|
Басты бетке | Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі | Кіру |
Free counters |
Төкенова Айгүл Жәмиқызы1966 жылы 16 желтоқсанда Ақтөбе облысы Байғанин ауданында дүниеге келді. Білімі-жоғары. 1986 жылы - Ақтөбе мәдени-ағарту училищесін, 2006 жылы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Универститетінің «кітапханашы» мамандығы бойынша бітірді. 1984-1986 жылдары аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде стенографист, 1986-1989 жж ОКЖ әдіскері, 1989-2007 жж аудандық орталық кітапхананың ересектерді кітаппен қамту бөлімінің меңгерушісі, 2007 жылдан ОКЖ автоматтандыру бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2016 жылдың 1қаңтарынан бастап Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры болып тағайындалды. 2017 жыл «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісінің иегері. Кенжебаева Батима 1956 жылы туған. Білімі жоғары. 1992 жылы Қазақ Мемлекеттік Қыздар педагогикалық институтының кітапхана факультетін бітірген. 1999 жылдан - 2015 жылдың соңына дейін Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры қызметін атқарды. Кенжебаева Бәтима қызмет атқарған уақыттарда үнемі ізденіспен, кітапхана қызметінің жаңа әдістерін қолдана білді, оқырмандарға қызмет көрсетуде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Аудан кітапханаларын ақпараттық технологиялармен қамту, оқырмандардың күнделікті ақпараттық сұранысын қанағаттандыру жолдарын меңгеру мақсатында 2001 жылы Республикалық Ұлттық кітапханасының «Жаңа технологияларды енгізу» мектебінің сертификатына ие болды. 2005 жылы аудандық ОКЖ директоры Б.Кенжебаева Петропавл қаласында өткен «Электронды кітапхана –high-tech мәдени мұраның сақталуын және пайдалануын қамтамасыз ету” атты, 2006 жылы Павлодарда «Кітапхана –елдің бәсекеге қабілеттігі мен қоғамдық дамуының ресурстық орталығы» республикалық конференциясы, семинарына қатысып, «Кітапхана –ауылдың ақпарттық орталығы» тақырыбында баяндама жасады. Б.Кенжебаева қызмет атқарған уақыттарында үнемі ізденіспен, кітапхана қызметін жаңа әдістерін қолдана біліп, оқырмандарға қызмет көрсетуде жоғарғы көрсеткіштерге жете білді. 1978-1981 жылдары «Облыстық таңдаулы кітапханашысы» атанып, үздік қызметтері үшін , облыстық мәдениет басқармасының Құрмет Грамоталарымен бірнеше рет марапатталып, аудан әкімінің «Алғыс хатына» ие болды. Есімі «Байғанин ауданы» энцоклопедиясына енді. Кітапхана қызметін заман талабына сай жетілдіру, аудан кітапханаларын медернизациялау, аудан көлеміндегі ұйымдастырылатын мәдени және қоғамдық шараларға белсене араласып, белсенділік көрсеткені үшін 2006 жылы «Жыл адамы» атағын иеленді. 2011 жылы «Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері» атағына ие болды. 2014 жылы ҚР Ұлттық бизнес рейтинг орталық комитетінің «Сіңірген еңбегі мен жетістіктері үшін» медалімен марапатталды, 2016 жылдан зейнеткерлік демалыста. |
Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі |