Басты бетке     Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі      VKontakte facebook instagram Кіру       


Сайт мәзірі  


















































Іздеу:
 
free counters
Free counters

Мәдени шаралар

.

«Жаңа жылдық ертегі»

Аудандық орталық кітапхана және аудандық балалар кітапханасында 2019 жылды қарсы алу аясында балалармен «Жаңа жылдық ертегі» ертеңгілік өткізілді. Мереке аясында «Жақсы мен жаман» ертегісінің қойылымы ұсынылып, балаларға жақсы мен жаман туралы танымын кеңейтіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлпды. Аяз Ата мен Ақшақарды қарсы алып,балалар қар, Жаңа жыл, Аяз ата , туралы әндер шырқап, тақпақтар айтылып, би билен.

 













«Кітапхана ісінің үздігі» атанды

«Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ-сіне қарасты Сағыз моделді ауыл кітапханасын меңгерушісі Төлеу Лəззəт Мырзағалиқызы «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды! Құттықтаймыз!

 













Семинар -кеңес

Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» «М-сі ауыл кітапханашыларымен «Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылау, аудан кітапханаларының 2018 жылы атқарылған шаралар жəне қорытынды жəне 2019 жылға арналған міндеттер туралы» тақырыбында семинар-кеңес өтуде. Семинар кеңесте аудандық ОКЖ дамыту бөлімінің əдіскері А.Имашева баяндама жасады. Ебейті, Жарқамыс моделді ауыл кітапханасының меңгерушілері К.Айтмурзаева,М.Сейілханова пікірлерімен ой бөлісті.

 










16-желтоқсан Қазақстан Республикасының

Тәуелсіздік күніне орай іс-шаралар

16-желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күніне орай Ересектерді кітаппен қамту бөлімі «Тәуелсіздік тұғырым егемендік елдігім атты» интеллектуалды ойынын өткізді. Мақсаты: Жас өспірімдердің ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін, жан - жақты ой өрісін жетілдіру, ой ұшқырлығын, оқуға деген ынтасын арттыру. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін өркендетуге, Тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді де жан - жақты дамыған, интеллекті жоғары, батыл текті, намысты ұрпақ, шынайы патриоттар тәрбиелеу. Өз Отанын сүюге, туған елінің тарихын, зиялы тұлғаларын тануға шақыру; Интеллектуалды ойынға Аудан мектептерінің 10- шы класс оқушыларынан құралған 4 топ қатысып белсенділік танытты. Интеллектуалды ойын IV –кезеңнен тұрды.

І-кезең: «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» (Тәуелсіздік күніне, Желтоқсан оқиғасына арналған Сұрақ-Жауап)

ІІ-кезең: «Жорға» («Шатаспа кестесі»,шатасып жазылған сөздерді табу.)

ІІІ-кезең: «Бәйге» (Мақалды жалғастыру)

IV бөлім: «Көкпар». (4 тақырып бойынша тақырып таңдап, әр дұрыс жауапқа сол ұяшықта көрсетілген ұпайды иеленеді. Қатысушылар таңдаған тақырыптарына және сұрақтардың балдарына байланысты күрделеніп отырады.)

Осы ойын барысында ұшқырлығы мен білімділігі үшін I орынды №1 Қарауылкелді орта мектебінен қатысқан «Өркениет» тобы, II орын №3 Қарауылкелді орта мектебі «Алаш» тобы, III орынды екі команда тең түсіп Т.Жармағамбетов, №2 Қарауылкелді орта мектептерінен «Тобық тарландары» мен « Жалын» топтарына берілді. Ойын барысында біліктілік пен шапшаңдылық танытып белсенді қатысқаны үшін оқушылар Алғыс хаттармен марапатталды.

 










1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы

Тұңғыш Перзидент күніне шаралар

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Перзидент күніне орай, «Тау тұлғаның тағылымды жолы» атты танымдық кеш Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы толық мәлімет беру, білім алушыларға өз Отанын, туған жерін сүюге, қорғауға, сақтауға құрметтеуге тәрбиелеу. Жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту мақсатында өткізілді. Шараға колледж студенттері, кітапхана оқырмандары қатысты.

Кеш барысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы толық мәлімет беріліп, оқырмандарға Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екені туралы баса айтылды. «Елбасы-Ел тірегі» - атты көрме жасақталып, оқырмандарға Елбасының еңбектері, кітаптары, шығармалары және Елбасы жайлы естелік,очерк пен өлеңдер жинақтары таныстырылды. Н.Ә. Назарбаевқа арналған «Тұңғыш Президент» бейнебаяны көрсетіліп, кітапхана оқырмандары Елбасы жайында сұрақтарға жауап беріп, Президент құрметіне арналағн жырлар тыңдалып, Н.Назарбаевтың «Өзекжарды ойлар», «Ой бөлістім халқыммен» кітабынан көркемсөздер оқыды.

 










«Ұлы дала ұлағатын ұлықтау»

Қазақстан Республикасы Н.Назарбаевтың 2018 жылы 22 қарашада жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Ұлы дала ұлағатын ұлықтау» тақырыбында дөңгелек үстел сұхбаты өткізілді. Дөңгелек үстел барысында өткенімізді өкшелеп, таразылап, болашағымызға бағытталған қадамды қолдау, тарихи санаға, рухани болмысымызға тереңірек үңілуге мүмкіндік беру арқылы ұлтымыздың құндылықтарын дәріптеу туралы баса айтылды.

Аталмыш шараға Облыс әкімінің Байганин ауданындағы қоғамдық кеңесшісі, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, өлкетанушы, жазушы, «Үздік өлкетанушы» төсбелгісінің иегері Ермекбаев Ибрагим, тарихшы, өлкетанушы, Адаев Шәріп, тарихшы, өлкетанушы ардагер ұстаз Жазықов Балғали, зейнеткер Өскінов Нұрлан, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Аққожа Қожағали, ұстаздар, мәдениет саласының қызметкерлер қатыстып, Елбасымыздың ел рухын көтеру мақсатында жарияланған мақаласына орай болашаққа көзқарасыңыз, «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» бөлімінің өзіндік мәні, «Тарихи сананы жаңғырту» атты тармағындағы ірі жобалар туралы сұрақтар қойылып ой пікірлерімен бөлісті.

 










«Дін және дәстүр»

Алтай моделді ауыл кітапханасында қоғамда орын алып отырған діни радикализмнің алдын алу мақсатында ауыл тұрғындары мен кітапхананың жасөспірімдерімен «Дін және дәстүр» тақырыбында дөңгелек үстел сұхбаты өткзілді. Дөңгелек үстел сұхбатына ауыл ақсақалдары, мекеме қызметкерлері, кітапхана оқырмандары қатысты. Діни радикализм, салт пен дәстүр, ислам діні, адамгершілік ,пен ата-анаға құрмет тақырыптары төңірегіндегі сауалдарда барлық оқырмандар өз пікірлерін білдірді. Ауылдың ақсақалдар кеңесінің төрағасы Е.Нұржауов дөңгелек үстел сұхбатын қорытындылап, өскелең ұрпақтың ата –анаға құрмет, отбасылық құндылық, мейірімділік пен адамгершілік туралы тағылымды ойларымен бөлісті.

 










«Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя»

Байғанин моделді ауыл кітапханасында жасөспірімдерге отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасындағы қарым қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, жанұядағы сыйластыққа, ынтымақ пен бірлікке,татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында «Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя» танымдық кеші өткізілді. Кешке ауылдық округ кеңесінің төрағасы Түгелбаев Қ., көп балалы ана Рәбіл Қ., Байғанин орта мектебінің оқу тәрбие ісінің орынбасары Абибуллин А. қатысып жасөспірімдерге отбасы құндылықтары туралы , әке,ана, бала және ұрпақ тәрбиесі туралы сауалдарымен пікірлесті.

 










«Бір ел- бір кітап» акциясы

Аудан кітапханаларында республикалық «Бір ел-бір кітап» акциясы 2018 жылы оқуға ұсынылған Ш.Құдайбердіұлының шығармалары, Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя», Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» кітаптарын насихаттау мақсатында шаралар жалғасын табуда. Қораши ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен жасөспірімдермен Ш.Құдайбердіұлының шығармашылығына арналған «Сахараның дана ойшылы» әдеби кеш өтіп, кеш барысында ақынның өмірі мен шығармаларынан ұйымдастырылған кітап көрмесі таныстырылды. Шәкәрім шығармаларының көркемдік және әдеби құндылығын насихатату мақсатында өткізілген шарада өлеңдері оқылды.

Байғанин моделді ауыл кітапханасында Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабын насихаттау мақстында «Ұшқан ұя- ұлағаттың бесігі» атты кітап көрмесінің таныстырылымы өтті. Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығынан ұйымдастырылған кітап көрмесі таныстырылды, кітап туралы кеңінен баяндалып, жастар мен балаларды, жалпы оқырмандарды Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» повесін оқуға шақырды.

Жарқамыс моделді кітапханасы Н.Келімбетовтың «Үміт үзгім келемейді» кітабын насихаттау мақсатында оқырмандар арасында адамгершілік, мейірімділік,бауырмалдылық ту еткен тәрбиелік мәні зор шығарманы оқуға шақыру мақстында «Келімбетов мұрасы- рухани құндылық көрсеткіш» тақырыбында кітап прьемерасы өткізілді.

Жем моделді ауыл кітпаханасында аталмыш акцияға орай «Қазақтың қадірлі қаламгерлері» атты кең көлемді кітап көрмесінің таныстырылымы өткізілді. Республикалық деңгейде оқуға ұсынылған қаламгерлердің өнегелі өмірі, олардың шығармашылығынан хабардар ететін кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды, «Дархан даланың данышпандары» буктрейлері, әр қаламгерге арналған «Сәуле ғұмыр», «Мәңгі тірі Бауыржан», «Үміт үзгім келмейді» тақырыптарында слайдтар көрсетілді.Оқырмандар танымал тұлғалардың кітаптары мен басылымдары туралы баяндап, өз пікірлерін ортаға салды.

 


«Байғанин -байтақ,жайнаған- өлкем»

Мерейтойлық кітаптың тұсаукесері

Жарқамыс моделді ауыл кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Байғанин ауданының 90 жылдығына орай жарыққа шыққан «Байғанин -байтақ,жайнаған- өлкем» мерейтойлық кітаптың тұсаукесері салтанаты өткзіліді. Тұсаукесер салтанатына кітапхана оқырмандары мен ауыл тұрғындары қатысты. Байғанин ауданның қалыптасуы мен тарихы, табиғаты мен географиясы, тарихи мәдени ескерткіштері, өңірдің танымал тұлғалары, Қазақстанның , облыстың, ауданның, әр ауылдың өркендеп дамуына үлес қосқан азаматтары туралы баяндалған энциклопедиялық жинақ туралы Жарқамыс ауылдық округінің әкімі Р.Обаев сөз алды. Тұсаукесер салтанатын ауылдың еңбек ардагерлері жасап, өскелең ұрпақтарға берері мол , өз өлкесін танып білуіне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыратын басылым екендігін жеткізді.

 










Халықаралық Шылымқорлықтан бас тарту күніндегі шаралар

Халықаралық Шылымқорлықтан бас тарту күніне орай жасөспірімдерд, балаларды денсаулыққа зиянды әдеттен аулақ болуға, спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Алтай моделді ауыл кітапханасында «Темекі шегу ағзаға зиян» - әңгіме,Жаңатаң ауылдық кітапханасында «Шылымқорлықтың түбі қорлық» -лекция, Жарқамыс моделді кітапханасы мен балалар кітапханасында «Шылымға әуестік –өмірге қауіпті» ашық аспан астында көрме - ескерту шаралары өткізілді. Шараларда ауыл дәрігері, спорт және дене шынықтыру пәні ұстаздары, спортшылар мен оқырмандардың қатысуымен өтіп, ағзаға темекінің зияны туралы баяндалып, салауатты, саламатты өмір сүруге бағытталған кітап оқу, спортпен шұғылдану туралы кеңестер берілді.

 










Ұлттық Теңге күніне арналды.

Аудан кітапханаларында Ұлтық Теңге күніне орай тәуелсіз Қазақ елінің төл теңгесін жас ұрпақтарға таныстыру,, ақшаның пайда болу тарихы өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі туралы мағлұмат беру мақсатында Байғанин моделді кітапханасында «Теңге-Тәуелсіздік символы», Жарқамыс балалар кітапханасы «Ұлттық теңге мақтанышым»,Бұлақтыкөл ауылдық кітапханасында «Тәуелсіздік жемістері теңгеміз» тақырыпттарында танымдық сағаттар өткізілді. Жиырма бес ішінде ұлттық теңгеміздің банкноттардағы өзгерістер туралы, экономикадағы белестері туралы баяндалған шұараларда мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалар мен басылымдар ұсынылып таныстырылды. Ұлттық теңге туралы өлеңдер тыңдалды. Ақтөбелік журналист, жазушы Идош Асқардың «Ақша туралы ақиқат» атты кітабы таныстырылды.

 



«Тобықтың мәңгілік мұрасы»

15 қазан - қазақтың көректі жазушысы, жерлесіміз Тобық Жармағамбетовтың туған күніне орай аудан орталығындағы «Ақын-жазушылар саябағында жазушының ескерткіші жанында «Тобықтың мәңгілік мұрасы» кітап көрмесі өткізілді. Шарада ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы баяндалып, оқырмандарға таныстырылды. Жазушы Т.Жарамғамбетовтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, жастар мен балалардың көркемәдебиетке деген қызығушылығын арттыру, кітап оқуға шақыру, отаншылдықққа, аптриоттыққа тәрбиелеу мақсатында өткен шараға 6-7 сынып оқушылары қатысып, жазушының шығармаларынан үзінділер тыңдалды.

 



«Өмірге жырымен сән берген»

Аудандық орталық кітапхана оқырмандарды кітаппен қамту бөлімі С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөсспірімдер кітапханасымен бірлесе «Оқитын өлке» акциясы және ақын Ө.Нұрғалиевтың 80 жылдығына орай «Өмірге жырымен сән берген» аттыпоэтикалық кеш режимінде өтті. Поэтикалық кешке ақын Өтөжанның сыныптасы Қалдан апай, шәкірті Қанат Тілеубергенов, өлкетанушы ұстаз ардагер Балғали Жазықов, С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөсспірімдер кітапханасы тарапынан ҚР Мәдениет қайраткері Е.Құрманбеков, журналист ардагерлер Кәдірбай Бекмағанбетов, Идош Асқар, ақындар Е.Ашықбаев, Н.Қалауов, сазгер О.Байсеңгір және кітапхана оқырмандары қатысты.

Шара барысында кеш қонақтары ақынның сыныптасы Қалдан апай, шәкірті Қанат Тілеубергеновтер ақынның жастық шағы мен ұстаздық қызметі туралы естеліктер баяндаса, ҚР Мәдениет қайраткері Е.Құрманбеков, журналист ардагерлер Кәдірбай Бекмағанбетов, Идош Асқар, ақындар Е.Ашықбаев, Н.Қалауов, С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөсспірімдер кітапханасы директоры, ақын Г.Н.Қалдина ақын шығармашылығына тоқталды. Ақынның жырлары кітапхана оқырмандарының оқуында тыңдалды

 



«ҰЛТТЫҚ ДАМУДЫҢ -ҰЛАҒАТТЫ ҮЛГІСІ»

Аудандық балалар кітапханасы «Рухани жаңғыру» және «Рухани қазына» бағдарламасы аясында жас ұрпаққа ел мәдениетінің тарихын, рухани мәдени тарихын танып білуіне ықпал ету, балаларды ұлттық болмыс, адамгершілік қасиеттер туралы танымын кеңейту мақсатында интеллектуалдық ойын өткізілді.

1.«Таныстыру»

2.«Қазақ халқының салт дәстүрі, әдет ғұрпы»

3.«Үш тұғырлы тіл уақыт талабы»(тіл туралы мақалдар айту),

4.«Тарихи –мәдени ескерткіштердің атауын атау»,

5.«Қазақ халқының ақын жазушыларын атау, және бір шығармасын толық жатқа айту» бөлімдері бойынша өткізілген танымдық интеллектуалдық ойынға № 1,2 Қарауылкелді орта мектебінің 6 оқушы қатысып, өз біліміділіктері мен танымын, өнерін көрсетіп, белсенділіктерін танытты. Қатысқан белсенді оқушыларға кітапхана тарапынан сыйлықтар табысталды.

 










ҚР КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ АРНАЛДЫ

Аудандық балалар кітапханасында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай қарауылкелді балалар бақшасының «Еркетай» тобының тәрбиеленушілерімен «Ата Заңым - айбыным» атты таным сағаты өткізілді. Мақсат ҚР Когституциясы туралы бүлдіршіндерге мағлұмат беру, тарихы мен қалыптасуы, білімі мен танымын кеңейту. Таным сағаты аясында «Ата Заң алтын тұғырым» атты көркемсуретті кітап көрмесі таныстырылды. Бүлдіршіндер «Менің Қазақстаным» Мемлекеттік Гимнді шырқады, отан, туған жер туралы тақпақтарын оқыды.

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі оқырмандар арасында «Конституция - азаттықтың айшықты айнасы» атты тақырыпта әңгіме өткізілді. Әңгімеге аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы Меделбаев Қуаныш, «НұрОтан» партиясы Байғанин аудандық бастауыш партия ұйымы филиалының қызметкері Сәрсенова Жанар қатысты. Конституцияның маңызы, адам құқытары мен мүддесі туралы , қазақ халқының тарихындағы дала заңдары туралы өзара пікірлесулер оқырмандар арасында өтті. «Конституция- азатығымыздың, еркіндіктің тұғыры» кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға таныстырылды.

 










«Қарттарын қадірлеген ел ардақты»>

Аудандық орталық кітапханада 1 қазан Қарттар күніне орай «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» тақырыбында қарттармен кездесу кеші өтті. Мақсат Қарттар күнінің мән маңызын жастарға ұғындыру, қариялардың отбасындағы,қоғамдағы ролін нығайту, ардагер қарттардың бата тілегі мен үлгі өнегеге толы ақыл өсиеті арқылы жастарды адамгершілікке, бауырмалдылыққа, ізгі қасиеттерге тәрбиелеу. Кездесу кешіне ауданның ауыл шаруашылық, білім, медицина салаларында еңбек еткен ардагерлер, ауданның қоғамдық саяси өміріне белсене араласқан ардагер аналар шақырылды. Білім саласындағы ардагер ұстаздар Мұхамедьярова Ақзада, Аманғалиева Қалима, Жылқыбаева Қазина, Дәрібаева Шәмсия, дәрігер зейнеткер Шекеева Наташа, ауылшаруашылық саласының ардагері Бақтығалиев Амантұрлы қатысып, бүгінгі қарттық кезең, жастар мен бала тәрбиесі,адамгершілік,отаншылдық,кітап оқу туралы ойлары мен ақыл кеңестерін өмірден түйгендерін бөлісті. Кещ барысында С.Жиенбаевтың «Қарттарым аман сау жүрші» өлеңінен бейбаян, әнші Е.Айдардың репертуарындағы «Ата-ананы сыйлаңдар» әні тыңдалды. Кеш қонақтарына аудандық ОКЖ директоры А.Ж.Тукенова құттықтап,ризашылық білдірді. Ардагерлер құрметіне дәм ұсынылып, гүлдер табысталды.

Бұлақтыкөл ауылдық кітапханасында ауыл мектебімен бірлесе «Қариялы ел-қазыналы ел» тақырыбында Қарттар күніне орай ауыл қарттарымен кездесу өткізілді. Ауыл қарттарымен кездесуде ата-әжелері өздерінің өмір жолдары мен еңбектері, өңірдің дамуындағы үлестері, ұлттық салт-әстүрді сақтау, адамгершілік пен мейірімділік, ізденіс пен білімділік туралы ақыл кеңестерін баяндады. Жастар мен балалр өздері қызықтырған сауалдар қойып, батагөй ақсақалдардан бата алды, ризашылығына бөленді.

 



«Жарқамыс –ұлағатты ұлылардың ұясы»

«Рухани жаңғыру», «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында ауыл мақтаныштарының әдеби әлемін таныту мақсатында «Жарқамыс –ұлағатты ұлылардың ұясы» тақырыбында бұрыш ұйымдастырылды. Жарқамыс ауылының түлегі ,республика көлеміне танымал суретші Құлбатыров Рашидтің салған сурет туындыларынан көрме ұйымдастырылып, өмірі мен шығармашылығы таныстырылды.

 







«Байғанин оқулары»

Н.Байғанин атындағы Ақтөбе облыстық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен өткізіліп келе жатқан дәстүрлі «Байғанин оқуларының» аудандық кезеңі аудандық балалар кітапханасында өтті. «Байғанин оқуларының» аудандық кезеңіне аудан орталығындағы орта мектептерден 12-15 жас аралығындағы 14 үміткер қатысты. Н.Байғаниннің шығармалаларын өскелең ұрпаққа насихаттау, оқу мәдениетін жетілдіру, балалардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында өткен «Нұрпейіс атты дауыл жыр» атты көркемсөз оқу байқауында жоғары деңгейде өнер көрсеткені үшін І дәрежелі Дипломмен Амандықова Ақнұр марапаттаылып, облыстық кезеңге жолдама алды. Әлібекұлы Ибрагим, Жұмабаев Азамат , Бөлекбаева Бақытгүл, Аққазыин Шыңғыс ІІ-ІІІ дәрежелі Дипломдармен, өнерімен белсенділік танытқан үміткерлер Алғыс хаттармен марапатталды.

 



Қазақстан халықтарының тілдері күні

Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесіне орай Жарқамыс моделді ауыл кітапханасында «Ұлт болашағы және латын әрпі» әңгіме оқырмандардың латын әліпбиіне көзқарасы,тіл мамандарымен ой бөлісу мақсатында өтті. Әңгіме барысында кітапхана оқырмандары З.Сейілханова, тіл маманы Қалиева Әсел латын әліпбиінің маңыздылығын баяндап, Қалиева Әсел «Төл әліпби - төл жазу мәселелері» кітабын кітапханаға сыйға тартты. Байғанин моделді ауыл кітапханасында «Тіл - ұлт рухының алтын қазығы» тақырыбында танымдық ойын балалар арасына жас ұрпақты ана тілінің қадір қасиетін түсіне білуге шақыру мақсатында өтті. Шара барысында ақын –жазушылардың тіл туралы өлеңдері мен қанатты сөздерін мәнерлеп оқыды,қазақ халқының термелерін домбырамен шырқап, мақал мәтел жалғастыру ойындарында өз ұшқырлықтарын, білімділіктерін көрсетті.

Алтай моделді ауыл кітапханасы А.С.Пушкин атындағы орта мектебімен бірлесе отырып, «Ана тілім-айбыным» атты көркемсөз байқауы өткізілді. Жас ұрпақты ана тілін жете мегеріп, таза сөйлеуге, мәнерлеп оқуға, қадір қасиетін бағалай білуге үйрету мақсатындағы шарада оқуышлар тіл туралы ақындардың шығармаларын мәнерлеп оқып, байқауға қатысып, жоғары деңгейде өнер көрсеткендері үшін кітапхана ұжымы атынан Алғыс хаттармен Марапатталды. Тілдер күні мерекесі және «Оқитын өлке» акциясы аясында Сағыз моделді ауыл кітапханасы жерлесіміз , «Құрмет» орденінің иегері, ақын Өтежан Нұрғалиевтің туғанына 80 жыл толуына орай ауылдық жастар ресурстық орталығымен бірлесе «Ақын Өтежан Нұрғалиев замана шындығын бейнелеген ақын» тақырыбында поэзия кеші өткізілді. Кеш аясында ақынның өмірі мен шығармашылығы жастарға таныстырылып, жырлары тыңдалды. Сонымен бірге «Тіл –ұлт тірегі» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

Қораши, Бұлақтыкөл ауылдық кітапханаларында орта мектептермен бірлесе «Ана тілім - ажарым,асыл мұрам» әдеби сазды кеш оқушылардың ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәретебесін көтеру,өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында өтті. Ақын-жазушылардың тіл тақырыбындағы өлеңдері мен жырлары тыңдалып, ақын –жыраулардың термелері шырқалды. «Тіл - ұлттық рух ұйтқысы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды.

 



Ақтөбе қаласы «Туған жерім –нұрлы елім» акциясы

Байғанин ауданының күндері

21-22 қыркүйек

«Сәулеті мен дәулеті асқан Байғанин»

Тұңғыш Президент атындағы демалыс саябағында қала тұрғындарына «Рухани жаңғыру» бағдарламасына, «Туған жерім-нұрлы елім» акциясы аясында «Сәулеті мен дәулеті асқан Байғанин» кітап көрмесі, «BAIGANIN» кітап инсталляциясы, «JEM-CAGIZDIN ADEBI ALEMI» мобильді кітапхана таныстырылымы өткізілді. Келушілер Байғанин ауданының қалыптасу тарихы мен бүгінгі келбеті, мәдениеті мен әдебиеті, қолөнері туралы әдебиеттермен танысты.

 



«Ақ тілектермен аттадым өмір есігін»

Аудандық орталық кітапхана қызметкерлері С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Жем –Сағыздың әдеби әлемін насихаттау, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі , зейнеткер ұстаз, ақын жазушы, сазгер Асылгүл Арықованың «Ақ тілектермен аттадым өмір есігін» шығармашылық кеші өткізілді. Жазушы\, ақын , сазгер А.Арықова өз шығармашылығында прозалық шығармалар жазатын, бірнеше рет аудандық , облыстық, республикалық мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған. Кеш жазушының Байғанин ауданынң 90 жылдығына орай, аудан әкімдігінің қолдауымен жарық көрген «Дариға-дүние» кітабының тұсаукесері рәсімімен басталды. Тұсаукесер рәсімін жерлесіміз, Қазақстан Жазушылар Одағы және Журналистер Одағының мүшесі, ақын Жақсылық Айжанұлы, С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры, ақын Гүлжайнар Қалдина жасады. Жазушы шығармашылығы туралы кітаптың беташарын жазған ақын Ж.Айжанұлы, аудандық блім бөлімінің басшысы С.Досқұлов шығармашылық иесіне сәттілік тіледі.

А.Арықова өзінің «Ана қабірі басындағы ой» өлеңін оқып, өлеңдеріне жазылған аудандық мәдениет үйінің сүйемелдеушісі Т.Сарыбаевтың сүйемелдеуімен «Ағаларым», «Жайсаң жандар» әндерін шырқады. Облыстық ән байқауларының жеңімпазы Тәжбағанбетова Ақбота «Туған жер» әнін тамылжыта шырқады. Кітапхана қызметкерлері Хусайнова С., Имашева А. «Өмір-арман», «Әкеме» өлеңдерін оқыды. Ұстаз-зейнеткердің шәкірті Зәмзагүл Иманова , С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры, ақын Гүлжайнар Қалдина ақын – жазушы А.Арықоваға шығармашылық жолда үлкен сәттіліктер тілеп, сыйлыққа «Ақ айдын» жас ақындардың өлеңдер жинағын, шоқ гүлдер табыстады. Кеш барысында модератор Н.Мәтбаева, кітапхана оқырмандары, жастар А.Арықованың сан қырлы шығармашылығы, өнері туралы өзара сауалдар қойып, шығармашылығымен танысты. Шығармашылық кешке қала мектептері , техникалық колледж студенттері қатысты. Ақын, жазушы, сазгер, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі А.Арықова туралы дайындалған слайд және «Жем-Сағыздың әдеби әлемі» атты кітап көрмесі таныстырылды.

 







«Таңғажайып кітап әлемі»

Библиофреш исталляция

«Туған жерім – нұрлы елім» Ақтөбе облысы Байғанин ауданы күндері аясында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, Ақтөбе облысының әкімі «Бақытты бала» жобасы бойынша аудандық балалар кітапханасы Ақтөбе қаласындағы Пушкин демалыс саябағында балаларға арналған «Таңғажайып кітап әлемі» библиофреш исталляциясы шарасы өткізілді. Шара аясында Байғанин ауданының 90 жылдығы аясында өңірдің тарихи табиғи ескерткіштерінен хабардар ететін «Асылдар туған, шежіре тұнған құт мекен» атты суретті саяхат – таныстырылымы жасалды. Киіз үй кітап исталляциясы жасалып, ертегілер әлеміне библиофреш өткізілді. Шараға қала қонақтары мен қаладағы №51 мектеп оқушылары қатысты.

 



«Жем-Сағыз ақын-жазушылар антологиясы»

тұсаукесері

Аудандық орталық кітапхананың оқу залында Жем –Сағыздың әдеби әлеміндегі қазаққа танымал ақын жазушыларды өскелең ұрпаққа таныстыру, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы , Байғанин ауданының 90 жылдығы мерейтойы аясында жарық көрген «Жем-Сағыз ақын-жазушылар антологиясының» тұсаукесері салтанаты өтті. Жем-Сағыз ақын-жазушылар антологиясы» тұсаукесер рәсімін ауданның тәуелсіздік жылдарында өркендеуіне үлес қосқан, еңбек ардагері Шоқан Ермұханбетов және ардагерлер кеңесінің төрағасы, жазушы- өлкетанушы , идея авторы Ибрагим Ермекбаев жасады. Еңбек ардагері Ш.Ермұханбетов жарыққа шыққан басылым туралы, ауданның әдеби қорына қосылған басылымға сәт сапар тіледі. Тұсаукесер салтанатында антологияның «Ұрпаққа мәңгі тіл қатшы, далам!» бөлімі бойынша ХҮІІ-ХІХ ғасырларда өмір сүрген ақын –жыраулар туралы баяндалып, Жем Сағыздың бойында өмір сүрген ақын - жырау Ақтан Керейұлының шығармашылығынан «Әр кемелге бір зауал» термесін аудандық, аймақтық, облыстық термешілер байқауының жеңімпазы Беркалин Иманжүсіп орындады.

Ақындық дәстүрді жалғастырған ХХ ғасырдың 60-90 жылдар аралығындағы өңірден түлеп ұшып, күллі қазаққа танылған Сағи,Тобық,Бәкір, Сәбит, Өтежан, Есенбай, Қажығали, Мәди, Тынымбай сынды ақын-жазушылар шығармашылығы туралы баяндалып, оқырман С.Көбейсінқызы ақын С.Жиенбаевтың «Оймауыт» өлеңін оқыды. Байғанин ауданында туып –өсіп, еңбек ете жүріп шығармашылықпен айналысып, республикалық, облыстық, аудандық мерзімді баспасөз беттерінде өз туындыларын жариялап келген талантты ақын жазушылар туралы баяндалып, кеш барысында өмірден өткен , ауданның мәдениет саласында еңбек еткен Сарыбаев Сүндеттің немересі Дильназ атасының шығармашылығынан «Шабыт өлеңін оқыса, жазушы журналист Ибадулла Сұлтановтың жары Ұрқия ана, ақын –теле журналист Ботагөз Баймұханованың ағасы –Қонысбай аға, ақын –жазушы, журналист Жақсылық Ұзақовтың ұлы -Қайрат естеліктерін айтып, жаңа басылымның жарыққа шығуына орай ыстық лебіздерін білдірді.

«Даланың үзілмеген жыр әуені» атты бөлім бүгінгі таңда талантты жастардың шығармашылығынан сыр шертеді. Бұл бөлім бойынша жыр керуенін жалғастырған жас ақын ,аудандық жыр мүшәйралардың жеңімпазы , ұстаз Ақторғын Алдабергенова өз өлеңін оқып, лебізін білдірді. Ең жас оқырман Дос Қуат туған жердің торқалы тойы аясында жарық көрген басылымға, Жем-Сағыз ақын жазушылар антологиясы туралы, өзінің оқып жүрген танымал ақын жазушылар туралы ойын баяндады.

 



Байғанин ауданына -90 жыл

2018 жыл Байғанин ауданының құрылғанына 90 жылдығына орай өткен аудандық мәдени іс шараларда кітапхана қызметкерлері атсалысты. «Тарихы құнды, болашағы нұлы өлке» мерекелік шаралар аясында өткізілетін «Туған жер - алтын бесік» атты мерекелік театрландырылған қойылым сценарийі дайындалып, ұсынылды. Және мерелік шара аясында аудандық кітапхана ұжымының жұмысшы қызметкерлері тарихи кезең 1940 жылы ақын жырау Н.Байғаниннің есімі берілуі және, әжелердің «Тұсау кесер» қойылымдарын ұсынды.

«Жем Сағыз ақындар аллеясының» ашылуы құрметіне аллеяда өңіріміздің қазақ еліне танымал ақын жазушылары Б.Тәжібаев, С.Жиенбаев, Т.Жармағамбетов, С.Баймолдин, Ө.Нұрғалиев, Е.Дүйсенбаевтың ескерткіштері жанында қаламгерлер өмірі мен шығармашылығынан хабардар ететін көрмелер ұйымдастырылып, ақын, жазушылар, өңірден түлеп ұшқан танымал ғалымдар, қайраткерлер, және ақын жазушылар мен ғалымдар ұрпақтарының, қонақтардың қатысуымен әңгіме сұхбаттар өткізілді.

«Тағылымды тарихы мол өлке» облыстық ғылыми практикалық конференция аудандық ішкі саясат бөлімімен бірлесе Т.Жармағамбеов атындағы орта мектептің акт залында өткізілді. Конференция модераторы, Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының ғылыми-зерттеу және халқаралық байланыстар жөніндегі проректоры, саяси ғылымдарының докторы, профессор,Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері Жаулин Киікбай Мыңбайұлы «Тағылымды тарихы мол өлке», Педагогика ғылымдарының докторы,профессор, Ақтөбе облысының, Байғанин ауданының Құрметті азаматы Ниетжан Берікұлы «Байғанин аудан алған асулар мен асылдар», Педагогика ғылымдарының магистрі,PhD, Ақтау қаласынан Бақтыбай Жайлау «ХҮІІІ ХІХ ғасырлардағы Үстірт пен Маңғыстау, Жем бойындағы кейбір тарихи оқиғалар және халық батырлары Дәуімшар мен Құдабайдың жорықтары», Филология ғылымдарының докторы, Қыздар ПМемлекеттік Педагогикалық Универститеиінің профессоры Тыныштық Ермекова «Асылдартуған, шежіретұнған құт мекен»(ауданныңтарихитұлғалары, батырлары, ақын-жазушылары, ғалымдары, би-шешендері, Қазанңаптанушы, ҚР Білім беру ісінің үздік қызметкері, күйші, өнер зерттеушісі Жайлау Асыоханов «Доңызтау өңірінен шыққан Қазанғап күйін жеткізушілер» тақырыптарында баяндамалар жасады.

Жазушы, өлкетанушы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ибрагим Ермекбаев «Байғанин ауданы» кітабының 90жылдығына орай шығарылған кітабын таныстырып, тұсаукесер рәсімін Педагогика ғылымдарының докторы,профессор, Ақтөбе облысының, Байғанин ауданының Құрметті азаматы Ниетжан Берікұлы және жазушы Тобық Жармағамбетовтың қарындасы Әсем Жармағанбетова жасады. Конференция аясында «Сәулеті мен дәулеті асқан Байғанин» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, конференция қатысушыларына таныстырылды.

 



 



Жерлестердің кітапханаға тартуы.

Ауданымыздың мерейтойы аясында кітапханаға өз шығармашылығынан, өздерінің жеке кітапханасынан кітаптар тарту еткен мерейтой қонақтары мен жерлестеріміз болды. Ауданымыздың ауыл шаруашылығы саласында гидромелиоративтік суландыру жұмыстарының шебері, жоғары санатты инженер гидротехник, ақын, сазгер Селбай Құлжановтың өмірі мен шығармашылығынан хабардар ететін туынды «Ұрпағыма хат» кітабын Селбайұлы Мұхтар Құлжанов, жерлесіміз, Дене тәрбиесі ұлттық ғылыми практикалық орталығының ғылыми қызметкері, «Қазақ ССР ағарту ісінің үздігі», «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері», «ҚР спортының құрметті қайраткері», «ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгілерінің иегері Сүгірәлі Тайжанов «Ерінбей еңбек етсең шыдап егер...( Дене тәрбиесі мен спорт жөніндегі ой пікірлер, әдебиеттер көрсеткіші және автор жөнінде жазылғандардан және т.б) кітабын тарту етті.

Ата бабасының кіндік қаны тамған, екі жасында замана запыранының толқынымен сонау Қарақалпақстанға қоныс аударып, бүгінде өзінің туған елі Қазақстанға 90 жасқа аяқ басқан уақытта оралған ақсақал, экономика ғылымдарының кандидаты, Қарақалпақстанға еңбегі сіңген экономист Қиынбаев мерейтойда аудандық орталық кітапханаға келді. Мерейтойлық сапарында М.Қиынбаев өз шығармашылығындағы және Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өскелең ұрпаққа ұлағаты мол, тағылымды тарихи жазбаларын жинақтаған екен, «Бөкенбай батыр қазақтың мақтанышы» (1667-1742), «Уақытында айта алмаған сырым», «Әулие Пір атамыз Есеней Саяқ Ысық» кітаптарын кітапханаға берді.

Қазақтың өжет ойлы ақыны,жерлесіміз, «Жер мекен», «Қырда туған», «Тал кеме» және т.б. жыр кітаптарының авторы Сәбит Баймолдиннің ұрпағы Лейла Сәбитқызы Баймолдина жеке кітапханасынан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ,көрнекті ақыны Нұрлан Оразалиннің «10 томдық шығармалар жинағын» туған жердің торқалы 90 жылдық тойында сыйға беріп қуантса, қазақ әдебиетінің қабырғалы қаламгері, ҚР Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, жазушы Мәди Айымбетов 2016 жылы Алматы қаласындағы «Дәуір» баспасынан жарық көрген 5 томдық «ТАҢДАМАЛЫ ШЫҒАРМАЛАР ЖИНАҒЫН» табыстады.

Заңгер Нұрмағанбетов Назарбек Қалыбекұлы Байғанин ауданының түлегі, туған жерінің торқалы тойына «Адвокадтың әңгімелері» атты кітабы қазіргі таңдағы қоғамға жат құбылыстарға (сыбайлас жемқорлық ) сын көзбен қарап, адамгершілік қасиеттерге үндеген әңгімелер енген 5 дана кітабын, сонымен бірге жерлесіміз , 1986 жылғы Қазақстанда Желтоқсан оқиғасының қайраткері Құрманғазы Зейноллаұлы Айтмырза Желтоқсан оқиғасы туралы «Қазақстандағы Желтоқсан көтерілісінің тарихи және халықаралық маңызы» халықаралық практикалық конференция материалдарының қазақ,орыс,ағылшын тілдеріндегі жинағын (баспаға «Қаһармандар» тарихшылар қауымдастығы ұсынған) табыс етті.

Мектеп мұғалімінен, мемлекет қайраткеріне айналған, облыстағы аудандарды басқаруда, облыстық деңгейде жоғары лауазымдық қызметтерді жауапкершілікпен, бастамашылдықпен ,абыройлы атқарған «Құрмет белгісі», екі мәрте «Еңбек Қызыл Ту» орденінің иегері Сағынтаев Сапар Сағынтайұлының «Ел тағдыры еңбекпен еншілес» атты 2 -ші кітабын, және Мұғалжар ауданының әкімі Е.Ж.Данағұлов «Мұғалжар туған байтағым» атты кітабын арнайы автографтарымен сыйға тарту етті.

 



«Ақиқаттан айнымаған қалам»

Ақын, Құрмет орденінің иегері Өтежан Нұрғалиевтің туғанына 80 жылдығы аясында аудандық орталық және балалар кітапханасының бірлесумен «Ақиқаттан айнымаған қалам» тақырыбында танымдық сағат өткізілді. Шара барысында ақын шығармашылығы мен өмірі туралы дайындалған виртуалды кітап көрмесі, «Қазақстан Ақтөбе» телеарнасының дайындаған Өтежан Нұрғалиев туралы деректі фильм көрсетілді. Оқырмандарға ақын шығармашылығы туралы кітап көрмесі таныстырылды.Оқырмандар ақын жырларын оқыды.

 










«Дариға -дүние» кітабының тұсаукесері

Аудандық орталық кітапханада ардагер ұстаз, ҚР Журналистер дағының мүшесі, жазушы,ақын Асылгүл Арықованың «Дариға -дүние» кітабының тұсаукесер салтанаты өтті. Ақындар елі атанған Байғанин ауданында дүниеге келіп, ұстаздық қызмет ете жүріп, шығармашылықпен айналысып келе жатқан Асылгүл Арықованың проза жанрында жазылған жинағын таныстыру, өскелең ұрпақты көркем әдебиет оқуға баулу, адамгершілік қағидаттарға баулу.

Тұсаукесер салтанатына кітапхана оқырмандары, кітап авторының шығармаларындағы кейіпкерлер,еңбек ардагерлері мен ұстаздар қатысты. Кітаптың тұсаукесер рәсімін ҚР Білім беру ісінің үздіктері ,ардагер ұстаздар Ашықбаев Қалдығұл, Тәжімұратова Злиха жасап, Ашықбаев Қалдығұл автордың ұстазы, әрі әріптесі ретінде шығармашылық сәттілік тіледі. Тұсаукесер салтанатына қатысушылар аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қ.Аққожа, бөлімнің жетекші маманы Рита Азова, кітапхана оқырмандары Ш.Дәрібаева, Т.Әбдірзақова, және «Дариға дүние» кітабындағы кейіпкерлер Оралгүл, Шолпан, Қазина, Бауыржан аға апалар өмірдегі, өз туған жеріндегі ауыл тірлігі мен ауыл адамдары арасындағы адамгершілік хақындағы тұрмыс тіршілік түйткілдері туралы баяндап, кітап авторы А.Арықоваға шығармашылығына табыстар тіледі.

 










Астананың 20 жылдығына арналды.

Еліміздің жүрегі - Астананың 20 жылдығына орай аудан кітапханаларында іс шаралар ұйымдастырылды. Ебейті моделді ауыл кітапханасында «Жаса, жайна, ару қалам –Астанам», Жарқамыс моделді ауыл кітапханасында «Жыр жауһары-Астана», Сағыз моделді ауыл кітпаханасы «Жайнай берсін, Астана», Жем моделді кітапханасы «Ән қала, жыр қала, гүл -қала, Елімнің бесігі –бұл қала», Байғанин моделді кітапханасы «Ел жүрегі –Астана» тақырыптарында ауыл тұрғындарымен, кітапхана оқырмандарымен мерекелік шаралар өткізілді.

Жарқамыс моделді ауыл кітапханасында «Жыр жауһары-Астана» мерекелік кеш Жарқамыс өңірінің түлегі, Астананың төл құрдасы, қазіргі таңда Түркия мемлекетінде білім алып, оқып жүрген Дубекова Алтынайдың жерлестеріне Астана қаласының 20 жылдығымен, Жарқамыс орта мектебінің 90 жылдығымен құттықтауымен ашылды. «Егемен еліміздің бас қаласы -20 жаста» тақырыпта ашық аспан астындағы түнгі кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды, шебер балалардың қолынан шыққан «Астана» макеті ұсынылып, балалардың сәулет өнеріне деген қызығушылығы артты. «Астана 20: Жеңістер мен жетістіктер» виртиуалды кітап көрмесі ұсынылды. Балалардың танымын кеңейту мақсатында «Астана» сөзжұмбақ крассворд ойыны өткізілді. «Жыр отау» қызығушылық клубы мүшелері өздерінің Астананың мерейтойына арнаған жыр шашуларын оқып, ауылдық мәдениет үйі көркемөнерпаздары әннен шашу шашты.

Байғанин моделді ауыл кітапханасы ауылдық мәдениет үйімен бірлесе «Ел жүрегі –Астана» мерекелік шара өткізіп, шара аясында көркемөнерпаздармен оқырмандардың қатысуымен Қазақстан, отан, туған жер, Астана туралы ән жырлар тыңдалып, билер биленді. Мерекелік кешке қатысушылар «Астанаға 20 жыл» инсталляциялық көрме таныстырылды.

 










 










«Астана – ерлік пен елдіктің аманаты»

Аудандық орталық кітапхана Тәуелсіздік 20 жылдығы атындағы саябақта Астана қаласының 20 жылдығына орай «Астана – ерлік пен елдіктің аманаты» атты мерекелік әдеби сазды кеш ұйымдастырып, «Сәулеті сәнге, әр күні әнге айналған Астана» атты концерттік бағдарламаға ұласты. Танымдық ақпараттармен бірге, қазақ ақындарының Астанаға арнау өлеңдері оқылды. Ауданның жас өнерпаздары Астана қаласының 20 жылдығына ән шашуларын арнап, шараға жиналған аудан тұрғындарын бір серпілтіп тастады.

Концерттік бағдарламада кітапхананың өнерлі оқырмандары мен аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері, өнерпаздар қатысып, белсенділік танытты. «Мәңгілік елдің жүрегі –Астана» кітап көрмесі таныстырылымы өтіп, кешке қатысушыларға Астана тарихы мен бүгінгі тыныс тіршілігінен хабардар ететін басылымдар ұсынылды.

 










 










«Жайнай бер, ару - Астана»

Аудандық балалар кітапханасы балалар арасында «Жайнай бер, ару - Астана» жазғы алаңдағы сурет салу байқауын өткізді.Байқауға 40 бала қатысып, алаңға сурет салды. Астанадағы әдемі «Бәйтерек», «Ақорда», «Окенарум», «Қазақ Елі» монументі ғимараттарын бейнелеген балаларға мерекелік тәттілер таратылды, «Мәңгілік елдің жүрегі –Астана» кітап көрмесі таныстырылып, библиографиялық шолу жасалды.

 










Астанаға -20 жыл

Кітапханаларда елордамыз Астана қаласының 20 ждылдығына орай өткізілген іс шаралар «Бақытты бала» жобасы аясында мектеп жанындағы жазғы сауықтыру демалыс лагерінде демалушы балалар арасында ұйымдастырылуда. Жаңажол моделді ауыл кітапханасы жазғы лагерьде демалушылар арасында «Астана –Ұлы дала Елордасы» атты видео-рандеву күн санап бой көтеріп келе жатқан Астананың ел өміріндегі маңызды оқиғалары мен қаланың бүгінгі келбетін таныстыру мақсатында өткізілді. Жаңатаң ауыл кітапханасы «Тәуелсіздік түндігі –Астана» жасөспірімдермен танымдық сағаттар өткізілді. Шара барысында «Ел жүрегі - Астана» тақырыбында кітап көрмесі жасақталып, қысқаша шолу ұйымдастырылды

 










 












Ұлттық Домбыра күні

Аудан кітапханаларында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен 1 шілде -Ұлттық Домбыра күні деп жариялауына орай ұлттық аспабымыз –Домбыра туралы өскелең ұрпақтардың танымын кеңейту, ұлтжандыққа, ұлттық өнерімізді сүюге, өнерге баулу мақсатында іс шаралар өткізілді. Сағыз ,Байғанин моделді ауыл кітапханаларында «Домбыра - халық даналығы», «Домбыра - асыл мұра» тақырыптарында Жаңатаң, Қораши ауыл кітапханаларында «Домбыра дастан» танымдық - ақпараттық сағаттар өткізілді. Аудандық балалар кітапханасы «Домбыра-асыл мұра» тақырыбында балалармен әңгіме өткізілді. Өткізілген шаралар аясында ұлттық өнер, домбыра аспабы туралы танымын кеңейту үшін басылымдардан кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды.

 










«Сыбайлас жемқорлық –қоғам дерті»

Сағыз моделді ауыл кітапханасында жасөспірімдер арасында «Сыбайлас жемқорлық –қоғам дерті» тақырыбынеда дөңгелек үстел сұхбаты өткізілді. Мақсаты: ел болашағы жастардың бойына ар-намыс, адами құндылықтарды баулу, қоғам дерті- сыбайлас жемқорлықпен күрес жолдарын түсіндіру. Дөңгелек үстел сұхбатына ауылдың учаскелік полиция қызметкері Қаленов Артур, Сағыз орта мектебінің мұғалімі Құлметова Бақытгүл қатысып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жастардың қоғамға жат әрекеттерден сақ болуына, ел игілігіне адал қызмет етуге шақырды. Өз ой пікірлерімен бөліскен оқырмандар толғандарған сауалдарына жауап алды.

 










«Оқитын өлке» облыстық акциясы

«Кітап оқы: Өз өлкеңді танып біл» аудандық оқу марафоны

Өтежан Нұрғалиев -80

«Оқитын өлке» акциясы және «Кітап оқы: Өз өлкеңді танып біл» аудандық оқу марафонына 2018 жылы таңдалған ақын, «Құрмет» орденінің иегері Өтежан Нұрғалиевтің шығармаларын, ақынның 80 жылдығына орай Жем моделді және Жаңатаң ауыл кітапханаларында «Тұғыры биік қаламгер», «Тума жырдың тұнығы» тақырыптарында мәнерлеп оқу сйыстары балалар арасында өткізілді. Мақсат: ақын шығармашылығын насихаттау, көркем әдебиетті, поэзияны сүюге баулу, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Мәнерлеп оқу сайысында көркем сөз оқу шеберлігімен танылған оқырмандардарға алғысхаттар табысталып, ақын өмірі мен шығармашылығынан хабардар ететін кітап көрмесі таныстырылды.

 










 










ҚР Мемлекеттік Рәміздер күні

Аудандағы Байғанин моделді ауыл кітапханасында «Рәміздер менің мақтанышым» атты көрме таныстырылымы өскелең ұрпаққа Рәміздер туралы танымын кеңейту, құрметтеуге баулу мақсатында өткізіліп, Рәміздер туралы басылымдар таныстырылды. Жарқамыс моделді кітапханасында «Рәміздерге –құрмет, Отанға құрмет» патриоттық кеш, Сағыз моделді кітапханасы «Менің Отанымның Рәміздері» тақырыптық кеш, Жем моделді кітапханасында «Еліміздің рәміздерін қастерлейік» танымдық әңгіме, аудандық орталық кітапханада «Рәміздерім – елдігімнің тірегі әдеби танымдық сағат ұйымдастырылды.

 










 










Балалар мерекесіне арналған шаралар.

1 маусым – Халықаралық Балаларлы қорғау күніне орай аудан кітапханаларында мәдени шаралар, мерекелік ертеңгіліктер өткізілді.

Қопа селолық кітапханасында 1 маусым – Халықаралық Балаларды қорғау күніне орай кішкентай бүлдіршіндермен «Айгөлек -2018» танымдық кеш өткізілді. Адам өміріндегі үлкен бақыт - ұрпақ өсіру,тәрбиелеу мақсатында өткізілген шараға мектептің бастауыш сынып оқушылары мен шағын орталық тәрбиеленушілері қатысуымен өткен кеште балалар өнер көрсетті. Бақытты балақайлар ән шырқап, би билеп, өлеңдер оқыды.Жаңатаң ауыл кітапханасында «Бар мейіріміз балаларға» ертеңгілігі, Қораши ауыл кітапханасында 1сынып оқушылары арасында «Алғыр алтау» сайысы өткізілді. Мақсат балалардың білім пәндерін бойынша ой ұшқырлығын дамыту, білімді балаларды анықтау.

Жем, Алтай, Байғанин, Сағыз, Жарқамыс моделді ауыл кітапханаларында «Біз бақытты баламыз», «Бақытты бала», «Бар мейіріміз балаларға» тақырыптарында мәдени шаралар, мерекелік серуендер, ертеңгіліктер өткізілді. Өткізілген шараларда ауылдық округ әкімдері мен ауыл кәсіпкерлері демеушілік жасап балаларға ойын алаңдарын ашып, доптар сыйлап, балмұздақтар үлестірілді.

 










 










«Тарихта қалған тағдырлар»

Аудандық балалар кітапханасы нда 31 мамыр –Саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Тарихта қалған тағдырлар» танымдық сағат өскелең ұрпаққа ХХ ғасыр басында қазақ жерінде өткен тарихи оқиға – саяси қуғын сүргін репрессиясы, аштық генициді туралы таныстыру мақсатында өтті. Қазақ елінде жазықсыз жапа шеккен ел зиялылары мен арыстары туралы, өмірі мен ерлігі туралы баяндалды. Шара аясында «Зұлмат жылдар құрбандары» тақырыбында кітап көрмесі таныстырылды.

 










«Мәдениет – ұлт рухының мәйегі»

Аудандық орталық кітапханада «Рухани жаңғыру», «Рухани қазына» кіші бағдарламасы және Байғанин ауданының 90 жылдығынга орай «Мәдениет –ұлт рухының мәйегі» атты мамандары күні атап өтті. Мамандардың кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылған шараға мәдениет және өнер қызметкерлері, мәдениет саласының ардагерлері қатысты. Байғанин ауданының мәдениет саласының қалыптасуы, дамуы, жетістіктері мен болашағы туралы ауданның мәдениет саласының дамуына зор үлес қосқан, енбек ардагері Қиынбай Жуканов, ҚР Мәдениет қайраткері Батима Кенжебаева, кітапхана саласының ардагерлері Көккөз Жазық, Бұхарбаева Бағила, «Қазанғап» атындағы ұлт-аспаптар оркестрінің әншісі болған Такен Ермек аудан мәдениетінің қалыптасуы, дамуы жолында еңбек еткен адамдар туралы, естеліктермен бөлісті.

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мамандары Р.Айтжанова, О.Бердешова, аудандық ОКЖ директоры А.Тукенова ауданның мәдениет саласындағы тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері, рухани жаңғыру бағдарламасы аясындағы атқарылған шаралар, болашақтағы міндеттер туралы баяндады. Мәдениет үйі қызметкерлері А.Жеткірбаев өз шығармашылығындағы жырларын оқыса, күйші Е.Қозыбаев күй тартып, әншілер Р.Қалдығалиева, М.Қозбакова, А.Әнуарұлы ән шырқады. Ауданның мәдениет саласы туралы дайындалған «Мәдениет - ұлт рухының мәйегі» атты бейнеслайд таныстырылды.

 










«Ана тілім – бабалар аманаты»

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, аудандық балалар кітапханасы «Мемлекеттік тіл-ұлт тірегі» аудандық тіл фестивалі аясында 12-15 жас балалар арасында «Ана тілім – бабалар аманаты» атты ақындар мүшәйрасы өткізді. Мақсат - жас талантты ақындардың шығармашылығын дамыту, қолдау, көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру. Байғанин ауданының 90 жылдығына «туған өлкем-тұнған тарих, қазынам», Астана құаласының 20 жылдығына «Астана-ғажайыптар мекені», жерлесіміз, қазақтың көрнекті ақын Өтежан Нұрғалиевтың туғанына 80 жыл толуына орай «Өлең өлкесінің Өтежаны» тақырыптары аясында 6 талапкердің шығармалары қабылданды.

Көркемдік жағынан әсерлі, ұйқас ұтымдылығы, өлең арқылы өз ойын жеткізе білген, ұсынылған тақырыптар бойынша өз өлеңдерін ұсынған Алтай моделді ауыл кітапханасының оқырманы Құлжанова Аружан Тасболатқызы І орынды иеленді. ІІ орынға Т.Жармағанбетов атындағы орта мектебінен Жұмабева Айшолпан, ІІІ орынға –Шотықбаева Гүлдана ие болып, жеңімпаздарға арнайы дипломдармен, сыйлықтар табыс етілді. Талапкерлер Әнет Зейнеп, Оспанова Дильнара, Рүстемов Мирасқа Алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

 










«Халық жүрегіндегі қаламгер»

«Оқитын өлке» акциясына ұсынылған ақын Өтежан Нұрғалиевтің өнегелі өмірі мен шығармашылығына арналған «Халық жүрегіндегі қаламгер» атты танымдық сағат өткізілді. Танымдық сағатты ақын өмірі туралы жерлестері сыр шертсе, жас оқырмандар Өтежан ақынның өлеңдерін оқыды. Ө.Нұрғалиевтің 70 жасқа келген кездегі туған жеріне сапары туралы бейнебаян көрсетілді. Ақын өмірі мен шығармашылығы туралы «Әдебиет әлеміне самғаған» атты кітап көрмесі таныстырылды.

 










«Астана – тәуелсіздік тірегі»

Аудандық орталық кітапхана оқырмандарды кітаппен қамту бөлімі жасөспірімдер арасында Астананың 20 жылдығына орай Елорда туралы танымын кеңейту, елбасы, қазақстан, отан туралы сұрақтар арқылы кітаптар ұсыну, кітап көрмесін таныстыру мақсатында «Астана – тәуелсіздік тірегі» атты көрме-крассворд сағаты өткізілді. Оқырмандар Астана крассвордын шешуде кітап қоры негізіде дайындалған кітаптар алып оқыды.

 










«Отбасымызбен оқимыз» «Отбасым – бақыт мекенім»

дауыстап оқу, шығармашылық байқау

Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен отбасылық кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, отбасы құндылығын дәріптеу мақсатында «Отбасымызбен оқимыз» дауыстап оқу өткізілді. Дауыстап оқу шарасына кітапхана оқырмандары әжелерімен келіп қатысты. Шара аясында балаларға Оңай және Аққағаз әже балаларға «Кітап оқудың пайдасы» атты әңгімелер, ертегілер әлемінен сыр шертті, «Біз отбасымызбен оқимыз» бөлімі бала әжесімен ертегі оқып, мазмұнын баяндады. «Жұмбақ шешу», «мақал-мәтел жалғасын табу» ойындары өткізілді.

 










«Тәрбие отбасынан басталады»

Алтай моделді ауыл кітапханасы мамандары Халықаралық Отбасы күніне орай «Тәрбие отбасынан басталады» Алтай батыр ауылының көп балалы отбасының отанасы Садуақасова Балибаның шаңырағына құттықтау сұхбатымен барды . өскелең ұрпақтарға , жас отбасыларға отбаслықы кұндылықтарды сақтауға баулу, бала тәрбиесі, абзал ана Садуақасова Балибаның өмір сүріп, еңбек етудегі саналы ғұмырын үлгі ету, құрмет көрсету. Сұхбат барысында ананың өнегелі өмірі, адал еңбегі, ананың, әкенің отбасындағы ролі, салт дәстүрді сақтау т.б. сауалдар төңірегінде пікірлесті. Кітапхана мамандары абзал анаға ризашылықтарын білдірді.

 










«Өткеніңді ұмытсаң, өшкеніңнің белгісі,

Өткеніңді еске алсаң, өскеніңнің белгісі»

Жарқамыс моделді ауыл кітапханасының ұйымдастыруымен 15 мамыр күні ақын - жазушы, сазгер- драматург Бәкір Тәжібаевтың туған күніне орай туған жері Ақбұлақта «Өткеніңді ұмытсаң, өшкеніңнің белгісі, Өткеніңді еске алсаң,өскеніңнің белгісі» еске алу шарасы өткізілді. Шара барысында ақынның кіндік қаны тамған жерде ескерткіш тақта жанында өмірі мен шығармашылығы туралы естеліктер баяндалды. Ақынның «Ақбұлақ» әні шырқалды, кітапхананың жас оқырмандары ақынның туған жер, отан, еңбек туралы жырларын оқыды. Шараға қатысушылар ақынның жырлаған «Ақбұлағынан» су ішті, ақынның өлеңдеріне жазылған «Әдемі-ау», «Ауылым» орындалды.

 










«Қазақтың Бауыржаны»

Аудандық орталық кітапханада «Бір ел-бір кітап» акциясына ұсынылған Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасын оқуға шақыру,жас ұрпақты аңызға айналған қазақ батыры Б.Момышұлының өмірі мен шығармашылығын таныстыру мақсатында тарихи патриоттық сағат өткізілді. Батыр баба туралы дайындалған бейнебаян көрсетіліп, кітап көрмесі таныстырылды.

 










Ұлы Жеңіс күніне арналды

Жарқамыс моделді ауыл кітапханасы ауылдық мәдениет үйі, балалар кітапханасы бірлесуімен «Ұлы Жеңіс –ұмытылмас тарих» атты патриоттық кеш, өткізілді. Кеште сұрапыл соғыс жылдарындағы ауыл көрінісі сахналанды, сол кезеңдердегі әндер шырқалды, жырлар тыңдалды. Кешке шақырылған еңбек тыл ардагерлері ризашылықтарын білдіріп, естеліктер мен туған жерімізден оралмаған боздақтар туралы естеліктер баяндады. Жаңатаң ауыл кітапханасында «ҰРПАҚҚА ҰРАН БОЛҒАН ҰЛЫ Жеңіс» атты мерекелік кеш ауыл тұрғындарымен өтіп, «Ұлы ерлікке мың тағзым» кітап көрмесі таныстырылды. Жем моделді ауыл кітапханасы «Ешкімде ұмытылмайды» атты туған жерден елін қорғауға аттанған майдангерлер туралы танымдық сағат өткізілді.

 










7 мамыр –Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылған күні

Жарқамыс моделді ауыл кітапханасында «Ел ертеңі айбынды жассарбаз патриоттық бенефис Отан алдындағы әскери борышын өтеп келген ауыл жастарымен өткізілсе, Алтай моделді ауыл кітапханасында «Ел қорғаны –жасұлан» атты жасөспірімдер арасында дөңгелек үстел сұхбаты өткізілді.Қораши ауылдық кітапханасында «Біз Отанды қорғаймыз, біз Отанға адалмыз» атты жасөспірімдермен сұхбат кеші жастарды патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, отанға адал қызмет етуге баулу мақсатында өтті. Сұхбат кешке аға ұрпақтар мен өскелең ұрпақтар арасында сабақтаса пікірлесулер өтті.

 










Қазақстан халықтарының бірлігі күні, Қазақстандағы Өзбекстан жылы

Аудан кітапханаларында 1 мамыр –Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Қазақстан - татулық пен бірліктің ордасы» (Жем моделді кітапханасы), «Ұлт бірлігі-ұлт байлығы» (Сағыз моделді кітапханасы) «Мәңгілік ел –мызғымас бірлік» (Алтай моделді кітапханасы) «Қазақстан –татулық пен бірліктің алтын бесігі» (Жарқамыс балалар кітапханасы), «Көп ұлтты шаңырақ» (Ебейті моделді кітапханасы) тақырыптарында танымдық сағаттар, мерекелік кештер өткізілді.

Қазақстандағы Өзбекстан жылына орай Сағыз, Байғанин,Жем моделді, Копа ауылдық кітапханаларында «Қазақстан мен Өзбекстан қатынасының жаңа белесі»», «Қазақстан – Өзбекстан: тамыры терең достық», «Қазақстандағы Өзбекстан жылы» өзбек халқының мәдениет мен өнері, салт дәстүрлері туралы танымдық сағаттар өткізілді.

 










 










«Бала сұлтан» сайысы

Жарқамыс балалар кітапханасында шағын орталық тәрбиеленушілері ер балалар арасында «Бала сұлтан» сайысы өткізілді.Мақсаты балаларды Отанын сүюге баулу, адамгершіліке, батылдық пен патриоттыққа тәрбиелеу. Сайысқа бес тәрбиеленуші қатысып, «Таныстыру», «Білімді мсыңды жығар» (сұрақ-жауап), «Сегіз қырлы, бір сырлы»( өнер сайысы), «Құралайды көзге атқан» (асық ату,мергендік сайысы), «Кім күшті» (күш сынасу ) бойынша өз өнерлері мен икемділіктерін көрсетті. Сайысқа қатысушы балаларға алғыс хаттар мен сыйлықтар табыстылды.

 










«Рухани жаңғыру: жастар және қоғам»

«Рухани жаңғыру», «Рухани қазына» бағдарламасы аясында жастар арасында «Рухани жаңғыру: жастар және қоғам» дөңгелек үстел сұхбаты өткізілді. Мақсаты: «Рухани жаңғыру», «Рухани қазына» бағдарламасы аясында, Байғанин ауданының 90 жылдығына орай ауданымыздағы шығармашылық, спорт, мемлекеттік қызмет,еңбекте,кәсіпкерлік және түрлі салааларда көшбасшы атанған жастармен кездесу, мектеп бітіруші түлектердің білімге, өнерге, еңбекке, кәсіпкерлікке,шығармашылыққа деген ынтасын арттыру,мамандық таңдауда өз көзқарастарын қалыптастыру.

Дөңгелек үстел сұхбатына «ZEREK» ағылшын тілінен дәріс беру орталығын ашқан жас кәсіпкер – А.Халықова, №3Қарауылкелді орта мектебінің әдіскері, ұстаз, оқу ісі жөніндегі орынбасары- Ж.Есболат,аудандық Оқушылар үйінің үйірме жетешісі, мүсінші -Ж. Ерғалиев,Аудандық ОКЖ бөлім меңгерушісі –Н.Мәтбаева, аудандық балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің жаттықытрушысы, дзюдадан Азия чемпиониатының қола жүлдегеі - Ж.Әбдіғалиева, «ZEKEI» фотостудиясының директоры, кәсіпкер - Ж.Жунит, самбо күресінің республикалық жарыстарының жеңімпаздары- С.Шойынбаев, Н.Оралов, аудандық ішкі саясат бөлімнінің жеткеші маманы – Қ.Меделбаев, аудандық педагогикалық-психолгиялық кабинетінің басшысы – А.Қанбаева қатысты.

 










«Дәуіт Асауұлы дәуірі» кітабының тұсаукесері

«Рухани жаңғыру», «Рухани қазына» бағдарламасы аясында, Байғанин ауданының 90 жылдығына орай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Қазақстан Журналистер, Жазушылар Одағының мүшесі ҚР Мәдениет саласының үздігі, ақын Жақсылық Айжанұлы, «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері», тарихшы ұстаз, өлкетанушы, еңбек ардагері Шәріп Адаевтың «Дәуіт Асауұлы дәуірі» кітабының тұсаукесер салтанаты өткізілді. Тұсаукесер рәсімі аудан әкімі А.Т.Шерияздановтың, кітап авторларының қатысуымен өтті. Авторлар ұрпақтарымен ел қорғаған баһаүр батыр бабалар туралы,өз заманындағы қайраткерлік қасиеті, тектілігі туралы баяндап, туған тарихын зерделеуде тарихи құжаттар мен ел аузындағы тағылымы мол аңыз әңгімелерді баяндай отырып, өскелең ұрпаққа, оқырмандарға туған жердің торқалы тойына тартуы екенін жеткізді. «Баһадүр бабалар ізімен» атты Дәуіт Асауұлы туралы деректерден дайындалған, ақын шығармашылығынан хабардар ететін кітап көрмесі мен слайд таныстырылымы өткізілді.

 










«Оқитын өлке» акциясы

«Оқитын өлке» акциясы аясында Қораши ауылдық кітапханасында жерлесіміз, ақын Өтежан Нұрғалиевтың шығармашылығына арналған «Қазақ поэзиясының дарыны» атты әдеби кеш өткізілді. Мақсаты: ақын Ө.Нұрғалиевтың шығармашылығын насихаттау, оқырмандарды кітап оқуға баулу, поэзияға қызығушылығын арттыру. Ақынның өмірі мен шығармашылығынан сыр шерте отырып, жас оқырмандар ақынның өлеңдерін оқыды, поэмаларынан үзінді тыңдалды. «Өршіл ақын - Өтежан» атты кітап көрмесі таныстырылды, ақын туралы бейнебаян түсірілді.

Аудандық орталық кітапханада ақын Ө.Нұрғалиевтың туғанына 80 жыл толуына орай және акция аясында «Өмірге жырымен сән берген...» әдеби кеш өткізілді. Кешке ақынның бірге оқыған сыныптасы Мырзабекова Қалдан апай, шәкірттері Тілеубергенов Қанат, Дәрібаева Шәмсия,Дүсіпова Жамалбек, Қорғанбай Бәтима, ардагер ұстаз Тілеумағанбетова Галя,өлкетанушы Балғали Жазықов, облыстық мәдениет, құжаттама және архивтер басқармасының басшысының орынбасары Қ.Ермұхан, С.Бәйішев атындағы облыстық ӘҒК –сы өлкетану бөлімінің қызметкері Кемалова Алмагүл қатысты, замандасы мен шәкірттері ақын туралы естеліктерін баяндады. Оқырмандар ақын өлеңдерін оқыды, «Өр тұлғалы өжет Өтежан» атты кітап көрмесі таныстырылды, ақұын туралы дайындалған телефильмдерден үзінді көрсетілді.

 










«Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы

«Бір ел-бір кітап» республикалық акциясына 2018 жылы жалпы халықтық оқуға ұсынылған Шәкәрім шығармалары, Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» және Н.Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» кітаптары бойынша аудан кітапханаларында мәдени шаралар өткізіліп, кітап көрмелері ұйымдастырылуда.

Аудандық орталық кітапханада «Қазақтың қадірлі қаламгерлері» кітап көрмесі ұйымдастырылып, акция аясында жастарды ұсынылған шығармалар арқылы патриоттыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, оқу мәдениетін қолдау және дамыту, көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыу мақсатында библиографиялық шолу жасалды.

Ебейті моделді ауыл кітапханасында акция аясында Шәкірім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Шәкәрім ол шалқар теңіз» атты әдеби кеш өткізілді. Кеш барысында ақын өміріндегі ұлы ақын Абай мен Шәкәрім кездесуінен сахналық қойылым көрсетілді, ақын өлеңіне жазылған ән шырқалды, Шәкәрім шығармашылығындағы поэзиясынан жырлар тыңдалды.

Сағыз моделді ауыл кітапханасында акция барысында «Ұлы ақын Шәкәрім», «Бауыржан Момышұлы келбеті», «Өрелі ғалым –Н.Келімбетов» кітап көрмелері ұйымдастырылып, оқырмандарға таныстырылып, ұсынылған кітап көрмесінде әдебиеттерге шолу жасалып, жазушылардың өмірі туралы әдебиеттер ұсынылды.

 










Аудандық мәдениет саласы қызметкерлерінің форумы

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа қадам: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласы аясында «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында «Рухани жаңғыру – жаңа биіктердің бастауы» атты мәдениет қызметкерлерінің форумы өткізілді. Форум аясында кітапхана саласы бойынша Аудандық орталық кітапхана «Сәулеті мен дәулеті асқан Байғанин» атты кітап көрмесі, «Еліміздің жүрегі Астанаға-20 жыл», аудандық балалар кітапханасы «Рухани жаңғыру: Мәңгілік Ел» – инсталляциялық көрметаныстырылымын, аудандық музей «Жем-Сағыз киелі мекенінің қолөнер шеберлері» атты жылжымалы көрме, аудандық мәдениет үйі -«Күйдің пірі - Қазанғап» атты қазанғаптанушы, ҚР мәдениет қайраткері Жайлау Асылхановпен шеберлік класстары өткізілді.

Форум барысында аудандық ОКЖ директоры А.Төкенова «Кітапхананы дамытудың жаңа бағыттары мен мүмкіндіктері» тақырыбында баяндама жасады. Форум аясында «Ең үздік мемлекеттік маңызы ауылдық кітапхана» номинациясымен Жарқамыс моделді ауыл кітапханасы иеленіп, арнайы дипломмен марапатталды. Сағыз моделді ауыл кітапханасының меңгерушісі Төлеу Ләззәт «Ең үздік мемлекеттік маңызы ауылдық кітапхана қызметкері » номинациясымен марапатталды.

 










 










«Жаңғыртамыз қазақ елін жаңаша»

Аудандық балалар кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жас талапкер ақындармен «Жаңғыртамыз қазақ елін жаңаша» поэзия кеші өткізілді. Кеште жас ақындар Шұғыла, Г.Шотықбаева, А.Амандықова, М.Тиниқулов өз өлеңдерін оқыды. Жас ақындардың шығармашылығын дамыту, қолдау мақсатында өткен шараға «Рухани жаңғыру болашаққа сенім» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 










«Алтын оймақ»

«Болашаққа бағдар: Рухаани жаңғыру»бағдарламалық мақаласының 1 жылдығына, Наурыз мейрамына орай «Алтын оймақ» тақырыбында балалар кітапханасының «Жауқазын» қызығушылық клубы мүшелерімен танымдық кеш өткізілді. Кеш барысында қазақтың ұлттық өрнегі туралы баяндалып, клуб мүшелері Н.Дүйсенбекқызы,Ә.Римова,А.Шәудірова өздерінің қолынан шыққан қолөнер туындыларын таныстырды. Қазақтың ою-өрнегі туралы аудандық оқушылар үйінің үйірме жетекшісі А.Ізтілеуова таныстырды. Тақырып аясында оқырмандарға және клуб мүшелеріне ұлттық қолөнер бұйымдары туралы баяндалған әдебиеттер таныстырылды.

 










«Бата –ізгіліктің бастауы»

Аудандық орталық кітапханада «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы және Наурыз мейрамы аясында жасөспірімдер арасында бата туралы, оның түрлерін таныстыру, батаны оқып үйрену, қызығушылығын арттыру мақсатында «Бата –ізгіліктің бастауы» атты танымдық сағат өткізілді. Танымдық кешке ауыл ақсақалы, еңбек ардагері Сұлтанбай Шекіртбаев бата түрлері мен оның айту, жаттау ғана емес, оның адам өміріне игілігі мол халқымыздың салт дәстүрінің , шешендік сөз өнері туралы, ақыл мен даналықтың мәйегі екенін баяндады. №3 Қарауылкелді орта мектебінің оқушылары Сырым батырдың Бөкен биден алған батасы туралы шағын көрініс көрсетті.

 










Кітап апталығы

Жарқамыс моделді ауыл кітапханасында Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні аясында апталық өткізілді. Апталықтың алғашқы күні «Кітап – рухани жаңғыру құралы» кітап көрмесі таныстырылды, 2 күні: оқырмандар арасында «Интернет - бір күндік, кітап - мәңгілік» пікірталасы аясында оқырмандар өзара «Кітап» және «Ғаламтор» топтары бойынша дебат өткізді. 3 күні: «Ауылым - кітапқұмарлар мекені» атты ашық алаңға кітап көрмесі кітапханаға келген жаңа әдебиеттер көрмесі таныстырылды. 4 күні: «Кітап –сарқылмас қазына» көрме-крассворд жас оқырмандар арасында ұйымдастырылса, 5 күні: “Өзің оқып, басқаға бер” көрме инсталляциясы Астана қаласының 20 жылдығына орай бас қаланың ғимараттары арқылы таныстыру, оқырмандарды кітап оқуға шақыру мақсатында өткізілді.

 










«Үздік жыл оқырманы -2018»

Қопа ауылдық кітапханасында Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай балалар арасында «Үздік жыл оқырманы -2018» сайысы ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты оқырмандарды кітап оқуға деген қызығущылығын арттыру, әдеби талғамын қалыптастыру,ынтасын арттыру. Сайыс барысында балаларға оқыған кітабы туралы түсінгі мен мазмұнын айту, жұмбақ жасыру, мақал мәтел айтысы, ертегілер әлеміне саяхат түрінде өтті.

 










Балалар кітабы күніне арналған шаралар

Аудандық балалар және Жарқамыс балалар кітапханасында облыс әкімі Б.Сапарбаевтың «Бақытты бала» жобасы аясында балалар кітабы күніне орай шаралар өткізілді.

Жарқамыс балалар кітапханасында «Кітаппен дос болайық» атты интеллектуалдық ойын балаларға кітаптың адам өміріндегі орны, олардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, кітап ұстаудағы ережелерін таныстыру мақсатында өтті. Интеллектуалдық ойын балалардың ертегі кейіпкерлері арқылы ертегі атауын табу, мақал мәтел айтысы, өзара жұмбақтар шешу сайыстары өтті. Шара барысында таза ауада «Кітаппен дос болайық» кітап көрмесі ұйымдастырылып,балаларға таныстырылды.

Аудандық балалар кітапханасында 7-10 жас аралығындағы балалар араасында «Сен ұнатқан кітап» атты танымдық әңгіме өткізілді.

 










«Кешегінің көзі, бүгінгінің өзі»

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Рухани қазына» жобасы аясында Ебейті моделді ауыл кітапханасында «Кешегінің көзі,бүгінгінің өзі» тақырыбында ауылдағы еңбек ардагері, тігінші, қолөнер шебері Нұрбатпа Нәбиевамен кездесу кеші өткізілді. Кеш барысында еңбек ардагеріінң өмір жолы, еңбегі мен жетітіктері туралы баяндалып, шебердің қолынан шыққан бұйымдар көрмесі жасақталып, таныстырылды. Қолөнер шебері Нұрбатпа Нәбиева қатысуымен ұлттық қолөнер, ұлттық киімдер тігу, тұрмыстық қолданбалы өнер туралы шеберлік сағаты өткізілді.

 










«Наурызым -құт береке молшылығым»

Аудандық орталық кітапханада Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамына орай ауданның кітапхана саласының ардагерлері және кітапхана жұмысшы-қызметкерлерінің қатысуымен «Наурызым - құт береке молшылығым» атты мерекелік шара өткізілді. Мерекелік шара аясында дәстүрлі Наурыз мерекесінен орай Наурыз көже дайындалып ұсынылды. Ардагерлер Наурыз бата тілектер айтып, әндер шырқады. Ұлттық ойындар , жұмбақ жасыру,салт –дәстүрлерден сұрақ жауап ойналды.

 










«Наурыз –думан: игі, дәстүр, өнегем»

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жасөспірімдердің ата - баба дәстүрін, ұлтымыздың көнерген сөздері, Наурыз мейрамы туралы танымын кеңейту мақсатында «Наурыз –думан: игі, дәстүр, өнегем» атты танымдық ойын өткізілді.Танымдық ойынға №2-3 Қарауылкелді орта, Т.Жармағамбетов атындағы орта мектептерінен «Әз-Наурыз», «Көзайым», «Зерек» топтары қатысты.

Танымдық ойын «Ұлағаты мол елдің ұланымыз», «Дода», «Жорға», «Сөзмерген» бөлімдері бойынша өткізілді. Білімділігін жоғары деңгейде танытқан «Көзайым» (№3 Қарауылкелді ОМ) тобы І орынды иеленіп, арнайы Дипломмен марапатталды. «Әз-Наурыз» (№2 Қарауылкелді ОМ), «Зерек» (Т.Жармағамбетов атындағы ОМ) топтарына алғыс хаттар табысталды.

 










Аналар құрметіне арналды.

Аудан кітапханаларында 8 наурыз – Халықаралық Әйелдер күніне орай мәдени шаралар өткізілді. Мақсат: өскелең ұрпақтардың анаға деген сүйіспеншілігін арттыру,құрметтеу, адамгершілікке баулу, ізгілікке тәрбиелеру, салт- дәстүрлер арқылы ана тәрбиесін ұлықтау.

«Ардақты анашым» балалар ертеңгілігі Қопа ауылдық кітапханасында өткізілсе, Жарқамыс моделді ауыл кітапханасында «Асыл әжем, ақ әжем – ақ жаулықты дана әжем» атты әжелер сайысы өткізілді.

Сағыз моделдіт ауыл кітапханасында 5 сынып оқушыларымен «Жүрегімнің жылуын сыйлайыншы», Ебейті моделді ауыл кітапханасында «Бақыты қоғам айнасы», Жаңатаң ауыл кітапханасында «Ардақтайық ананы» атты мерекелік кештер аналар құрметтеуге арналды.

 










 










«Сыйынар ем ана деген тәңірге»

Аудандық балалар кітапханасында Халықаралық Әйелдер күні қарсаңында «Сыйынар ем ана деген тәңірге» тақырыбында кітапханашы мамандарына арналған мерекелік кеш өткізді. Мақсаты: нәзік жанды аналар мен аруларды құрметтеу, кітапхана оқырмандарының ізгі ниеттерін білдіруі, өнерлерін арқылы көтеріңкі көңіл күй сыйлау.

Қарауылкелді орта мектебінің 4 сынып оқушыларымен бірлесіп өткізілген мерекелік шарада оқырмандар ана туралы жырларын оқыды, әндер шырқап, би биледі, қолдарынан жасалған гүлдерін сыйлады. Ұлдар тобы мерекелік флеш-моб ұйымдастырса, араларынан журналист оқырман өз сауалдарын арнады, кітапханашы апайларынан жауап алды. Кітапхана әкімшілігі атынан сынып жетекшісі М.Төлекбаеваға және оқырмандарға алғыс білдірді.

 










«Жан жылуын, Ана, сенен алар ем!»

8 наурыз- Халықаралық әйелдер күніне орай аудандық орталық кітапхананың оқу залында «Жан жылуын, Ана, сенен алар ем!» ардақты ана, кітапхана саласының ардагері Жазық Көккөзқызымен бенефис кеші өткізілді. Анаға деген құрмет пен ізет, мейірім мен сүйіспеншілік қасиеттерін арттыру, дүниедегі бар жақсылық анадан тарайтынын ұғындыру, ана алдындағы парыз бен міндеттің ең қадірлі екенін жастарға ұғындыру мақсатында өткен бенефисте оқырмандарға ардақты ана, бір әулеттің ұйытқысы, кітапхана ісінің ардагері Жазық Көккөзқызының өмірі мен еңбегі, отбасы туралы дайындалған слайд таныстырылды. Сонымен бірге Жазық Көккөзқызы үлгілі отбасының отанасына айналуға қайсысы көбірек әсер етті – отбасынан алған тәрбиеңіз бе, әлде келін болып келгеннен кейінгі көрген тәжірибесі, келіндік қызмет, енемен қарым-қатынас, үйренген ең жақсы қасиеттері, бүгінгі таңдағы келіндер, және отбасындағы бала тәрбиесі, қызықтары туралы оқырман сауалдарымен ойларын бөлісті. Кітапхана әкімшілігі атынан ризашылық білдіріп, сый көрсетілді.

 










«Туған жер –тұнған шежіре»

Аудандық балалар кітапханасында «Рухани жаңғыру», «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында Байғанин ауданының 90 жылдығына орай «Туған жер –тұнған шежіре» атты ақпараттық сағат өткізілді.

Мақсат: «Рухани жаңғыру», «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында Байғанин ауданының 90 жылдығына орай өңірдегі тарихи-мәдени, табиғи сақралдық ескуерткіштер туралы, аудандағы маңызы бар қасиетті орындар «Асан-Қожа» мен «Дәуімшар батыр» қорымдары туралы деректерді таныстыу, зерттеуге қызығушылығын арттыру арқылы ақпараттар ұсыну. Шара барысында оқырмандарға «Туған өлкем-тұнған тарих қазынам»атты аудан тарихынан, мәдениеті мен әдебиетінен хабардар ететін кітап көрмесі, «Байғанин ауданы тарихи ескерткіштер» слайд таныстырылды. Қызығушылығын, танып білуін зерделеу мақсатында оқырмандарға сұрақтар қойылып, танымын кеңейтуге кітап, басылымдар ұсынылды.

 










Алғыс айту күні

Аудан кітапханаларында 1 наурыз –Алғыс айту күніне орай «Ізгілік пен жарқын болашаққа» (Ебейті мод. кітапханасы) «Алғысым шексіз, бабаларыма», (Жарқамыс мод.кітапханасы) «Жаныңда жүр жақсы адам» (Қораши ауыл кітапханасы) тақырыптарында кездесу кештері, «Алғыс пен ризашылық» (Жем мод.кітапханасы)танымдық әңгіме, «Аналарға мың алғыс» (Қопа ауыл кітапханасы) блиц –тур өткізілді. Мақсат жас ұрпақтар санасына сыйластық, ізгілік қасиеттерді сіңіру, аға –ұрпақ өкілдеріне алғыс айт білуге баулу, алғыс пен ризашылықтың мағынасын ұғындыру.

Аудандық орталық кітапхана қызметкерлері кітапханада ашық есік күні өткізілді. Ауыл тұрғындары және әріптестік қызметте бірлесіп жұмыс жасап жүрген мекемелерге «Алғыс», «Рахмет» құттықтау хаттарын жолдады.

Аудандық балалар кітапханасы «Ел ертеңін ойлаған Елбасыға мың алғыс» атты алғыс айту сағаты балаларға ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру, үлкен кішіге сүйіспеншілігін,сыпайылық қарым қатынастарын дамыту, әдептілікке,кішіпейілдікке тәрбиелеу мақсатында өтті.Өткізілген іс шараларда оқырмандар белсендігі жоғары деңгейде болды, өздерінің Отан Анаға, ата –анаға, ұстазға, досына туған жерге деген ыстық лебіздерін ризашылықтарын білдірді. Танымал ақын жырлары тыңдалды, әндер шырқады.

 










«Латын әліпбиі: заман талабы және бағдарлы болашақ»

«НұрОтан» партиясының Байғанин аудандық филиалы «Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» бастауыш партия ұйымы мүшелері, және аудандық орталық кітапхананың бірлесе ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Латын әліпбиі: заман талабы және бағдарлы болашақ» тақырыбында дөңгелек үстел сұхбаты тіл мамандары, Байғанин техникалық колледжі, мектеп ұстаздары және кітапхана оқырмандарымен өткізілді.

Мақсат латын графикасына көшудің маңыздылығы туралы ақпарат тарату, қоғамдық пікір қалыптастыру. Дөңгелек үстел сұхбаты барысында № 1 Қарауылкелді орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Асылхан Әбдіхалықова латын әліпбиінің тарихы қалыптасуы бүгінге жетуі, қазақ кириллица төңірегінде баяндама дәріс жасады. Колледж ұстаздары Х.Абатов, Қ.Сүйесінов, Н.Әденов заман талабына сай компьютерлік технологияларда латын әліпбиі қолдану туралы ой пікірлерін білдірді.

Оқырмандар үшін кітапхана қызметкерлері «Латын әліпбиі – өркениет жолы» атты атты кітап көрмесін ұсынып, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жыл 18 ақпандағы «Латын әліпбиі көшу » туралы Жарлығының өзгерісі туралы хабардар етіп, жаңа әліпбиі кестесімен хабардар етті.

 










«Рухани жаңғыру: өткенді білумен басталады»

2018 жылы 19 ақпанда аудандық орталық кітапханада Байғанин ауданының 90 жылдығына орай «Рухани жаңғыру: өткенді білумен басталады» ауданның өлкетанушылары мен тарихшылары және өлке тарихының жанашырларымен кездесуді ұйымдастырды.

Мақсаты: «Рухани жаңғыру» аясында «Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша Байғанин ауданының құрылғанына 90 жыл толуына орай өлке, әр елді мекеннің тарихын, ауыл шежіресін өлкеміздегі тарихи – табиғи, мəдени ескерткіштер туралы, өңір тарихын зерделеп жүрген тарихшылар, өлкетанушылар мен өлке тарихының жанашырларымен кездесу, құнды ақпараттармен бөлісу, кейінгі ұрпаққа жеткізу, насихаттау.

Кездесу кешіне ҚР Журналистер Одағының мүшесі, «Үздік өлкетанушы» төсбелгісінің иегері, облыс әкімінің Байғанин ауданындағы қоғамдық кеңесшісі, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, өлкетанушы, жазушы Ермекбаев Ибрагим, тарихшы, өлкетанушы Адаев Шәріп, «Байғанин- байтақ, жайнаған өлкем» экспедиция мүшесі Дербісов Сәндібай, тарихшы, өлкетанушы, ардагер ұстаз Жазықов Балғали, ҚР Білім беру ісінің үздігі Межеш Досқуатов, ҚР Мәдениет қайраткері,Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Байғанин ауданы бөлімшесінің төрайымы Батима Кенжебаева, ҚР Денсаулық саласының үздігі, аудандық мүгедектер қоғамының төрайымы Наталья Шекеева, тарих пәні ұстаздары Нұрлан Ақалтын, Сәуірбаев А., аудандық музей директоры Л.Жаулина, және өлкетанушылар, тарихшылар, өлке тарихының жанашырлары, ұстаздар,жоғарғы сынып оқушылар, колледж студенттері мен кітапханашылар, және т.б көрермен ретінде қатысты.Аталмыш шарада өңірдің қалыптасу тарихы, өңірдегі батырлар, тарихи-мәдени ескерткіштер, ауданның қалыптасу тарихы, мәдени - әдеби әлемі туралы зерделенгені мағлұматтар баяндалды.

 










Театр өнерінің майталманы,

жерлесіміз Алтын Ружеваның туғанына 90 жыл

Өңіріміздің перзенті, өнер қайраткері, актриса, Қазақ КСР Халық артисі А.Ружеваның 90 жылдығына Жарқамыс, Сағыз, Жаңажол кітапханаларында «Қазақстанның халық әртісі А.Ружева - 90 жыл» , «Оймауыт өлкесінің жұлдызы мен дүлділі» «Театр өнерінің майталманы» тақырыптарында кітап көрмелері ұйымдастырылып танымдық сағаттар өткізілді.

Аудандық орталық кітапхананың ақпараттық библиографиялық бөлімі театр майталманының 90 жылдығына орай кітапхана қорының негізінде «Өнердегі тұғыры биік тұлға» атты естелік жасақтап, оқырмандарға ұсынды.

 



Мағжан Жұмабаевтың туғанына - 125 жыл

Аудан кітапханаларында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақтың көрнекті ақыны Мағжан Жұмабаевтың туғанына 125 жыл толуына орай поэзия сағаттары мен әдеби танымдық кештер өткізілді. Өмірі мен шығармашылығынан хабардар ету мақсатында кітап көрмелері ұйымдастырылды. Жарқамыс моделді ауыл кітапханасында жастар мен балалар арасында «Мағжан жыры – мәңгілік» атты жыр кеші өткізіліп, «Дәуір тұлғасы» кітап көрмесі таныстырлды.

Аудандық орталық кітапханада «Шуақ» қызығушылық клубының ұйымдастыруымен «Алаштың алдаспаны - Мағжан ақын» тақырыбында жасөспірімдермен поэзия кеші өткізілді. Мақсат: ақын М.Жұмабаевтың өлеңдері арқылы жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу,поэзия әлемі арқылы өмір құндылықтары мен адамгершілік қағидаттарын ұғындыру. Поэзия кешінде ақын өмірі мен шығармашылығынан хабардар ететін басылымдар таныстырылды. Жыр сүйер кітапхана оқырмандары Мағжан ақынның «Бір күні», «Анама», «Түркістан», «Туған жер», «Жазғы таң», «Мен жастарға сенемін» т.б. өлеңдерін оқыды.

 










«ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ХАНТӘҢІРІ»

Ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай кітапханаларда іс шаралар ұйымдастырылды. Жем, Алтай, Сағыз моделді ауыл кітапханаларында «Қазақ поэзиясының хантәңірі», «Жырдың пірі, Ғасырдың үні», «Жыр жауһары –Мұқағали» атты әдеби - сазды кештер ақиық ақын Мұқағалидың шығармаларын жастарға насихаттау,поэзияға сүйіспеншілігін арттыру мақсатында өткізілді. Әдеби сазды кештерге кітапхана оқырмандарының барлық топтары қатысып, ақынның жырларын оқыды, поэмаларынан көріністер сахналанып, ақын өлеңіне жазылған әндер шырқалды.

Аудандық орталық кітапхананың оқырмандарды кітаппен қамту бөлімі ақын Мұқағали шығармаларын насихаттау мақсатында аудан тұрғындары арасында библиокруз ұйымдастырды.

 










«ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – РУХАНИ ТӘУЕЛСІЗДІК КЕПІЛІ»

Аудандық орталық кітапхананың оқырмандарды кітаппен қамту бөлімі №3 Қарауылкелді орта мектебінде жоғары сынып оқушылары арасында «Рухани жаңғыру» және ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының негізінде «Адами капитал – жаңғыру негізі» бағыты бойынша «ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – РУХАНИ ТӘУЕЛСІЗДІК КЕПІЛІ» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді.

Мақсат: латын графикасына көшудің амңыздылығы туарлы кеңінен ақпарт тарату, қоғамдық пікір қалыптастыру. Латын әліпбиі тарихы, оған көшудің маңызыдығын баяндай отырып, өскелең ұрпақтарға «Латын әліпбиі – өркениет жолы» тақырыбында ұйымдастырылған кітап көрмесі таныстырылды.

Жем, Алтай моделді ауыл кітапханаларында «Латын әліпбиін таңдау - жарқын болашақ кепілі», «Латын әліпбиі –өркениет кепілі» атты ақпараттық сағат балалар мен жастар арасында болашақ ұрпақтың ақпарат кеңістігінде латын әліпбиі арқылы қолжетімділігінің молайуына орай халықаралық тілдерді меңгеруі, қазақ тілінде латын әліпбиі қолдану туралы басылымдар таныстырылды. Жарқамыс моделді ауыл кітапханасында «Латын әліпбиі – өркениет жолы» дөңгелек үстел сұхбаты латын әліпбиіне көшу маңыздылығы, қоғамдық пікір қалыптастыру, мақсатында оқырмандар арасында өткізілді. «Жаңа әліпби –жаңа дәуір» атты кітап көрмесінің таныстырылымы өткізілді.

 










Байғанин ауданың құрылғанына - 90 жыл

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2018 жыл - Байғанин ауданының құрылғанына 90 жыл толуына орай мерейтойлық іс шаралар жоспары бойынша аудан кітапханаларында «Тарихы құнды, болашағы нұрлы өлке», «Байғанин – байтақ өлке», «Туған өлке – тұнған тарих, қазынам» «Өркені өскен нұрлы өлкем», «Сәулеті мен дәулеті асқан - Байғанин» тақырыптарында кітап көрмелері ұйымдастырылды.

Кітапхана оқырмандары арасында Алтай модельді ауыл кітапханасында «Байғанин байтақ – жайнаған өлкем» Сағыз моделді ауыл кітапханасында «Ғажайып өңір Байғанин», Ебейті моделді ауыл кітапханасында «Бақыттың, шаттықтың мекені», Жарқамыс моделді ауыл кітапханасында «Жусаны жұпар туған жер» тақырыптарында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өскелең ұрпақтың өз туған жеріннің тарихын, мәдениетін, әдебиетін танып білуіне ықпал ету, отансүйгіштікке, туған жеріне деген патриотизмді арттыру мақсатында тарихи-таным кештері өтті.

 



 
Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі