Басты бетке Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі Кіру       


Сайт мәзірі  











































Іздеу:
 
free counters
Free counters

Бұлақтыкөл селолық кітапханасы

Бұлақтыкөл селолық кітапханасы Қызылбұлақ селолық округіне қарасты Бұлақтыкөл елді мекенінде орналасқан. 1964 жылдан бастап ауыл тұрғындарына рухани қызмет етіп келеді. Алғашқы кітапханашы – Піштанова Мария. Халық саны – 512.

2017 жылы кітапхананың кітап қоры – 4525 дана (оның ішінде мемлекеттік тілде 1987 дана). Жыл ішінде 345оқырман тартылып, 6004 дана (оның ішінде мемлекеттік тілінде 5995 дана) кітап беріліммен қамтамасыз етілді.

Кітапхана оқырмандардың күнделікті ақпараттық сұранымын қанағаттандыратын 8 аталымда мерзімді басылымдар алады. Жыл ішінде 416 мерзімді басылым оқылды.

Кітапхана қазіргі таңда оқырмандардың күнделікті ақпараттық сұранымын қанағаттандырып, мазмұнды шаралар өткізіп отырады.

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын ақпараттық түсіндіру бағытында «Қазақстан -2050:Кемел болашақ бағдары», «Мемлекеттік Рәміздер – еркіндік белгісі» кітап көрмелері, балалар арасында Тәуелсіздік күніне орай «Көңілді тапқырлар алаңы» танымдық ойын кеші, ауыл тұрғындарымен Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамына орай «Наурызым құт берекем» атты мерекелік кеші өткізіліп, ақын Т.Айбергеновтың туғанына 80 жыл толуына орай «Өлең үшін туылған жырдың жүйрігі» атты кітап көрмелері ұйымдастырылды.

Кітапхана көлемі -36.0 ш.м.

Кітапханашы -Смагулова Гульнафиса. Білімі арнаулы орта.

Жаңатаң селолық кітапханасы

Жаңатаң селолық кітапханасы Қызылбұлақ селолық округіне қарасты Жаңатаң елді мекенінде орналасқан. Халық саны – 508.

2017 жылы кітапхананың кітап қоры – 4398 дана, оның ішінде мемлекеттік тілде 2687 дана) жыл ішінде 377 оқырман қызметімен қамтылып, 8777 дана кітап (оның ішінде мемлекеттік тілде 8056 дана) берілді . Келушілер саны -3721. Кітапхана оқырмандардың күнделікті ақпараттық сұранымын қанағаттандыратын 8 аталымда мерзімді басылымдар алады. Жыл ішінде 550 мерзімді басылым оқылды.

Кітапхана қазіргі таңда оқырмандардың күнделікті ақпараттық сұранымын қанағаттандырып, мазмұнды шаралар өткізіп отырады. ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын ақпараттық түсіндіруде «Қазақстан– 2050:Дамудың айқын жолы» кітап көрмесі, «ЭКСПО - 2017: Жарқын істер жолашары» балаларға танымдық сағат және «ЭКСПО - 2017:Елдіктің ерен жеңісі» кітап көрмелері ұйымдастырылып, өткізілді. Жастар арасында «Мәңгілік елдің ұландары» дөңгелек үстел сұхбаты, «Азат елдің ар намысы– Ата Заң» таным сағаты өтті. «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында С.Торайғыровтың шығармашылығы туралы «Терең ойлы ақын» кітап көрмесі, «Сарыарқа сайыпқыраны» атты ақпарат сағаты, «Оқитын өлке» акциясына ұсынылған жазушы, Мемлекеттік сыйлық иегері Қ.Мұханбетқалиұлының «Қайдасың сен, махаббат?» кітабы бойынша әдеби панорамасы өтіп, «Қазақ әдебиетіндегі тұғырлы тұлға» атты кітап көрмесі таныстырылды.

Кітапхана ауыл клубта орналасқан. Көлемі - 24.7 ш.м.

Кітапханашы - Әбшекенова Қарашаш. Білімі арнаулы орта.

Баршақұм селолық кітапханасы

Баршақұм селолық кітапханасы Сартоғай селолық округіне қарасты Баршақұм елді мекенінде орналасқан. Халық саны – 312.

2017 жылы кітапхананың кітап қоры - 3307 дана(оның ішінде мемлекеттік тілде 2701 дана). Жыл ішінде 322оқырманға 6419 дана (оның ішінде мемлекеттік тілде 6287) кітап берілімін қамтамасыз етілді. Кітапхана оқырмандардың күнделікті ақпараттық сұранымын қанағаттандыратын 8 аталымда мерзімді басылымдар алады. Жыл ішінде 950 мерзімді басылым оқылды.

Кітапханада оқырмандар арасында ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, еліміздің саясаты, мемлекеттік Рәміздерді қолдану мен насихаттау, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаулары, ҚР мемлекеттік «Мәдени мұра», «2001 – 2010 – Тілдерді дамыту» жылдарына, аймақтық, өңірлік Бағдарламалар аясында түрлі мәдени шаралар; Елбасының және мемлекеттің дамуы жолындағы маңызды Жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы : жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «Руханиқазына; болашаққа бағдар» мақаласы аясында ауыл тұрғындарымен әңгіме өткізілді. Балалар мен жастар арасында ауылдық клуб үйімен бірлесе «ЭКСПО - 2017:Баламалы энергия ғасыр ғаламаты» таным сағаты, «Еліміздің жеті нышаны» ҚР Рәміздері күніне патриоттық сағат, «Елбасы ел мұраты», «Тәуелсіз елім мақтанышым» патриоттық кештер өткізілді.

Кітапхана көлемі -28.0

Кітапханашы Амантурлина Жанат. Білімі арнаулы орта.

Қораши селолық кітапханасы

Қораши селолық кітапханасы - Көлтабан селолық округіне қарасты Қораши елді мекенінде орналасқан. Халық саны – 445

2017 жылы кітапхананың кітап қоры -3137, оның ішінде мемлекеттік тілде 2692 дана). Жыл ішінде 380 оқырманға 7680 дана (оның ішінде мемлекеттік тілде 7589) кітап берілімін қамтамасыз етілді. Кітапхана оқырмандардың күнделікті ақпараттық сұранымын қанағаттандыратын 8 аталымда мерзімді басылымдар алады.

Ктапханада оқырмандардың барлық тобымен ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, еліміздің саясаты, мемлекеттік Рәміздерді қолдану мен насихаттау, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаулары, мемлекеттік және аймақтық бағдарламалар, жыл ішіндегі аталып өткен мерейтойлар аясында ауылдық клуб, мектептермен бірлесе жұмыс жасайды «Қазақстан - 2050 ; Еліміздің болашаққа бағдары», «ЭКСПО - 2017:Қазақстанның алар асуы», «Астана - Тәуелсіз елімнің жүрегі» , «Рухани жаңғыру - ел болашағының кепілі»тақырыптарында кітап көрмелері ұйымдастырылып, оқырмандар арасында «Бабалар аманаты Тәуелсіздік», «Елі және Елбасы»,т.б. тақырыптарында патриоттық танымдық кештер өткізілді.

«Бір ел бір кітап акциясы» аясында С.Торайғыровтың шығармаларына арналған «Қазақ поэзиясының аққан жұлдызы» поэзия кеші өткізілсе, «Оқитын өлке» облыстық акциясы бойынша Қ.Мұхамбетқалиұлының шығармашылығына арналған «Санаға өршіл рух сіңірген» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

«Кітап оқы; Өз өлкеңді танып біл» аудандық оқу марафонына ұсынылған Т.Айбергенов шығармаларын өскелең ұрпаққа таныту мақсатында ақын өлеңдерін көркем оқушыларының «О,адамдар, біргемін мен сендермен!» сайыс ұйымдастырылды.

Кітапхана ғимараты ауылдық клубта орналасқан,көлемі 26.0ш.м.

Кітапханашы Татабаева Несібелі. Білімі арнаулы орта

Көкбұлақ селолық кітапханасы

Көкбұлақ селолық кітапханасы - Қарауылкелді селолық округіне қарасты Көкбұлақ елді мекенінде орналасқан. Халық саны – 377

2017 жылы кітапхананың кітап қоры - 3927, оның ішінде мемлекеттік тілде 3179 дана). Жыл ішінде 338 оқырманға 5990 дана (оның ішінде мемлекеттік тілде 5659 ) кітап берілімін қамтамасыз етілді. Кітапхана оқырмандардың күнделікті ақпараттық сұранымын қанағаттандыратын 8 аталымда мерзімді басылымдар алынады, жыл ішінде 229 газет- журнал оқылған.

Кітапханада оқырмандар арасында ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, еліміздің саясаты, мемлекеттік Рәміздерді қолдану мен насихаттау, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаулары, мемлекеттік және аймақтық бағдарламалар, жыл ішіндегі аталып өткен мерейтойлар аясында іс шаралар ұйымдырылып өткізілді. «Қазақстан –2050: Болашақ бағдары», «ЭКСПО - 2017:Қазақстанның жаңа белесі», «Ел Рәміздері - мақтанышым», «Астана армандар қаласы», Тәуелсіздік азаттығым,бақ күнім» тақырыптарында кітап көрмелері ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды. Жерлесіміз жазушы ҚР Мемлекет қайраткері Қ.Мұханбетқалиұлының 75жылдығына орай «Кемел елдің қаламгері», күйші, сазгер, ұстаз, ҚР Білім беру ісінің үздігі Жібек Ілиясованың 70жасқа толуына орай «Өмірін өнерімен өрнектеген» атты тақырыптарында таным кештері, балалар мен жастар арасында «Астана армандар қаласы», «Көк Тудың желбірегені», «Біз бақытты баламыз» атты ертеңгіліктер өткізілді.

Кітапхана ауылдық клуб үйінде орналасқан, көлемі – 26,8 ш.м.

Кітапханашы Арыстан Гүлдәурен Тойғұлқызы. Білімі арнаулы орта.

Қаражар селолық кітапханасы

Қаражар селолық кітапханасы - Жарқамыс селолық округіне қарасты Қаражар елді мекенінде орналасқан. Халық саны – 668.

2017 жылы кітапхананың кітап қоры - 5573, оның ішінде мемлекеттік тілде 3584 дана). Жыл ішінде 506 оқырманға 9291 дана (оның ішінде мемлекеттік тілде 8775) кітап берілімін қамтамасыз етілді. Кітапхана оқырмандардың күнделікті ақпараттық сұранымын қанағаттандыратын 8 аталымда мерзімді басылымдар алынады.

Кітапхана қазіргі таңда оқырмандардың күнделікті ақпараттық сұранымын қанағаттандырып, мазмұнды шаралар өткізіп отырады. «Қазақстан –2050: Ел болашағының кепілі», «ЭКСПО - 2017:Жаңалықтар жаршысы», «Алаштың төрі Астана», «Рухани жаңғыру» тақырыптарында кітап көрмелері ұйымдастырылды.Балалар ,жастармен «Отан қорғау әр азаматтың міндеті», «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс » кездесу кеші, «Тәуелсіздік тұғыры ұлттық мемлекеттің бастауы» ауыл тұрғындарымен әдеби сазды кеш, белсенді оқырмандармен «Оқырман бенефисі» өткізілді.

Кітапхана ауылдық клуб үйінде орналасқан, көлемі – 40,0 ш.м

Кітапханашы Айтмурзаев Мұхтар. Білімі арнаулы орта

Қопа селолық кітапханасы

Қопа селолық кітапханасы - Қопа селолық округіне қарасты Қопа елді мекенінде орналасқан. Халық саны -282.

2017 жылы кітапхананың кітап қоры - 3740, оның ішінде мемлекеттік тілде 2927 дана). Жыл ішінде 225 оқырманға 3218 дана (оның ішінде мемлекеттік тілде 3074 ) кітап берілімін қамтамасыз етілді. Кітапхана оқырмандардың күнделікті ақпараттық сұранымын қанағаттандыратын 8 аталымда мерзімді басылымдар алынады. 473 газет- журнал оқылған.

Кітапхана қазіргі таңда оқырмандардың күнделікті ақпараттық сұранымын қанағаттандырып, мазмұнды шаралар өткізіп отырады. ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, еліміздің саясаты, мемлекеттік Рәміздерді қолдану мен насихаттау, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаулары, мемлекеттік және аймақтық бағдарламалар , жыл ішіндегі аталып өткен мерейтойлар аясында «Қазақстан –2050: Жарқын болашақ бағдары» ақпараттық стенді, «ЭКСПО - 2017:Жарқын істер жолашары» кітап көрмелері ұйымдастырылса, танымдық сағаттар «Жаңа ғаламдық жаңашыл мемлекет Қазақстан» , «Елі Елбасымен жасампаздық жолында», «Рәміздерім елдігімнің тірегі» тақырыптарында өтті.

«Бір ел бір кітап акциясы» аясында С.Торайғыровтың шығармаларына арналған «Сұлтанмахмұт қазақтың көрнекті демократ ақыны» атты ұсыныстық көрсеткіш, «Жыр сұлтаны - Сұлтанмахмұт» поэзия кеші өткізілді, «Оқитын өлке» облыстық акциясы бойынша Қ.Мұхамбетқалиұлының шығармашылығына арналған «Санаға өршіл рух сіңірген» кітап көрмесі ұйымдастырлды.

«Кітап оқы; Өз өлкеңді танып біл» аудандық оқу марафонына ұсынылған Т.Айбергенов шығармаларын өскелең ұрпаққа таныту мақсатында ақын өлеңдерін көркем оқушыларының «Наркескен Төлеген!» атты өмірбаяндық шолу балалармен өткізілді. Қыз балалар арсында «Балғын ару -2017» байқауы, «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы,ерінбе» Абай ақынның қара сөздерінен жатқа оқу сайысы өтті.

Кітапхана ғимараты көлемі – 40,0 ш.м

Кітапханашы Жетібаева Орынгүл Жетібайқызы. Білімі арнаулы орта.

Дияр селолық кітапханасы

Дияр селолық кітапханасы Миялы селолық округіне қарасты Дияр елді мекенінде орналасқан. Халық саны – 296

2017 жылы кітапхананың кітап қоры – 2913 дана, оның ішінде мемлекеттік тілде - 2166 Жыл ішінде 297 оқырманға 4395 дана (оның ішінде мемлекеттік тілде 4168 ) кітап берілімін қамтамасыз етілді. Кітапхана оқырмандардың күнделікті ақпараттық сұранымын қанағаттандыратын 8 аталымда мерзімді басылымдар алынады. 242 газет- журнал оқылған.

Кітапхана қазіргі таңда оқырмандардың күнделікті ақпараттық сұранымын қанағаттандырып, мазмұнды шаралар өткізіп отырады. «Қазақстан –2050: Ел болашағының берік ұстанымы», «ЭКСПО -2017:Қазақстан. Әлем», «Алаштың төрі Астана», «Рухани жаңғыру» тақырыптарында кітап көрмелері ұйымдастырылды.

Кітапханада оқырмандар арасында «Елбасы Жолдауы – болашаққа нық қадам», «Елбасы елмен бірге», «Астана - Отанымыздың жүрегі» тақырыптарында дөңгелек үстел сұхбаты, танымдық, тарихи әдеби сазды кештер өткізілді.

Кітапханашы Оразғалиева Мира. Білімі арнаулы орта.

Шұқырши селолық кітапханасы

Шұқырши селолық кітапханасы Сартоғай селолық округіне қарасты Шұқырши елді мекенінде орналасқан. Халық саны – 116.

Кітапхананың кітап қоры – 2340 дана оның ішінде мемлекеттік тілде – 1780 дана . Жыл ішінде 66 оқырманға 1522 дана (оның ішінде мемлекеттік тілде 1490 ) кітап берілімін қамтамасыз етілді. Кітапхана оқырмандардың күнделікті ақпараттық сұранымын қанағаттандыратын 8 аталымда мерзімді басылымдар алынады. 390 газет- журнал оқылған.

Кітапхана қазіргі таңда оқырмандардың күнделікті ақпараттық сұранымын қанағаттандырып, мазмұнды шаралар өткізіп отырады. «Қазақстан –2050: Мәңгілік Ел», «ЭКСПО - 2017:Қазақстан әлем көзімен», « Астана –Елордасы елімнің», «Рухани жаңғыру –ел болашығынң кепілі», «Мемлекеттік Рәміздер - мемлекет нышанының кепілі», «Тілім менің тірлігімнің айғағы» тақырыптарында кітап көрмелері ұйымдастырылды

Кітапханада оқырмандар арасында «Елбасы Жолдауы –халық қолдауы» ақпараттық сағат, «Жүрегімнің төріндесің - Астана» әдеби- сазды кеш, «Әкеге қарап ұл өсер» тақырыптарында дөңгелек үстел сұхбаттары өткізілді.

Кітапханашы Шаршыбаева Қибат. Білімі арнаулы орта

Айрық селолық кітапханасы

Айрық селолық кітапханасы Қопа селолық округіне қарасты Айрық елді мекенінде орналасқан. Кітапхана 2008 жылдың желтоқсан айында ашылды. Халық саны – 131.

Кітапхананың кітап қоры – 2689 дана оның ішінде мемлекеттік тілде – 1834 дана Жыл ішінде 84 оқырманға 2253 дана ,оның ішінде мемлекеттік тілде 2212 кітап берілімін қамтамасыз етілді. Кітапхана оқырмандардың күнделікті ақпараттық сұранымын қанағаттандыратын 8 аталымда мерзімді басылымдар алынады. 647 газет- журнал оқылған.

Кітапханада оқырмандар арасында ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын ақпараттық түсіндіру мақсатында «Қазақстан -2050: Ел болашағына бастар жол» ауыл тұрғындарымен әңгіме , «ЭКСПО -2017 : Ынтымақтастық көкжиегі», танымдық әңгіме, «Мемлекеттік Рәміздер – елімнің мәртбесі» патриоттық кеш өткізілсе, «Нұрлы жол. Қазақстан .Мәңгілік Ел», «Рухани жаңғыру: ел дамуының кепілі», «Ақын Т.Айбергенов -80», «Асыл сөзі іздесең, Абайды оқы» атты кітап көрмелері ұйымдастырлды.

Кітапханашы Утешова Жангул Сагизбаевна. Білім арнаулы орта

Жарқамыс балалар кітапханасы

Жарқамыс балалар кітапханасы - Жарқамыс селолық округіне қарасты Жарқамыс елді мекенінде орналасқан

Кітапхананың кітап қоры – 9634 дана, оның ішінде мемлекеттік тілде – 6683 дана, 2018 жылы 358 оқырманға 11585 дана,( оның ішінде мемлекеттік тілде -11127 ) кітап берілімімен қамтылды. 5 аталымда балаларға арналған мерзімді басылым бар, 384-і оқылды

Кітапхана қазіргі таңда балалардың күнделікті ақпараттық сұранымын қанағаттандырып, олардың рухани, ой-өрісінің дамуы бағытында мазмұнды шаралар өткізіп отырады. Балаларға арналған «Рәміздерім –мақтанышым», «Астана – Қазақстанның жүрегі», «Алаштың арманы –Азаттық» тұрақты кітап көрмелері ұйымдастырылды. «Болашақ бағдарына болжау, кең өрісті Жолдау» мектеп ұстаздары мен ата аналар арасында дөңгелек үстел сұхбаты, «Мемлекеттік Рәміздер –Тәуелсіздік айғағы», «Қазақстан. Тәуелсіздік. Желтоқсан» патриоттық кештері, «Жыр арқауы- Астана» патриоттық -мерекелік кеш, Тұңғыш Президент күніне «Дара тұлға, дана тұлға» -викториналық ойын, «ЭКСПО -2017: Қазақстандағы ұлы оқиға» танымдық сағаттары өткізілді.

«Бір ел – бір кітап» акциясына ұсынылған ақын С.Торайғыровтың шығармашылығын таныстыру мақстаныда «Сүйемін туған тілді –анам тілін» жыр сағаты, «Жыр сұлтаны - Сұлтанмахмұт» көрме крассворд, «Оқитын өлке» акциясы бойынша жазушы Қ.Мұханбетқалиевтың «Қайдасың ,сен махаббат» кітабы бойынша жазушы шығармашылығы туралы балалар арасында «Қаламы қарымды жазушы» танымдық сағат, «Оқы ,Ақтөбелік өренім» облыстық оқу марафоны бойынша ақын М.Құрманалиннің 90 жылдығы арналған «Өлеңнен бақыт тапқан – Мұхтар ақын» танымдық кеш шаралары өтті.

Кітапханашы Нұрқасымова Алмагүл. Білімі жоғары

Жыңғылдытоғай селолық кітапханасы

Жыңғылдытоғай селолық кітапханасы Көлтабан селолық округіне қарасты Жыңғылдытоғай елді мекенінде орналасқан. Кітапхана 2014 жылдың 1 қаңтар айынан бастап ашылды. Халық саны – 133

Кітапхананың кітап қоры – 2701 дана оның ішінде мемлекеттік тілде – 1851 дана, 2018 жылы 50 оқырманға 1502 дана,( оның ішінде мемлекеттік тілде -1175) кітап берілімімен қамтылды. 8 аталымда арналған мерзімді алынады, 239 газет-журнал оқылды.

Кітапханада оқырмандар үшін. «Қазақстан –2050: Ел болашағының кепілі», «ЭКСПО - 2017:Жаңалықтар жаршысы», «Алаштың төрі Астана», «Рухани жаңғыру» кітап көрмелері ұйымдастырылды. Оқырмандар арасында «Елі және Елбасы» танымдық сағат, «Астана ұлы даланың алтын тәжі» әдеби кештер өткізілді .

Кітапханашы Қызылбаева Ақжүніс Білімі арнаулы орта


Архив толығырақ...


 
Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі