Басты бетке Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі Кіру       


Сайт мәзірі  











































Іздеу:
 
free counters
Free counters

Жаңа үлгідегі Жем модельді ауыл кітапханасы

Мекен жайы: Қызылбұлақ селолық округі, Кемерши селосы

Телефон/факс: 8(71347) 35 6 91

Электронды пошта: zhemkitaphana@mail.ru

Кітапхана меңгерушісі: Рамбаева Гүлмира Еркінқызы

Байғанин ауданы, Қызылбұлақ селолық округіндегі Жем селолық кітапханасы - 1963 жылдан ауыл тұрғындарына рухани мәдени қызмет көрсетіп келеді. Негізі қаланған уақытта 2575 дана кітап қоры болған. Алғашқы кітапханашылары – /1963 жыл/ Мұханбетжанов Бәуен, одан кейін Өтепбергенова Маржан кітапханашы болып қызметке орналасып, 1963 жылдан 1988 жылы зейнеткерлік демалысына шыққанша еңбек етті.

2010 жылдың желтоқсан айында Жаңа үлгідегі Жем модельді ауыл кітапханасы болып қайта қалыптасты.

2015 жылы «Ауылым алтын бесігім» кітапханашылардың шығармашылық байқауында «Ауылым алтын бесігім» жинақ және жерлес жазушы Қажығали Мұханбетқалиұлы» туралы слайд шоуды ұсынып «Үздік кітапханалық басылым» номинациясын иеменденді.

2017 жылы кітапхананың кітап қоры 14611 дана,(оның ішінде 8660 дана мемлектт.тілде) жыл ішінде 785 оқырман кітапхана қызметін пайдаланып,18843 дана (16426 дана мемлекеттік тілде) кітаппен қамтамасыз етіледі. Келушілер саны - 6298.

Оқырмандардың күнделікті ақпараттық сұранымын қанағаттандыру үшін 8 аталымда мерзімді басылымдар алынады, жыл ішінде 1112 дана мерзімді басылым оқылды.

Кітапханада 2 компьютер толық жабдығымен қамтылған. 2010 жылдан Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының «РАБИС» (Республикалық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйе) бағдарламасының «Каталогизатор», «Іздестіру-тапсырыс» модульдері бойынша жұмыстар жүргізіліп, бүгінгі таңда электронды кітап қоры – 8660 дана Телефон нүктесі арқылы Интернет жүйесі жұмыс жасайды.

Кітапханада барлық оқырман тобымен жұмыс жасап, олардың күнделікті ақпараттық сұраныстарын қанағаттандыру және Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын ауыл тұрғындарына ақпараттық түсіндіру, мемлекеттік және аймақтық бағдарламалар, мерейтойлары аясында түрлі мәдени іс шаралар өткізіледі.

Жергілікті әкімдігі мен мекеме ұжымдар, қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, «Мәңгілік Ел - мерейлі мұрат» ,Елбасы Жолдауын ақпараттық түсіндіру бағытында «Қазақстан.Тәуелсіздік.Мәңгілік Ел», «ЭКСПО -2017: Жаңа белестерге бастар жол» тұрақты кітап көрмелері ұйымдастырылды.

Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласы аясында «Рухани жаңғыру - ұлттың жаңғыруы»кітап көрмесі ұйымдастырылып, жастар арасында «Рухани жаңғырудың жарқын жолы» атты ақпараттық сағат, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері күніне орай «Қазақстан әскері - мәңгілік ел қорғаны» таным кеші, Ұлы Женіс күніне «Жеңіс жырын жырлаймыз» мәнерлеп оқу сайысы, ҚР Рәміздерінің 25 жылдығына «Рәміздер - елімнің мақтанышы» патриоттық сағаты, «Астана өркениет тарихында» әңгіме, ҚР Тәуелсіздігі күніне орай «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты патриоттық сазды кеш өтті.

«Ел тұтастығының тірегі» кітап көрмесі ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналып, ауыл тұрғындары мен қонақтарына таныстырылды. Балалар арасында «Ойнайық та, ойлайық», «Татулық достық тірегі» таным сағаты, «Алғысым шексіз халқыма» атты ақпараттық сағаттар өткізілді.

Туған жер перзенті, жазушы, ҚР Мемлекттік сыйлық иегері Қ.Мұханбетқалиұлымен «Кемел елдің қаламгері» атты кездесу кеші кітапхана оқырмандарымен өткізілді, «Оқитын өлке» облыстық кітап оқу акциясына ұсынылған жазушының «Қайдасың сен, махаббат?» кітабына ақпараттық сағат, «жазушы шығармашылығында батыр Сырым Датұлының 275 жылдығына арналған «Азаттық туын желбіреткен айбынды батыр» атты кітап көрмесі таныстырылды.

Кітапхана ауылдық мәдениет үйінде орналасқан. Көлемі 52,02 ш.м. Кітапханада 10 орындық оқу залы, абонемент бөлімдері бар.Кітапхана меңгерушісі-Рамбаева Гүлмира жоғары білімді маман. Жұмыс өтілі 29 жыл, 5 ай

Кітапханашы- Ибрашева Айжан Жұмыс өтілі 3 жыл, 2 ай. тазалықшы штаттары бар.


Архив толығырақ...

 
Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі