Басты бетке     Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі      VKontakte facebook instagram Кіру       


Сайт мәзірі  


















































Іздеу:
 
free counters
Free counters

Жаңа үлгідегі Алтай модельді ауыл кітапханасы

Мекен жайы: Сартоғай селолық округі, Алтай батыр селосы

Телефон/факс: 8 713 47 25 622

Электронды пошта: altaikitap@mail.ru

Кітапхана меңгерушісі: Естур Бибатпа Салықбайқызы

Байғанин ауданы, Сартоғай селолық округіндегі Алтай селолық кітапханасы - 1965 жылдан ауыл тұрғындарына рухани мәдени қызмет көрсетіп келеді. Негізі қаланған уақытта 4567 дана кітап қоры, 180 оқырман болған. Алғашқы кітапханашы – Есенгулов.

2008 жылдың қараша айында Жаңа үлгідегі Алтай модельді ауыл кітапханасы болып қайта қалыптасты.

2011 жылы аудан моделді кітапханаларының «Моделді ауыл кітапханасы Тәуелсіздік жемісі» байқауында «Алғыс хатпен» марапатталды.

2015 жылы «Ауылым алтын бесігім» кітапханашылардың шығармашылық байқауында ақын, ұстаз Асылгүл Арықова туралы «Арықова Асылгүл ауыл ақыны» слайд шоу ұсынып, «Алғыс хат» иеленді.

2015 жылы кітапхананың кітап қоры 9885 дана, (мемлекеттік тілде 5839 дана) жыл сайын 828 оқырман кітапхана қызметін пайдаланып, 18620 дана кітаппен қамтамасыз етіледі. Келушілер саны 7940. Оқырмандардың күнделікті ақпараттық сұранымын қанағаттандыруда 8 аталымда мерзімді басылым алынады. Кітапханада 20 орындық оқу залы, абономент және балалар, жасөспірімдер бөлімі жұмыс жасайды.

Бүгінгі заман талабына сай кітапхана 2 компьютер толық жабдығымен жұмыс жасайды. Кітапханада Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының «РАБИС» (Республикалық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйе) бағдарламасының «Каталогизатор», «Іздестіру-тапсырыс» модульдері бойынша жұмыстар жүргізіліп, кітапхананың электронды қоры – 6379 ға жетті. Көшірме құралы, телефон, факспен қамтылған. Телефон нүктесі арқылы Интернет жүйесі жұмыс жасайды.

Кітапханада ауыл тұрғындары мен түрлі оқырман топтарына анықтама – ақпараттық қызмет көрсетуде еліміздің саясаты, мемлекеттік Рәміздерді қолдану мен насихаттау, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан –2050» ұзақ мерзімді Стратегиясы, Елбасының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаулары, ҚР мемлекеттік «Мәдени мұра», «2001 – 2010 – Тілдерді дамыту» жылдарына, аймақтық, өңірлік Бағдарламалар аясында түрлі мәдени шаралар өткізіп отырады.

Елбасының және мемлекеттің дамуы жолындағы маңызды Жолдаулары «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол», «Қазақстан жаһандық нақты ахуалда: Өсім.Реформалар. Даму» Жолдаулары және «Ұлт жоспары: 5 реформа 100 нақты қадам», «Ұлт жоспары Қазақстандық арманға бастайтын жол» сынды құжаттарын ауыл тұрғындарына ақпараттық түсіндіруде стенділер, дөңгелек үстел сұхбаттары өткізілді. Қазақ хандығының 550 жылдығына «Қазақ хандығының нығаю жылдары» балалар мен жасөспірімдер арасында танымдық сағат, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы аясында «Ерлер есімі ұрпақтар есінде» еске алу сағаты, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына «Конституция нұрлы өмір шуағы» кітап көрмесіне библиографиялық шолу, Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20 жылдығы «Қазақстан достық пен бірлік мекені» атты кездесу кештері өтті. Отбасы күніне орай «Имандылық отбасынан басталады» атты танымдық әңгіме жасөспірімдермен өтті.

«Елін сүйер ұрпақпыз» патриоттық клуб жұмыс жасайды. Кітапхана өз қызметінде үнемі жергілікті әкімшілікпен, мектеппен, ауылдық мәдениет үйімен тығыз байланыста жүргізеді.

Кітапхана ғимараты жеке орналасқан. Кітапхана көлемі – 103,3 ш.м. Кітапхана меңгерушісі- Естур Бибатпа, кітапханашы- Байзенова Гүлмира, тазалықшы штаттары бар.



 
Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі