Басты бетке     Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі      VKontakte facebook instagram Кіру       


Сайт мәзірі  


















































Іздеу:
 
free counters
Free counters


КІТАПХАНА ТАРИХЫНАН:
  • Ақтөбе облысы, Байғанин ауданында 1940 жылдан бастап аудандық халық ағарту бөлімі жанынан ашылып, 1946 жылы аудандық мәдениет бөліміне берілді.
  • Кітапхана саласының дамытып, аудан тұрғындарына Төлегенова Нұрбалқан, Есетов Қартжан, Нысанбаева Жәния, Ешпанова Олжа, Сарыбаев Сүндет, Жалмағамбетова Нұрсұлу, Әминова Жаңыл, Әбдірова Сымбат, Қостанова Сапура, Қайболдина Зибагүл, Тілесова Сауле, Шоқатов Түгелбай, Имандосова Асыл, Дүзбаева Клара т.б. кітапхана мамандары жоғары деңгейде рухани қызмет етті.
  • 1974-1984 жылдары аудандық кітапхананы Жуканов Қиынбай басқарып, аудан кітапханаларын орталықтандыру жүйесін енгізуде көп еңбек сіңірді.
  • Аудандық орталық кітапхананың ересектерді кітаппен қамту бөлімі бірнеше рет «Облыстың үздік кітапханасы» атағына ие болды (бөлім меңгерушісі Б.Кенжебаева)
  • 1985-1999 жж. аудандық кітапхананы аудан кітапханаларын орталықтандыру жүйесін, Ж.Сұлтанова басқарды.
  • 1999 - 2015 жж. аудандық кітапхананы аудан кітапханаларын орталықтандыру жүйесін Батима Кенжебаева басқарды.
  • 2016 жыл 4 қаңтарынан Тукенова Айгул Жамиевна басқарып келеді.
  • ЖЕТІСТІКТЕРІ:
    • 2017 жылы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры А.Тукенова «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
    • 2018 жылы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты Сағыз моделді ауыл кітапханасының меңгерушісі Төлеу Ләззәт Мырзағалиқызы «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
    • «Рухани жаңғыру – жаңа биіктердің бастауы» атты аудан мәдениет қызметкерлерінің форумы аясында кітапхана саласы «Ең үздік мемлекеттік маңызы ауылдық кітапхана» номинациясымен - Жарқамыс моделді ауыл кітапханасы иеленіп, арнайы дипломмен марапатталды.
    • Сағыз моделді ауыл кітапханасының меңгерушісі Төлеу Ләззәт «Ең үздік мемлекеттік маңызы ауылдық кітапхана қызметкері » номинациясымен марапатталды.
    • Атырау облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында 2018 жыл 18-19 сәуірде өткен «Кітапханадан ағарту орталықтарына: Жаңғырудың жаңа мүмкіндіктері» республикалық форумына қатысқаны үшін Сертификатын Байғанин аудандық ОКЖ директоры А.Тукенова және аудандық ОКЖ –сі кітапханаларды дамыту бөлімінің әдіскері А.Имашева иеленді.
    • Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы Кітапханасының «Н.Назарбаев : Дәуір, Тұлға,Қоғам» көшпелі көрме жобасы аясында өткен «Елбасы кітапханасының ақпараттық ресурстары» атты кәсіби сессиясына қатысқаны үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы Кітапханасы» ММ директорының орынбасары Ә.Рахымжановтың атынан Сертификат : Байғанин аудандық ОКЖ директоры А.Тукенова. Оқырмандарды кітаппен қамту бөлімінің меңгерушісі Н.Мәтбаева иеленді.
    • С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының «Алғыс хатымен» «Оқырмандарды кітаппен қамту бөлімінің меңгерушісі Н.Мәтбаева марапатталды
    • ҚР Мәдениет және Спорт Министрлігі және «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлеренің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі төрайымы Иманкуловадан, ҚР Мәдениет және Спорт Министрі А.Мұхаммедиұлының атынан «Құрмет Грамотасымен» автоматтандыру бөлімінің меңгерушісі Г.Мұхамбетияр марапатталды.
    • ҚР Тәуелсіздік күні мерекесі аясында Байғанин аудандық «НұрОтан» бастауыш партия ұйымының төрағасының орынбасары А.Ерғалиевтің атынан «Алғыс хатымен» - аудандық ОКЖ –сінің техник- инженері Ботагөз Сокырова Жылқыбаковна, аудан әкімінің «Алғыс хатымен» бөлім меңгерушісі Г.Мұхамбетияр марапатталды
    • 2018 жылы аудандық ОКЖ –де барлығы 22 кітапхана, оның ішінде 1-орталық, 2-балалар, 19 - селолық кітапхана (оның 8-і моделді) аудан тұрғындарына рухани-мәдени қызмет көрсетуде.
    • 2018 жылғы жүйе бойынша кітап қоры - 245588 дана, оның ішінде қазақ тіліндегі әдебиеттер – 165331 дана, 2018 жыл ішінде 228 аталымда 5299 дана кітаппен, (оның ішінде мемлекеттік тілде 4792 дана) толықты. «РАБИС» электронды каталогы 130849 жазбаны құрайды. 89 дана кітап сандық форматқа енгізілді. 2018 жыл ішінде 14500 оқырманға 320789 дана кітап берілімін қамтамасыз етті. 2018 жылға аудан кітапханалары 52 аталымда мерзімді басылымдар алынады. Кітапхана жүйесінде барлығы 66 жұмысшы –қызметкер жұмыс жасайды.

    Архив толығырақ...

    Архив толығырақ...


 
Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі