|
Басты бетке | Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі | Кіру |
Free counters |
Құжаттарды жинақтау және өңдеу бөлімі Кітапханашылар: Нұрғазина Райс, Ищанова Қазима, Исаева Гүлшашқан кітап түптеуші: Қайырғалиева Үздік Оқырмандардың сұранысын негізге ала отырып әдебиеттерге тапсырыс беру, өңдеу және толықтыру – әдебиеттерді (құжаттарды) өңдеу, толықтыру бөлімінің негізгі міндеті, сонымен қоса әдебиеттерді аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі филиалдарына бөлу жұмысымен айналысады. Кітапхананы әдебиеттермен толықтыру және өңдеу қазіргі заман талабына сай жан-жақты жүзеге асырылып отырады. Сонымене бірге жүйеге қарасты кітапханаларының негізгі қорларының сақталымын қамтамасыз ету ,бақылау жұмыстарын жүргізеді. Электронды каталог – «РАБИС» бағдарламасымен 2008 жылдан жұмыс жасайды. Бүгінгі таңда жүйе бойынша электронды қор 93357-ні құрайды. 2015 жылы жүйе кітапханалары 5641 дана, қазақшасы 4802 дана әдебиеттермен қамтамасыз етілді. Есепті кезеңде кітапхана қоры Қазақстан Республикасы Тілдерді дамыту мен қолданудағы 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында қазақ терминологиясы, әр түрлі салалық бойынша француз, ағылшын, орыс тілінен аударма жасалынған қазақ сөздіктері, қазақтың көркем әдебиетінің ақын жазушылары І.Есенберлин, Ә.Әлімжанов, Р.Райымқұлов, Р.Сейсенбаев, М.Қабанбай, Б.Нұржекеұлы, Ө.Күмісбаев, Ф.Оңғарсынова, Т.Құлиястың шығармаларымен толықты. Бұлардың қатарында жерлес ақын жазушылар Ө.Нұрғалиев, С.Жиенбаев, Қ.Мұхамбетқалиұлының шығармалары, Б.Жақанов, Б.Сәуірбаев, Т.Төлеуов кітаптары бар. Еліміздің қарыштап дамуында еселі еңбек етіп келе жатқан ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Жылдар мен ойлар», «Таңдамалы сөздер» (1989 -2013жылдар) кітабының 7 томдығы, «Қазақ хандары», және өңір тарихынан хабардар ететін Ғ.Байдербестің «Ржев шайқасының қаһармандары» З.Байдосұлының «Зұлмат пен үрей» (4 томдық) және мәдениет пен өнер саласында жас сазгер, мәдениет саласының үздігі О.Байсеңгіровтің «Мың алғыс» кітаптары бар. Бұл бөлімде құжаттардың бірыңғай қорын ұйымдастыру жөніндегі жұмыстар жүргізіледі. Кітап қорында 44618 дана кітап бар. Сонымен қатар қорда 137 дана сирек кездесетін кітаптар бар. Өзінің құндылығымен көзге түсетін кітаптардың бірі – Абай Құнанбаевтың 1948 жылы шыққан шығармалар жинағы, 4 томдық қырғыз халқының батырлық дастаны «Манас», 1949 жылы шыққан Пушкиннің таңдамалы шығармалары, 1957 жылы шыққан Сәбит Дөнентаевтың шығармалары,1957 жылы шыққан Алишер Навоидің Фархад и Ширин кітабы, 1959 жылғы Қазақтың советтік халық әндерінің этнографиялық жинағы т.б. Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі Бөлім меңгерушісі: Боранбаева Гүлнұр Оқу залы Кітапханашылар: Бұхарбаева Бағила, Қаленова Рауза Оқу залы кітапхананың негізгі бөлімдерінің бірі. Кітап қоры - 3673 дана, қазақ тілінде 949 дана. Қорда білім саласы бойынша кітаптар, анықтамалықтар жинақталған. Есепті 2015 жыл ішінде 86 дана кітаппен толықтырылды. Оқу залының негізгі міндеті – барлық оқырмандарға бірдей сапалы қызмет көрсету және сұраныстарын толық қанағаттандыру.Оқырмандардың күнделікті ақпараттық сұранысын қанағаттандыруда 75 аталымда мерзімді басылымдар алынды. Жыл ішінде кітапханаға 1651 оқырман тартылып, 30706 дана кітап берілімімен қамтылды. Оқу залына келушілер саны 15027 Күніне 25 оқырман кітапхана қызметімен қамтылады. Олар: оқушылар, ұстаздар, әр сала мамандары. Оқу залында елімізде 2015 жыл ішінде аталып өткен Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы және Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Халықтары Ассамблеясының 20 жылдығы мерейтойлары аясында, жыл ішінде аталып өтілетін мерейлі даталарға орай, кітаптар тұсаукесерлері,дөңгелек үстел сұхбаттары, жасөспірімдер арасында шығармашылық байқаулар ұйымдастырылып, ірі мәдени шаралар үнемі өткізілді. Оқу залы үзіліссіз, демалыссыз оқырмандарға қызмет көрсетеді. Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі қызметкерлері аудандық деңгейде ұйымдастырылған кәсіби байқауларда топ жарып, 2013 жылы өткен «Үздік шығармашылық жоба» аталымын жеңіп алса, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2014-2015жылдары мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бағытында өткізілген «Мемлекеттік тіл ұлт тірегі» атты аудандық тіл фестивалі аясындағы шараларда белсенділік танытқаны үшін Алғыс хаттарымен марапатталды. Абонемент Кітапханашы: Имашева Айкерим Жасөспірімдер кітапханашысы: Ильджанова Назира Бөлімнің кітап қорында 23895 дана, оның іщінде қазақ тілінде 10662 дана кітап бар. Әдебиеттер білім салалары бойынша жинақталған. Жыл ішінде 1649 оқырманға 31277 дана кітап берілімімен қамтылды. Келушілер саны -15023. Бөлімде «РАБИС» электронды каталогы жұмысын жүргізіп,есепті кезеңде қор 34910 - ды құрайды. Сонымен бірге бөлім қызметкерлері жоғары сынып, лицей оқушыларына, жасөспірімдерге, қызметкерлер мен мамандарға, ардагерлерге қызмет көрсетеді. Оқырмандардың сұраныстарын толық қанағаттантырып,олардың рухани дамуына ықпал етеді. Жаңадан келіп түскен әдебиеттерді үнемі насихаттап, кітап көрмелері, мәдени шаралар ұйымдастырады. Бөлімде әр түрлі тақырыптарға арналған кітап көрмелері , жерлес ақын жазушыларға арналған тұрақты «Жем бойының жұлдыздары» тақырыбында кітап көрмелері ұйымдастырылған. Жасөспірімдердің «Шуақ», «Сырласайық, замандас» қызығушылық клубы жұмыс жасайды. Автоматтандыру бөлімі Бөлім меңгерушісі: Мұхамбетияр Гүлзада Техник инженер: Сокырова Ботагөз Бағдарламашы: Көрпебаев Нұржан Суретші – көркемдеуші: Усманова Нұрбақыт Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі 2008 жылдан бастап кітапхана процестерін автоматтандыру ісін бастады. Бөлімнің негізгі міндеті: ақпараттандыру, жаңа технологиялармен, әдістемелік құжаттармен қамтамасыз ету. Бүгінгі таңда кітапханада 13 компьютер жұмыс жасап тұр. Ақпараттарды компьютер жадына салу процесі «РАБИС» шағын кәсіпкерлігі құрастырған «РАБИС» жүйесі бойынша жүргізілуде. 2007 жылдан бастап жұмыс жасап келе жатқан электронды каталог 2005-2015 жылдары кітапхана қорына келіп түскен әдебиеттер каталогі, мәліметтер қорынан тұрады. Әдебиеттерді салу жұмыстары ағымдағы басылымдар негізінде жүргізіледі. Электронды каталог есептік, ақпараттық, іздеу жұмыстарын жүргізеді. Автоматтандыру бөлімі оқырмандарға төмендегідей қызметтер көрсетеді: - электронды құжаттарды дискетаға көшіру; - титуль беттерін дайындау; - принтерден қағазға шығару; - мәтінді редакциялау және сканерден көшіру, кестелер, графиктер құру; - кітапхана қорындағы оқырмандар сұранысына сай құжаттарды сандық жүйеге енгізу - кітапханада ұйымдастырылатын іс-шараларды инновациялық бағыттарды қолдану - веб - сайт және кітапхана блогтарының жұмысын жүргізу Бөлімде компакт дискілер, видео-аудио материалдары, компьютерге қатысты журналдар бар.Бөлімнің өздері басып шығарған библиографиялық пособиялар, әдістемелік материалдар, жадынамалар, т.б. бар, сонымен қатар электронды пошта қызмет етеді. Бөлімде меңгеруші, техник инженер, бағдарламашы, суретші көркемдеуші жұмыс жасайды. Кітапхананы дамыту бөлімі Әдіскер: Мәтбаева Назекен Балалар мен жасөспірімдер жұмыс әдіскері : Көккөз Жазық Кітапхана жүйесінің кітапхананы дамыту және әдістемелік жұмыс бөлімінің бағыты: Аналитикалық әдістемелік – кеңестік инновациялық.
Міндеттері: - кітапханашылар қызметінің жылдық мониторингін өткізеді; - аймақтағы кітапханалар ісінің негізгі бағыттарының жобаларын жасайды; - әртүрлі қоғамдық ұйымдармен бірлескен жиынтық үйлестіру жоспарларын әзірлеуге қатысады; Бөлімде 2 әдіскер жұмыс жасайды. Ақпараттық-библиографиялық бөлім Деректер базасының бас әкімшісі: Қойлыбай Жанаргүл Библиограф: Алпысбаева Татти Анықтама-библиографиялық бөлім ОКЖ-ның негізгі бөлімдерінің бірі. АББ қызметінің басым бағыттары: - кітапхананың анықтама-библиографиялық аппаратын жаңа мәліметтермен жедел толықтыру және құру; - әртүрлі мазмұндағы және бағыттағы библиографиялық материалдарды құрастыру; - пайдаланушыларға библиографиялық қызмет көрсету, соның ішінде анықтамалық пен ақпараттық; - «Байғанин байтақ жайнаған өлкем», «Аймақтың әдеби жобасы» өлкетану бағытында деректер базасының жұмысын жетілдіру: кітапханаларына кеңестік және әдістемелік көмек беру; - аудан кітапханаларына кеңестік және әдістемелік көмек беру; - пайдаланушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Бөлімде деректер базасының бас әкімшісі, библиограф жұмыс жасайды. Аудандық балалар кітапханасы Бөлім меңгерушісі: Қобдабаева Айгерім Кітапханашылар; Ермекбаева Нұрғайша,Оразова Перизат Балалар кітапханасының негізгі қызметі балалардың оқу, оқып танысу сонымен қатар кітапхананы пайдалану әдеттерін дамыту, білімін көтеру, құбылысты түсіну, танып білу үшін ақпаратты қолдануды игеруіне мүмкіндік жасау, балаларға тәрбие беру мен оқытуына белсенді көмек көрсету, олардың ұлан-байтақ кітаптар әлемінен өздеріне қажеттісін ажырата алуына көмектесу, кітапқа деген құрметі мен сүйіспеншілігін қалыптастыру, оларға кітаптармен жұмыс жасай білуді үйрету болып табылады. Аудандық балалар кітапханасының кітап қоры 15950 дана, оның ішінде қазақ тіліндегі әдебиеттер 6492 дана. Жыл ішінде 1510 оқырманға 44200 дана кітап берілімен қамтылды, келушілер саны 19500 ді құрайды. Оқырмандардың күнделікті сұранысын қанағаттандыруда 14 мерзімді басылымдар алынды. Балалар кітапханасының»РАБИС» электронды қоры 2584 - ке жетіп отыр. Балалар кітапханасы балалар оқуына басшылық жасай келе, оларға қажетті білім мен тәрбие беру мақсатында жаңа ақпараттық мәдениетін дамытып, түрлі мәдени шаралар ұйымдастырады, соның ішінде, бүгінгі күннің өзекті мәселесі ұрпаққа тәлімді тәрбие беру үшін ұлттық тәлім тәрбиеден бастау, сондай-ақ жастарымызды ұлттық рухани мәдениетке үйрету мақсатында олармен түрлі мәдени шаралар жүргізіп келеді. Балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттыруда кітаптар инсталлициясын ұйымдастыруда көпшіліктің жиналатын демалыс парктерінде , жазғы демалыс лагерлерінде кітап жаймалары өткізіледі. Аудандық балалар кітапханасы облыстық, аудандық деңгейде ұйымдастырылған байқауларда белсенділік танытуда, 2014 жылы «Керемет шеберхана» облыстық байқауына қатысу рейтингі бойынша «Мейірімді кітапхана» сертификатын иеленсе, 2015 жылы өңіріміздің ақыны, жырау Н.Байғаниннің 155 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ең үздік буктрейлер» облыстық кәсіби байқауында ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Кітапханада балалардың «Ұлттық дәстүрден ұлағат», «Жауқазын» қызығушылық клубтары жұмыс жасап келеді. |
Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі |