Сайт мәзірі
Free counters
|
|
Астана: монументи и скульптуры /Составитель Б.Болатұлы.- Астана: Фолиант, 2018.-208с
Современная Астана удивляет разнообразием своих архитектурных и скульптурных форм. Строгие монументы,заставлющие задуматься о прошлом и будущем... Знаковые сооружения, напоминающие о веках развития государства... Легкие фигуры декоротивной скульптуры,оживлющие урбанитической ландшафт... Каждый найдет в этом горде что-то близкое для себя,что заставит ег вернуться сюда. |
|
Астана – суретшілер көзімен /Құрастырғандар Ж.Қазанғапов,Ж.Кәкенұлы.-Астана: Фолиант,2018.-192 б.
Елордамыз Астананың көз тартарлық көркем көріністері шығармашыл жандарға шалқар шабыт беріп келеді. Бас қаламыздың қалыптасуы мен дамуы, табиғаты мен иыныш-тіршілігі өлең-жырларда ғана емес, суреттің қыр-сырын меңгерген шеберлердің де қағаз-кенептерінде өз өрнегін қалдыруда. Кітапта қылқаламды жданына серік еткен суретшілердің Астанаға арналған туындылары берілген. |
|
Түсіпбекова Г.М.Ахметов Қ.М. География :Балаларға арналған энциклопедия./Гүлсім Түсіпбекова, Қадырбек Ахметов.-Алматы: ЖК «Спанова А.Б.»,2017. -480 б.
Балаларға арналған бұл энциклопедиялық анықтамалық Жердің пайда болуынан бьастап, оның геологиясы(ішкі қыртысы) мен жер бедерінің қалыптасу кезеңдерін, ондағы тіршіліктің даму сатыларын қамтыған. Қазіргі дүние табиғатына сипаттамалар берілген. Адамзат өркениетінің кезеңдерін қамти отырып,дүниежүзі елдерінің аймақтар бойынша қалай топтастырылған баяндалады. |
|
Архитектуры Астаны / Составитель Б.Мамырбаева.-Астана: Фолиант,2018.-304с.
За последные годы Астана изменилась,разросдась,особенно на левобережье.Ведукщие архитекторы мира и местные таланты,вдыхая жизнь в безмольвный камень,создают стильный и совреннный мегополис. Вместо с тем бережно сохранются памятники архитектуры в старом городе, которые ничуть не уступают новостроикам в функциональности. И если любуясь новыми зданиями, мы знакомимся с текущими тенденциями развития архитектурной мысли, то прогуливаясь по улицам исторических кварталов,ощущаем дыхание эпох. Адресуется широкому кругу читателей. |
|
Оразқұлова Қ. Өмірдің сан алуан бояулары /Қалдыкүл Оразқұлова-Алматы: «Аспантау» баспасы,2018-190б
Бұл жинаққа бейнелеу өнерінің қалыптасуы,дамуы, өткені мен бүгіні, және болашағы жайлы танымдық мақалалар,фотосуреттер еніп отыр. Қазақ бейнелеу өнерінің де әлемдік көркемсурет өнерінің бір бөлшегі ретінде өзіндік мәнері,қолтаңбасчы,ұлттық ерекшеліктері бар. Бұл кітапта ортақ бейнелеу өнерінің әртүрлі буын өкілдерінің сурпет салу мәнері, техникасы, тақырыптық,композициялық ерекшеліктері жәйлі сөз болады. |
|
Әденова Л. Қожағұлов Т.Зергерлік өнер нақыштары. Кітап-альбом / Әденова Ләззәт, Қожағұлов Тоққожа: - Алматы : «Аспантау»,2018- 209 б.
Бұл кітапта бастарын сонау көне замандардан,Сақ дәуірінен алатын қазақ халқының ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан ежелгі зергерлік өнерінің пайда болуы, қалыптасуы, дамуы, қыры-сыры жайлы әңгімеленеді. Осынау ғажайып өнердің қазақ даласына кеңінен қанат жайып, салт-дәстүрімізбен қабысып, талғңампаз халқымыздың әсемдік әлеміне терең бойлап эстетикалық қарым-қабілетін танытатын,дарынын паш ететін керемет туындылары соның айғағындай. |
|
Труспекова Х. Жаңа заман сәулеті. Кітап –альбом./Халима Труспекова.:- Алматы, «Аспантау»,2018-200б.
Өнер зерттеуші, ғалдым Халима Труспекованың бұл жинағына тәуелсіздік алғаннан кейігі ширек ғасыр кезеңінде ҚҰазақстанның сәулет өнер саласындағы жаңа жетістіктері жайлы мақалалары еніп отыр. Әсіресе, еліміздің жаңа астанасы –Астана қаласында бой көтерген әкімшілік, іскерлік,мәдени ,спорт нысандары әлемдік сәулет өнерінің жаңа жетістіктері мен технологияларының айқын көріністері болып табылады. Еліміздің сәулет өнері саласында Батыстық және Шығыстық дәстүрлер үйлесім тауып, Еуразия кеңістігінде архитектуралық жаңа концепция қалыптасты. Кітапта сонымен бірге еліміздің бұрынғы астанасы-Алматы қаласында және облыс орталықтарында салынған сәулет нысандары жайлы кеңінен сөз болады. |
|
Елубай О. Дүниені дүбірлеткен жеті дода : Кітап-альбом –Алматы: «Алатау» баспасы,2018.-368б
«Дүниені дүбірлеткен жеті дода » - түрлі – түсті фотоальбом жинағы ,белгілі спорт журналисі,»Құрмет» орденінің иегері,журналист жазушы Оңдасын Елубайдың Жеті Олимпиада ойындарына қатысып, көзбен көріп, санасына түйген,қатпары қалың қазақ спортының тәуелсіздік алған ыжлдарда қол жеткен табыстары,кейінгі толқын жасм ұрпаққа үлгі-өнеге болатын,олардың бойында отансүйгіштік қасиеттерді, патриоттық сезімдерді қалыптастырған шығарма. |
|
Алдаркөсе мен Қожанасыр хикаялары.Құраст.:Абылайхан Құлбаев.-Алматы: «Балауса баспасы»ЖШС,2018.-192 бет.
Бұл жинаққа Алдаркөсе мен Қожанасырдың терең мағыналы,пәлсафаға толы ұтқыр әзіл-оспақтары,күйдіргідей ойып түселін қалжың хикаялары енгізіліп отыр. Кітап жеткіншектер шін тәлім-тәрбиелік жағы ескеріле отырып құрастырылды. |
|
Иманғазина Б. Тауқымет-Роман /Бибігул Қабиқызы Иманғазина.Алматы: «Ан-Арыс» баспасы,2017 -684б
Қазақ халқына Бибі-Ана есімімен танылған жазушы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты,қоғам қайраткері Б.Иманғазинаның «Тауқымет» романы оқырманды шынайылығымен,нақты өмірден алынған сюжеттермен он жеті жасында бір қаныпезердің кесірінен мүгедектің зарын тартқан, қазақтың сұлу қызының ауыр тағдыры туралы баяндалады. Бұл роман өмірді сүю арқылы Отанын сүйген барша оқырмандарға арналған. |
|
Қажығали Мұханбетқалиұлы.Ақтөбе кітапханасы. 21 Т .- Ақтөбе,2014. - 336 б
«Ақтөбе кітапханасының» жиырма бірінші томына қазақтың көрнекті жазушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,Байғанин ауданының құрметті азаматы, Мемлекеттік Сыйлықтың иегері Қ.Мұханбетқалиұлының хикаяттары мен әңгімелері топтастырылған. |
|
Кәрім Айнабеков. Ақтөбе кітапханасы. 22 Т.- Ақтөбе,2014.-320 бет.
«Ақтөбе кітапханасының» жиырма екінші томына Ақтөбе өңіріндегі танымал қазақ ақыны Кәрім Айнабековтың өлеңдері мен сонаттері енгізіліп отыр. |
|
Мәди Айымбетов . Ақтөбе кітапханасы.23 Т –Ақтөбе,2014 – 416 бет
«Ақтөбе кітапханасының» жиырма үшінші томына белгілі жазушы Мәди Айымбетовтың өткен ғасырдың жетпісінші жылдарынан күні бүгінге уақыт аралығындағы бастап жарық көрген «Құла түздегі үнсіздік», «Таңкөрік-ақша бұлт», «Құмөзектің Донкихоты», «Сырлы зерен», «Құлан-елес» тәрізді әңгімелері мен « Ол дәурен - бір көрген түс» хикаяты енген. Қаламгер шығармаларында әртүрлі образдардың – адам әлемінің психолгиялық, әлеуметтік сипаттағы тұтастай бір галереясы жасалған.
|
| |