ScreenReader       
Басты бетке     Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі      VKontakte facebook instagram Кіру       


Сайт мәзірі  


















































Іздеу:
 
free counters
Free counters

Мәдени шаралар

«Қарттарым - асыл қазынам»

   1 қазан- Халықаралық қарттар күніне орай орталық кітапхананың коворкинг орталығында “Қарттарым - асыл қазынам” атты кітапхана ардагерлерімен кездесу кеші өтті.

     


«Кітап тайм-2024» жобасы аясында

   19-шы қыркүйек күні Байғанин аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен Т.Жармағамбетов атындағы орта мектебінде «Кітап тайм-2024» жобасы аясында жазушы, жерлес Т.Жармағамбетовтың туғанына 90 жыл толуына орай өмірі мен шығармашылығын насихаттау, прозалық шығармаларын оқыту арқылы жастарды адамгершілік, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында «Тобық зейіні бөлек қаламгер» атты оқырмандар конференциясы өткізілді.

   Конференция барысында №2 Қарауылкелді о.м қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстазы Әжібекова Г. «Табиғат толғағынан туған талант» (Т.Жармағакмбетовтың өмірі мен шығармашылығына шолу);

   Аудандық орталық кітапхана қызметкері Адилхан А. «Нәзік сезімді суреткер» (Т.Ж әңгімелерімен хикаяттарының көркемдік ерекшеліктері);

   Т.Жармағамбетов атындағы о.м педагог сарапшысы Қазиева Н. «Аңыздан арнат атқан Отамалы» (жазушының танымал шығармасы Отамалы әңгімесінің мазмұны мен көркемдік ерекшелігі) және Қ.Мұхамбетқалиұлы атындағы орта мектеп гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстазы Тынышбаев А. Ж «Қаламының ұшында сөзі қалған» (Жазушы Т.Ж. повестерінің идеалық мазмұны, көркемдік ерекшелігі) тақырыптарында баяндама оқыды.

   Сонымен қатар аталмыш мектептің 9 сынып оқушысы Табынбай Асылжан «Бәйтеректің жас шағы» атты Тобықтың шығармасынан үзінді оқыса, Нысандық Нұртілек «Тобыққа» атты арнау тарту етті. Шара соңында кітапхана қоры негізінде жасақталған «Жемнің жарық жұлдызы» атты кітап көрмесіне кітапханашы Жетібаева Орынгүл библиографиялық шолу жасады.

     


«ОТБАСЫМ- АЛТЫН ҚАЗЫНАМ»

   Ел- Президенті мемлекет отбысыдан басталатынын және біздің қоғамға негізгі отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударып отырғандығын атап өтуіміз керек. Отбасы күні Мемлекет басшысының Жарлығымен қыркүйек айының екінші жексенбісінде аталып өтіледі.Бүгін үлгілі отбасыларды құрмет тұту, келешек ұрпаққа өнеге ету мақсатында отбасы мерекесіне орай ұйымдастырылған “ОТБАСЫМ- АЛТЫН ҚАЗЫНАМ” атты кездесу кеші өткізілді.Кештің қонақтары ауданымыздың үлгілі жас отбасылары Азовтар отбасымен Қозыбаевтар отбасы.Барша қатысушыларға Алғыс білдіреміз!

     


«Бір ел – бір кітап»

   Республикалық акциясына ұсынылған, жазушы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жыл толуына орай аудандық орталық кітапхананың Коворкинг орталығында, 18-шілде күні қазақ балалар әдебиетінің классигі, жазушы Бердібек Соқпақбаевтың 100 толуына орай, жазушының шығармаларын жыл бойына кең көлемде насихаттай отырып, көпшілік жұмыстар және кітап көрмесі арқылы оқырмандарды кітап оқуға тарту, көркем әдебиетті оқуға баулу арқылы адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу, жазушы шығармаларын насихаттау мақсатында «Төгілме талант – Бердібек» атты талқы LIKE өткізілді. Шара барысында оқушыларға жазушының өмірбаяны, шығармашылығы, кітап көрмесі таныстырылып, Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» фильміндегі кейіпкерлердің образдарына талқылау жасалды.Оқушыларға фильм кейіпкерлері туралы сұрақтар қойылып, өз ой – пікірлерімен бөлісті.

     


«Жастар нашақорлыққа қарсы»

   Аудандық орталық кітапханада, Байганин техникалық колледж студенттеріне есірткі заттарының жас ағзаға тигізер әсері, келешек өмірлеріне келтірер кесапаты туралы түсінік беру. Нашалық заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып, сақтану жолдарын дұрыс таңдап алдын алу, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу мақсатында «Жастар нашақорлыққа қарсы» ой талқы сағаты өткізілді. Ой талқы сағаты барысында жасөспірімдерге нашақорлық жайында түсінік беріліп, студенттер нашақорлық жайында өз ойларын айтып, қарсылықтарын білдіріп сұрақ жауап қойылып, пікірлерін ортаға салды және де нашақорлық жайында бейне баян көрсетілді.

     


«ЖЫРЛАРЫ МӨЛДІР БҰЛАҚТАЙ»

   Нәзік сезімді суреткер, қазақ поэзиясында 8 буынды өлең жазудың хас шебері Сағи Жиенбаев пен қазақ поэзиясына бозала таң мен бозторғай сазын бар бояу болмысымен әкелген суреткер ақын, киелі Жем бойында туып-өскен Есенбай Дүйсенбайұлының шығармашылығын насихаттауға арналған «ЖЫРЛАРЫ МӨЛДІР БҰЛАҚТАЙ» атты әдеби кеші өтті. Кешке: «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры, Қазақстан Журналистер одағы облыстық ұйымының төрағасы, Қазақстан Республикасы Мәдениет қайраткері Раукен Отыншин; Ақтөбе облысының құрметті азаматы, академик, философия ғылымдарының докторы Алтай Тайжанов;Кәсіптік білім беру саласының ардагері, қоғам белсендісі Естай Жайлыбаев; «Ақтөбе Медиа» ЖШС директорының орынбасары Айгүл Нұркеева;Облыстық «Ақтөбе» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Сәтжан Дәрібай; Қазақстанның Құрметті журналисі, Ойыл ауданының құрметті азаматы Аманғос Орынғалиев;Қазақстанның Құрметті журналисі, Шалқар ауданының құрметті азаматы Жанғабыл Қабақбаев; Қазақстанның Құрметті журналисі, Ақпарат саласының үздігі Нұрмұханбет Дияров;Облыстық «Ақтөбе» газетінің қызметкері, Ақпарат саласының үздігі, Байғанин өңірінің перзенті Гүлжан Кетебаева;Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Талғат Тілеулесов, сонымен қатар кешке арнайы шақырылған қонақтарымыз: Өлкетанушы, жазушы Ибраһим Ермекбайұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әлжан Құрманғали,аудандық мәдениет және тілдерді дамыту,спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Роза Биахметқызы, Сағи Жиенбаевтың бөлесі Шаңытова Жазық апай, Сағи Жиенбаевтың жиені Қолдасбаев Нұрәділ ағай, және шуақ клубының мүшелері, ауданымыздың жас ақындары Жеткербай Айнабек, Аманкелдіұлы Мерген, Мырзабайұлы Есімхан қатысты. Кеште Сағи Жиенбаев пен Есенбай Дүйсенбайұлының өлеңдері оқылып, Сағи Жиенбаевтың сөзіне жазылған «Айналдым елім» әнімен қорытындыланды.Сонымен қатар кітапхана қоры негізінде жасақталған «Жауқазын жыр иелері» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

     


«Жыр ғұмыр»

   Туған далам, Сенің аппақ көп құсың

   Кең дүниенің шарлап-сүзіп кетті ішін...

   Бір жарқ етіп түспедім ғой көзіңе

   Мені ұмытып бара жатқан жоқпысың ..?!.

   Иә осылай деп жырлаған, Қазақ жырының қаражорғасы Сағи Жиенбаевтың пәниге келгеніне – 90, бақиға озғанына аттай 30 жыл болыпты. Өлеңіндей мөлдіреген, өнеріндей елжіреген ақынның соңынан талай жылдар жүгіре жоғалды. Оның ақ самалдай шуақты, ішкі дірілі қуатты жырлары енді оның мәңгілік ғұмырын жалғап, келер күндерге самғап барады. Өйткені, Сағи Жиенбаев жұрты естен шығаратын ақын емес. Осы орайда, 15 мамыр күні - көгілдір Жемнің бойында туып өскен, қазақ әдебиетінің төрінен, туған халқынан жүрегінен орын алған, рухани өнер – сөз өнеріне қайталанбас өрнек салған, сырлы сазды лирик ақын Сағи Жиенбаевтың 90 жылдығына орай аудандық кітапхананың коворкинг орталығында лирик ақынның құрметіне «Жыр ғұмыр» атты әдеби сазды кеші өтті. Кеш барысында ақынның інісі Тәжімбаев Қайырбай ағай мен келіні Шаңытова жазық апай қатысып Сағи ақынның азаматтық болмысы, адамдық қасиеттері, кісілік тұлғасы туралы естеліктерімен бөлісті. Кітапхана қызметкері Ақболатқызы Үміт ақынның «Сыр» атты өлеңін мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар, мерейтойға арнайы шақырылған жергілікті ақындарымыз Жеткербаев Айнабек пен Шаңдин Ерболат ақынға арнауларын оқып, көпшіліктің ықыласына бөленді. Сағидың сөзіне жазылған «Айналдым елім» атты әнін №3 Қарауылкелді орта мектебінің музыка пәні мұғалімі Ибраимова Сара апай нақышына келтіре орындап, кеш көркін кіргізді. Сондай-ақ, мәдениет үйінің қызметкерлері Жарас Алпамысұлы мен Дүйсекенов Қанат «Кейде бір ағалар болады», «Есте қалсын» әндерін орындап кешті көңілді аяқтады.

     


«Мерейлі отбасы»

   Жалпы қоғамның басты байлығы адам болса, парасатты да тәрбиелі қыздар – қоғамның ортаймайтын ең құнды қазынасы. «Қоғамды тәрбиелеймін десең, қызыңды тәрбиеле» деген қағиданың мәні қаншалықты терең болса, мазмұны соншалықты салмақты.Бүгінгі бойжеткен ертең жар, ұрпақтың анасы, тәрбиенің бастау бұлағы, ұлағаттың қайнар көзі болатындықтан, қыздар түзелмей, қоғам түзелмейді. Ол үшін әрбір ер азамат қызға өз қарындасындай қарап, әр әйелді анасындай қадірлеу керек. Қазақтың намысты жігіттері көбейсе, арлы қыздары арта түсетініне күмәнім жоқ. Сондықтан, жаһанданудың алып тегершігінде ұсақталып кетпеу үшін дәстүрлі құндылықтарымыз бен ұлттық ерекшеліктерімізді ардақтап, ұятты ұл, қылықты қыз тәрбиелеуге елдің келешегін ойлайтын әрбір адамның атсалысуы – азаматтық парыз.

   Осы орайда қазіргі қазақ қыздарының тәрбиесі туралы, жастардың тәрбиелі, саналы, білімді ұрпақ болуына ықпал ету мақсатында “Amanat” партиясы “Ұлттық мұра” партиялық жобасы аясында “Қыздар сұлу көрінер қылығымен” атты кездесу кеші өткізілді. Кездесу кешінің құрметті қонағы - Еңбегімен еленген жан, ардақты ана, Алтын алқа иегері, «Мерейлі отбасы» республикалық байқауының жеңімпазы, Патриоттық белсенділігі үшін медалінің, Ұлағатты ұстаз төс белгісінің, Елеулі еңбегі үшін медальдарының иегері, Қазақстанның ең үздік әйелі орденінің, ҚР Жоғары сотының төсбелгісінің, Бауыржан Момышұлының «Батыр шапағаты» төс белгісінің иегері, тәжірибелі медиатор, Анаға тағзым орталығының медиаторы – Әбділдаева Бибігүл Әбдішүкірқызы. Бибігүл Әбдішүкірқызы кеш барысында қазақтың дәстүрлі тәрбиесінен өнеге айтып, қазақ қыздарының тәрбиесі туралы салиқалы әңгіме өрбіді. Кеш соңын алтын алқа иегері, ардақты ана Бибігүл Әбдішүкірқызы аналық ақ батасымен аяқтады.

     


«Заманауи кеңістіктегі креативті кітапханалар»

   Аудандық орталық кітапхананың дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Аудандық ОКЖ ға қарасты кітапханалардың, кітапханашыларының қатысумен 14 ақпан күні кітапханашылардың іс –тәжірибе алмасуына ықпал ету мақсатында «Заманауи кеңістіктегі креативті кітапханалар» тақырыбында семинар –тренинг өткізілді. Семинар барысында аудандық ОКЖ әдіскері Хусайнова С.Ж «Заманауи кеңістіктегі креативті кітапханалар», Аудандық ОКЖ оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Исаева Г. «Жаңашыл жастар - біздің болашағымыз (кітапханаға жастарды қалай тартамыз)», Жарқамыс балалар кітапханасының кітапханашысы Бектұрова А. Е. «Кітап оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер қоржыны», Ебейті модельді ауыл кітапханасының кітапханашысы Сәрсенова Э. «Кітапханалардағы креативті шаралар» тақырыбында баяндама жасады. Қорытынды сөзді ОКЖ директоры 2024 жылға алға қойылған міндеттері туралы баяндады. Ашық ой алаңында кітапханашылар өз ойларын білдірді. Шара соңында аудандық Қ.Мұхамбетқалиұлы атындағы мектеп гимназиясының психологы Г.Төлекбаеваның қатысуымен психологиялық тренинг өткізілді.

     


«Рухы биік ұлы перзент»

   Аудандық орталық кітапханада, ақпан айының 1-і күні, профессор, академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай оқырмандарға Қ.Сәтбаевтың өмірбаянымен таныстыру, білімі, ғылыми еңбектері, қоғамдық жұмысы туралы мәлімет беру мақсатында «Сан қырлы, дара тұлға» атты портреттік кеш өткізілді. Кешке № 1 Қарауылкелді орта мектебінің 10 сынып оқушылары қатысты . Кеш барысында Қ.Сәтбаевтың өмірбаяны, атқарған қызметтері, ғылым жолындағы ізденістері жайлы мағұлматтар берілді. Сәтбаевтың республика көлеміне танымал 15 дерегі оқырмандарға бейнежазба ретінде экраннан көрсетілді. «Рухы биік ұлы перзент» атты кітап көрмесі жасақталып, оқырмандарға таныстырылды.

     


«Елтоқ ата – ел жадында»

   Бүгін яғни, 31- қаңтар аудандық орталық кітапханада тау тұлғалы Елтоқ Сәрсенбайұлы – Ұлы Отан соғысының ардагері, матрос, 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы жылдарында Ленинград қаласында блокадасының куәгері, «Ленинград қаласының құрметті азаматы», «Халық емшісі» туғанына 100 жыл толуына орай өнегелі өмірі мен ерлік істері, халқына еткен адал еңбегі, қайырымдылығы мен емшілік қасиеттерін ұлықтау мақсатында «Елтоқ ата – ел жадында» атты патриоттық сағаты өткізілді. Шараға Елтоқ Сәрсенбайұлының ұрпақтары Бекарыс Елтоқұлы, Нұрзайда Елтоққызы, күйеубалалары Ұлықпан Кәдір, Бауыржан Амантұрлыұлы, келіні Ғазиза Шырақбайқызы, Елтоқ атаның әріптесі, өрт сөндіру саласының ардагері Бахитов Рахметулла, өлкетанушы, жазушы Ибраһим Ермекбайұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әлжан Құрманғали, өлкетанушы Балғали Жазықов, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту спорт және дене шынықтыру бөлімі басшысы м.а. Данияр Қоштанбеков, Байғанин аудандық Қорғаныс істер бөлімінің басшысы Сатыпалды Өмірбайұлы қатысып, атаның өмір жолын, батырлық ерлігі, батылдығы, тәлімдік, тағылымдық қасиетін, қызмет атқарған жеріндегі қызықты кездерін, емшілік қасиетін айтып оқырмандармен бөлісті. Кеште өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, патриоттық рухта тәрбиелеу, құрметтеуге бағытталған шаралар мен бірге аудандағы көшеге атаның есімін беру туралы пікірлерін білдірді. Кешке қатысушы жасөспірімдерге Елтоқ Сәрсенбайұлының өмірі мен өнегесі туралы кітапхана қоры негізінде жасақталған көрмесі таныстырылды.

     


Мәдени шаралар мұрағат 2023 ж толығырақ...
Мәдени шаралар мұрағат 2022 ж толығырақ...
Мәдени шаралар мұрағат 2021 ж толығырақ...
Мәдени шаралар мұрағат 2020 ж толығырақ...
Мәдени шаралар мұрағат 2019 ж толығырақ...
Мәдени шаралар мұрағат 2018 ж толығырақ...
Мәдени шаралар мұрағат 2017 ж толығырақ...
Мәдени шаралар мұрағат 2015-2016 ж толығырақ...
Мәдени шаралар мұрағат 2013-2014 ж толығырақ...





 
Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі