Басты бетке     Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі      VKontakte facebook instagram Кіру       


Сайт мәзірі  


















































Іздеу:
 
free counters
Free counters

Жаңа үлгідегі Жем модельді ауыл кітапханасы

Мекен жайы: Қызылбұлақ селолық округі, Кемерши селосы

Телефон/факс: 8(71347) 35 6 91

Электронды пошта: zhemkitaphana@mail.ru

Кітапхана меңгерушісі: Рамбаева Гүлмира Еркінқызы

Байғанин ауданы, Қызылбұлақ селолық округіндегі Жем селолық кітапханасы - 1963 жылдан ауыл тұрғындарына рухани мәдени қызмет көрсетіп келеді. Негізі қаланған уақытта 2575 дана кітап қоры болған. Алғашқы кітапханашылары – /1963 жыл/ Мұханбетжанов Бәуен, одан кейін Өтепбергенова Маржан кітапханашы болып қызметке орналасып, 1963 жылдан 1988 жылы зейнеткерлік демалысына шыққанша еңбек етті.

2010 жылдың желтоқсан айында Жаңа үлгідегі Жем модельді ауыл кітапханасы болып қайта қалыптасты.

2015 жылы «Ауылым алтын бесігім» кітапханашылардың шығармашылық байқауында «Ауылым алтын бесігім» жинақ және жерлес жазушы Қажығали Мұханбетқалиұлы» туралы слайд шоуды ұсынып «Үздік кітапханалық басылым» номинациясын иеменденді.

2015 жылы кітапхананың кітап қоры 14084 дана, жыл 770 оқырман кітапхана қызметін пайдаланып, 17589 дана кітаппен қамтамасыз етіледі. Келушілер саны 6280. Оқырмандардың күнделікті ақпараттық сұранымын қанағаттандыру үшін 11 аталымда мерзімді басылымдар алынады

Кітапханада 2 компьютер толық жабдығымен қамтылған. 2010 жылдан Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының «РАБИС» (Республикалық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйе) бағдарламасының «Каталогизатор», «Іздестіру-тапсырыс» модульдері бойынша жұмыстар жүргізіліп, бүгінгі таңда электронды кітап қоры 5614 –ке жетіп отыр.

Кітапханада барлық оқырман тобымен жұмыс жасап, олардың күнделікті ақпараттық сұраныстарын қанағаттандыру және Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын ауыл тұрғындарына ақпараттық түсіндіру, мемлекеттік және аймақтық бағдарламалар, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, ҚР Конституциясының 20 жылдығы, Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20 жылдығы аясындағы мерейтойлары аясында түрлі мәдени іс шаралар өткізілді. Жергілікті әкімдігі мен мекеме ұжымдар, қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол», «Қазақстан жаһандық нақты ахуалда : Өсім.Реформалар.Даму» Жолдаулары және «Ұлт жоспары: 5 реформа 100 нақты қадам» «Ұлт жоспары Қазақстандық арманға бастайтын жол» атты Н.Назарбаевтың ел дамуының басты бағыттары мен жоспарлары туралы « Қазақстан 2050: Ел бірлігі мен дамуы» тақырыбында әңгіме сұхбат өтіп, стенділер жасақталды. «Ел Рәміздкрі тәуелсіздік кепілі» атты балалар арасында танымдық сағат, «Қазақ хандығының нығаюы» тарихи танымдық сағат жасөспірімдермен, «Мәңгілік өшпес отты жылдар» кітап көрмесінің таныстырылымы, «Қазақстан халықтары Ассамблеясы жылы» атты әдеби сазды кеш, «Конституция ел тұрақтылығының айнасы» атты көрме таныстырылымдары өтті.

ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа күрес» Заңын жергілікті тұрғындар арасында насихаттау мақсатында «Жемқорлық пен сыбайластық қарапайым халық қасіреті» атты ауыл тұрғындарымен әңгіме, Отбасы күніне орай «Отанның тірегі әр отбасы» атты ауыл тұрғындарымен мәдени іс шара өтті.

Кітапхана әкімшілік ғимаратында орналасқан. Кітапханада 10 орындық оқу залы, абонемент бөлімдері бар.

Кітапхана меңгерушісі-Рамбаева Гүлмира жоғары білімді маман. Жұмыс өтілі 21 жыл. Кітапханашы- Ибрашева Айжан, тазалықшы штаттары бар.

 
Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі