ScreenReader       
Басты бетке     Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі      VKontakte facebook instagram Кіру       


Сайт мәзірі  


















































Іздеу:
 
free counters
Free counters

Құжаттарды жинақтау және өңдеу бөлімі

Кітапханашылар: Нұрғазина Райс, Ищанова Қазима, Исаева Гүлшашқан

кітап түптеуші: Қайырғалиева Үздік

Оқырмандардың сұранысын негізге ала отырып әдебиеттерге тапсырыс беру, өңдеу және толықтыру – әдебиеттерді (құжаттарды) өңдеу, толықтыру бөлімінің негізгі міндеті, сонымен қоса әдебиеттерді аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі филиалдарына бөлу жұмысымен айналысады. Кітапхананы әдебиеттермен толықтыру және өңдеу қазіргі заман талабына сай жан-жақты жүзеге асырылып отырады. Сонымене бірге жүйеге қарасты кітапханаларының негізгі қорларының сақталымын қамтамасыз ету ,бақылау жұмыстарын жүргізеді.

Электронды каталог – «РАБИС» бағдарламасымен 2008 жылдан жұмыс жасайды. Бүгінгі таңда жүйе бойынша электронды қор 93357-ні құрайды.

2016 жылы жүйе кітапханалары 2792 дана, мемлекеттік тілде 2431 дана басылыммен толығып, кітап қоры 240832 данаға жетті. Оның ішінде мемлекеттік тілдегі басылымдар саны 156297 Бұл бөлімде құжаттардың бірыңғай қорын ұйымдастыру жөніндегі жұмыстар жүргізіледі. Кітап қорында 44795 дана кітап бар.

Есепті кезеңде кітапхана қоры «Қазақ хандары», «Ұлы дала тарихы», «Қазақ халқының тарихи тұлғалары», «Қазақ тарихындағы әйелдер» «Қазақтың би шешендері» кітаптарының бірнеше томдығы, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың шығармаларының 2 томы, Т.Шонанұлының, қазақтың танымал жазушысы, ақын лингвист, публицист, қоғам қайраткері Олжас Сүйлейменовтың шығармалар жинағы, көрнекті мемлекет қайраткері,түрколог ғалым, ұлағатты ұстаз, филология ғылымдарының докторы ,профессор Мырзатай Жолдасбековтың жеті томдық шығармалар жинағы, жазушылар Б.Нұржекеұлының, Т.Жұртбай, С.Досанов, Т.Әсемқұлов, С.Елубаевтың, қазақтың ақын қызы Ф.Оңғарсынованың шығармалар жинағы және ел Тәуелсізідігінің бастауы болған «Желтоқсан көтерілісі» кітабының екі томдығы, «Әлеуметтік лингвистикалық сөздігі», М.Тәтімов «Демографиядан демократияға дейін», С.Абдумовтың «Мәлік Ғабдулин» кітаптар мен басылымдарымен толықты.

Сонымен бірге өңір тарихы туралы «Туған өлке» Байғанин ауданы анықтамалық жинағы, жерлес ақын жазушылар Ө.Нұрғалиев, Қ.Мұхамбетқалиұлының төрт томдық шығармалары мен орыс тіліндегі басылымы, журналист жазушы А.Қонақбаеваның «Үрит, соқ», ақын Е.Ашықбаевтың «Қаңтардағы құс» жыр жинақтары, ҚР мәденит қайраткері Р.Ілиясованынң «Ел киесі, жер иесі» өнер зерттеушісі Қыдырбаевтың, өңіріміздегі танымал адамдар туралы баяндалған ақын журналист Ж,Айжановтың «Ел қорғаны ер Бармақ», «Майдан мен тыл», өнер зерттеушісі, қазақтың дәстүрлі өнерін зерттеуші Әзи Есентүгелдің «Көк бөрі», Ақтан Керейұлының «Жайық деген жанды су», «қалағандарың сөз болса», Л. Егдированың «Күрең күз» кітаптарымен толықты.

Бөлімде 137 дана сирек кездесетін кітаптар бар. Өзінің құндылығымен көзге түсетін кітаптардың бірі – Абай Құнанбаевтың 1948 жылы шыққан шығармалар жинағы, 4 томдық қырғыз халқының батырлық дастаны «Манас», 1949 жылы шыққан Пушкиннің таңдамалы шығармалары, 1957 жылы шыққан Сәбит Дөнентаевтың шығармалары,1957 жылы шыққан Алишер Навоидің Фархад и Ширин кітабы, 1959 жылғы Қазақтың советтік халық әндерінің этнографиялық жинағы т.б.

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі

Бөлім меңгерушісі: Боранбаева Гүлнұр

Оқу залы

Кітапханашылар: Бұхарбаева Бағила, Қаленова Рауза

Оқу залы кітапхананың негізгі бөлімдерінің бірі. Кітап қоры - 3790 дана, қазақ тілінде 1050 дана. Қорда білім саласы бойынша кітаптар, анықтамалықтар жинақталған. Есепті 2016 жыл ішінде 32 дана кітаппен толықтырылды. Оқу залының негізгі міндеті – барлық оқырмандарға бірдей сапалы қызмет көрсету және сұраныстарын толық қанағаттандыру.

Оқырмандардың күнделікті ақпараттық сұранысын қанағаттандыруда 54 аталымда мерзімді басылымдар алынды.

Жыл ішінде кітапханаға 1751 оқырман тартылып, 28531 дана кітап берілімімен қамтылды. Оқу залына келушілер саны - 13381. Күніне 25 оқырман кітапхана қызметімен қамтылады. Олар: оқушылар, ұстаздар, әр сала мамандары.

Оқу залында елімізде 2016 жыл ішінде аталып өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, ЮНЕСКО көлемінде аталып өткен Қожа Ахмет Яссауи жылы, еліміздегі маңызы зор қоғамдық саяси оқиғалар, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауы, ақын ,сазгер, драматург Бәкір Тәжібаевтың 90 жылдығы мерейтойлары аясында республикалық «Бір ел бір кітап», облыстық «Оқитын өлке» кітап акциялары, аудандық «Кітап оқы ; өз өлкеңді танып біл» оқу марафоны аясында , жыл ішінде аталып өтілетін мерейлі даталарға орай, кітаптар тұсаукесерлері,дөңгелек үстел сұхбаттары, жасөспірімдер арасында шығармашылық байқаулар ұйымдастырылып, ірі мәдени шаралар үнемі өткізілді.

Оқу залы үзіліссіз, демалыссыз оқырмандарға қызмет көрсетеді. Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі қызметкерлері аудандық деңгейде ұйымдастырылған кәсіби байқауларда топ жарып, 2013 жылы өткен «Үздік шығармашылық жоба» аталымын жеңіп алса, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2014-2015жылдары мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бағытында өткізілген «Мемлекеттік тіл ұлт тірегі» атты аудандық тіл фестивалі аясындағы шараларда белсенділік танытқаны үшін Алғыс хаттарымен марапатталды.

Абонемент

Кітапханашы: Хусайнова Светлана Жумабековна

Жасөспірімдер кітапханашысы: Ильджанова Назира

Бөлімнің кітап қорында 22133 дана, оның іщінде қазақ тілінде 10867 дана кітап бар. Әдебиеттер білім салалары бойынша жинақталған. Жыл ішінде 2128 оқырманға 38027 дана кітап берілімімен қамтылды. Келушілер саны -20415. Бөлімде «РАБИС» электронды каталогы жұмысын жүргізіп,есепті кезеңде қор 38027 - ды құрайды.

Сонымен бірге бөлім қызметкерлері жоғары сынып, лицей оқушыларына, жасөспірімдерге, қызметкерлер мен мамандарға, ардагерлерге қызмет көрсетеді. Оқырмандардың сұраныстарын толық қанағаттантырып,олардың рухани дамуына ықпал етеді. Жаңадан келіп түскен әдебиеттерді үнемі насихаттап, кітап көрмелері, мәдени шаралар ұйымдастырады. Бөлімде әр түрлі тақырыптарға арналған кітап көрмелері , жерлес ақын жазушыларға арналған тұрақты «Жем бойының жұлдыздары» тақырыбында кітап көрмелері ұйымдастырылған. Жасөспірімдердің «Шуақ», «Сырласайық, замандас» қызығушылық клубы жұмыс жасайды.

Автоматтандыру бөлімі

Бөлім меңгерушісі: Мұхамбетияр Гүлзада

Техник инженер: Сокырова Ботагөз

Бағдарламашы: Көрпебаев Нұржан

Суретші – көркемдеуші: Усманова Нұрбақыт

Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі 2008 жылдан бастап кітапхана процестерін автоматтандыру ісін бастады. Бөлімнің негізгі міндеті: ақпараттандыру, жаңа технологиялармен, әдістемелік құжаттармен қамтамасыз ету. Бүгінгі таңда кітапханада 13 компьютер жұмыс жасап тұр.Ақпараттарды компьютер жадына салу процесі «РАБИС» шағын кәсіпкерлігі құрастырған «РАБИС» жүйесі бойынша жүргізілуде.

2007 жылдан бастап жұмыс жасап келе жатқан электронды каталог 2005-2015 жылдары кітапхана қорына келіп түскен әдебиеттер каталогі, мәліметтер қорынан тұрады. Әдебиеттерді салу жұмыстары ағымдағы басылымдар негізінде жүргізіледі. Электронды каталог есептік, ақпараттық, іздеу жұмыстарын жүргізеді.

Автоматтандыру бөлімі оқырмандарға төмендегідей қызметтер көрсетеді:

- электронды құжаттарды дискетаға көшіру;

- титуль беттерін дайындау;

- принтерден қағазға шығару;

- мәтінді редакциялау және сканерден көшіру, кестелер, графиктер құру;

- кітапхана қорындағы оқырмандар сұранысына сай құжаттарды сандық жүйеге енгізу

- кітапханада ұйымдастырылатын іс-шараларды инновациялық бағыттарды қолдану

- веб - сайт және кітапхана блогтарының жұмысын жүргізу

Бөлімде компакт дискілер, видео-аудио материалдары, компьютерге қатысты журналдар бар.Бөлімнің өздері басып шығарған библиографиялық пособиялар, әдістемелік материалдар, жадынамалар, т.б. бар, сонымен қатар электронды пошта қызмет етеді.

Бөлімде меңгеруші, техник инженер, бағдарламашы, суретші көркемдеуші жұмыс жасайды.

Кітапхананы дамыту бөлімі

Әдіскер: Мәтбаева Назекен

Балалар мен жасөспірімдер жұмыс әдіскері: Имашева Айкерим

Кітапхана жүйесінің кітапхананы дамыту және әдістемелік жұмыс бөлімінің бағыты:

Аналитикалық

әдістемелік – кеңестік

инновациялық.

  1. кітапхана ісінің мониторингі,
  2. озат тәжірибені жинау және тарату;
  3. семинар, тренингтер, кеңестер өткізу;
  4. кітапхана мамандарының білімін дайындау.
  5. ОКЖ жоспарлары мен есептері;
  6. ОКЖ-нің статистикалық көрсеткіші;
  7. Жүйелерде дислокациясы, мамандар саны.

Міндеттері:

- кітапханашылар қызметінің жылдық мониторингін өткізеді;

- аймақтағы кітапханалар ісінің негізгі бағыттарының жобаларын жасайды;

- әртүрлі қоғамдық ұйымдармен бірлескен жиынтық үйлестіру жоспарларын әзірлеуге қатысады;

Бөлімде 2 әдіскер жұмыс жасайды.

Ақпараттық-библиографиялық бөлім

Деректер базасының бас әкімшісі: Қойлыбай Жанаргүл

Библиограф: Алпысбаева Татти

Анықтама-библиографиялық бөлім ОКЖ-ның негізгі бөлімдерінің бірі.

АББ қызметінің басым бағыттары:

- кітапхананың анықтама-библиографиялық аппаратын жаңа мәліметтермен жедел толықтыру және құру;

- әртүрлі мазмұндағы және бағыттағы библиографиялық материалдарды құрастыру;

- пайдаланушыларға библиографиялық қызмет көрсету, соның ішінде анықтамалық пен ақпараттық;

- «Байғанин байтақ жайнаған өлкем», «Аймақтың әдеби жобасы» өлкетану бағытында деректер базасының жұмысын жетілдіру: кітапханаларына кеңестік және әдістемелік көмек беру;

- аудан кітапханаларына кеңестік және әдістемелік көмек беру;

- пайдаланушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.

Бөлімде деректер базасының бас әкімшісі, библиограф жұмыс жасайды.

Аудандық балалар кітапханасы

Бөлім меңгерушісі: Қобдабаева Айгерім

Кітапханашылар; Ермекбаева Нұрғайша,Оразова Перизат

Балалар кітапханасының негізгі қызметі балалардың оқу, оқып танысу сонымен қатар кітапхананы пайдалану әдеттерін дамыту, білімін көтеру, құбылысты түсіну, танып білу үшін ақпаратты қолдануды игеруіне мүмкіндік жасау, балаларға тәрбие беру мен оқытуына белсенді көмек көрсету, олардың ұлан-байтақ кітаптар әлемінен өздеріне қажеттісін ажырата алуына көмектесу, кітапқа деген құрметі мен сүйіспеншілігін қалыптастыру, оларға кітаптармен жұмыс жасай білуді үйрету болып табылады.

Аудандық балалар кітапханасының кітап қоры 15978 дана, оның ішінде қазақ тіліндегі әдебиеттер 6520 дана. Жыл ішінде 1515 оқырманға 45450 дана кітап берілімен қамтылды, келушілер саны 19645 ті құрады. Оқырмандардың күнделікті сұранысын қанағаттандыруда 14 мерзімді басылымдар алынды. Балалар кітапханасының» РАБИС» электронды қоры 3284 - ке жетіп отыр.

Балалар кітапханасы балалар оқуына басшылық жасай келе, оларға қажетті білім мен тәрбие беру мақсатында жаңа ақпараттық мәдениетін дамытып, түрлі мәдени шаралар ұйымдастырады, соның ішінде, бүгінгі күннің өзекті мәселесі ұрпаққа тәлімді тәрбие беру үшін ұлттық тәлім тәрбиеден бастау, сондай-ақ жастарымызды ұлттық рухани мәдениетке үйрету мақсатында олармен түрлі мәдени шаралар жүргізіп келеді. Балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттыруда кітаптар инсталлициясын ұйымдастыруда көпшіліктің жиналатын демалыс парктерінде , жазғы демалыс лагерлерінде кітап жаймалары өткізіледі.

Аудандық балалар кітапханасы облыстық, аудандық деңгейде ұйымдастырылған байқауларда белсенділік танытуда, 2014 жылы «Керемет шеберхана» облыстық байқауына қатысу рейтингі бойынша «Мейірімді кітапхана» сертификатын иеленсе, 2015 жылы өңіріміздің ақыны, жырау Н.Байғаниннің 155 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ең үздік буктрейлер» облыстық кәсіби байқауында ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Кітапханада балалардың «Ұлттық дәстүрден ұлағат», «Жауқазын» қызығушылық клубтары жұмыс жасап келеді.

 
Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі