Басты бетке     Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі      VKontakte facebook instagram Кіру       


Сайт мәзірі  


















































Іздеу:
 
free counters
Free counters

Жаңа үлгідегі Алтай модельді ауыл кітапханасы

Мекен жайы: Сартоғай селолық округі, Алтай батыр селосы

Телефон/факс: 8 713 47 25 622

Электронды пошта:altaikitap@mail.ru

Инстаграмм парақшасы:@altai_kitapxana

Кітапхана меңгерушісі: Естур Бибатпа Салықбайқызы


    Байғанин ауданы, Сартоғай селолық округіндегі Алтай селолық кітапханасы - 1965 жылдан ауыл тұрғындарына рухани мәдени қызмет көрсетіп келеді. Негізі қаланған уақытта 4567 дана кітап қоры, 180 оқырман болған. Алғашқы кітапханашы – Есенгулов.

    2008 жылдың қараша айында Жаңа үлгідегі Алтай модельді ауыл кітапханасы болып қайта қалыптасты.

    2011 жылы аудан моделді кітапханаларының «Моделді ауыл кітапханасы Тәуелсіздік жемісі» байқауында «Алғыс хатпен» марапатталды.

   2015 жылы «Ауылым алтын бесігім» кітапханашылардың шығармашылық байқауында ақын, ұстаз Асылгүл Арықова туралы «Арықова Асылгүл ауыл ақыны» слайд шоу ұсынып, «Алғыс хат» иеленді.

   2019 жылы кітапхананың кітап қоры 10835 дана,(мемлекеттік тілде 6690дана) жыл ішінде 838 оқырман кітапхана қызметін пайдаланып, 18352 дана (мемлекеттік тілде 17732 дана) кітаппен қамтамасыз етіледі. Келушілер саны - 8128. Оқырмандардың күнделікті ақпараттық сұранымын қанағаттандыруда 9 аталымда мерзімді басылым алынады. «РАБИС» электронды каталог көлемі – 9301-ді құрайды.

    2 Компьютер, көшірме құралы, телефон, факспен қамтылған. Кітапханада 20 орындық оқу залы, абономент және балалар, жасөспірімдер бөлімі жұмыс жасайды.

   2019 жылы Мемлекет саясаты, ҚР Рәміздері, мемлекеттік және аймақтық бағдарламалар , ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын және ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар : Рухани жаңғыру» , «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында, ақпараттық түсіндіру бағытында, және жыл ішінде аталып өтілген өнер, әдебиет және қоғам қайраткерлерінің мерейтойлық даталары бойынша жергілікті қоғамдық ұйымдар мен мекеме ұжымдармен бірлесе 166 іс-шара өткізілді, 2005 адам қамтылды.

    Жастар мен балалардың «Елін сүйер ұрпақпыз» патриоттық клуб жұмыс жасайды. Кітапхана өз қызметінде үнемі жергілікті әкімшілікпен, мектеппен, ауылдық мәдениет үйімен тығыз байланыста жүргізеді.

Кітапхана ғимараты жеке орналасқан. Кітапхана көлемі – 89.02 ш.м.

Кітапхана меңгерушісі - Естур Бибатпа, кітапханашы- Байзенова Гүлмира жоғары білімді кітапханашы, тазалықшы штаттары бар.

 
Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі