Басты бетке     Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі      VKontakte facebook instagram Кіру       


Сайт мәзірі  


















































Іздеу:
 
free counters
Free counters

Жаңа үлгідегі Алтай модельді ауыл кітапханасы

Мекен жайы: Сартоғай селолық округі, Алтай батыр селосы

Телефон/факс: 8 713 47 25 622

Электронды пошта:altaikitap@mail.ru

Инстаграмм парақшасы:@altai_kitapxana

Кітапхана меңгерушісі: Байзенова Гулмира

Кітапханашы:Сыдықова Мақтагүл

            2022 жыл:
            Кітап қоры: 11732
            Мемлекеттік тілде: 7487
            Кітап берілімі: 18300
            Мемл. Тілде: 17668
            Оқырман: 815
            Жасөсп.оқырман: 210
            Балалар: 242
            Қатысым: 7965
            Өткізілген шаралар: 97
            қатысқандар: 915
            «РАБИС» электр.кат. қор 20453
             Сандық құжаттар қоры: 109

    Алтай модельді ауылдық кітапханасында жерлес ақын Сәбит Баймолдиннің 80 жылдығына орай »Ақын жайлы үзік сыр» атты әдеби поэзиялық кеш ұйымдастырылды. Мақсаты: Сәбит Баймолдин өзінің өмір жолында елін, жерін шынайы жырымен суреттеген ақын. Елдікпен адамдық, азаматтық мұратты жырына өзек еткен ақын. Артына өз оқырмандарына, кейінгі ұрпақтары үшін мол мұра қалдырған ақынның жырларын өскелең ұрпаққа насихаттау. Кешке кітапханамыздың белсенді оқырманы, зейнеткер Қауқаров Құбаш, зейнеткер ұстаз Шәтен Қалампыр және А.С.Пушкин атындағы мектеп оқушылары қатысты. Кеш қонақтары ақын шығармашылығына жүрек жарды лебіздерін білдірсе, оқушылар ақын шығармаларынан мәнерлеп өлеңдер оқыды. Белсене қатысқан оқушылар «Алғыс хат», «Мадақтама» грамоталарымен марапатталды. Қатысқан оқырман саны 50.

    «Қазақ әдебиетінің хантәңірі» атты оқырмандар конференциясы өткізілді. Конференция мақсаты: Дәуірдің жарық жұлдызы, ұлттың ұлы ұстазы бір басында сан салалы өнер тоғысқан білім иесі, қалың елін жарқын болашаққа бастаған Ахмет Байтұрсынұлының жан – жақты қырымен таныстыру және мәдени мұраларын кеңірек насихаттау. Кеш барысында А.Байтұрсынұлы шығармаларынан өлеңдер оқылып, оқушылардың білімін бекіту мақсатында, сұрақтар қойылып, сөз жұмбақтар шешілді және белсене қатысқан оқушылар марапатталды. Қатысқан адам саны: 19. 29 қыркүйек күні Алтай батыр ауылында «Заман келбетін зерделеген жазушы » атты әдеби кеш өтті. Кешке Қажығали Мұқанбетқалиұлының туыстары қатысты. Сонымен қатар Қажығали Мұқанбетқалиұлының шығармашылығы, қызметі, кісілік келбет туралы Мәжиев Меделбай ескірмейтін естеліктермен бөлісті. Кітапхана оқырманы Молдағалива Шұғыла Қадір Мырза - Әлінің “Қажығалиға” арнауын оқып , өнерпаздар әннен шашу шашып, кештің көркін қыздырды.Кешке аудандық орталық кітапхананың кітап қорынан «Маржан сөздің зергері» атты кітап көрмесі және аудандық музейдің жазушы жәдігерлерінен ұйымдастырылған көрмелері таныстырылды.

     “Ана өмірдің шуағы” атты кездесу кеші өткізілді. Мақсаты: Аналар мерекесін атап өту,аналарға құрмет көрсету. Кеш барысында 11-сынып оқушысы Жамаладинов Мерей “Анаға-хат”әнін гитарамен жолдаса,10-сынып оқушысы Рахметұлы Ермұқан Фариза Оңғарсынованың “Анама’, 4-сынып оқушысы Қайратқызы Шұғыла “Анамен сырласу” атты өлеңдерін мәнерлеп оқып берді. Мәдениет үйінің қызметкерлерінің қазақтың қара домбырасымен орындаған әндерімізді аналарымызды дән риза қылды.Кеш қонақтары Ауылымыздың өлкетанушысы ,зейнеткер ұстаз Қалампыр Шәтенқызы, “Ақпейілді әжелер'' ансамблінің мүшесі Әзина Орынбасарқызы ,үлкен шаңырақтың ұйытқысы ,көп балалы әжелеріміз Бағила Қартабаева ,Әйгерім Ғалымқызы, Сая Дүйсеғалиқызы атты аналарымыз өздеріне көрсетілген құрметке ,сөздерінің жүрек жарды лебіздерімен ,ризашылықтарын білдірді. Қонақтарға мерекелік сыйлықтар табыс етілді.;

   Әлеуметтік желідегі @altai_kitapxana парақшасында танымдық ақпараттық шаралар, байқаулар, сайыстар, челендж посттар, бейнероликтер жарияланып келеді.

   Кітапханада 2 компьютер толық жабдығымен жұмыс жасайды.

   Кітапханада 20 орындық оқу залы, абономент және балалар, жасөспірімдер бөлімі жұмыс жасайды.

   Жастар мен балалардың «Елін сүйер ұрпақпыз» патриоттық клуб жұмыс жасайды. Кітапхана өз қызметінде үнемі жергілікті әкімшілікпен, мектеппен, ауылдық мәдениет үйімен тығыз байланыста жүргізеді.

   Кітапхана ғимараты жеке орналасқан. Кітапхана көлемі – 89.02 ш.м.

   Кітапхана меңгерушісі - Байзенова Гүлмира жоғары білімді

   Сыдықова Мақтагүл -кітапханашы, арнаулы орта, тазалықшы штаттары бар.



.

Архив толығырақ...

Архив толығырақ...

Архив толығырақ...

 
Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі