Басты бетке     Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі      VKontakte facebook instagram Кіру       


Сайт мәзірі  


















































Іздеу:
 
free counters
Free counters


Құрметті оқырмандар !

Байғанин аудандық орталықтандырлыған кітапхана жүйесінің

сайтына хош келдіңіздер!

       2021 жыл- қазақ халқын бақытқа бөлеген, ата-бабалар арманын ақиқатқа айналдырған, іргелі ел, дербес мемлекеттігіміздің Тәуелсіздігіміздің ордалы 30 жылдығы!

       Ордалы 30 жылда– Тәуелсіздігіміздің Көк Туын желбіретіп,әрбір таңымызды жарқын болашаққа деген үлкен сеніммен қарсы алдық! Осы жылдар белесінде тағылымды тарихымызды таныдық, қажырлы еңбек пен еңселі ерлікпен, бейбітшілік сүйген ел ретінде әлемге танылдық)

       Тарих қойнауына енген 2020 жылдың белесінде ел есінде қалатын ерекше жыл болды. Әлем халқы әлемдік пандемия, дүние жүзінде бұрын болмаған алапат індетпен күресті. Бірлік пен ынтымақ, халқымыздың табандылығы мен күрескелігі, қайырымдылығы мен ізгілігі бар ұлттық болмысты айқындаған айрықша қасиеттері ел есінде және бұл кезеңнен де абыройлы өтеміз!

        Жүйе бойынша 2020 жылы кітап қоры 253136 дана кітап, оның ішінде мемлекеттік тілдегі басылымдар саны -171715 дананы құрады. Электронды қор 155640 жазбаны құрайды. Оның ішінде 130006 кітап, 25634 мақала. Сандық құжаттар қоры 1405, оның 118-і кітап,1287 мақала

      Жыл ішінде 10822 оқырман 246472 дана кітап берілімімен қамтылды. Жүйе бойынша кітапханаға оқырман қатысымы - 154160, кітапхана веб-сайтын пайдаланушылар саны - 41339. Оқырмандардың күнделікті ақпараттық сұранысын қанағаттандыру үшін 31 аталымда мерзімді басылымдар алынады.

      2020 жылы аудан кітапханаларында Абайдың 175 жылдығы, Әл – Фарабидің 1150 жылдығына және «Рухани жаңғыру» «Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасы аясында және Мемлекеттік, аймақтық бағдарламалар аясында, қазақтың танымал тұлғалары жырау ақын Ақтан Керейұлының 170 жылдығы , қазақ ақыны Нұрпейіс Байғанинің 160 жылдығы және жерлесіміз КСРО Батыры Қ.Жазықовтың 100 жылдығы, ақын Есенбай Дүйсенбайұлының 80 жылдығы мерейтойлары т.б. аясында жоспарлы іс - шаралар жүргізілді.

       Есепті 2020 жылы жалпы 2085 іс-щара және наурыз айында басталған әлемдік COVID-19 пандемиясына орай 1564-і онлайн түрінде өткізілді олардың қатысым саны 20760-ты құрады

      ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында: «ХХІ ғасыр-білім мен біліктің дәуірі. Әр адам өзін үздіксіз жетілдіріп, жаңа кәсіптерді игеріп, үнемі заман ағымына бейімделу арқылы ғана бәсекелестік қабілетін арттыра алады. Білім мен технология, жоғары еңбек өнімділігі ел дамуының басты қозғаушы күші болуға тиіс» деп атап көрсетті. Демек, ел игілігіне еңбек етіп келе жатқан кітапхананың кітаппен қаруланған біліммен, біліктілік арқылы өзін жетілдіремін, заманауи кәсіптермен бейімделемін деген әр адамға ықпалы өте зор.

      Жаңарған, рухани жаңғырған, әр алуан ұлт пен ұлысты бір шаңыраққа ұйытқан жерұйық мекен Қазақстан Республикасы - Ұлы Дала елі , Мәңгілік Елге айналды. Тамыры терең, қазығы берік,пейілі даладай, бірлігі болаттай берік еліміздің Тәуелсіздігі баянды болсын! Әрқашанда Тәуелсіз еліміздің тағылымға толы тарихымен танысып, біліміңізді жетілдіруге ұмтылыс жасауда ең алдымен Сіз, кітапханамен бірге болыңыз!



2020 ж толығырақ...


       Біздің мекен-жайымыз:

 

Ақтөбе облысы,
Байғанин ауданы,
Қарауылкелді селосы,
Барақ батыр көшесі,
№29 үй
Телефон: 8(71345)22 2 03, факс: 8(71345)23 1 35
E-mail: baiganinkitap@mail.ru

 
 
 
Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі