ScreenReader       
Басты бетке     Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі      VKontakte facebook instagram Кіру       


Сайт мәзірі  


















































Іздеу:
 
free counters
Free counters

Құжаттарды жинақтау және өңдеу бөлімі


Кітапханашылар:Исаева Гүлшашқан,Садуакасова Гулдана, Илджанова Назира

кітап түптеуші: Қайырғалиева Үздік

    Оқырмандардың сұранысын негізге ала отырып әдебиеттерге тапсырыс беру, өңдеу және толықтыру – әдебиеттерді (құжаттарды) өңдеу, толықтыру бөлімінің негізгі міндеті, сонымен қоса әдебиеттерді аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі филиалдарына бөлу жұмысымен айналысады. Кітапхананы әдебиеттермен толықтыру және өңдеу қазіргі заман талабына сай жан-жақты жүзеге асырылып отырады. Сонымене бірге жүйеге қарасты кітапханаларының негізгі қорларының сақталымын қамтамасыз ету, бақылау, кітапхана қорларын УДК кітапханалық классификациясы бойынша, алфавиттік, жүйелік, есептік каталогтары бойынша, әр кітапханаларға әдістемелік көмек көрсету жұмыстарын жүргізеді.

    Электронды каталог –«РАБИС» бағдарламасымен 2008 жылдан жұмыс жасайды. Бүгінгі таңда жүйе бойынша электронды қор 155640-ті құрайды. Қазіргі таңда WEB-RABIS бағдарламасы бойыншұмыстанудаа ж.

    2021 жылы жүйе кітапханалары 5064 дана, мемлекеттік тілде 4092 дана басылыммен толығып, кітап қоры 253136 данаға жетті. Оның ішінде мемлекеттік тілдегі басылымдар саны – 171715. Мемлекеттік тапсырыс бойынша 263 аталымда 4699 дана,(оның ішінде мемлекеттік тілде 3739 дана), акцияға, 45 аталымда 153 дана кітаппен толықты.

    Жүйе бойынша жыл сайын мерзімді басылымдарға жазылу жұмысын жүргізілуде. 2021 жылға 31 аталымда (оның ішінде 13 гпзет, 18 журнал) мерзімді басылымға жазылды, барлығы 212 дана, қазақ тілінде -210 дана.

    Бұл бөлімде құжаттардың бірыңғай қорын ұйымдастыру жөніндегі жұмыстар жүргізіледі. Кітап қорында 20246 дана, оның ішінде 9046 мемлекеттік тілде. кітап бар. Бөлімде өлкетану бағытында әдебиеттердің есебін жүргізу жолға қойылған, қазіргі таңда 235 дананы құрап отыр.

    Есепті кезеңде кітапхана қоры «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жарық көрген басылымдармен толығуда. Кітап қоры М.Мырзахметұлының «Абайтану» кітабының 10 томдығы, Р.Сейсенбаевтың «Абай Құнанбаев» 10 томдығы, Абу Насыр аль-Фараби «Собрание трудов» кітабының 7 томдық шығармалар жинағы, Мархабат Байғұттың 7 томдық «Шығармалар жинағы» Т.Медетбектің 7 томдық шығармалар жинағының 1-2 томдары, Н.Дәуешовтің «Латын әліпбиі: теория, әдістеме және насихат» ғылыми жинақ, Ә.Нұрпейісовтің шығармаларынң 3 томдығы, Ш.Ибраевтың «Дүниежүзі туркологиясының тарихы» қазақ және орыс тіліндегі басылымдарымен толықты.

    Сонымен бірге акция бойынша 2021 жылы кітап қоры ҚР Білім беру үздігі, өнертанушы Жайлаубай Асылхановтың «Доңызтау өңірінің дәстүрлі музыкалық мұрасы» , «Кеңес Одағының Батыры Қожабай Жазықовтың 100 жылдығына Жазықов мектебі» , «Қазыналы қара шаңырақ Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филормониясы», «Рухани жаңғыру. Жаңғырған сана жаңа серпін», «Әлемдік саясат шыңында Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі қызметі 2017-2018 жылдар» басылымдарымен толықты

    Бөлімде 128 дана сирек кездесетін кітаптар бар. Өзінің құндылығымен көзге түсетін кітаптардың бірі – Абай Құнанбаевтың 1948 жылы шыққан шығармалар жинағы, 4 томдық қырғыз халқының батырлық дастаны «Манас», 1949 жылы шыққан Пушкиннің таңдамалы шығармалары, 1957 жылы шыққан Сәбит Дөнентаевтың шығармалары,1957 жылы шыққан Алишер Навоидің Фархад и Ширин кітабы, 1959 жылғы Қазақтың советтік халық әндерінің этнографиялық жинағы т.б.


Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі

Бөлім меңгерушісі: Мәтбаева Назекен Маратқызы (м.у.а. Ажар Адилхан)

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің 2020 жылғы көрсеткіші:

Кітап қоры: 26386 дана, мемлекеттік тілдегі басылым саны 13868 дана

Оқырман: 2476 берілген кітап саны 47307 қатысым 22715

Өткізілген шаралар саны 231, қатысым 28680, онлайн шара 1038, қатысым 20760

Жасөспірім оқырмандар саны - 957, 18559 дана кітап берілімімен қамтылды.

Қатысым-8804

Оқу залы

Кітапханашылар: Қобдабаева Айгерім, Ермекбаева Гауһар Ақсұлтанқызы (м.у.а.Райс Гүлназ)

    Оқу залы кітапхананың негізгі бөлімдерінің бірі. 2020 жылы кітап қоры - 4470 дана, қазақ тілінде 1775 дана. Қорда білім саласы бойынша кітаптар, анықтамалықтар жинақталған. Есепті 2020 жыл ішінде 85 дана кітаппен (оның ішінде қ 53 мемлекеттік тілде) толықты. Оқу залының негізгі міндеті – барлық оқырмандарға бірдей сапалы қызмет көрсету және сұраныстарын толық қанағаттандыру.

    Оқырмандардың күнделікті ақпараттық сұранысын қанағаттандыруда 31 аталымда мерзімді басылымдар алынды.

    Жыл ішінде кітапханаға 1293 оқырман тартылып, 23653 дана кітап берілімімен қамтылды. Оқу залына келушілер саны – 11333. Күніне 25 оқырман кітапхана қызметімен қамтылады. Олар: оқушылар, ұстаздар, әр сала мамандары.

    Коворкинг орталығы – аудан тұрғындарының, оның ішінде балалар мен жастардың өзінің демалысын, кітапханаға келушілердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, кез келген цифрлық форматтағы барлық ақпараттар мен қызметтерді пайдалануына жол ашу, өзінің сүйікті ісімен айналысуына мүмкіндік жасалуда, түрлі тақырыптар мен жүздесулер, онлайн шаралар өткізілуде.

    Оқу залында елімізде 2020 жыл ішінде аталып өткен қазақ ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы, ғалым, ғұлама Әбу Насыр әл Фарабидің 1150 жылдығы, Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл, Ұлы Жеңістің 75 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы, Қазақстан халықтары Ассамблеясының 25 жылдығы аясында ірі мәдени шаралар онлайн режимінде өткізілді. Сонымен бірге жерлестеріміз КСРО Батыры Қ.Жазықовтың 100 жылдығы, ақын-жырау Ақтан Керейұлының 170 жылдығы, академик ғалым Назарбай Былиевтың 85 жасқа толуына орай онлайн сұхбаттар, кездесулер, танымдық сағаттар, конференциялар өткізілді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Ұлы даланың ұлы есімдері», «Дәстүр мен ғұрып» жобалары бойынша сайыстар, танымдық бағытта іс шаралар өтті.Сонымен бірге кітапхананың әлеуметтік желідегі парақшасында өткізілген шаралар мен арнайы посттар жариялау, оқырмандармен тікелей байланыс орнатылып, түрлі тақырыптарда викториналық сұрақтар, Абай шығармаларын таныстыру мақсатында челлендж, поэзия оқу шаралары, сайыстары ұйымдастырылды. Оқу залы үзіліссіз, демалыссыз оқырмандарға қызмет көрсетеді.


Абонемент

Кітапханашы:Қойлыбай Жанаргүл

Жасөспірімдер кітапханашысы:Жетібаева Орынгүл (м.у.а.Мәнібаева Раушангүл)

    Абономент бөлімнің кітап қорында 21916 дана, оның іщінде қазақ тілінде 12093 дана кітап бар. Әдебиеттер білім салалары УДК таблицасы бойынша жинақталған. Жыл ішінде 1183 оқырманға 23654 дана кітап берілімімен қамтылды. Келушілер саны -11382.Жасөспірім оқырмандар саны - 957, 18559 дана кітап берілімімен қамтылды. Қатысым -8804

    Сонымен бірге бөлім қызметкерлері жоғары сынып, лицей оқушыларына, жасөспірімдерге, қызметкерлер мен мамандарға, ардагерлерге қызмет көрсетеді. Оқырмандардың сұраныстарын толық қанағаттантырып,олардың рухани дамуына ықпал етеді. Жаңадан келіп түскен әдебиеттерді үнемі насихаттап, кітап көрмелері, мәдени шаралар ұйымдастырады. Бөлімде әр түрлі тақырыптарға арналған кітап көрмелері , жерлес ақын жазушыларға арналған тұрақты «Жем бойының жұлдыздары» тақырыбында кітап көрмелері ұйымдастырылған. Жасөспірімдердің «Шуақ», «Сырласайық, замандас» қызығушылық клубы жұмыс жасайды.

    Жастарды кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында аудандық Жастар коворкинг орталығында көшпелі кітапхана бұрышы ұйымдастырылды. Ашық кітап көрмелері, библиографиялық шолу, дайдежст т.б. қызмет түрлері көрсетіледі.


Автоматтандыру бөлімі

Бөлім меңгерушісі: Мұхамбетияр Гүлзада

Техник инженер: Сокырова Ботагөз

Бағдарламашы: Көрпебаев Нұржан

Суретші – көркемдеуші: Усманова Нұрбақыт

    Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі 2008 жылдан бастап кітапхана процестерін автоматтандыру ісін бастады. Бөлімнің негізгі міндеті: ақпараттандыру, жаңа технологиялармен, әдістемелік құжаттармен қамтамасыз ету. Бүгінгі таңда кітапханада 13 компьютер жұмыс жасап тұр. Ақпараттарды компьютер жадына салу процесі «РАБИС» шағын кәсіпкерлігі құрастырған «WEB-RABIS» жүйесі бойынша жүргізілуде.

    2007 жылдан бастап жұмыс жасап келе жатқан электронды каталог қоры 155640-ті құрайды.

    «Цифрлық Қазақтсан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында кітапхана қорындағы өлкетанулық және оқырманның сұранысына сәйкес құжаттардың сандық қорын қалыптастыруда 2020 жылғы есепті кезеңде 1405-ті құрайды, оның ішінде 118 кітап,1287 ммерзімді басылым материалдары.

    2020 жылдың наурыз айынан бастап әлемдік пандемияға орай мәдени іс шаралардың онлайн, Zoom платформасы бойынша өткізілу бастау алды. Сандық форматқа енген құжаттарды, оқырман сұранысына сәйкес қанағаттандыруда электронды пошта, ватсап, мессенджер желістері бойынша жүзеге асырылды.( желтоқсан 35 құжат: 35 мақала қосу керек: барлығы 118 кітап, 1322 мақала; 1272 газет, 15 журнал) Есепті кезеңде қашықтағы 35 оқырманның сұранысы қанағаттандырылды

    Веб-сайт пен блогтарды толықтыру жұмыстары, әлеуметтік желідегі Инстаграмм, фейсбук парақшаларына жарнама, жаңалықтарды енгізу жұмыстары ұдайы жүргізілді.

    Атап айтқанда ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 және шығыс ойшылы Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы аясында тағылымды, тәлімдік постер жарияланды. «Бір ел- бір кітап» аясында М.Әуезовтың «Абай жолы» , Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» кітаптары бойынша буктрейллер, Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Ұлы Жеңіс мәңгілік ел жадында» (Отан үшін от кешкен Байғаниндік майдангерлер ІІ бөлім) бейнеақпарат, «Ұлы Жеңске -75 жыл» (өңірдің «Даңқ» орденінің иегерлері, «Ерліктің өшпес даңқы» («Даңқ» ордені толық иегері Сарсенғали Ешбаев) туралы танымдық ақпараттар топтамасы, КСРО Батыры, жерлесіміз Қ.Жазықовтың 100 жылдығына орай «Біз білетін бір батыр» кітабынан естеліктері, «КСРО Батыры Қ.Жазықовтың радио арқылы сөйлеген сөзі, «Жұддызды ғұмыр белестері» (Батыр өмірінен суреттер шеруі) топтамасы, «Ерліктің мәңгі алауы» танымдық бейнебаян жасақталып ұсынылды.

    Сонымен бірге «Байғанин ауданы :тарихи ескерткіштер», «Рухани жаңғыру. Мәдениет ел мәйегі» (Байғанин ауданының мәдениеті), «Рухани жаңғыру: 3 жыл» (Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру 2017-2020жылдары атқарылған шаралар), «Рухани құндылықтардың қайнар көзі» (1940-1999ж) аудандық ОКЖ тарихы анықтамалық ақпараттық бейнебаяндар, #KITAPPENDOSBOL хэштегі бойынша «Кітапхана ардагерлері ұсынады» бейнебаяндар жасақталып, кітапхананың инстаграмм, фейсбук парақшаларында ұсынылды.

    Кітапхана веб-сайтын пайдаланушылар саны есепті кезеңде - 41216, оның ішінде: -Қазақстандық оқырмандар - 34197, 7019 оқырман - басқа елдерден.

    Жыл ішінде ауылдық кітапханашылармен «Рухани жаңғыру: Заманауи кітапхана үрдістеріі» тақырыбында өткен аудандық семинарда «Цифрлық дәуір талабы- заманауи кітапханалық қызмет» тақырыбында баяндама жасалынып, интернет ресурстары таныстырылып, кітапхана құжаттарын сандық форматқа енгізу туралы мәліметтер берілді.

Автоматтандыру бөлімі оқырмандарға төмендегідей қызметтер көрсетеді:

- электронды құжаттарды дискетаға көшіру;

- титуль беттерін дайындау;

- принтерден қағазға шығару;

- мәтінді редакциялау және сканерден көшіру, кестелер, графиктер құру;

- кітапхана қорындағы оқырмандар сұранысына сай құжаттарды сандық жүйеге енгізу

- кітапханада ұйымдастырылатын іс-шараларды инновациялық бағыттарды қолдану

- веб - сайт және кітапхана блогтарының жұмысын жүргізу

Бөлімде компакт дискілер, видео-аудио материалдары, компьютерге қатысты журналдар бар.Бөлімнің өздері басып шығарған библиографиялық пособиялар, әдістемелік материалдар, жадынамалар, т.б. бар, сонымен қатар электронды пошта қызмет етеді.

Бөлімде меңгеруші, техник инженер, бағдарламашы, суретші көркемдеуші жұмыс жасайды.


Кітапхананы дамыту бөлімі

Әдіскер: Хусайнова Светлана Жумабековна

Балалар мен жасөспірімдер жұмыс әдіскері: Қаленова Рауза

Кітапхана жүйесінің кітапхананы дамыту және әдістемелік жұмыс бөлімінің бағыты:

Аналитикалық

әдістемелік – кеңестік

инновациялық.

  1. кітапхана ісінің мониторингі,
  2. озат тәжірибені жинау және тарату;
  3. семинар, тренингтер, кеңестер өткізу;
  4. кітапхана мамандарының білімін дайындау.
  5. ОКЖ жоспарлары мен есептері;
  6. ОКЖ-нің статистикалық көрсеткіші;
  7. Жүйелерде дислокациясы, мамандар саны.

Міндеттері:

- кітапханашылар қызметінің жылдық мониторингін өткізеді;

- аймақтағы кітапханалар ісінің негізгі бағыттарының жобаларын жасайды;

- әртүрлі қоғамдық ұйымдармен бірлескен жиынтық үйлестіру жоспарларын әзірлеуге қатысады;

Бөлімде 2 әдіскер жұмыс жасайды.

Ақпараттық-библиографиялық бөлім

Деректер базасының бас әкімшісі:Боранбаева Гүлнұр (м.у.а. Айдынғали Малика)

Библиограф: Алпысбаева Татти

Анықтама-библиографиялық бөлім ОКЖ-ның негізгі бөлімдерінің бірі.

АББ қызметінің басым бағыттары:

- кітапхананың анықтама-библиографиялық аппаратын жаңа мәліметтермен жедел толықтыру және құру;

- әртүрлі мазмұндағы және бағыттағы библиографиялық материалдарды құрастыру;

- пайдаланушыларға библиографиялық қызмет көрсету, соның ішінде анықтамалық пен ақпараттық;

- «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы іс шараларды ұйымдастыру

- «Байғанин байтақ жайнаған өлкем», «Аймақтың әдеби жобасы» өлкетану бағытында деректер базасының жұмысын жетілдіру: кітапханаларына кеңестік және әдістемелік көмек беру;

- аудан кітапханаларына кеңестік және әдістемелік көмек беру;

- пайдаланушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.

    Ақпараттық – библиографиялық қызмет: Кітапхана жүйесі бойынша ақпараттық – библиографиялық аппараттар: электронды каталог, ақпараттық көрсеткіштер қорын, деректер базасын үнемі толықтыру жұмыстары жүргізіледі.

    Оқырмандарға анықтама – библиографиялық қызмет көрсету мақсатында «Жаңа кітаптар», «Хабарлама күні», «Мамандар күні», «Өлкетанушылар күні» өткізіледі. «Деректер базасы» үнемі толықтырылып, 9 бөлімнен тұратын аудан тарихына байланысты құжаттар жинақтау жұмыстары үнемі жүргізілуде.Ақпараттар көлемінде оқырмандар сұранысы Интернет жүйесімен қанағаттандырылып, құжаттарды көшіру,сканерлеу,электронды тасығыштар арқылы көшіру,басып щығару,жұмыстары үнемі жүргізіледі.

    «Байғанин байтақ – жайнаған өлкем» атты дерекқоры негізінде жұмыстар жасалып, «Кітапхана жүйесі бойынша ақпараттық – библиографиялық аппараттар: электронды каталог, ақпараттық көрсеткіштер қорын, деректер базасын үнемі толықтыру жұмыстары жүргізіледі.

    Оқырмандарға анықтама – библиографиялық қызмет көрсету мақсатында «Жаңа кітаптар», «Хабарлама күні», «Мамандар күні», «Өлкетанушылар күні» өткізіледі.«Деректер базасы» үнемі толықтырылып, 9 бөлімнен тұратын аудан тарихына байланысты құжаттар жинақтау жұмыстары үнемі жүргізілуде. Ақпараттар көлемінде оқырмандар сұранысы Интернет арқылы үнемі қанағаттандырылып,құжаттарды көшіру,сканерлеу,электронды тасығыштар арқылы көшіру,басып щығару жұмыстары үнемі жүргізіледі.


Аудандық балалар кітапханасы

Бөлім меңгерушісі:Имашева Айгерим

Кітапханашылар; Ермекбаева Нұрғайша,Оразова Перизат

    Балалар кітапханасының негізгі қызметі балалардың оқу, оқып танысу сонымен қатар кітапхананы пайдалану әдеттерін дамыту, білімін көтеру, құбылысты түсіну, танып білу үшін ақпаратты қолдануды игеруіне мүмкіндік жасау, балаларға тәрбие беру мен оқытуына белсенді көмек көрсету, олардың ұлан-байтақ кітаптар әлемінен өздеріне қажеттісін ажырата алуына көмектесу, кітапқа деген құрметі мен сүйіспеншілігін қалыптастыру, оларға кітаптармен жұмыс жасай білуді үйрету болып табылады.

    Аудандық балалар кітапханасының кітап қоры 16695 дана, оның ішінде қазақ тіліндегі әдебиеттер 7175 дана. Жыл ішінде 1126 оқырманға 34350 дана кітап берілімен қамтылды, келушілер саны 15352 - ні құрады. Оқырмандардың күнделікті сұранысын қанағаттандыруда 14 мерзімді басылымдар алынды. Балалар кітапханасының» РАБИС» электронды қоры 3015 - ке жетіп отыр.

    2019 жылы балалар кітапханасында балалардың демалыс аймағы ашылып, оқырмандардың кітап оқуына, түрлі танымдық ойындар, спорттық ойындар ойнауына жағдай жасалған.

    Жыл ішінде ұлы ақын Абайдың 175 жылдығы, ғалым Әбу Насыр Әл Фарабидің 1150 жылдығы, Алтын Орданың 750 жыл, Ұлы Жеңістің 75 жылдығы аясында, Рухани жаңғыру» бағдарламасы, т.б. атаулы күндер мен мерейлі даталар бойынша іс-шаралар өткізілді.

    Балалар кітапханасы балалар оқуына басшылық жасай келе, оларға қажетті білім мен тәрбие беру мақсатында жаңа ақпараттық мәдениетін дамытып, түрлі мәдени шаралар ұйымдастырады, соның ішінде, бүгінгі күннің өзекті мәселесі ұрпаққа тәлімді тәрбие беру үшін ұлттық тәлім тәрбиеден бастау, сондай-ақ жастарымызды ұлттық рухани мәдениетке үйрету мақсатында олармен түрлі мәдени шаралар жүргізіп келеді. Балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттыруда кітаптар инсталлициясын ұйымдастыруда көпшіліктің жиналатын демалыс парктерінде, жазғы демалыс лагерлерінде кітап жаймалары өткізіледі. Кітапханада балалардың «Ұлттық дәстүрден ұлағат», «Жауқазын» қызығушылық клубтары жұмыс жасап келеді


 
Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі