Басты бетке     Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі      VKontakte facebook instagram Кіру       


Сайт мәзірі  


















































Іздеу:
 
free counters
Free counters

Мәдени шаралар

«Әбіш әлеміне» арналды

   Ебейті моделді ауыл кітапханасында «Бір ел –бір кітап» акциясы аясында Әбіш Кекілбаевтың туғанына 80 жыл толуына орай «Аңыздың ақыры» шығармасы - қазақ көркем прозасынан өз орнын алған психолгиялық роман» атты оқырмандар конференциясы болып өтті. Мақсаты : Жазушының сан алуан еңбектерін оқып,зерделеу арқылы оның сан ьқырлы таланытына тағзым ету. Қазақ әдебиетінің өз орнын алған психолгоиялық,философиялық шығармаларымен таныстыру, жасөспірімдердің кітап оқуға қызығушылығын арттыру, ойларын ортаға салып, сөйлеу білуге бағыттау,әдебиет әлеміне жетелеу.Конференцияды «Әбіш Кекілбаев –замануи ойшыл», ««Аңыздың ақыры» романы - аңызға негізделген философиялық шығарма» «Шығарма арқауы –тарихи заманалар шежіресі» , «Шығармадағы халық ахуалы, тағдыры» тақырыптар төңірегінде пікірлесіп, ой пікірлерін білдірді.

 











Жастар жылына арналды.

   Аудандық орталық кітапхананың коворкинг орталығында «Рухани жаңғыру»бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы және «2019-Жастар жылына» орай бастау алған «Байғанин ауданы: жастар жаңа есімдер» жобасы негізінде ауданымыздың перзенті, Т.Жармағамбетов атындағы орта мектептің «Алтын медаль» иегері, Гумилев атындағы Ұлттық Универститетінің түлегі,Түркия Республикасының Ыстанбул Сауда Универститетінің «Халықаралық Банк ісі және қаржы» мамандығы бойынша магистратураның магистранты Асылбек Жолдыұлымен онлайн-кездесу ұйымдастырылды. Кешке Асылбек Жолдыұлының ұстаздары Г.Машарикова, Г.Мұңайтбасова, А.Тәжібаева мен мектеп бітіруші түлектер қатысты. Өздерінің қызықтырған сауалдарына жауап алып, шетелде білім алу,өз еліне қызмет етудегі Қазақстанның жаңа мүмкіндіктеріне тоқталды>

 











Тәуелсіздік күніне арналған шаралар

   Аудан кітапханаларында Тәуелсіздік күні мерекесіне орай тәуелсіздік ұғымы туралы танымы мен түсінік қалыптастыру, өсклелң ұрпақты отаншылдыққа, патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында танымдық сағаттар, әдеби патриоттық кештер өткізілді. Ебейті моделді ауыл кітапханасы балалар арасында «Жасай бер, Қазақстаным» патриоттық кеш, Қораши ауыл кітапханасында «Тәуелсіздік тәтті ұғым» танымдық әңгіме, Жаңатаң ауыл кітапханасында «Тәуелсіздік таң нұры» патриоттық кеш өткізілді. Өткізілген шаралар аясында кітап көрмелері ұйымдастырылды, тәуелсіздік бастауы болған Желтоқсан оқиғасының тарихы баяндалған басылымдар, және ел Тәуелсізідгі жолында еңбек еткен тарихи тұлғаллара туралы баяндады.

 











«Тәуелсіздік –тұмарым»

   Жарқамыс моделді ауыл кітапханасы кітапханашы Гүлнар Жақсылыққызы Жұмабаеваны зейнеткерлік демалысы салтанатына орай «Дара тұлға.Дара жол» атты кеш өткізілді. Гүлнар Жақсылыққызы Жарқамыс моделді ауыл кітапханасына 2007 жылы кітапханашысы болып қызмет жасап келді. Ауыл тұрғындарына рухани қызмет етуде, ауылдың мәдениеті мен қоғамдық өміріне белсене араласып, халық сеніміне ие болды. Екі мәрте Байғанин аудандық мәслихаттың депутаты болып сайланды және ауылдық округ жанындағы қоғамдастық өкілі ретінде ауылдық округтің әлеуметтік, экономикалық мәселелерімен, халықтың мұң-мұқтажымен айналысты. ҚР Мәслихаттың 20 жылдығы мерейтойлық медалымен марапатталды.

   Кітапхана ісінде жас мамандарға оқырмандарға қызмет етуде үлгі болды, ауыл аймағына қадірлі кітапханашы Г.Ж.Жұмабаеваның өмірі мен еңбегі туралы ауылдастары, әріптестері,туыстары, ауыл әкімдігі мамандары жылы лебіздерін білдірді. Кітапхана ісінің ардагерлері Бибігүл Нұрдаулетова, Батима Кенжебаева,аудандық ОКЖдиректоры А.Тукенова, ауылдық окург маманы Әби Айнұр құттықтады, Г.Жұмабаеваның өмірі мен қызметі туралы слайд және фото- көрме дайындалды. Кітапхана мамандары мен көркемөнерпаздар ән мен жырдан шашу шашты.

 











«Дара тұлға.Дара жол»

   Жарқамыс моделді ауыл кітапханасы кітапханашы Гүлнар Жақсылыққызы Жұмабаеваны зейнеткерлік демалысы салтанатына орай «Дара тұлға.Дара жол» атты кеш өткізілді. Гүлнар Жақсылыққызы Жарқамыс моделді ауыл кітапханасына 2007 жылы кітапханашысы болып қызмет жасап келді. Ауыл тұрғындарына рухани қызмет етуде, ауылдың мәдениеті мен қоғамдық өміріне белсене араласып, халық сеніміне ие болды. Екі мәрте Байғанин аудандық мәслихаттың депутаты болып сайланды және ауылдық округ жанындағы қоғамдастық өкілі ретінде ауылдық округтің әлеуметтік, экономикалық мәселелерімен, халықтың мұң-мұқтажымен айналысты. ҚР Мәслихаттың 20 жылдығы мерейтойлық медалымен марапатталды.

   Кітапхана ісінде жас мамандарға оқырмандарға қызмет етуде үлгі болды, ауыл аймағына қадірлі кітапханашы Г.Ж.Жұмабаеваның өмірі мен еңбегі туралы ауылдастары, әріптестері,туыстары, ауыл әкімдігі мамандары жылы лебіздерін білдірді. Кітапхана ісінің ардагерлері Бибігүл Нұрдаулетова, Батима Кенжебаева,аудандық ОКЖдиректоры А.Тукенова, ауылдық окург маманы Әби Айнұр құттықтады, Г.Жұмабаеваның өмірі мен қызметі туралы слайд және фото- көрме дайындалды. Кітапхана мамандары мен көркемөнерпаздар ән мен жырдан шашу шашты.

 











Тұңғыш Президент күні атап өтілді.

   Аудан кітапханаларында 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай іс шаралар өткізілді.

   Аудандық балалар кітапханасы мемлекеттік мереке аясында аудандық мәдениет үйімен бірлесе «Елбасы – Елімен бірге» атты танымдық сағат өткізілді. Шарада кітапхананың оқырмандары бастауыш сынып оқушыларына Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың өмірі мен қызметі, оның ел дамуы жолындағы тарихи еңбектеріі таныстырылды. «Елбасы - ел тірегі» атты кітап көрмесі, бейнеслайд таныстырылымы өтті. Оқырмандар Елбасы туралы жырлар оқыды, Отан, Қазақстан туралы әндер шырқады. Сонымен бірге №1 Қарауылкелді орта мектебінде өткізілген «Менің Тұңғыш Президентім» атты тәрбие сағаты аясында аудандық балалар кітапханасы «Елбасы - ел тірегі» атты кітап көрмесін ұсынып, библиографиялық шолу жасалды, бейнеслайд таныстырылымы өтті. Оқырмандар Елбасы туралы жырлар оқыды, Отан, Қазақстан туралы әндер шырқады.

   Аудандық орталық кітапхана, аудандық балалар кітапханасы, аудандық мәдениет үйінің бірлесуімен Тұңғыш Президент күніне орай «Елбасы- елімнің тұтқасы» атты патриоттық кеш өткізілді. Патриоттық кеш Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстанда Тұңғыш Президенті болып сайлануы және тәуелсіздікке қол жеткен Қазақстан туралы деректі фильмнен үзінді көрсетуімен басталды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік «Менің Қазақстан» Гимні орындалды. Кешке аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Р.Азова, аудандық мәдениет жәнетілдерді дамыту бөлімінің басшысы Н.Қолдасбаев, мемлекеттік қызметтің еңбек ардагері Ермұханбетов Ш., еңбек ардагері, ақпараттық және қоғамдық келісім тобының белсенді мүшесі Н.Өскінов, кітапхана ісінің ардагері,ҚР Мәдениет қайраткері Б.Кенжебаева қатысып, тұңғыш елбасы Н.Назарбаевтың өрелі еңбегі мен салиқалы саясаткерлігін, ел тәуелсіздігі жолындағы күрескерлігі, Қазақстанды әлемге танытудағы ерен ерлігі туралы баяндап, өскелең ұрпақтарды елін сүюге, оқып білім алуға , адал еңбек етуге шақырды. Кітапхананың белсенді оқырмандары О.Жанұзақова, Оспанов Р., Ерден А., Ықыласова Г. ,кітапхана қызметкерлері Ермекбай Г.,Айдынғалиева М. елбасы, отан, Қазақстан туралы жырлары оқыды, жас өнерпаздар Ә.Аманкелді ән шырқап, жас күйші Жақсылықов Нұрғали күмбірлеген күй төкті. Аудандық мәдениет үйі қызметкерлері А.Смадинов, Ж. Алпамысұлы Отан, туған жер, Қазақстан туралы әндер шырқалды.

   Мемлекеттік мереке–1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Жарқамыс моделді кітапханасы «Мақтанышым-Елбасы» әдеби –сазды кеш, Алтай моделді ауыл кітапханасы «Елбасы – ұлт мақтанышы» танымдық сағат,Жаңатаң ауылдық кітапханасы «Елбасы елдің тірегі» патриоттық кеш, Қопа ауылдық кітапханасы «Елін сүйген Елбасы» танымдық сағаты, Байғанин моделді ауыл кітапханасы «Елі үшін туған Елбасы» танымдық сағаты шаралары өтті.

 











 











«Кеше. Бүгін. Ертең»

   Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы және «2019 –Жастар жылы» деп жариялауына орай «Кеше. Бүгін. Ертең» атты байқау –фестивалі Қарауылкелді ауыл округі күні аясында Байғанин аудандық орталық кітапханасы Байғанин ауданының қалыптасу тарихы мен мәдениеті, әлеуметтік дамуы, әдеби әлемінен хабардар ететін кең көлемді «Сәулеті мен дәулеті асқан-Байғанин» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, келушілерге ұсынылды. «Байғанин ауданының тарихи-табиғи ескерткіштері» бөлімінде аудандағы тарихи табиғи ескерткіщтері туралы, батыр –бабалар, туған елден шыққан ел тұлғалары туралы мәліметтер беретін басылымдар, «Жем-Сағыздың әдеби әлемі» бөлімінде өңірде кіндік қаны тамған әдебиеттің көрнекті өкілдерінің ақын- жазушылардың туындылары қойылды. Қарауылкелді округі әкімшілігі атынан белсене қатысқаны үшін кітапхана ұжымы алғыс хатпен марапатталды.

 











«Нұрлы жүзді –Нұрпейіс»

   Аудандық балалар кітапханасында ұйымдастырылған ақын, жырау Н.Байғаниннің шығармашылығына арналған дәстүрлі «Байғанин оқулары-2019» байқауының «Нұрлы жүзді Нұрпейіс» көркемсөз оқушылардың аудандық кезеңіне аудан орталығы мектептерінен 7 үміткер қатысты. 1 орынға ие болған Кемаладинова Қорлан байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алып, Н.Байғаниннің «Ақкенже» дастанынан үзінді оқыды. 2-орынға А. Рамазанова, 3 орын-А. Асқатқызы Дипломдармен, және белсене қатысқан оқырмандарға алғыс хаттар табысталды.

   Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы ұйымдастыруымен «Байғанин оқулары-2019» облыстық кезеңіне қатысқан Кемаладинова Қорлан жүлделі ІІ орын жеңімпазы атанып, ІІ дәрежелі Дипломмен,арнайы сыйлықпен марапатталды.

   Сонымен бірге ақын Ізтай Мәмбетовтың 90 жылдығына орай Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы ұйымдастырған «Оқы ,Ақтөбелік өренім» облыстық оқу марафонына белсене қатысқаны үшін балалар кітапханасының тұрақты оқырманы Ұлықпанова Кәусар, Алтай моделді ауыл кітапханасының тұрақты оқырман Құлжанова Аружан Алғыс хаттармен марапатталды.

 











«Жырларымды оқы, ойларымды ал»

   Қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы ақын Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына орай «Жырларымды оқы, ойларымды ал» тақырыбында Сағыз моделді ауыл кітапханасында поэзия кеші өткізілді. Мақсаты: ақын Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығын таныту, оның жырлары арқылы өскелең ұрпақтың поэзияға деген құштарлығын арттыру. Кеш аясында ақын жырлары тыңдалды, Фариза туралы баяндалған кітаптар мен мақалалардан естеліктер тыңдалып, ақын шығармашылығына арналған кітап көрмесі таныстырылып, библиографиялық шолу жасалды.

 











Алаш арыстарына арналды

   Жаңатаң ауылдық кітапханасында Сәкен Сейфуллинің 125 жылдығына орай «Дала дауылпазы» тақырыбында балалармен танымдық сағаты, Алтай моделді ауыл кітапханасында қазақ әдебиетінің үш бәйтерегі, репрессия құрбандары С.Сейфуллин, І.Жансүгіров,Б.Майлиннің 125 жылдығына орай «Қазақтың үш арысы» танымдық кеш ұйымдастырылды.

   Ебейті моделді ауыл кітапханасында Алаш арыстары Сәкен, Ілияс, Бейімбет туралы «ҮШ БӘЙТЕРЕК» тақырыбында кітапханалық бұрыш ұйымдастырылды. Кітапхана қорындағы үш бәйтерек тұлғаларының Сәкен, Ілияс, Бейімбеттің өлең-шығармаларынан үзінділер тыңдалды, бейнеслайд оқылды. Оның ішінде қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Алаш арыстарының бірі Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл толуына орай «Сәкен Сейфуллин –қазақ поэзиясының шаңырағын көтерген батыр жырлаушы» тақырыбында дөңгелек үстел сұхбатына ұласты. Мақсаты Ұрпақ мүдедесіне, ел тәуелсізідігі үшін күрескен, ақын, жазушы, қоғам қайраткері, Алаш арысы Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығын, оның қазақ әдебиетіне қосқан үлесін жаңғырту. Кітапхана меңгерушісі К.Айтмұрзаева С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығын баяндаса, ауыл әкімі, кітапхананың тұрақты оқырманы М.Байтақ Алаш арысы Сәкен Секйфуллиннің қоғамдағы ролі мен еңбегін баяндады. Оқырмандар жазушы шығармашылығынан өлең-жырларын оқыды, «Тау ішінде» әнін шырқады.

 











 











«Кітап жанның азығы»

   Ебейті модельді ауыл кітапханасында 15 қазан- Кітапханашылар күніне орай орта мектеп ұжымымен «Кітап жанның азығы» атты дөңгелек үстел сұхбаты өткізілді. Мақсаты –әдеби кітаптардың рухани жан азығы екенін өскелең ұрпақтарға ұғындыру, кітап оқуда білім мен ғылымның пайдасы мен оны оқуғаь деген құштарлығын арттыру. Жоғары сынып оқушылары мене ұстаздар арасында өткен сұхбатта кітап оқудың пайдасы, білім алуға шақыру. Оқырмандардың барлық тобына кітапханаға саяхат ұйымдастырылып, қызметімен таныстырылды.

 











Қарттар күні атап өтілді.

   Аудан кітапханаларында 2 қазан – Қарттар күніне орай мәдени шаралар өткізілді. Жарқамыс моделді ауыл кітапханасы «Қарттарың – асыл қазынаң» мерекелік кеш, Алтай моделді ауыл кітапханасы «Қазыналы қария» кездесу кеші, Ебейті моделді ауыл кітапханасы «Қарты бар үйдің қазынасы бар» кездесу кештері өткізілді. Мерекелік кештер аясында ауыл тұрғынлдары мен жастар арасында үлкенге құрмет көрсету, ата-баба дәстүріне деген танымын кеңейту, қазыналы қарттары өнегелі өмірі мен еңбегін бағалау, отбасындағы қарттардың ролі туралы баяндалып, жырлар тыңдалды, тағылымды оқиғалар тыңдалды, әндер шырқалды. Байғанин моделді ауыл кітапханасы кітапханашылары ауылдың үлкен қарт атасы, Ұлы Отан соғысының ардагері Тұманшин Әмиданның шаңырағына барып, мерекемен құттықтады, сыйлық табыстады.

 











 











«Тобықтың мәңгілік мұрасы»

   Аудандық орталық кітапхананың оқу залында қазақ әдебиетінің көрнекті ақыны, нәзік сезімді қаламгер, жерлесіміз Т.Жармағамбетовтың туғанына 85 жыл толуына орай «Тобықтың мәңгілік мұрасы» атты оқырмандар конференциясы өтті. Конференция жазушы өмірі мен шығармалығы туралы дайындалған дыбыстық бейнеслайд таныстырылымынан басталды. Конференция аясында «Қаламының ұшында сөзі қалған» бөлімі Т.Жармағабетовтың өмірі мен шығармашылығы туралы Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Н.Мәтбаева, «Аңызға арқау болған Отамалы» бөлімі бойынша №1 Қарауылкелді орта мектебінің ұстазы, ҚР Білім беру ісінің үздігі А.Ақдәулетова, «Жарқамыстың бұлттары- «Нәзік бұлттар»,бұлар барлық бұлттардың жүлдегері» бөлімі бойынша Т.Жармағамбетов атындағы орта мектеп ұстазы, жазушы атындағы сыйлық иегері Т.Жармағамбетов атындағы сыйлық иегері А.Молбаева баяндады. Жазушының қанатты сөздері, поэзиялық шығармасы «Жарқамыс дегер бір жер бар» өлеңі тыңдалып, оқырмандар арасында жазушы туралы сұрақ жауап ойындары ойналды. Ақындар Е.Ашықбаев, М.Құрманалин, Н.Қалауовтың және жерлесіміз Сейтқазы Ақырыстың жазушыға арнаған жырларын оқырмандар Мұханбетова А, Мырзахан А., Ахметова А. оқуында тыңдалды. Кітапхана әкімшілігі атынан белсенділік танытқан оқырмандарға және ұстаздарына алғысхаттар табысталды.

   Бұлақтыкөл ауылдық кітапханасында туған жердің қарымды қаламгерлері Т.Жармағамбетов пен С.Жиенбаевтың туғанына 85 жыл толуына арналған «Жемнің жарық жұлдыздары» атты әдеби –жыр кеші өткізілді. Кеш аясында «ТУҒАН ЖЕРДІҢ АҚЫНДАРЫ- ЖЫР КЕНІМ» АТТЫ қос қаламгердің шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 











 











Конституция күніне арналған іс шаралар.

   Ебейті моделді ауыл кітапханасы ҚР КОнститиуциясы күніне орай «Нұрлы болашақтың кепілі» танымдық сағаты, Алтай моделді ауыл кітапханасы «Ата Заң - мемлекетіміздің тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел сұхбаты оқырмандардың барлық тобымен өткізілді.

   Аудандық балалар кітапханасы «Тәуелсіздік елдің тұғыры –Ата заң» атты таным сағаты балалармен өткізілді. Мақсаты –оқырмандар арасында мемлекетіміздің Ата Заңы –Конституцияны құрметтеу, өз елінің тең құқұыты аазаматы болыа қалыптасуына ықпал ету. Өткізілген шараларда ата бабаларымыздың жолымен құрмет тұтып, еліміздің Ата Заңын құрметтеу, елге қызмет етуде өз мақсатың мен мүддеңді қорғай білутуралы пікірлерімен ой бөлісіп, Ата Заң туралы жырлар тыңдалды, Ата Заң-Конституцияның тармақтары түсіндірілді.

   Аудандық орталық кітапхананың оқу залында кең көлемді «Ата Заң –елдің айбыны» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ата Заңымыздағы адам құқықтары туралы түсінік беру және үйрену, құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған кітап көрмесіне Қазақстан Республикасының Конституциясының тарихы, ежелден қалыптасқан дала Заңдары мен «жеті Жарғы» заңдары туралы басылымдар қойылып, библиографиялық шолу жасалды.

 











 











«Өзіңді-өзің әрлеп үйрен»

   Коворкинг орталығында бет әрлеуші Қалиева Нұргүлмен шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Сағат барысында адам келбетін әрлеу жолдары түсіндіріліп,құпияларымен бөлісті. Бет әрлеу техникасы, оның ішінде күндізгі, түнгі мезгілде бет күтімі туралы сұрақтарға жауап алды. Қатысқан оқырмандар күнделікті қажеттілік болып табылатын мұндай шараның басқа түрлерін өткізу туралы тілегін білдірді.

 


«Кім мықты»

   Аудандық балалар кітапханасының балалар оқу аймағында тоғызқұмалақтан балалар арасында «Кім мықты» атты жарыс ұйымдастырылды. Мақсат балалардың демалысын тиімді ұйымдастыру, балалардың логикалық ойлау қабілетін, математикалық амалдарды тез санау, ой- өрісін толық дамыту. Балалардың қатысуымен өткен жарыста алдымен «Тоғызқұмалақ» ойыны туралы өлең тыңдалды. Тоғызқұмалақ ойынының ережесі, Тоғызқұмалақ ойынының Құмалақ, Қазан, Отау, Бастаушы, Қостаушы, Тұздық, Атсырау негізгі терминдері таныстырылды. Алғашқы өткен жарыста оқырмандар белсенділік танытып, тартысты өтті.

 











«Өз жеріңді танып біл»

   ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы, «Қазақстанның киелі жерлері» бағдарламасы бойынша жергілікті жерлердегі мәдени танымдық және этнографиялық бағыттарда ішкі туризмді дамытуға үлес қосу мақсатында «Өз жеріңді танып біл» жобасы аясында аудандық орталық кітапхана Қарауылкелді ауылынан 3 шақырым жерле тұрған «Үйтас» табиғи-тарихи ескерткішіне оқырмандармен библиокруиз ұйымдастырды. Библиокруиз барысында ішкітуризм картасына енгізілген «Үйтас» туралы аңыз және табиғи ескеркіш тастың зерттелуі туралы баяндалған мәліметтер мен басылым таныстырылды.

 











Ұлы ақын Абайға арналды.

   16 тамыз күні Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы орай коворкинг орталығында «Абайдың жыр әлемі» атты поэзия кеші өтті. Кеш ақын Абай Құнанбайұлының өмірі мен жырларын өскелең ұрпаққа таныту, жырларын насихаттау арқылы поэзия әлеміне жетелеу, туған елін, халқын сүюге баулу мақсатында өткізілді. Кеште кітапхананың тұрақты оқырмандары Талапбекқызы Дильназ, Айдынғали Мереке, Хасан Сандуғаш, Шайхина Айымгул ақынның жырларын оқып, кітапханашы Көбейсінқызы Сәннұр, жастар практикасы бойынша маман Айдынғали Малика Абай ақынның өмірі мен шығармашылығын таныстырды. Кітапханашы Қойлыбай Жанаргүл ақынның қара сөздері туралы баяндады. Кеш барысында «Әлемге танылған –Ұлы Абай» атты кітап көрмесі мен «Абай елі» атты бейнеслайд таныстырылды. Кеш соңы Абайдың композиторлығына тоқталып, кешке қатысушылар «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы» әндерін шырқады.

   Аудандық балалар кітапханасының балалар оқу аймағында «Абай мұрасы –халық ұлағаты» тақырыбында ауқымды кітап көрмесін ұйымдастырып, балалар мен ата-аналарға таныстырылды. Балалар ақынның өмірімен танысып, жыр кітаптарынан табиғат көріністеріне арқау болған «Жаз», «Жазды күн шілде болғанда...», «Қыс», «Күз», «Қансонарда шығады бүркітші аңға..» өлеңдерін оқыды. Ақын Абай өміріне, шығармашылығы туралы викториналық сұрақ-ойын ойнатылды. Абай ақынның тоғызқұмалақ, хан талапай асық ойындары туралы мағлұмат беріліп, ойындаройнап, сергіту сәттері өтті.

 


«Тігіншілік: өнер және кәсіп»

   8 тамыз күні- коворкинг орталығында «Тігіншілік:өнер және кәсіп» тақырыбында әуесқой тігінші Алуадинова Нұрбақытпен кездесу қыз-келіншектермен өтті. Еркін форматта өткен кездесуде Н.Алуадинова осы кәсіпке келуі, тігіншіліктің қыр-сыры, қызығушылығы турасында сыр бөлісіп, қолынан шыққан киімдер мен ұлттық нақыштағы бұйымдардың пішу, тігу техникасымен таныстырды. Сонымен бірге отбасы, баланы еңбекке баулу, қызмет жасай жүріп, осындай кәсіппен айналысудағы өзіндік қиындығы мен қызығы туралы баяндады. Қатысушылармен пікірлесе келе алдағы уақытта қыз балалар мен келіншектер арасында тігіншілік пен ілмекпен (кручок) тоқу шеберлік сағаттарын өткізуге бастама көтерілді.

 


Кітапханаға саяхат

   Аудандық орталық кітапханаға Қарауылкелді балалар бақшасының «Балбөбек» тобының тәрбиеленушілері саяхат жасады. Коворкинг орталығының балалар оқу аймағында кішкентай бүлдіршінде кітаппен алғаш танысты, балалар арналған «Балдырған», «Айгөлек» журналдарынан ергілер мен өлеңдер тыңдап, суреттер бойынша сұрақтарға жауап берді. Кинокөрсетілім залында мультфилм тамашалады.

 











 











КОВОРКИНГ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

   ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында әзірленген «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Ауылдық кітапханалардың жаңаруы» республикалық жобасы аясында Байғанин аудандық орталық кітапханасында КОВОРКИНГ орталығы ашылды. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Н.Қолдасбаев Ковоаркингті салтанатты түрде ашып, кітапхананының тұрақты оқырмандары, ұлағатты ұстаздар, еңбек ардагері Дәрібаева Шәмсия және Адаев Шәріп лента қию рәсімін өткізді. Аудандық ОКЖ директоры Айгул Тукенова коворкинг орталығының мобильді қызмет көрсету,кинокөрсетілім және лекция оқу және демалыс және балалар оқу аймақтарын таныстырылымын жасады. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бойынша кітапхана басылымдарын сандық жүйеге көшірілу және мобильді кітапхана жобасы бойынша оқырмандарға «QR Scanner” бағдарламасын телефонға кітапты жүктеу арқылы қажетті кітабын оқуға мүмкіндік алатынын жеткізді.

   Коворкинг ашылу салтанатында Адаев Шәріп, Өскінов Нұрлан, Шекеева Наталья, Жазықов Балғали, Мұңайтбасова Батима, кітапхана ісінің ардагері Кенжебаева Батима сынды кітапхананың тұрақты оқырмандары, және С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ақпараттық-сервистік қызмет көрсету секторының меңгерушісі Салиева Ақтоты Қорғанбайқызы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қ.Жақасов, аудандық мәдениет үйінің директоры Г.Кунаева. қатысып, лебіздерін білдіріп, игілікті істе бірлесе жұмыс жүргізуге пікірлерін ұсынды.

 


 


«ЖЫРЛАРЫМ МЕНІҢ ЖАНЫМНЫҢ НӘЗІК ГҮЛІ-ТІН,..»

   25 маусым күні аудандық мәдениет үйінде ақын, ҮІ халықаралық «Шабыт» фестивлінің «Әдебиет» номинациясының бас жүлдегері, Қазақстан Жазушылар Одағы Ақтөбе облыстық филиалының директоры, Ақын Бауыржан Бабажанұлының шығармашылығына арналған «ЖЫРЛАРЫМ МЕНІҢ ЖАНЫМНЫҢ НӘЗІК ГҮЛІ-ТІН,..» әдеби кеш өтті. Кешке ақын Бабажанұлы Бауыржан қатысып жыр жүйер тыңдарманмен жүздесті. Кешті ақын сазгер Орал Қосай Байсеңгір жүргізіп, ақынның өмірі мен шығармашылығын таныстырды. Ақын Бауыржан Бабажанұлы өлең жырларын оқып, өз шығармашылық жолдағы сырларымен бөлісті. Кеш барысында жас ақындар: аудандық мәдениет үйінің қызметкері Жеткербаев Айнабек, аудандық білім бөлімінің маманы Жаманбай Есімхан, шығармашылық орталықтың үйірме жетекшісі Алдабергенова Ақторғын , және кітапхана қызметкері Можабаева Надежда Бауыржан ақынның жырларын оқыды. Кешке қатысқан Темір ауданының айтыскер, жас ақын Ершат Қайболдин қатысып, жырларын төгілтті. Мәдениет үйі қызметкері Аманжан Смадинов, ақын сазгер Орал Байсеңгір әндер шырқады. Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы аудандық орталық кітапхананың ұйымдастырған «Өлеңнен өрнек салған ақын» атты кітап көрмесі кешке қатысушыларға таныстырылды.

 











 











«Азаттық мұратының асқақ рухы»

   2019 жыл 21 маусым күні Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары мен Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына орай, «Оқитын өлке» облыстық акциясы аясында «Азаттық мұратының асқақ рухы» атты жыр керуені ұйымдастырылды. Мақсаты: Сарышолақ Боранбайұлының шығармасы мен өмірін таныстыру, ұлы дала тұлғаларын таныту, кітап оқуды насихаттау. Шара барысында биылғы акция барысында таңдалып отырған ақын Сарышолақ Боранбайұлы туралы ақпарат беріп, ақынның шығармаларын насихаттап, жастарға өлеңдерін оқып шығуға кеңес берді. Кітапханашылар ақынның шығармаларын мәнерлеп жатқа айтты. Сонымен қатар «Кемеңгер сөздің зергері» кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жасалып тақырыпқа сай слайд көрсетілді.

 











 











«Шежірелі Ақтөбе өңірінің ескерткіштері»

   Жарқамыс балалар кітапханасы балалрдың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында туған жердің қадір қасиетін бағалу, тарихын білуге баулу мақсатында «Шежірелі Ақтөбе өңірінің ескерткіштері» тақырыбында танымдық сағат өтті. Шара барысында балалар туған жері Жарқамыс өңіріндегі тарихи ескеерткіштермен суретті альбом арқылы танысып,кітапхана қорындағы туған жер тарихы басылымдар мен шежірелі Жарқамыс өңіріндегі тарихы ескерткіштер таныстырылды. Туған жер тарихына құрметпен қарауға, танып білуге құлшыныс танытқан балалар сауалдарына жауап алды.

 











«Дені саудың - жаны сау»,

«Менің денсаулығым –менің болашағым»

   Бұлақтыкөл ауылдық кітапханасы балалар арасында денсаулық-зор байлық, салауатты өмір сүру қалыптастыру, дәрігер мамандығы, ақ халатты абзал туралы танымын кеңейту мақсатында ауыл дәрігері Жұбанова Нұргүлмен кздесу кеші өткізілді. Балалар өздерінен қажетті сауалдар қойып, сұрақ жауап алмасты. Денсаулық туралы танымын кеңейту туралы кеңестерін ұсынған дәрігерге оқырмандар алғысын білдірді.

   Ебейті моделді ауыл кітапханасында «Менің денсаулығым –менің болашағым» атты сергіту сағаты мектеп жанындағы лагерде демалушы балалармен өтті. Мақсат Нашақорлықпен күрес және есірткі бизнесіне қарсы күрес күніне орай өткен шарада балаларға шылым шегу, нашақорлық пен маскүнемдік зиянды әрекеттерден аулақ болуға, денсаулықты сақтау, салауатты өмірге баулу туралы әңгімелеп, спорттық сергіту, жаттығулар жасау, спортты сүю сынды денсаулыққа пайдалы кеңестер берді.

 











 











«Терроризм – ғасыр дерті»

   Жарқамыс балалар кітапханасы «Жем самалы» балалар лагері тәрбиеленушілері арасында бейбітшілік пен татулықты арқау еткен мемлекеттің билігін күйретуге әрекет ететін бүкіләлемдік мәселе- терроризм туралы балаларға ұғындыру, оның шығу жолдары мен таралу жолдарын, әлеуметтік негізін анықтап, балалардың діни және дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру мақсатында «Терроризм –ғасыр дерті» ақпараттық сағат өткізілді. Балаларға күнделікті өмірдегі бейбіт сәттер мен бақытты балалық шақ туралы, қоғамға жат іс-қимылдарды болдырмау жолдары кеңінен түсіндіріп баяндалды.

 











Рәміздер күніне арналған шаралар

   4 маусым –Қазақстан Республикасы Рәміздері күні -қазақ елі үшін маңызды мереке. Ел тұтастығы мен бірлігінің айнасы, ұлттық бірегейліктің басты белгісі ҚР Ұлттық Рәміздкрі күніне орай Бұлақтыкөл, Жаңатаң ауыл кітапханаларында 4 маусым Мемілекеттік Рәміздер күніне орай оқырмандар арасында «Ел бейнесі-ел рәміздері», «Рәміздер мақтанышым» атты танымдық сағаттар өткізілді . Мақсаты: Елтаңба, Ту, Әнұран туралы танымын кенейту, отансүйгіштіке, адамгершілікке, отанына халқына адал қызмет етуге баулу.

   Жарқамыс, Алтай, Жем модельді ауыл кітапханаларында Мемілекеттік рәміздер күніне орай «Байтақ елімнің рәміздері» «Рәміздер-рухымыз, ар-ожданымыз» атты патриоттық танымдық сағаттар кітап көрмелері ұйымдастырылды. Мақсаты: оқырмандарды отан сүйгіштікке, адамгершілікке. Отанға адал қызмет етуді, еліміздің Туын, Елтаңбасын, Гимнін қастерлеуді, халқымыздың тарихын білуді насихаттау.Патриоттық әндер орындалып, көркем сөздер оқылды. Балалармен сұрақ жауап ойыны ойнатылды.

 











 











«Мемлекеттік Рәміздер ел мақтанышы»

   Аудандық орталық, аудандық балалар кітапханасы және аудандық мәдениет үйімен бірлесе отырып еліміздің мерекесіне орай «Мемлекеттік Рәміздер ел мақтанышы» атты танымдық сағат өтті. Өскелең ұрпақты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері- Елтаңба,Ту, Әнұран туралы түсініктерін, Рәміздердің пайда болу тарихы туралы танымын кеңейту. Жастар мен балаларды отансүйгіштікке,патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында өткен шараға жасөспірімдер мен балалар, мәдениет қызмекерлері және аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жақасов Қайрат қатысты. Патриоттық әндер шырқалды, танымал ақын О.Асқардың, Ә.Қайранның жырлары тыңдалды. Кеш барысында оқырмандар арасында еліміздің Рәміздері туралы сұрақ-жауап ойыны ойнатылды.

 











«Бар жақсылық балаларға»

   1 маусым-Халықаралық Балаларды қорғау күніне орай аудан кітапханалары: «Бар жақсылық балаларға» «Бақытты елдің балалары» (Жаңатаң,Көкбұлақ) «Бала деген бір бақыт» «Бала өмірі- бәрінен маңызды» (Сағыз,Алтай модельді кітапханасы), «Біз өмірдің гүліміз»( Жарқамыс балалар), «Біз бақытты баламыз» (Миялы моделді ауыл кітапханасы) «Біз бақытты баламыз» (Жаңажол моделді ауыл кітапханасы) тақырыптарында балалар ертеңгіліктері, мерекелік шаралар өткізілді. Шараларда балаларға арналған қазақ, орыс ұлттық ертегілерден қойылымдар көрсетілді, «Табиғат сұлулығы» атты асфальтқа сурет салу сайыстары өткізілді. Балаларға арналған әндер шырқалып, би биленді. Шараларға жазғы демалыс лагерінде демалушылар мен балалар бақшасының тәрбиеленушілері қатысты.

 











 











Әріптестер жетістігі

   Мәдениет және өнер қызметкерлері кәсіби мерекесі аясында Ақтөбе облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Рухани қазына-2019» ІІ облыстық форумы аясында Жарқамыс моделді ауыл кітапханасы –«Үздік ауылдық маңызы бар мемлекеттік кітапхана» номинациясы және қаржылай сыйлыққа ие болды. Сонымен бірге осы кітапхананың меңгерушісі Сейлханова Мейрамгүл Аманғосқызы – «Үздік ауылдық маңызы бар мемлекеттік кітапхана қызметкері» номинациясымен марапатталып, ақшалай сыйлыққа ие болды, ІІ Республикалық «РУХАНИ ҚАЗЫНА» форумына жолдама алды.

   Жарқамыс моделді ауыл кітапханасы Сейлханова Мейрамгул Аманғосқызы аудандық ОКЖ директоры Айгул Тукенова Нұр-Cұлтан қаласында өткен Республикалық «РУХАНИ ҚАЗЫНА» форумына қатысып қайтты.

   Республикалық «РУХАНИ ҚАЗЫНА» форумында «БӘКІР АҚЫН ӘНГЕ ҚОСҚАН –АҚБҰЛАҚ» кітапханалық жобасын ұсынды. Осы жобасы бойынша атқарылатын шаралар мен шығармашылық ізденісі жоғары бағаланып, Сейлханова М.А. - Қазақстан Республикасы Академиялық Кітапханасы атынан «КІТАПХАНА ІСІНІҢ ШЕБЕРІ» (куәлік № 10) төсбелгісімен марапатталды.

   Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі құжаттарды жинақтау және өңдеу бөлімінің кітапханашысы Садуакасова Гүлдана Базарбаевна және ақпараттық-библиографиялық бөлімнің библиографы Алпысбаева Татти Кожабергенқызы Қазақстан Республикасы Ұлттық Кітапханасының 27-28 мамыр күндері С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы базасында өткізілген «WEB-RABIS бағдарламасы: кітапханалық автоматтандырылған қызмет көрсету» тақырыбындағы семинар тренингіне қатысып машықтанудан өтіп, сертификатын иеленді.

   Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі автоматтандыру бөлімінің меңгерушісі Мұхамбетияр Гүлзада Қасымқызы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Кітапханасының «Кітапхана ісінің ардагері» (куәлік №301) төсбелгісімен марапатталды.

 


«Жазықсыз жаланың құрбаны»

   Бұлақтыкөл ауыл кітапханасында 31 мамыр - Саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне байланысты «Жазықсыз жаланың құрбаны» атты еске алу сағатты өткізілді. Кешке ұстаздар мен оқушылыр қатысты. Тарих пәнінің мұғалімі Алтынай апай сөз сөйлеп сол кездегі тарихи оқиға және саяси тұтқындарды ұстаған лагерьлер туралы толық мәлімет берді. Жазықсыз жаламен ұсталып 20 жыл түрмеде отырған Қарағанды лагерьнде сібір магадан түрмелерінде отырып елге аман есен оралған Байғанин ауданы Қаражар елді мекенінің тұрғыны Тілегенов Алғи Ақтемісұлы туралы өзінің қызы Алғиева Факизат Алғиқызы мектебеміздің ардагер ұстазы әкесі туралы өз естеліктерімен бөлісіп көптеген оқиғалар туралы мысалдар келтірілді. Сөз соңында мектебіміздің тәрбие ісіңің орынбасары Жетенов Ринат ағайда сөз алып өткен тарихымызды білмей біз алға қарай ұмтыла алмаймыз,Тәуелсіздігіміздің қандай қиындық пен келген қазақ халқының өмірлік тарихы ұлы тұлғаларымыздың ұмытпай жадымызды ұстайық деп қорытындылады. «Ұмытылмас ұлы – тұлғалар» атты кітап көрмесі жасақталып библографиялық шолу жасалды.

   Аудандық орталық кітапханада жасөспірімдер арасында «Саяси зұлмат кезеңі» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрме библиографиялық шолу жасалды.Қатысқан адам саны 18

 











«Өмірі жырға толы лирик ақын»

   2019 жылдың 15 мамыр жерлесіміз ақын С.Жиенбаевтің туған күні. Ақынның туғанына 85 жыл толуына орай «Өмірі жырға толы лирик ақын» тақырыбында аудан орталығындағы «Ақын – жазушылар аллеясында» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ақын өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесіне ұсынылған Сағи ақынның жыр кітаптарына библиографиялық шолу жасалып, оқырмандарға таныстырылды. Шара барысында оқырмандарға ақын өмір жолы туралы ақпарат беріліп, ақын мүсінінің жанында оқырман жастар ақынның өлеңдерін оқыды. Шараға №2 Қарауылкелді орта мектебінің 5-сынып оқушыларынан 30 оқырман қатысты.

   Сағыз модельді ауыл кітапханасында Сағи Жиенбаевтың туғанына 85 жыл толуына орай «Сағи Жиенбаев талантымен танылған тұлға» атты поэзия кеші өткізілді. Мақсаты ақынның өмір жолдарымен және өлеңдерінің шығу тарихымен таныстырылып кітап көрмесіне библографиялық шолу жасалды.Қатысқан адам саны 20

 











«Туған жер сенде,сенде гүл аттым»

   Жарқамыс модельді ауыл кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақ ақыны, жерлесіміз ән мен жырдың ақбұлағы атанған сазгер, драматург Бәкір Тәжібаевтың өмірімен шығармашылығын оқырманға паш ету мақсатында бүгінгі 15 мамыр—ақынның туған күні қарсаңында ақынның туған жері Ақбұлақ ауылында «Туған жер сенде, сенде гүл аттым» әдеби сазды кеш өткізілді. Кешке ақынның қарындасы мен туыстары және кітапхана оқырмандары қатысты. Қарындасы Қибат апай ақынның балалақ шағы,жас кезінен,шығармашылығынан естеліктер айтты. Ақыг жырлары оқылып, «Қарындасым-қарылғашым», «Ақбұлақ», «Туған жер» әндері орындалды.

 











«Жем бойының жауһарлары»

   Аудандық кітапханада 16 мамыр күні аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің дәстүрлі «Мемлекеттік тіл-ұлт тірегі» аудандық тіл фестивалі асяында жерлес ақын- жазушылар С.Жиенбаев пен Т.Жармағанбетовтың 85 жылдығына орай «Жем бойының жауһарлары» атты көркемсөз байқауы ұйымдастырылды. Жерлес ақын-жазушылардың шығармашылығын насихаттау, жастарды шығармашылыққа, патриоттыққа баулу мақс атында ұйымдастырылған байқауға 15-35 жас аралығында 10 үміткер қатысып, бақ сынады. Байқау шарттарын мүлтіксіз орындаған үміткерлер І орынға - Нұртазина Қазима (Жем), ІІ орынға-Досмұханбетова Шұғыла (Қарауылкелді), ІІІ орын – Құрманғалиев Айдын (Миялы) ие болды. Барлық қатысушылар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің арнайы сыйлықтары және Дипломдарымен, алғыс хаттармен марапатталды.

 











Халықаралық Отбасы күніне арналған шаралар

   Бұлақтыкөл ауыл кітапханасы «Толағай», Миялы моделді ауыл кітапханасы «Бақытты отбасы» жас отбасылар арасында спорттық жарыс ұйымстырылды. Мақсат Отбасы бірлігі мен татуылығын сақтауға, әр жанұя мүшесінің салауатты өмір сүріп, денсаулық сақтау арқылы спортмен айналысуға ықпал ету мақсатында өтті. Өткізілген шарада әр кітапханада 4 отбасы мүшелері қатысып, жүгіру, секіру, доп лақтыру, т.б. сайыстары бойынша күш сынасты. Барлық қатысушы отбасылар кітапхана тарапынан дипломдар мен алғысхаттармен марапатталды.

   Жаңатаң ауыл кітапханасында 1 «Отбасы-тәрбие ұясы» атты отбасылар арасында танымдық сайыс өтті. Мақсаты: Отбасы құндылықтары, ата баба дәстүрі, оқушы білімін толтыру, іздемпаздық қабілетін қалыптастыру. Қатысқан аналарға отбасы мерекесіне сыйлықтар ұсынылды.

   Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапханада Халықаралық отбасы күніне орай «Қазақ отбасы: кеше, бүгін және ертең» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері, аудандық ішкі істер бөлімі, АХАТ қызметінің бас маманы, аудандық мешіт имамы, мектеп психологтары, аудандағы үлгілі отбасылар қатысқан жиында қазіргі қазақ отбасыларының түйінді мәселелері мен бала тәрбиесі, отбасының құқықтық мәселелері сөз болды. Жиналғандар отбасы тәрбиесінің бірінші кезекте болуы, отбасы құндылықтарының берік сақталуы ұлтымыздың тұтастығының кепілі екенін баса айтты.

 











Ұлы Жеңіске арналды.

   Кітапханаларда Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай өткізілген шаралар; Байғанин аудандық орталық кітапхана «Батырлар өмірі-ұрпаққа үлгі» атты танымдық патриоттық кеш жасөспірімдердің қатысуымен өткізілді Мақсаты: Ұлы Отан соғысында от кешкен жауынгерлердің ерең еңбегімен,өнегелі өмірі жайында мағұлмат беру. Болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің , жерінің адал потриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу. Кеш барысында жерлес ақындардың «Жауынгер», «Жеңіс алаңы» атты өлеңдер оқылып, бейне баяннан үзінді көрсетілді. Кеш соңында Кітапхана қоры неігізінде жасақталған «Жылдар жаңғырады Ерлік ұмытылмайды» атты кітап көрмесі жасақталып, таныстырылды.

   «Ешкімде ештеңені ұмытпайды» (Сағыз модельді ауыл кітапханасы), Ұлы Жеңіс шежіресі-елге мұра,ұрпаққа үлгі, «Ұмытылмас үлгі атты» «Ер есіме -ел есінде» (Жаңатаң,Баршақұм, Бұлақтыкөл ауыл кітапханалары), «Ұлы Жеңіс-Ұлы тарих» (Жем моделді ауыл кітапханасы), «Ерлік пен жеңіс» (Ебейті моделді ауыл кітапханасы) «Ұлы жеңіс-мәңгі жасайды» (Миялы моделді ауыл кітапханасы), «Ұлы Жеңіс мәңгі есте» (Жаңажол моделді ауыл кітапханасы) танымдық сағаттар, патриоттық кештер өткізілді. Мақсат - Оқырмандар оның ішінде жастармен балаларды отан сүйгіштікке,патриотизмге тәрбиелеу және Жеңістің салтанатын көре алмай кеткен боздақтарды ұмытпау, Ұлы Отан соғысының тарих туралы танымын жетілдіру, батыр жерлестерімізді таныту, батырлар рухына мәңгілік тағзым ету. Кітап көрмелері ұйымдастырылып, оқырмандарға Ұлы Жеңіс тарихы, жеңіс жолындағы батырлар туралы баяндалған тарихи көркем әдебиеттер таныстырылып, оқырмандарға ұсынылды.

   Аудандық балалар кітапханасында 9 мамыр – Жеңіс күніне орай «Ел мен ердің жеңісі» атты тақырыпта танымдық кеш өткізіліп, аталмыш тақырыпта кітап көрмесі жасақталып, библиографиялық шолу жасалды. Кітап көрмесіне Ұлы майданға қатысқан батырларымыз туралы әдебиеттер, естелік кітаптар қойылды. Шара барысында Ұлы Отан соғысы туралы, майдангер батырларымыз туралы айтылып, кітап көрмесіне шолу жасап қорытыланды. Шараға №1 Қарауылкелді орта мектебінің 4-сынып оқушыларынан 28 оқырман қатысты.

   Қазақстан халықтарының бірлігі күні аудан кітапханалары: Жарқамыс моделді ауыл кітапханасында «Көп ұлтты Қазақстан-бейбіт елдің символы» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесінде оқырмандарға Қазақстандағы түрлі ұлт өкілдерінің Ассамблеясы туралы басылымдар таныстырылса, балалар арасында ұлттық достықты нығайту мақсатында өлеңдер мен жырлар тыңдалды.

   Алтай модельді ауыл кітапханасы «Ынтымақ бірлікті» атты шеру Халықтар арасындағы достықты нығайту Қазақстандағы әр ұлттың бірлігі,ынтымағы туралы жас буынға ұғындыру және халықтар арасындағы достықты насихаттау ,еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің сал дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын таныту мақсатында өтті. Шеруде оқырмандар түрлі ұлт өкілдерінің өнерінен өнер көрсетті, украин, тәжік, өзбек, орыс, т.б. ұлттар мен ұлыстардың әндері шырқалып, би биленді.

 











 











«Бір ел-бір кітап»

   Байғанин моделді ауыл кітапханасында «Кітап –рухани қазына» атты ашық есік күні аясында «Бір ел-бір кітап» акциясына ұсынылған Ә.Кекілбаевтың шығармаларын насихаттауға мақсатында «Қазақ елдігінің көсегесін көгерткен парасат» танымдық кеші өткізілді. Кітапхана мен оқырман арасын нығайту,ақпарат орталығы кітапханада ұйымдастырылатн іс шаралар, кітап қорындағы басылымдарды оқуға ұсыну және «Бір ел-бір кітап» акциясының маңыздылығы, Ә.Кекілбаевтың шығармашылығын таныстырумен жалғасын тапты.

   Жарқамыс моделді ауыл кітапханасы және Жарқамыс балалар кітапханасы бірлесуімен «Кітап- рухани жаңғыру өзегі» ашық аспан кітап көрмесі ұйымдастырылып, аталмыш «Бір ел-бір кітап» акциясы барысында «Заманның заңғар жазушысы - Ә.Кекілбаев», «Толағай ақын – Ә.Тәжібаев» кітап көрмесі және «Оқитын өлке» акциясы бойынша ұсынылған Сарышолақ Боранбайұлының шығармашылығы туралы «Зар заман ақыны- С.Боранбайұлы» атты бөлімдері ұсынылып таныстырылды. Көрме аясында С.Боранбайұлының шығармашылығын таныту мақсатында «Азаттық мұратының асқақ рухы» атты поэзия сағаты өтті.

 











«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы шаралар

   Жаңа үлгідегі Алтай модельді ауыл кітапханасында балалардың қатысуымен «Рухани жаңғырудың негізгі-латын әліпбиі» атты тұрақты көрме ұйымджастырылды.Мақсаты: Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы мағлұмат беріп,кең көлемде насихаттау. Қатысқан адам саны 15

   Жарқамыс модельді ауыл кітапханасында ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында туғанына 85 жыл толған Киелі Жем-Сағыздың төл перзенттері С.Жиенбаев пен Т.Жармағанбетовты еске алу, олардың шығармаларын көпшілік қауымға оқыту мақсатында «Жем-Сағыздың жауҺарлары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып «Жем-Сағыздың әдеби әлемі» атты әдеби кеш өткізілді. Кеш - Әби Қайраттың орындауындағы Сағи ақынның «Ауыл қаттары» әнімен ашылды.Өлкетану бағытындағы игі шара барысында оқырмандар ақын мен жазушы туралы естеліктермен бөлісіп,кітапхана оқырман Шара апайымыз Тобықтың «Жарқамыс деген бір жер бар» өлеңін оқып берсе, қайнар көзіміздің бірі болған асыл ағалардың есімдерін әркез мақтан тұтуда, еңбектерін оқумен бірге өз шығармашылықтарын ортаға қосып жүрген ақын-жазушыларымыздың ізбасарларының бірі Зарина Қозыбағарқызы өзі шалғайда жүрсе де арнау өлеңін әлеуметтік желі арқылы жолдаса, жас талапкер ақын Теңел Ақтоты да өз шығармашылығын ортаға салды. Сағи ақынның өлеңдері мен қамшының сабындай қысқа ғұмырында нағыз талантқа тән тереңдікпен,ойшылдықпен,сыршылдықпен қалам тербеген уақыт, заман талабына сай салиқалы ой,салмақты жүк арқалаған шырынды жазушы Тобықтың повестерінен үзінділер оқылды. Кеш соңы ауылымыздың тұрғыны мемлекеттік қызметкер Қ.Аққожаеваның сөзіне жазылған, ауыл мәдениет үйінің меңгерушісі Ә.Қыдыровтың «Киелі құт мекені-Жарқамыс» әнін әнші Қайруллаев Құланның орындауымен аяқталды. Қатысқын адам саны 35.

   Сағыз моделді ауыл кітапханасы «Рухани жаңғырудың жарқын жолы» танымдық сағат жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату,ұлттық рухты сіңіру. Шарада «рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы жарыққа шыққан басылымдардан кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды. Қатысқан адам саны-25

 











Құстар күніне арналған шаралар

   Көкбұлақ, Бұлақтыкөл ауыл кітапханаларында Құстар күніне арналған «Құстар біздің досымыз» тақырыбында танымдық сағаттар өткізілді. Мақсаты қоршаған ортаны,табиғатты,жан жануарларды құстарды қорғауды,құстарға қамқорлық жасауға, оларға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту. Оқушылардың ой-өрісін дамытып, сөздік қорын молайту. Қатысқан адам саны 28

   Жаңажол модельді ауыл кітапханасында«Құстар біздің досымыз» тақырыбында балаларға арналған танымдық сағат өткізілді.Мақсат : кішкентай бүлдіршіндерімізді құстар туралы білімдерін жетілдіруге,ойлау,есте сақтау қабілеттерін арттыру және де құстарға қамқорлықпен қарауға баули отырып, экологиялық тәрбие беру.

   Танымдық сағат барысында құстар табиғаттың бір бөлігі екенін түсіндіре отырып,4 класс оқушылары арасында «Қарылғаштар» және «Торғайлар» тобы болып сайыс ұйымдастырылды.Сайыста құстар жөнінінде викториналық сұрақтар,биологиялық жұмбақтар және «Тапқыр болсаң тауып көр» мақал мәтелдердің жалғасын табу арқылы,балалар өздерінің құстар туралы білімін аша түсті.Сонымен қатар оқушыларға сайыс арасында ой сергітер, «Жыл құстары туралы деректер», «Аққу», «Әлемдегі ең әдемі биші құстар» туралы бейне көрсетілімдер көрсетілді.Сайыс соңында екі топтың ұпай сандарын есептей келе,бір-біріне қалысқалмай тең келді. С.Жиенбаев а.о.м бастауыш класс мұғалімі Өңешбаева.А. барлық қатысқан оқырман оқушыларға алғыс айта отырып,топ оқушыларына марапаттау сыйлықтарын табыстады.Кеш соңында «Құстар біздің досымыз» тақырыбында оқушыларға арналған кітап көрмесі ұсынылды.Қатысқан адам саны 18

 











Халықаралық Балалар кітабы күніндегі шаралар

Аудан кітапханаларында 2сәуір –Халықаралық Балалар кітабы күніне орай:

   Ебейті моделді ауыл кітапханасында «Туған жер» өлкетану бағдарламасы бағытында өз өлкесінің әдебиетін,мәдениетін таныстыру азаматтарды оқуға тарту аясында «Кел, балалар оқылық» атты ашық есік күндері өткізілді. І күні : жерлес ақын Сағи Жиенбаевтың туғанына 85 жыл толуына орай «Сағыныштан жаралған жүрек» атты кеш өткізілді Мақсаты: Сағидың бүгінгі қазақ жырының ерең жүйрік екенін,ақынның талмай жүріп еңбек еткенін,жыр сүйер,тіл сүйер қауым көрсін бағаласын деп ұйымдастырылды.

ІІ–күні: «Жұмыстан кейін бір сәт» айдарымен Сағи ақынның лирикалық шығармаларын насихаттау мақсатында кітаптары оқуға ұсынылды.

ІІІ-ІҮ күндері Жасөспірім мен балалар арасында «Сыныбымызбен оқимыз» атты ашық есік күндері өтті.

   Мақсаты: Ақын шығармаларын оқыту арқылы жасөспірімдерді сусындатып рухани азығына айналдыру.Қасиетті сөз қазынасын тани білуге үйретті. Апта соңғы күні қатысқан оқырмандарды марапатау. Ақын өлеңдеріне жазылған әндерді орындау. Қатысқан адам саны 52

   Миялы модельді ауыл кітапханасында балаларға білімнің кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру,кітап оқуға қызықтыру,кітапты ұқыпты ұстауға үйрету, кітаптың пайдасы мен маңыздылығын ұғындыру мақсатында «Барлық білім-кітапта» тақырыбында кітап көрмесі жасалынып, балалар арасында көрмеге библографиялық шолу өтті.Сонымен қатар балалар өздері оқыған ертегі кітаптардан суреттер салып, «Мен оқыған ертегі» тақырыбында сурет көрмесі өтті.Қатысқан адам саны.15

   Жем модельді ауыл кітапханасында балалар кітап күніне орай «Кітап-рухани жаңғыру өзегі» балалар кітаптарынан кітап көрмесі өткізілді. Мақсаты: оқушылырдың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы мен пайдасы туралы түсіндіру.Қатысқан адам саны 18

 











Туған жер түлегі

   Қораши ауыл кітапханасында Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай жасөспірімдер арасында «Туған жер түлегі» тақырыбында танымдық сағат жерлес, өңір перзенті, журналист, ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Журналистер Академиясының академигі, «Қазақ Энциклопедиясы» баспасының бас директорының орынбасары Нұрымжан Керейұлы Мауытов өмірі мен қызметі таныту мақсатында өтті. Журналист Н.К.Мауытов туралы деректерден жасақталған слайд-көрме, журналистік қызмет, Қазақстанның баспа ісі, кітап туралы мәліметтермен таныстырылды. Оқырман жас талапкер А.Тағыбергенова ақын Серікбай Қайдасовтың Н.К.Мауытовқа арнаған «Алматыға сәлем» атты өлеңін оқыды.

 











«Ақтөбе ежелгі тарих пен мәдениет қойнауы»

   Сағыз моделді ауыл кітапханасында Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай «Ақтөбе ежелгі тарих пен мәдениет қойнауы» тақырыбында танымдық сағат өткізілді. Мақсат: Ақтөбе еліміздің батыс өңірінде орналасқан бай 150 жылдық тарихы бар қала екенін және бүгінгі Ақұтөбенің экономикалық қуатының қарыштап дамуы, бәсекелестіктің әлемдік көшіне ілескен үлкен қалаға айналғандығын жасөспірімдер мен балаларға ұғындыру. Танымдық кеш барысында кітапхана оқырмандарына Ақтөбюе қаласы туралы тарихи деректер, қаланың қалыптасуы мен тұлғалар туралы басылымдардан кітап көрмесі ұйымдастырылып , библиографиялық шолу жасалды. Қаланың көрікті жерлері мен тарихи ескерткіштері таныстырылды. Ақтөбе қаласы туралы өлең жырлар тыңдалып, әндер шырқалды.

 








Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы тойланды.

   Аудан кітапханаларында Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамына орай мерекелік шаралар өткізілді. «Наурыз,Көктем, жыр –думан» (Байғанин моделді ауыл кітапханасы), «Наурыз айы нәр алған ақ ырыстан, Наурыз айы жаралған сағыныштан» (Жарқамыс моделді ауыл кітапханасы), «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» (Жаңатаң ауыл кітапханасы) «Ұлыстың Ұлы күні Наурыз» (Қораши ауылдық кітапханасы) мерекелік шаралар ауыл тұрғынадарымен, кітапхана оқырмандарымен өтті. Ұлттық мерекені тойлауда Наурыз мейрамы туралы танымын кеңейту,ұлттық салт-дәстүрімізге, әдет-ғұрпымызды сақтап, өскелең ұрпаққа жеткізу, ұлттық құндылықтарды сақтау арқылы отансүйгіштікке, еңбеккерлікке, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге баулу.

   Аудандық орталық кітапханада Наурыз мейрамына орай кітап және ұлттық тағамдардан көрме , ұйымдастырылып, көрмені тамашалаған көрермендер мен оқырмандарға Наурыз-көже ұсынылды. Сонымен бірге кітапхана ісінің ардагерлері кітапхананың Наурыз тойына қатысты, Наурыз көжеден дәм татты.

   Өткізілген іс шараларда Наурыз мейрамы туралы қойылымдар, түрлі салт- дәстүрлерден қойылымдар, ұлттық спорттық ойындары (асық аты, арқан тартыс, қол күрес, тай жарыстары) ұйымдастырылды. Қазақтың киіз үйлері тігіліп, қазақтың ұлттық тағамдарынан, ұлттық киімдерінен көрме, Наурыз көже мен бауырсақ таратылды, ән шырқалып, би биленді.

 


 


«Амал келді, жыл келді»

   Аудандық орталық кітапханажәне балалар кітапханасының бірлесуімен 14 наурыз күні – «Амал келді, жыл келді» атты танымдық шарасы өткізілді. Ұлыстың ұлы күніне орай өткізілген шараға кітапханаға келген оқырмандар, балалар , әріптестік байланыстағы мекеме қызметкерлерпі қатысты. Наурыз тойының алғашқы күні Амал мерекесі, көрісу, кешірім жасау туралы танымын кеңейтетін басылымдар таныстырылды, Наурыз-көже, ұлттық тағамдардан дайындалған дастархан мәзірінен дәм татты. .Кітапхананың тұрақты оқырманы, еңбек ардагері Шоқан Ермұханбетов Наурыз-батасын берді, ән мен күй орындалды. Амал мерекесіне аясында ұлттық арқан тартыс, қол күрес ойындары ойналып, Ұмай ана сыйлық таратты.

 


«Ұлттық тәрбие көзі-рухани жаңғыру»

   Жем моделді ауыл кітапханасы «рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұлттық тәрбие көзі-рухани жаңғыру» балалар арасында ұлттық ойындардан сайыс өткізілді. Мақсаты жасөспірімдердің халқымыздың әдет-ғұрпы мен салт дәстүрлерін біліп өсуіне ықпал ету, ұлттық ойындарды насихаттау. Сайыс барысында балаларға ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып туралы мағлұматтар беріп, ұлттық ойындар туралы танымын кеңейтті, және арқан тару,қол күресі ойындарынан «Тұлпар» ,»Сұңқар» топтары арасында жарыс ұйымдастырылды. Ойын барысында ойынға қатысушы оқырмандарға кітапхана атынан алғыс хаттар табысталды.

 








«Атадан жеткен асыл мұра»

   Жаңатаң ауыл кітпаханасында «Қлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мавқаласы аясында жасөспірімдер арасында «Атадан жеткен асыл мұра»Тақырыбында көрме-экспозиция ұйымдастырылды. Мақсат өңірдің танымал қолөнер шеберлері ағайынды Құрманалы, Байман Наурызбаевтардың өмірі мен қолөнер туындыларын таныту . Көрмеге шеберлер Құрманалы, Байман Наурызбаевтар туралы мәліметтер, олардың қолынан шыққан тұрмыстық заттар, көрігі және т.б. заттары мен бұйымдары қойылып, оның ұрпақтарынан сұхбат алынды.

 








«Латынды қолдау –жарқын болашақты қолдау»

   Жарқамыс моделді ауыл кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында«Латынды қолдау –жарқын болашақты қолдау» кітапханалық дайджест өткізілді. Мақсат: Латын әліпбиінің маңыздылығы туралы оқырмандарға мағлұмат беру,қоғамдық пікір қалыптастыру. Бұл бағытта кітап көрмесі ұйымдастырылып, обиблиографиялық шолу жасалды.

 








«Ұлт тарихындағы ұлттық құндылықтар»

   Байғанин моделді ауыл кітапханасында «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында «Ұлт тарихындағы ұлттық құндылықтар» кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды. Сонымен бірге оқырмандар арасында «Ұлы даланың жеті қыры: ұлтты жаңа ойларға жетелейді» атты танымдық әңгіме ұйымдастырылды. Мақсат: Ұлы дала тарихын ,мәдениет мен өнері, салт дәстүрі мен тарихи жәдігерлерімізді қамтитын мағлұматтар туралы танымын кеңейту.

   Жаңатаң ауылдық кітапханасында Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Атқа міну мәдениеті- дәстүрлі мұра» тақырыбында балалар арасында танымдық сағат өтті. Мақсат: балаларға қазақ пен жылқы айнымас дос екенін, жылқы малы туралы, атқа мін туралы ұлттық құндылықтар таныстырылды.

 








«Сұлулық.Нәзіктік.Іскерлік»

   Жарқамыс моделді ауыл кітапханасы Жарқамыс ауылдық жастар ресурстық орталығы маманы, ауылдық округі әкімдігімен бірлесе отырып, «Сұлулық.Нәзіктік.Іскерлік» мерекелік қонақжай кеші өткізілді.Мақсат –ауыл әйелдерінің отбасы, қызмет, бала тәрбиесіменн қатар , ұлағатты ана болып, , өнегелі өмір тәрбиесімен көрініп жүрген аналарға құрмет көрсету. Ауылдағы қоғамдастық мүшесі Нұрдаулетова Ғ.Қ. және ауыл әкімі Р.М.Обаев аналарды құттықтап, құрмет көрсеттіі, мерекелік әндр шырқалып, аналар тақырыбында жырлар тыңдалды.

   Сонымен бірге ауылдық кітапханада «Ана-теңдесі жоқ ұлылық» атты тақырыбында кітапхана оқырманы, ауылдың қоғамдық ісіне белсене қатысып, жанашырлық танытып жүретін, ұлағатты ана, өнегелі ұстаз, еңбек арадгері Шара Сарқызымен қонақжай сағаты өтті. Қонақжай мақсаты «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттауда өскелең ұрпақты тәрбиелеуде іскерлік пен біліктілікпен ауылдың қоғамдық өміріне белсене араласып жүрген Ш.Сарықызының өнегелі өмірі мен қызметін жастарға үлгі ету. Қонақжайда Ш.Сарықызының өмірі мен қызметі туралы дайындалған слайд ұсынылды. «Аналар - асыл жандар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мерекелік әндер шырқалып, жыр лар тыңдалды.

   Сонымен бірге «Ана –өмірдің гүлі» (Жаңатаң ауыл кітапханасы), «Ана –өмір шуағы» (Жем моделді ауыл кітапханасы), «Әлемнің жарығын,сыйладың сен маған» (Ебейті модеді ауыл кітапханасы) мерекелік кештер өтті. б

 










 








Алғыс айту күні атап өтілді

   Аудан кітапханаларында 1 наурыз –Алғыс айту күніне орай барлық оқырман топтарымен іс шаралар өткізілді. Мақсат Қазақстанда аталып өтілетін Алғыс айту күнінің маңызы,тәуелсіз Қазақтанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің брлық азаматтардың бір-біріне құрмет білдіру, өскелең ұрпаққа адамдар арасында үлкенге-құрмет, кішіге – ізет көрсету, қайырымдықы пен мейірімділік қасиеттерге баулу, ризашылық сезімін білдіруге тәрбиелеу.

   Балалар мен жасөспірімдер арасында «Алғыс айту параызым» -(Жаңатаң ауыл кітапханасы), «Алғыс айтамыз» (Қораши ауылд кітапханасы), «Өмірдің мәні –татулық пен алғыста» (Байғанин моделді ауыл кітапханасы) танымдық сағаттар өткізілді.

   Ебейті моделді ауыл кітапханасы «Рахмет ,Сізге, Оқырман» атты кеш өткізілді. Мақсат жасөспірімдерге сыйластық құндылығңы,,ризашылық пен алғыс, үлкенге деген қарым қатынастағы сыпайылық пен ізеттілік, және кітапхана оқырмандарына ризашылық білдіру. Кеш аясында оқырмандарға Алғыс айту күні туралы мәлімет беріліп, жастар мен балаларға тәрбиелік бағытта үлкенге құрмет, кішіге ізет туралы, алғыс білдіру туралы пікірлер айтылды. Сонымен бірге кітапхананың тұрақты оқырмандары мен шараларда белсенділік танытқан оқырмандарға кітапхана атынан Алғыс хаттар табысталды.

   Аудандық орталық кітапхана «Оқырманға мың алғыс» шарасын өткізді. Шарада барысында аудан орталығындағы әріптестік байланыстағы орта мекемелер мен кітапхананың тұрақты оқырманедарына алғыс хаттар табысталды, кітап әлеміне деген жанашырлығы үшін ризашылық білдірді. Сонымен бірг кітапхана қызметкерлері Т.Жылқыбаев, Ш,Дәрібаева, А.Бақтығалиев сынды зейнеткерлерге , Қ.Беркалин, А.Есенғұлова, ең жас оқырман Хасен Сандуғашқа алғыс ашық хаттар табысталды. Алғыс айту күні аудандық мәдениет үйі кітапхана ұжымына әріптестік байланыс, мәдени іс шараларды бірлесе атқарудағы белсенділік үшін Ризашылығын білдіріп, ашық хат табыстады.

 


 


Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған шаралар

   Аудан кітапханаларында дәстүрге айналған ғасыр ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай шаралар ұйымдастырылды. Ақиық ақын, ғасыр ақыны Мұқағали Мақатаевтың өміршең поэзиясы жырсүйер оқырмандарымен поэзия кештері мен таным сағаттары ұдайы ұйымдастырылады. «Соғады жүрек» (Жарқамыс моделді ауыл кітапханасы), «Мұқағали–мәңгілік ғұмыр» (Сағыз моделді ауыл кітапханасы), «Жыр жүйрігі –Мұқағали» (Жем моделді ауыл кітапхансы), «Жыр жүйрігі» (Ебейті моделді ауыл кітапханасы) әдеби сазды жыр кештері «Ақиық ақын» (Жаңатаң ауыл кітапханасы) танымдық сағаттар өткізілді.

   Мақсат: ақын Мұқағали Мақатевтың өмірі мен шығармашылығын оқырмандарға таныстыру, оның поэзия әлеміндегі сан қырлы шығармалары, жарық көрген кітаптарын оқуға ұсыну, ақын өлеңдерінен рухани нәр алу, өлеңіне жазылған әндерді таныту.

   Аудандық орталық кітапханада «Мұқағали - мәңгілік ғұмыр» атты әдеби сазды кеші өткізілді. Ақын шығармашылығын таныту, арқылы танымын кеңейту мақсатында өткен шарада оқырмандар жырларын оқып, өнерпаздар әндерін шырқады. Шара барысында оқырмандар арасында ақын шығармашылығынан сұрақ-жауап ойындары ойнатылды. Белседілік танытқан оқырмандар мен өнерпаздарға кітапхана әкімшілігі тарапынан алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. Алтын қордан ақынның өз дауысымен оқылған жыры тыңдалды. Ақын шығармашылығы мен өмірі туралы дайындалған слайд ұсынылды.

 









 








«Ауғанның асуында от кешкендер»

   Кеңес әскерінің Ауғанстанның шығарылғанына 30 жыл толуына орай аудан кітапханаларында патриоттық іс шаралар, Ауғанстанда әскери борышын өтеген интернационалист-жауынгерлермен кездесу кештері өтті.

   Қораши ауылдық кітапханасында «Ауғанстан біздің есімізде» Ауғанстанда ерлікпен қаза тапқан жерлес жауынгер Жанкелді Есенбаевқа арналған кеш, Жарқамыс моделді ауыл кітапханасы «Ауғанның отты жылдары» кітап көрмесі, «Ауғанстан соғысына қатысқан жерлестер» естелік жасақталды.

   Жем моделді ауыл кітапханасы «Ауған ақиқаты» тарихи таным сағаты өткізіліп, Жем өңірінен Ауғанстанда әскери борышын өтеген интернационалист жауынгер Қалиев Н.Б. туралы деректер таныстырылды.

   Аудандық орталық кітапхана «Ауғанның асуында от кешкендер» атты кездесу кешіне интернационалист жауынгер ардагерлер Қ.Қармысов, Жүрсінов С.Базарбаев І, Қанатбаев С, шақырылып, естеліктер баяндады. Сонымен бірге ауған ақиқаты, оның тарихы туралы өскелең ұрпақтарға таныстыру мақсатында виртуалды көрме слайды, «Ерлікке тағзым» атты кітап көрмесі таныстырылды.

 









 








«Бір ел-бір кітап» акциясы

   Ресаубликалық «Бір ел-бір кітап» акциясына 2019 жылы ұсынылған жазушы Әбіш Кекілбаев «Аңыздың ақыры» және ақын Әбділда Тәжібаевтың «Лирикалық өлеңдері» кітаптарын оқырмандарға насихаттау мақсатында іс шаралар ұйымдастырылуда.

   Аудандық орталық кітапханада ақын Әбділда Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылығын өскелең ұрпаққа таныту мақсатында ақын өлеңдерін оқудан эстафетасы әлеуметтік желідегі «baiganinkitapkhana» инстаграмм парақшасында бастау алды.

   Сонымен қатар ақын шығармашылығына арналған балалалар мен жасөспірімдер арасында «Шабытым жайсын қанатын» поэзия кеші, және қос қаламгердің шығармашылығына арналған «Әлемі бөлек Әбділда», «Әбіш әлеміндегі аңыз бен ақиқат» кітап көрмесінің таныстырылымы өткізілді.

   Жаңатаң ауыл кітапханасында ақын Ә.Тәжібаев шығармашылығы туралы «Сыршыл лирик ақын» танымдық сағаты өтіп, «Сырдың перзенті», жазушы Әбіш Кекіәлбаев туралы «Кемеңгер тұлға» атты кітап көрмелері ұйымдастырылып таныстырылды.

 








«Салауатты өмір- көтеріңкі көңіл»

Ебейті моделді ауыл кітапханасында балаларды салауатты өмір салтына баулу, денсаулыққа зиянды нашақорлық, маскүнемдік, шылымқорлықтан аулақ болу, спортпен айналысуға шақыру мақсатында «Салауатты өмір- көтеріңкі көңіл» денсаулық таным сағаты өтті. Балаларға денсаулық сақтау, жаман әдеттерден аулақ болу, нашақорлық, маскүнемдік, шылымқорлықтың зияны туралы танымын кеңейтуге арналған басылымдар таныстырылды, сергектік пен көңіл күйді көтеру мақсатында дене жаттығулар жасады.

 


«Аналар кеңесі –ұлағат мектебі»

Қазақстан халықтары Ассамблеясы Ақтөбе облысы «Қоғамдық келісім» КММ-сі және аудандық орталық кітапхана, аудандық аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Аналар кеңесі –ұлағат мектебі» атты кеңейтілген отырысы өтті. Жиында Қазақстан халықтары Ассамблеясы Ақтөбе облысы «Қоғамдық келісім» КММ-сі директоры Б.Снабаева Ақтөбе облысы бойынша Ассамблея құрамы туралы, отбасындағы бала тәрбиесі, аналардың ролі, әлеуметтік жағдайы, әлеуметтік салада мәселелер туралы баяндады. Кеңес отырысына қатысқан әлеуметтік салада қызмет жасайтын аналар, мектептердегі ата-аналар комитеті төрайымдары мен ұстаздар, ардагер ұстаз Амағалиева Мира, аудандық Аналар Кеңесінің мүшесі Мұңайтбасова Батима, аудан әкімдігі әйелдер істері жөніндегі қызметкері Света Әмидан аналар еңесінің алдағы міндеттеріне тоқталды.

 








«Кәсіпкер болам десеңіз»

Аудандық орталық кітапханада ауданның жас кәсіпкерлері мен кәсіпкерлікке қатысы бар сала мамандарыв, кәсіп ашуға ниетті жастар арасында «Кәсіпкер болам десеңіз» дөңгелек сұхбаты өтті. Аталған шараға жас кәсіпкерлер С.Нұртанұлы (ЖШС құрылыс фирмасы) Балманов Б.(тендер жұмыстары), Тапаев Е. (типографиялық қызмет), Тынымжанова М. ( мерекелік безендіру, кәдесыйлар), Ж.Жунит (фотосалон) Н.Нұрланұлы (мәдениқызмет көрсету, жарнамалық роликтер), Өтегенова А. («Донер-Байғанин» кафе-кулинариясы), «Zhasproject» жобасының жеңімпаздары Наурызбаев С. («Ем-дом»-ешкі сүті»), Жұмабике («Құлыншақ» ойын алаңы) қатысып, кәсіпке келу жолдары, идеяларымен бөлісті. Аудандық кәсіпкерлік бөлім басшысы Ш.Спанова, аудандық жастар ресурстық орталығының психологы Г: Танкина,аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқрамасының бөлім басшысы Адаев Н., «Қамқор-несие серіктестігі» ЖШС басқарма төрайымы Г.Ерман, аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Е.Көпжасаров дөңгелек үстелге қатысушылар мен жас кәсіпкерлерге кеңестер берді.

 








«Ғибратты ғұмыр иесі»

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, драматург,ақын, қоғам қайраткері Бейімбет Майлиннің туғанына 125 жыл толуына орай Жарқамыс моделді ауыл кітапханасында «Ғибратты ғұмыр иесі» тақырыбында оқырмандар конференциясы өтті. Конференция барысында Бейімбет Майлиннің өмірі мен шычғармашылығы, қазақ әдбиетіндегі еңбегі және ол туралы естеліктер баяндалып, оқырмандарға таныстырылды. Жазушының әдеби мұрасы, оның өмір жолындағы қиыншылықтары, саяси қуғын-сүргін құрбаны болғаны туралы тарихи деректер мен басылымдар таныстырылды. «Ұлт мақтанышы» атты деректі фильм көрсетіліп, «Алаштың ардақты азаматы» атты кітап қорын негізінде ұйымдастырылған кітап көрмесі таныстырыылды.

 








«Ойы алымды, қаламы қарымды»

Жарқамыс моделді ауыл және Жарқамыс балалар кітапханасының бірлесуімен «Шабыт» Республикалық фестивалының жүлдегері, журналист ақын Бауыржан Бабажанұлының 50 жасқа толуына өмірі мен шығамашылығына арналған танымдық сағат өтті. Мақсат ақын журналист Б.Бабажанұлының өмірі, шығармашылығы, бұқаралық ақпарат құралдарындағы қызметі мен еңбегі туралы таныстырылып, жырлары тыңдалды. Кітапхана қоры негізінде «Жүрегі жырдан жаралған» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға таныстырылды. Кітап көрмесін таныстыру кезінде екі оқырман өз қызығушылығымен «Ниетқабыл» жыр кітабынан өлеңдерін оқыды.

 








«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ»

«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ»

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын өскелең ұрпақтар мен ауыл тұрғындарына ақпараттық түсіндіру, жас ұрпақтарды иөл тарихымызға,түп тамырымызға үңілтіп, Ұлы дала кереметтері туралы танымын кеңейту мақсатында Жем моделді кітапханасында «Қазақстанның киелі рухани құндылықтары» тарихи-танымдық сағаты, Жарқамыс моделді ауыл кітапханасында «Рухани жаңғыру-дамудың кепілі» -дөңгелек үстел сұхбаты, «Ұлы даланың жеті қыры : Ұлтты жаңа ойларға жетелейді» танымдық әңгіме, «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында Сағыз моделді ауыл кітапханасында «Ауылым тарих белесінде» танымдық кеш, «Рухты ел- қайсар ел» -кітап көрмесі, Байғанин моделді ауыл кітапханасында «Рухани жаңғыру-ұлттың ұлы мұраты» кітап көрмесі, «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында «Ауыл мақтаныштары» танымдық әңгіме, Жаңатаң ауылдық кітапханасында «Ұлт тарихын танудың жаңа кезеңі» кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Тарихи сананы жаңғырту» балалар арасында әңгіме, Қораши ауыл кітапханасында «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» кітап көрмесі, «Ұлы даладағы ежелгі металлургия» бөлімі бойынша танымдық сағат шаралары өткізілді.

 








«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ:

АТҚА МІНУ МӘДЕНИЕТІ»

Аудандық орталық кітапханада жасөспірімдер арасында «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ: АТҚА МІНУ МӘДЕНИЕТІ» тақырыбындағы танымдық сағаты Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жасөпірімдерге түсіндіру, жеті қыр туралы танымын кеңейту, атқа міну мәдениетіне, оның пайдасы, ата бабаларымыздың атқа мінуге байланысты өмір салтынан хабардар ету мақсатында өтті.

Шараға қатысушы оқырмандарға «Рухани жаңғыру: жарқын болашаққа бастар жол» атты кең көлемді кітап көрмесін таныстырылып, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы бойынша ұйымдастырылған бөліміне библиографиялық шолу жасалды.

 








«ТЕРРОРИЗМ: ҚАҚТЫҒЫСТАР МЕН

КЕЛІСПЕУШІЛІК САЛДАРЫ»

Қораши ауыл кітапханасында және Байғанин моделді ауыл кітапханасында қоғамның әлеуметтік, құүқықтық,діни сипаттарын ұғындыра отырып, жастарды террорлық, лаңкестік діни экстремистік бағытта орын алатын арандатуларға қарсы түсінігін қалыптастыру мақсатында «ТЕРРОРИЗМ : ҚАҚТЫҒЫСТАР МЕН КЕЛІСПЕУШІЛІК САЛДАРЫ» атты дөңгелек үстел сұхбаттары өтті. Дөңгелек үстел сұхбатына ауылдық округ имамы, учаскелік полиция қызметкері, ұстаздар мен ата-анлардың қатысуымен өтіп, қазіргі таңда жастардың дін туралы түсінігі, қоғамдағы, әлемде орын алып жатқан террористік оқиғалар туралы сауалдар қойылып, ой пікірлері тыңдалды. Дөңгелек үстел сұхбатына орай «Дін-діңгек» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып,оқырмандарға таныстырылды.

 








«Келешегі кемел –Қазақстан»

«Ажары атқан таңдай Ақтөбеге-150 жыл»

Жарқамыс балалар кітапханасы балаларға тұрақты «Келешегі кемел –Қазақстан» кітап көрмесі аясында туған жер тарихы мен облыс орталығы Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай «Ажары атқан таңдай Ақтөбеге-150 жыл», «Туған жер төсі-тұнған тарих» атты кітап көрмелері таныстырылды. Көрмеге қойылған өлкетану бағытында Қазақстанның қоғамдық саяси өмірі, дамуы мен бүгінгі келбеті, Ақтөбе қаласының тарихы мен сәулетінен, туған жер Байғанин ауданы, Жарқамыс өңірі туралы басылымдар мен кітаптар таныстырылып, библиографиялық шолу жасалды. Мақсат балалардың туған елі мен жері туралы танымын кеңейтіп, отансүйгіштікке пен патриоттыққа тәрбиелеу арқылы кітап оқуға баулу.

 








Ақын Ізтай Мәмбетовтың 90 жылдығына

арналған шаралар

Ақын Ізтай Мәмбетовтың 90 жылдығына орай аудан кітапханаларында «Ізтайдың өшпес іздері» поэзия кеші (Жарқамыс балалар ,Жарқамыс моделді ауыл кітапханалары), «Табанталдан шыққан ақын» танымдық сағаты (Жаңатаң ауылдық кітапханасы), «Мен туыппын ақпандатқан боранда» таным сағаты (Қопа ауылдық кітапханасы), «Жыр әлемінің Ізтайы» кітап көрмесі (Сағыз моделді ауыл кітапханасы) шаралары оқырмандардың барлық тобымен өткізілді.Мақсат – ақын Ізтай Мәмбетовтың туғанына 90 жыл толуына орай ақын өмірі мен шығармашылығын таныстыру, әдебиет пен поэзияға деген құштарлықты ояту.

 








«Ұлттық театр өнерінің негізін қалаушы» (Е.Өмірзақов)

«Ақ домбыра қолға алып» (Ғ.Құрманғалиев)

Байғанин моделді ауыл кітапханасы балалар мен жасөспірімдер арасында қазақ өнерінің танымал тұлғалары актер, ұлттық театр өнерінің негізін қалаушы Елубай Өмірзақовтың туғанына 120 жыл толуына орай «Ұлттық театр өнерінің негізін қалаушы» атты ақпараттық сағат қазақтың дәстүрлі өнері терме жанрының танымал тұлғасы, Қазақстанның халық әртісі, әнші Ғарифолла Құрманғалиевтің 110 жылдығына орай «Ақ домбыра қолға алып» атты танымдық сағаты өткізілді.Мақсат балалар мен жасөспірімдердің қазақ өнеріндегі талантты тұлғалар туралы танымын кеңейту, олардың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, өнерге ұмытылуына ықпал ету, қазақ өнерін таныту.

 










«Мақсатымыз ортақ: Жемқорлықсыз болашақ»

Аудандық орталық кітапханада жасөспірімдермен «Мақсатымыз ортақ: Жемқорлықсыз болашақ» дөңгелек үстел сұхбаты өткізілді. Дөңгелек үстел сұхбатына аудандағы сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытындағы жұмыстар жөнінде ақпарат ұсынылды. Сыбайлас жетқорлыққа әсер етуші факторлар, қоғамды бұзатын теріс пікірлер, сыбайлас жемқорлықпен күресте жеке адамның мәдениетін көтеру, жасатар арасындағы пара беру туралы жағымсыз түсініктер туралы пікірлерін білдірді. Жастар арасында мұғлімге пара ұсыну туралы бейнеролик көрсетілді.

 










 
Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі