Басты бетке Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі Кіру       


Сайт мәзірі  











































Іздеу:
 
free counters
Free counters

Кітапхана жетістіктері

«Рухани жаңғыру – жаңа биіктердің бастауы» атты аудан мәдениет қызметкерлерінің форумы аясында кітапхана саласы «Ең үздік мемлекеттік маңызы ауылдық кітапхана» номинациясымен - Жарқамыс моделді ауыл кітапханасы иеленіп, арнайы Дипломына ие болды.
2017 жылы "Рухани жаңғыру: кітапханалық -ақпараттық кеңістікті қалыптастыру" атты облыстық зерделі кеңесте рухани жаңғыру аясындағы "Кітапхананың жарқын болашағы" атты шығармашылық жұмыспен белсене қатысқаны үшін. Байғанин аудандық орталық кітапханасына Сертификатына ие болды.
2015 жылы Н.Байғанин атындағы Ақтөбе облыстық балалар кітапханасында. Ақын Н.Байғаниннің туғанына 155 жыл толуына орай ұйымдастырылған "Ең үздік буктрейлер" облыстық кәсіби байқауында озып шыққаны үшін Байғанин аудандық балалар кітапханасы Дипломына ие болды.
2014 жылы «Оқитын өлке» акциясы аясында жерлес жазушы Тобық Жармағамбетов пен ақын Сағи Жиенбаевтың 80 жылдығына арналған «Жемнің жарық жұлдыздары» үздік кітапханалық блог облыстық байқауында «Жемнің қос жұлдызы» baiganin.blog.spotcom. блогы І-ші орынды иеленіп облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының Дипломымен, бағалы сыйлықпен марапатталды.
2014 жылы Н.Байғанин атындағы Ақтөбе облыстық балалар кітапханасы "Керемет шеберхана" облыстық байқауына қатысу рейтингі бойынша Байғанин аудандық балалар кітапханасы "Мейірімді кітапхана" Сертификатына ие болды.
2013 жылы Республикалық «Бір ел- бір кітап»-2013 акциясы аясында «Фариза Оңғарсынова жырлары шашқан шұғыла» атты Кітапханалық блогтардың халықаралық байқауына «Оқырман үшін ең үздік кітапханалық блог» номинациясы бойынша baiganin.blog.spotcom. «Жыр тамған жүрек» жобасымен қатысып ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының Сертификатын иеленді.
2013 жылы М.О.Әуезовтың туғанына 115 жыл толуына орай өткен «Мұхтар Әуезовты оқимыз» халықаралық акциясына қатысқаны үшін ҚР Ұлттық кітапханасы мен Мұхтар Әуезов қорының Алғыс хатына ие болды.
2012 жылы 22 қыркүйек Қазақстан Халықтарының тілдері мерекесі қарсаңында "Өз тіліңді құрметте" атты республикалық акциясын өткізуге белсене қатысқаны үшін Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі ұжымы "Нұр Отан" ХДП Байғанин аудандық филиалының Алғыс хатына ие болды.
"Оқитын өлке" облыстық акциясы аясында жерлес жазушы Тахауи Ахтановтың шығармашылығына арналған "Үздік әдістемелік құрал" байқауының жеңімпазы Байғанин аудандық ОКЖ әдістемеліктері Алғыс хатына ие болды.
2011 жылы "Мемлекеттік тіл - ұлт тірегі" тіл фестивалі аясында ұйымдастырылған байқаулардың өз дәрежесінде өтуіне белсене араласып, қосқан үлкен үлесі үшін Аудандық орталық кітапхана марапатталды.
2009 жылы "Мемлекеттік тіл- ұлт тірегі" тіл фестивалі аясында өткізілген аудандық фестивалдарға белсене қатысып, фестивальдардың өз деңгейінде өтуіне қосқан үлесі үшін Аудандық орталық кітапхана марапатталды
Аудандық орталықтандырылған кітапхана ұжымы Ақтөбе 75 жылдығы аясында өткізілген "Наурыз-2007" мерекесінің "Ең үздік киіз үй" облыстық байқауында ауданымыздың киіз үйі бас жүлдеге ие болды.

 
Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі