ҚР әлеметтік ғылымдар академиясының академигі, философия ғылымдарының докторы, профессер, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина уневерситетінің кафедра меңгерушісі Алтай Тайжанов, «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры қатысып, ақын туралы естеліктермен бөлісті. «Жыр жүректің бұлағы» атты кітап көрмесі мен аудандық музейдің ақын жәдігерлеріне көрме ұйымдастырылып, кеш қонақтарына таныстырылды.

        Қазан айында Қажығали Мұханбетқалиұлы атындағы орта мектеп - гимназиясында “Талғамы биік, тағылымы терең қаламгер” атты Қажығали Мұханбетқалиұлының өмірі мен шығармашылығына арналған аудандық конференция ұйымдастырылды. конференция өтті. Конференцияға жары – Сұлуханым Фатихқызы, апасы Зияш Мұханбетқалиқызы, інісі Еркін Арыстанғалиұлы, баласы Дінбаян Қажығалиұлы, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісінің иегері, дәрігер - фармацевт - Мазинова Ирина Жексенқызы, ауданның білім саласында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен ұстаз, еңбек ардагері - Жұмабаев Төлеген, жазушы ағаның туыстары Ермұханбетов Көбеген, Ермұханбетов Шоқан, қарындастары Қанияш Арыстанғалиқызы, Батима Нұркебайқызы, зейнеткер, құрдасы Мәшібаев Қуанғали, «Жем - Сағыз» газетінің редакторы, «Қажығали» қорының төрағасы, ұйымдастырушысы - Ұлықпан Қадір және ауданымыздағы туыстары қатысты .

      Конференцияның алғы сөзін аудан әкімінің орынбасары Әсет Тілеуқабақұлы алып, кейін Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі ИбраҺим Ермекбайұлы « Жем бойынан - парасат пашалығына», ҚР білім беру ісінің Үздігі, ҚР Үздік педагогі, шебер-педагог Лиза Жақыпқызы «Рухани жаңғыру. Қаламгер. Қоғам», жоғары санатты ұстаз, еңбек ардагері Төлеген Мұқыпұлы «Сөзі де дәл өзіндей сырбаз торы», Қ.Мұханбетқалиұлы атындағы орта мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы Гайдар Абдраманов «Ұлт тарихындағы «Тар кезең», Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапханашысы Ажар Әділхан «Заман келбетін зерделеген жазушы» тақырыптарында баяндама оқыды. Кеш соңында «Ұрпақтар үні» тақырыбында жазушының туыстары сөз алып білім ордасына толағай табыстар мен сәттілік тіледі. Конференцияға кітапхана қоры негізінде “Парасат биігіндегі қаламгер” атты кітап көрмесі жасақталып таныстырылды.

      Өңіріміздің ақын-жазушылар шығармашылығын өскелең ұрпаққа таныту, жерлесіміз, ақын, сазгер, драматург Бәкір Төлеуұлы Тәжібаевтың туған күніне орай шығармашылығына арналған Республикалық ән байқауында аудандық орталық кітапханаың ұйымдастыруымен «Ән мен жырдың дарыны Бәкір аға» тақырыбында өмірімен шығармашылығына арналған кітап көрмесі байқау қонақтарымен қатысушыларына таныстырылды.>

    Аудандық балалар кітапханасы

    Бөлім меңгерушісі:Имашева Айкерим

      Оқу зал,Кітапханашылар:Ермекбаева Нұрғайша,Оразова Перизат

      Балалар кітапханасының негізгі қызметі балалардың оқу, оқып танысу сонымен қатар кітапхананы пайдалану әдеттерін дамыту, білімін көтеру, құбылысты түсіну, танып білу үшін ақпаратты қолдануды игеруіне мүмкіндік жасау, балаларға тәрбие беру мен оқытуына белсенді көмек көрсету, олардың ұлан-байтақ кітаптар әлемінен өздеріне қажеттісін ажырата алуына көмектесу, кітапқа деген құрметі мен сүйіспеншілігін қалыптастыру, оларға кітаптармен жұмыс жасай білуді үйрету болып табылады.

      Аудандық балалар кітапханасының кітап қоры 15341 дана, оның ішінде қазақ тіліндегі әдебиеттер 7430 дана. Жыл ішінде 1570 оқырманға 46883 дана кітап берілімен қамтылды, келушілер саны 19935 - ні құрады. Оқырмандардың күнделікті сұранысын қанағаттандыруда 14 мерзімді басылымдар алынды.

      2022 жылы балалар кітапханасында балалардың демалыс аймағы ашылып, оқырмандардың кітап оқуына, түрлі танымдық ойындар, спорттық ойындар ойнауына жағдай жасалған.

      Балалар кітапханасы балалар оқуына басшылық жасай келе, оларға қажетті білім мен тәрбие беру мақсатында жаңа ақпараттық мәдениетін дамытып, түрлі мәдени шаралар ұйымдастырады, соның ішінде, бүгінгі күннің өзекті мәселесі ұрпаққа тәлімді тәрбие беру үшін ұлттық тәлім тәрбиеден бастау, сондай-ақ жастарымызды ұлттық рухани мәдениетке үйрету мақсатында олармен түрлі мәдени шаралар жүргізіп келеді. Балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттыруда кітаптар инсталлициясын ұйымдастыруда көпшіліктің жиналатын демалыс парктерінде, жазғы демалыс лагерлерінде кітап жаймалары өткізіледі. Кітапханада балалардың «Ұлттық дәстүрден ұлағат», «Жауқазын» қызығушылық клубтары жұмыс жасап келеді


    2022 ЖЫЛ – БАЛАЛАР ЖЫЛЫ

    «KIDS BOOK FEST» ФЕСТИВАЛІ АЯСЫНДАҒЫ ШАРАЛАР

      Аудандық балалар кітапханасында «Өлкенің гүл жайнаған балғындары» жобасы аясында «Балауса бағым - шаттық пен қуаныш мекені» атты мерекелік кеш өткізілді. Кештің мақсаты: «Балалар жылы» туралы түсінік беру, Ойын-сауықта би билеу арқылы балалардың өмірге деген белсенділіктерін арттыру, балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу, рухани жаңғырту. Кітап оқуға баулу; Кешке кітапханамыздың жанынан құрылған «Жауқазын» клуб мүшелері, аудандық Б Тәжібаев атындағы музыка мектебінің оқушылары, Гүлдерайым Бердіханқызының жетекшілігімен Т.Жармағамбетов орта мектебінің оқушылары асқан белсенділікпен атсалысты..

      «Қазынаға кітап арқылы жол тап» квест ойыны ұйымдастырылды. Ойын барасыныда Қазақстан картасы пайдаланылды. Картадағы 14 облыстық аймақтық бөлігі сол облыстан шыққан ақын-жазушылар кітаптарының ішіне жасырылды. Қай ақынның кітаптарында жасырылғанын анықтау үшін кітапхана кабинеттерінде, коворкинг балалар оқу аймағындағы тұрған әр түрлі заттар астында іштерінде кілт сөздер хат қалтасы жасырылды. «Білгірлер» және «Патриот» атты екі топқа бөлінген ойынға қатысушылар ойынды өте қызықты етіп, өтуіне атсалысты. Нәтижесінде «Білгірлер» тобьы шапшаңдық танытып І орынға ие болса, «Патриот» тобы сәл бәсеңдікпен ІІ орынды иеленді.

      «Ертегілер әлемінде», «Оқуға құштар мектеп» жобалары аясында өткізілген «Менің қиялымдағы әлем» атты ертегі кейіпкерін сомдау байқауы өткізілді. Байқау барысында Қарауылкелді орта мектебі қазақтың салт –дәстүрін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу мақсатында «Бесікке салу» рәсімінен көрініс кеөрсетсе, 3 Қарауылкелді орта мектебі Ыбырай Алтынсариннің «шеше мен бала» ертегісінен үзінді әкелді. Нәтижесінде үздіктеп «Бесікке салу» рәсімі танылды.

      1 маусым - Балалар күніне орай аудандық мәдениет үйінің алдында өткізілген аудандық мерекелік шара кітапхана қорынан жасақталған «Балаланың бақыты-әлемнің бақыты» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып оқырманға библиографиялық шолу жасалды. Сонымен қатар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген «Тарих тағылымы-балалар көзімен» атты бейнебайқауға қатысқан балалар марапатталып, сыйлықтар табысталды.

      «Ашық аспан астындағы кітапхана», «Өлкенің гүл жайнаған балғындары» жобалары аясында кітапхана қоры негізінен жасақталған «Кітап сарқылмас қазына» атты кітап көрмесін «Толағай» балалар саябағына апарып балаларға библиографиялық шолу жасадық. Балалар ертегі кітаптарын қызыға оқып, ертегілер негізінде қойылған сұрақтарға жауап беріп, өздерінің ой-пікірлерін айтты. Сонымен қатар «Ұлттық дәстүрден ұлағат» қызығушылық клубы мүшелерімен балалар арасында «Арқан тарту» қазақтың ұлттық спорттық ойыны ұйымдастырылып, жеңімпаз балалар І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Ойын өте тартысты өтті. Балалардың ұлттық ойындарға қызығушылығы артып, кітапханамызда өтетін әрбір шараға атсалысқылары келетінін жарыса айтты.

      «2022 жыл- Балалар жылына» орай, облыстық С.Бәйішев атындағы ғылыми әмбебап кітапханасынан бастау алған «KIDS BOOK FEST» фестивалінің сурет салу бағыты бойынша «Менің Отаным-Қазақстан!» атты кітапхана оқырмандары арасында сурет салу байқауы өткізілді. Байқау балалардың елін, жерін сүюге, өз елімен мақтана білуге тәрбиелеу және дарынды жас суретшілерді шығармашылық ізденіске баулу мақсатында өткізілді. Балаларға өз туындыларында Қазақстанның әсем келбеті, табиғаты мен кең даласы, ұлттық киімдерімен музыкалық аспаптарын, ою-өрнектерін бейнелеу тапсырылды. Балалар өз шығармашылықтарында тақырыпқа сай суреттер салып, «Шебер суретші», «Үздік сурет», «Көркем суретші», «Ғажайып сурет» номинацияларымен және Алғыс Хаттармен марапатталды. Сонымен қатар балалар сергіту сәтінде мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, замануи билерді биледі.

      «KIDS BOOK FEST» фестивальнің ашылу салтанаты өткізілді. Ашылу салтанатында кітапханамыздың кішкене оқырмандары балаларға арналған тақпақтар айтып, балалармен логикалық ойындар ойнатылды.Сонымен қатар балаларға балмұздақтар таратылды. Бес бағыттан тұратын фестивальдің әр бағытын балалардың демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында алдағы бір ай ішінде өткізу жоспарланып отыр.«KIDS BOOK FEST» фестивалінің бағыты бойынша «Еркін оқу кеңістігі» атты кітапхана оқырмандары арасында эссе жазу байқауы өткізілді. Байқау балалар 20 минут кітап оқып, сол кітаптан түйгенін параққа түсіру арқылы сайысқа түсті. Кітаптардың ішінен ертегі, халық ауыз әдебиеті түрлі қызықты әңгімелер оқу арқылы өздерінің қандай кітапты оқи алатынын көрсетті. Нәтижесінде балалар өз ойларын еркін жеткізіп, оза шапқан балалар І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен және белсенділік танытқан оқырмандарымыз Алғыс хаттармен марапатталды. Елін, жерін сүюге, өз елімен мақтана білуге тәрбиелеу және дарынды жас ұрпақты шығармашылық ізденіске баулу мақсатында өткізілген байқауда балалар өте әсерлі шығармалар жазып, кітап оқуға деген қызығушылықтары арта түсті..

      




    Құжаттарды жинақтау және өңдеу бөлімі 2021 жыл толығырақ...

    Құжаттарды жинақтау және өңдеу бөлімі 2017 жыл толығырақ...

    Құжаттарды жинақтау және өңдеу бөлімі 2016 жыл толығырақ...

    Құжаттарды жинақтау және өңдеу бөлімі 2015 жыл толығырақ...



 
Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі