ScreenReader       
Басты бетке     Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі      VKontakte facebook instagram Кіру       


Сайт мәзірі  


















































Іздеу:
 
free counters
Free counters

Қазақстан Республикасының 25 жылдығы аясында

«Ұлы Дала - елі Тәуелсіздіктің 25 негізі»

21 қараша - 15 желтоқсан аралығында

кітапханаларында өткізілген шаралар

15 желтоқсан –«Мәңгілік Ел. мәңгілік құндылықтары» күні

Кітапханаларда «Қазақстан Тәуелсіздігі – Мәңгілік елдің ұлы тарихы» тақырыбындағы кітап көрмелері ұйымдастырылды. Жарқамыс моделді ауыл кітапханасы ауыл әкімдігі, жастар ресурстық орталығы маманы, ауыл мектебімен бірлесе «Автошеру 25», «Еліммен бірге есейіп келемін» Тәуелсіздік құрдастарымен кездесу, «25 Жұлдызды оқырман».«Тәуелсіздік бастауы бар бақытым», «Бақыттың ,шаттықтың мекені» іс шараларын өткізді Аудандық орталық кітапхана мерейтой аясында аудан тұрғындарына «Қазақстан. Тәуелсіздік.Мәңгілік ЕЛ», «Жұлдызды 25» кітап көрмелерін ұйымдастырып , «Кітапхана жетістіктері 1991-2016» фото стенд таныстырылды.

 









«Желтоқсан – Тәуелсіздіктің ұлы рухы»

14 желтоқсан күні аудандық орталық кітапханада ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығына орай «Желтоқсан – Тәуелсіздіктің ұлы рухы» тақырыбында Желтоқсан оқиғасына қатысушылар - Тілеубергенов Нұрбек, Тілеубергенова Нұрила және Шалабаева Зәурешпен кездесу кеші ұйымдастырылды. Кеште Желтоқсан оқиғасының маңызы мен Тәуелсіздіктің бастауы болғаны жөнінде деректер айтылып, кеш қонақтары сұрақтарға жауап берді. Оқушылар Желтоқсан оқиғасына, құрбандарына арналған көркемсөздер оқыды. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ердауылов Б. құттықтау сөз сөйлеп, желтоқсандықтарға Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығына арналған арнайы төсбелгілер табыстады.

 









9 желтоқсан –Білім күні.

Байғанин аудандық техникалық колледжбен бірлесе отырып, «Ауылдан шыққан ғалымдар» тақырыбында танымдық сағат ұйымдастырды. Академик Сақтаған Бәйішевтен бастау алған білім мен ғылымның мекені – Байғанин ауданының айтулы мақтаныштары жайында құнды ақпараттармен бөлісуді мақсат еткен бұл жиынға колледж студенттері мен ұстаздар, кітапхана қызметкерлері қатысты.

Танымдық сағат барысында тақырыпқа орай кең көлемді виртуальды көрме таныстырылды. Өңірімізден түлеп ұшып, Қазақстан игілігі үшін елеулі еңбек етіп жүрген ғалымдардың өнегелі өмірі мен шығармашылығын таныстыру мақсатындағы танымдық кеш Байғанин модельді ауыл кітапханасында да өткізілді. Ғалымдардың өмірі мен ғылыми жетістіктерінен дерек беретін слайд дайындалып ұсынылды.

 









5 желтоқсан -Жалпыға ортақ еңбек қоғамы күні

Кітапханаларда «Еңбек-Отбасы-Игілік» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел барысында бүгінгі қазақ отбасындағы еңбекке, қызметке деген көзқарас, қоғамдағы жұмыссыздық пен кәсіп көзін тауып, ел игілігіне еңбек ету туралы бірқатар мәселелер көтерілді.

Жем Ебейті модельді ауыл кітапханасында Еңбек жолында – 25 жыл» 25 жыл бойы ұстаздық жолда қызмет етіп келе жатқан ұстаздармен , «Еңбекпен есейген ерлер» тақырыбында дөңгелек үстел сұхбаты ұйымдастырылды. Жастардың еңбек туралы түсінігін тереңдетіп, отбасында еңбекке зор мән беруге бағытталған бұл шарада ел ішіне еселі еңбегімен танылған отбасылар қатысып, ардагерлер мен үлкен кісілер жастарға үлгі-өнеге боларлық әңгімелерін айтты.

 









«Ұлы дала елі Тәуелсіздіктің - 25 негізі» жұлдызды күндері аясында

1желтоқсан - Қазақстан Республикасының Президенті институты күні.

Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты ауыл кітапханаларында 1желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай аудандық орталық кітапханада С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасымен бірлесе ұйымдастырылған «Назарбаев оқулары» атты онлайн-конференция болып өтті. Елбасымыз Н.Назарбаевтың өмір жолы мен қызметін, ел басқарудағы сарабдал саясатын оқырмандарға насихаттауға арналған онлайн-конференцияға аудан мектептерінің оқушылары қатысты.

Белсенді оқушылар елбасымызға арналған ақын-жазушыларымыздың өлеңдерін, Н.Назарбаевтың кітаптарында жарияланған ой-толғауларын мәнерлеп оқыды. Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған аудандық шарада ашық алаңда «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Келушілерге Елбасымыз Н.Назарбаевтың еңбектері, ол туралы жазылған шығармалар ын аудан тұрғындарына кеңінен таныстырылды.

 









 









25 қараша-Жаһандық бастамалар

Аудандық орталық кітапханада аудандық жастар ресурстық орталығымен бірлесе ұйымдастырылған «Әлем.ХХІ ғасыр» манифесі адамзатты қарусыз болашақ үшін жауапкершілікке шақырады» тақырыбындағы танымдық кеш болып өтті. Танымдық кеш мақсаты - Елбасымыздың Вашингтон қаласында өткен ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит шеңберінде жария еткен соғыссыз әлемге шақырған үндеуін жастар арасында кеңінен түсіндіріп, бейбітшілік – басты байлық екенін ұғындыру. Танымдық кешке аудан мектептерінің жоғары сынып оқушылары мен жастар ұйымының өкілдері белсене қатысты. Аталмыш тақырыпта аудандық жастар ресурстық орталығымен бірлесе танымдық кеш жаңа үлгідегі модельді Сағыз ауыл кітапханасында да жалғасты. Кеште жастар Елбасының бастамасын қолдайтынын, бейбіт әлемнің тұрғындары соғыссыз болашақты таңдайды деп пікірлерін білдірді.

Жарқамыс, Жем, Сағыз модельді ауыл кітапханаларында «Бейбітшілік–тілегіміз», «Атомдық сынақтар болмасын!» тақырыптарында танымдық әңгіме сағаттарын ұйымдастырды. Мақсат: өскелең ұрпақтың бауырмал, Отансүйгіш, ынтымақшыл болуға тәрбиелеу, Елбасының манифесінің мәнін түсіндіріп, сарабдал саясатына салмақты баға беру. Әңгіме барысында Қазақстан адамзат тарихындағы полигон жабудың көшбасшысы, Елбасының үндеуі – бейбіт күннің бағдарламасы екені жайлы сөз болды.

 









 









24 қараша- Мемлекеттік тіл

Аудан кітапханаларында «Мемлекеттік тіл - ұлт рухының тірегі», «Мемлекеттік тіл - ұлт тірегі» тақырыптарында танымдық сағаттар ұйымдастырылды. Танымдық сағаттар аясында жастар мен балалар арасында ана тіліміздің қайнар көзі саналатын әдеби жауһарларымыз тәуелсіздік алғаннан кейінгі «Мәдени мұра», «Қазақ прозасы», «Отырар кітапханасы» т.б. сериялары бойынша баспадан шыққан туындылар таныстырылды.

Ебейті модельді ауыл кітапханасында «Тілім менің - ғасырлардан аманат» тақырыбында жастардың ана тілін құрметтеу және әдеби мұралары мен маржан сөздің мағынасын танып білу мен танымын кеңейту,мемлекетіміздің үш тұғырлы тіл саясатын жастарына ақпараттық түсіндіру мақсатында әдеби сазды кеш өтті. Кеш барысында кітапхана оқырмандарымен бірлесе халқымыздың би шешендерінің өмірі мен әдебиетінен хабардар етер сахналық көрініс оқырмандарға ұсынылды, танымал қазақ ақын жазушылардың жырлары тыңдалды.

 









23 қараша -Мемлекеттік шекара

Аудандық орталық кітапханада аудандық қорғаныс істері бөлімімен бірлесе ұйымдастырылған «Мемлекеттік шекара – Тәуелсіздік негізі» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Ұлттық армия, ш екара қауіпсіздігі, ел шетін күзеткен жауынгерлер туралы сөз қозғалған бұл жиынға ауданның жастары мен мектептердің жоғары сынып оқушылары қатысты. Жастарды жүректілікке, Отансүйгіштікке, елге адал қызмет етуге баулитын әскери міндет туралы да көп сөз болды. Жастар санасындағы әскер түсінігі, әскери өмірдің олардың өсіп-жетілуіне, ел қорғар азамат болуына қаншалықты әсер тигізетіні туралы сұрақ-жауаптар барысында айтылды. Дөңгелек үстел тақырыбына қатысты толыққанды мәліметтер алу үшін «Мемлекеттік шекара – Тәуелсіздік негізі» тақырыбында кітап көрмесі жасақталды.

Ебейті модельді ауыл кітапханасында «Аумақ тұтастығы – айқын ел» тақырыбында тақырыптық таным сағаты ұйымдастырылып, алғашқы әскери дайындық мұғалімі Бозжігітов Әділет «Шекараны бүкіл ел қорғайды» тақырыбында сабақ жүргізді. Таным сағаты барысында Отан алдында борышын өтеп келген сарбаздардың марапаттары мен алғыс хаттары, әскери өмірден хабар беретін фотоальбомдары жастар мен оқушыларға үлгі ретінде көрсетілді.

 









22 қараша -Мемлекеттік Рәміздер күні

Аудандық орталық кітапхана қызметкерлері № 2 Қарауылкелді орта мектебімен бірлесе отырып «Мемлекеттік Рәміздер – Мемлекеттің негізі» тақырыбында танымдық сағат ұйымдастырды. Танымдық сағатта Қазақстан Республикасы Рәміздері туралы толық мазмұнды ақпарат таныстырылып, рәміздердің авторлары мен олардың шығу тарихы сөз болды. Оқырмандардың толыққанды мәлімет алуы үшін кітап көрмесі жасақталды. Жарқамыс модельді ауыл кітапханасында «Тәуелсіздік-25: Туың мәңгі желбіресін, Қазақ елі!» тақырыбында әдеби-патриоттық кеш өткізілді. Жастарды, кітапхана оқырмандарын патриоттыққа, елін сүюге, Тәуелсіздіктің қадірін білуге тәрбиелеуді мақсат еткен бұл кеште Қазақ елінің тарихы мен жеткен жетістіктері, мақтаныштары сөз болып, оқырмандар патриоттық әндер шырқады.

Жарқамыс балалар кітапханасында «Мемлекеттік рәміздер – Мемлекеттің негізі» тақырыбында танымдық сағат ұйымдастырылып, оқырмандар рәміздер туралы көркемсөздер оқыды. Тақырыпқа орай кітап көрмесі мен слайд жасақталып, таныстырылды. Қопа селолық кітапханасында «Ел Рәміздері – Тәуелсіздік айғағы» атты балалар арасында танымдық сағаты балаларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, отанына адал қызмет етуге , елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тарихын білуге тәрбиелеу мақсатында өткізілді

 









21 қараша - Қазақстан Респуликасының Конституциясы күні

Аудандық орталық кітапхана қызметкерлері № 2 Қарауылкелді орта мектебімен бірлесе отырып, «Ата Заң – Тәуелсіздік негізі» тақырыбында мектеп оқушыларымен, ұстаздарымен, заң мамандарымен дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар ҚР Конституциясының тарихы ежелгі ата-бабаларымыздың тәртіп-ережелерімен тығыз байланысты екеніне, Заңдардың шығу тарихына толық тоқталды. Сөз алған мамандар мен ұстаздар жастар мен оқушыларға қандай жағдайда да әркім өзінің құқығын білу керек екенін, өз құқықтарының аяқ асты болуына жол бермеу керек екендігін ескертті. Заңға сәйкес, жалпыға бірдей тәртіпке бағынып өмір сүрген қоғамда тыныштық пен бейбітшілік болатынына ерекше тоқталды. Тақырып аясында оқушыларға кітап көрмесі таныстырылды. Қатысым саны – 13 адам.

 









«Еліммен бірге есейіп келемін!»

Жарқамыс модельді ауыл кітапханасында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Еліммен бірге есейіп келемін!» атты жастар саябағында демалыс кеші ұйымдастырылып, оған Тәуелсіздік құрдастары, ауыл жастары мен мектеп оқушылары белсене қатысты. Тәуелсіздіктің құрдасы екенін мақтаныш еткен ауыл жастары саябаққа 25 түп тал отырғызды.

Алтай модельді ауыл кітапханасының «Елін сүйер ұрпақпыз!» клубы мүшелері ауылдық мектеп, Мәдениет Үйімен бірлесе «Туы биік,Тұғыры берік, Туған жер!» атты мерекелік концерт ұйымдастырды. Жас ұрпақты Тәуелсіздіктің қадірін бағалап, Отанды сүюге, ел үшін еңбек етуге шақырған бұл кеште туған жер,Отан жайында көркемсөздер оқылып, клуб мүшелері «Тәуелсіздікке тарту», «Жадымда қалды Желтоқсан» сынды ел Тәуелсіздігіне арнау өлеңдерін оқыды.

 









«Тәуелсіздік. Кітап. Оқырман»

Аудандық балалар кітапханасында Республикалық «Бір ел – бір кітап», облыстық «Оқитын өлке», «Оқы, Ақтөбелік өренім!», аудандық «Кітап оқы: өз өлкеңді танып біл!» акциялары мен оқу марафондары аясында жыл бойына ұйымдастырылған іс-шараларды қорытындылау мақсатында «Тәуелсіздік. Кітап. Оқырман» тақырыбында мерекелік кеш ұйымдастырылды.

Осы акциялар аясында кітапханада ұйымдастырылған шараларға белсене қатысқан оқырмандар, ұстаздар,мектеп директорлары қатысқан бұл шарада аудандық кезеңдегі кітапхана байқауларынан үздік шығып, облыстық кезеңге қатысқан, жүлделі оралған оқырмандардың жетістігі көпке жария етілді. Сонымен қатар, облыстық «Оқы, Ақтөбелік өренім!» атты оқу марафонының қорытындысы бойынша облыстық мәдениет, архив және құжаттама басқармасы, Н.Байғанин атындағы балалар кітапханасының атынан дайындалған Алғыс хаттар ауданымыздағы №2 Қарауылкелді, Т.Жармағамбетов атындағы орта мектептеріне табыс етілді.

 









«Бүгінгі студент – ертеңгі маман»

Халықаралық студенттер күніне орай аудандық орталық кітапханада Байғанин техникалық колледж студенттерімен «Бүгінгі студент – ертеңгі маман» тақырыбында кездесу кешін ұйымдастырылды. Кеште студенттік өмірдің қиындығы мен қызықтары туралы айтылып, білімді жастар ел болашағы, Тәуелсіз елдің келешегі білікті, кәсіби мамандар екені де сөз болды. Сонымен бірге ауыл жастарын адал еңбек пен кәсіби қызметке баулу, білімдерін ел игілігіне жұмсау, Қазақстанның болашақтағы тұтқасы – сауатты жастар екенін ұғындыру мақсатында ұйымдастырылған «Қызықты көңіл – студенттік өмір», «Бүгінгі студент – ертеңгі маман» тақырыптарындағы студенттермен, жастармен кездесу кештері Ебейті, Сағыз, Алтай модельді ауыл кітапханаларында ұйымдастырылып, қызықты пікірталастар,әсерлі әңгімелер орын алды.

 









«Ұстаз. Қаламгер. Өлкетанушы»

Аудандық орталық кітапханада жерлес жазушы, ұстаз, өлкетанушы Ибрагим Ермекбаевтың 70 жасқа толған мерейтойына орай «Ұстаз. Қаламгер. Өлкетанушы» тақырыбында портрет-кеш өткізілді. Өскелең жас ұрпаққа өлкеміздің өнегелі, шығармашыл тұлғаларын таныстырып, жастарды еңбеккерлікке, адал өмір сүруге баулуды мақсат еткен кешке ағайдың замандастары, әріптестері, шығармаларының кейіпкерлері, шәкірттері қатысты.

Портрет кеш аясында қаламгер жзушының шығармашылығымен сабақтас, аудан тарихында елеулі тұлға, ауданның экономикалық әлеуметтік дамуына, мәдениетінің өркендеуіне үлкен үлес қосқан «Байғанин ауданының Құрметті азаматы» Ауданбай Асқарұлы Шахабаевтың өнегелі өмірі мен қызметіне арналған «Күрең күз» кітабының тұсауы кесіліп, оқырмандарға таныстырылды. Тұсаукесер барысында А.А.Шахабаевтың өмірі мен қызметі туралы бейнеслайд таныстырылымы өтті. Кеш кейіпкеріне көрермендер тарапынан сауалдар қойылып, салиқалы әңгімелер мен ақжарма тілектер айтылды. Портрет кеш иесі туралы өмірдерек, оның шығармашылығы мен қызметі туралы қамтылған кең көлемді бейнеслайд пен кітап көрмесі жасақталды.

 









«...Елін қорғай алмаса, Батырлықтың сәні жоқ»

Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында 2016 жылы оқуға ұсынылған ақын-жырау Дулат Бабатайұлының шығармаларына арналған «...Елін қорғай алмаса, Батырлықтың сәні жоқ» (Дулат Бабатайұлы шығармаларындағы азаттық, Тәуелсіздік идеясы) тақырыбында оқырмандар конференциясы өткізілді. Конференция барысында оқырмандарға «Ұлттың ұлы жыршысы», «Ақиық арқадағы Дулат ақын» тақырыптарында кітап көрмесі, слайд таныстырылды. Сонымен қатар, конференция модераторы Мәтбаева Назекен «Бір ел – бір кітап» акциясы жайлы, қазақ тарихындағы ұлт-азаттық қозғалыстардың алғашқы жыршысы Дулат Бабатайұлы шығармашылығының осы акцияға Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында ұсынылуы жөнінде кеңінен тоқталып өтті.

«Бір ел –бір кітап» акциясына ұсынылған Дулат Бабатайұлының шығармаларын оқыта отырып, оқырмандардың тіл байлығы мен сөздік қорын байытуға, ақын шығармашылығы арқылы жастардың бойына адамгершілік, әділдік, Отансүйгіштік қасиеттерін сіңіруді мақсат еткен конференцияға аудан мектептерінің оқушылары мен мұғалімдері, мектеп кітапханашылары, аудандық ішкі саясат бөлімінің мамандары қатысты. Конференция барысында «Дулаттың дәуірі мен ақындығы», «Елдік пен еркіндік жыршысы», «Еспембеттей ер қайда?,Ер күтетін ел қайда?» тақырыптар төңірегінде Тобық Жармағамбетов атындағы орта мектептің 10- сынып оқушысы Қалниязова Назгүл, № 1 Қарауылкелді орта мектебінің 10-сынып оқушысы Шаңдыбай Мейірболат, №2 Қарауылкелді орта мектебінің 11-сынып оқушысы Рысбай Наурызбек Дулат ақынның өмір сүрген дәуірі мен ақындыққа келуі, қазақ даласындағы жаңа бастау алған отаршылдық саясат, ақын көзқарасы, шығармаларындағы елді еркіндікке шақыру, қазақтың елін, жерін қызғыштай қору қажеттігін ескерткен арнау, толғауларын талдады. Сонымен қатар сол кезеңде қазақ даласының екі өңірінде өмір сүрген Дулат пен Махамбет шығармашылығының ұқсастықтарын, екі ақынның да шығармаларының басты тақырыбы – азаттық аңсау, елді алда күтіп тұрған қауіп – бодандықтан сақтандыру екенін олардың өлең-жырларынан мысал келтіре дәлелдеді. Рысбай Наурызбек поэманың алғаш 1957 жылы баспадан шыққанын, оның қолжазбасы ҚР ҰҒА-ның Орталық ғылыми кітапханасының қолжазба қорында сақтаулы екендігін айтып өтті.

Сонымен қатар, дастаннан үзінділер келтіре отырып, оның оқырманға берер тәлім-тәрбиесі мен үйретер өнегесіне баса назар аударды. Конференцияны № 2 Қарауылкелді орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, жас маман Қалдыбайқызы Назгүл «Ұлт рухын оятқан» тақырыбында Дулат ақын шығармашылығының қазіргі кезеңмен сабақтастығы, Дулат пен Абай арасындағы рухани үндестік сынды оның шығармашылығындағы зерттеуді қажет ететін жайттарды атап өтіп қорытындылады. Ішкі саясат бөлімінің бас маманы Аққожаев Қ. оқырмандар конференциясы жоғары деңгейде өткендігін, отаршылдыққа қарсы қаламын қылыш, тілін найза еткен арқалы ақынның бүгінгі ұрпақтары білімді қару, кітапты дос еткендігіне куә болғанын ризашылықпен жеткізді. Конференция соңында аудандық орталық кітапхананың ересектерді кітаппен қамту бөлімінің меңгерушісі Боранбаева Гүлнұр кітапхана әкімшілігі атынан белсенді оқырмандар мен жетекшілеріне алғыс хат табыстады.

 









«Кемел парасатты қаламгер»

М.АЙЫМБЕТОВ – 70

Жерлесіміз, қазақ әдебиетінде өзіндік ерекше орны бар жазушы М.Айымбетовтың 70 жасқа толу мерейтойына орай, жазушының туған жерге сапары барысында аудандық орталық кітапхана тарапынан «Маржан сөздің зергері» атты кездесу кеші, өмір жолы мен шығармашылығынан дерек беретін слайд дайындалып, «Кемел парасатты қаламгер» тақырыбында кітап көрмесі жасақталды. Аудандық балалар кітапханасында жерлес жазушымыз Мәди Айымбетовтың 70 жасқа толуына орай «Мәди – балалар жазушысы» атты танымдық әдеби сағат өткізіліп, «Туған жер мерейін асқақтатқан қаламгер» атты кітап көрмесі жасақталып библиографиялық шолу жасалды.

 









Ақын, кемеңгер, ойшыл Қожа Ахмет Яссауи

2016 жыл ЮНЕСКО- ның Қожа Ахмет Яссауи жылы деп жариялануына орай аудандық орталық кітапханада сопылық поэзияның негізін салушы, күллі күншығыс мұсылмандарының рухани ұстазы болған ұлы ойшыл, діни қайраткер Қожа Ахмет Яссауи шығармаларын насихаттауды мақсат еткен «Ақын, кемеңгер, ойшыл Қожа Ахмет Яссауи» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, күнделікті келген оқырмандарға библиографиялық шолу жасалды.

Яссауи жылы аясындағы шаралар аудандық балалар кітапханасының оқырмандары арасында жалғасын тауып, «Яссауи әлемі» атты танымдық сағат өткізіліп, танымдық ақпараттар беретін слайд дайындалды. Шараға 18 оқырман қатысып,оның 2 оқушысы жаңа оқырман болып тіркелді. Сонымен қатар көрме жасақталып библиографиялық шолу жасалды.

 









«Бозторғай жырмен оянған өлке»

2016 жыл «Оқитын өлке» акциясы аясында Есенбай Дүйсенбайдың «Ұланғайыр» кітабы бойынша аудандық орталық кітапханасы С.Бәйішев атындағы Ақтөбе әмбебап ғылыми кітапханасымен бірлесе «Бозторғай жырмен оянған өлке» атты онлайн-әдеби кеш өткізді. Кешке ардагер- ұстаз, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, жазушы, өлкетанушы Ибрагим Ермекбаев, ардагер ұстаз, ақын, Ілияс Құрмаш пен кітапхана оқырмандары, жас талапкер ақындар қатысты.

Есенбай ақынның туған жерімен бірлесе өткен онлай кеш Ақтөбелік қонақтардың сөзімен бастау алды. Кеште ақындар Жақсылық Айжанов, Нұрлыбек Қалауов пен Орал Бәйсеңгір, Ибрагим мен Ілияс ағайлар Есенбай туралы естеліктерімен бөлісіп, жерлесіміз Орал Байсеңгір ақындар мен батырлар туған атамекенін әнге қосып, «Байғанин маршы» әнімен Ақтөбе мен Байғанин оқырмандарын бір серпілтіп тастады.Сонымен қатар оқушылар ақынның өлеңдерін жатқа айтып, жас ақын Есімхан Жаманбек ақынға деген арнау өлеңін оқыды. Кеш соңында Есенбай Дүйсенбайдың «Балауса» әнін аудандық мәдениет үйі қызметкерлері Сарыбаев Талапбек пен Мұқашев Тайбек нақышына келтіре орындады.

 









«Мемлекеттік тіл - ұлт тірегі»

Аудандық орталық кітапханада аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және аудандық мәдениет үйімен бірлесе Тілдер күніне орай аудандық «Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі» аудандық тіл фестивалінің қорытынды шарасы болып өтті. Қорытынды шара аясында жыл ішінде тілге қатысты өткен шаралар қорытындыланып, тіл фестиваліне белсене атсалысқан аудан мекемелері мен мекеме қызметкерлері аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің алғыс хаттарымен,арнайы сыйлықтарымен марапатталды. Сонымен қатар, аудандық орталық кітапхана тарапынан кітапхананы дамыту бөлімінің әдіскері Мәтбаева Н. Тіл фестивалі аясында кітапханада ұйымдастырылған шаралар туралы мәлімет беріп, талапкер ақындар арасында жарияланған атты байқауға қабылданған шығармаларға тоқталып, байқау қорытындысын жария етті.

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мен қазақ тілінің көркемдігін ақындар тілімен ұғындыруды мақсат тұтқан бұл байқауға Алдабергенова Ақторғын, Дәулеткерей Данияр, Ақжарбай Мейірхан, Сейлханова Зарина, Қуандық Толқын, Самғали Ақбота, Жаңабаева Лаура мен Раш Гүлнара сынды талапкер ақындар өлеңдерін ұсынды. «Мемлекеттік тіл-ұлт айнасы», «Туған тілім-бабам тілі, өз тілім» тақырыптарында шығармаларын ұсынған талапкерлер арасынан әділ қазылардың шешімімен аудандық оқушылар үйінің қызметкері Алдаберген А.І орынға, Жарлы ауылы, Мәдениет үйінің қызметкері Қаймақбаев Е. ІІ орынға, Ноғайты ауылы, Сағыз орта мектебінің 10- сынып оқушысы Дәулеткерей Д. ІІІ орынға ие болып, дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды.

 









«Әр отбасы - Отанның мықты тірегі»

Елімізде 2013 жылдан бері ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен Отбасы мерекесі аталып өтілуде .Осы орайда отбасылық құндылықтарды нығайтуды, жастар мен балалар арасындағы өнеге мен тәрбие құндылықтарын құрметтеу арқылы жанұядағы ұрпақтар сабақтастығы мен жалғастығын дәріптеуді мақсат еткен «Әр отбасы - Отанның мықты тірегі» атты кездесу кеші ұйымдастырылды. Кеште кітапхана оқырмандары ауданымыздағы ұстаздар, ұстаздық дәстүрді жалғастырып келе жатқан Мұңайтбасовтар әулетімен кездесті. Атап айтқанда әулеттің анасы Қазақ оқу ісінің үздігі» ұлағатты ұстаз зейнеткер Фарида Өмірзақова, №2 Қарауылкелді орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстазы, 2009 жылғы облыс әкімінің грантының иегері Мұңайтбасова Бәтима Орынбасарқызы, 2002 жылы облыстық «Ең үздік дәрігер» атағының иегері Нұркен Орынбасарұлы, №2 Қарауылкелді орта мектебінің директоры Галина Орынбасарқызы және осындай ұстаздық әулеттің династиясын жалғап келе жатқан немерелері Нұркенқызы Назкен мен «Шаттық» балалар бақшасының меңгерушісі Аманғосова Элеонора қатысты.

Кеште қойылған сұрақтарға жауап берген кеш қонақтары өздерінің әулетіндегі ұстаздық жолмен ата- ана тәрбиесі туралы тәлімді әңгімелерін айтып, отбасылық династияның құпияларымен бөлісті. Ұзақ жыл талмай ұстаздық еткен отбасы мүшесі Батима апайдың шәкірті Рита Халыққызы ұстазына деген алғысын білдіріп, жеткен жетістіктері сол кісінің берген білімі мен тәрбиесінің арқасында екенін жеткізді.

 









«Аналардың ақ тілегі – тыныштық»

«АҚ ОРАМАЛ» АКЦИЯСЫ

Н.Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр.» манифесін насихаттау мен Семей ядролық полигонының жабылуына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Ақ орамал» акциясы аясында аудандық орталық кітапханада «Аналардың ақ тілегі – тыныштық» тақырыбында әжелер ансамблімен кездесу кеші болып өтті. Кездесу кешінде сол күні некесін қиғызған жастарға аналарымыз ақ тілегін арнап, бейбітшілікке, тыныштыққа, татулыққа, бірлікке шақырып, ақ орамал сыйға тартты. Ақ тілегімен қоса әжелеріміз әсем әндерін де арнап, кештің сәнін келтірді.

Аудандық балалар кітапханасында «Ядролық әлеуеттен бас тартқан Қазақ елі» атты танымдық әңгіме өткізіліп,Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі негізінде бастау алған «Ақ орамал» акциясы туралы толық түсінік берілді. «Ақ орамал» акциясы аясында Жарқамыс модельді ауыл кітапханасында «Қазақстан жастары ядролық қаруға қарсы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылса, Жем, Ебейті модельді ауыл кітапханаларында «Бейбіт күн керек ғаламға» атты кітап көрмелері жасақталды.

 









«Туған жерім - нұрлы елім»

атты Ақтөбе облысы бойынша Байғанин ауданы күндері

Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында еліміздің ғылым мен білім саласында, әдебиет пен өнер саласында еңбегі сіңген тұлғалармен кездесу, облыс жұртшылығына таныстыру мақсатында «Самғатқан сан қыранды туған өлкем» кездесу кеші өткізілді. Жүздесуде - ұстаз ардагер, жазушы өлкетанушы, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, ауданымыздың ардагерлер кеңесінің төрағасы, облыс әкімінің Байғанин ауданындағы кеңесшісі Ермекбаев Ибрагим өңірдің әдеби өмірінен сыр шертсе, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Ақтөбе облысы және Байғанин ауданыныі құрметті азаматы, ғалым, ұстаздардың ұстазы Берікұлы Ниетжан ауданның қалыптасу тарихын жан жақты таразылап баяндады. Журналист, ақын, телевизия саласының ардагері, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Жақсылық Айжанов өзінің ақындық пен азаматтық келбетін сабақтастыра отырып, ел игілігіне қызмет етуде заман талабына сай ауыл шаруашылығын дамыту үшін мемлекетттік бағдарламаларды пайдалануы жолдарын әңгімеледі.

Өңірден түлеп ұшқан, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, ғалым, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік Мемлекеттік Универститетінің проректоры Миров Мұхтар Орынбасарұлы қазақ ғылымындағы жерлестеріміздің үлесі, өз ғылыми еңбектерінде жерлес ақын жазушылардың шығармашылығын зерттеуі туралы әңгімеледі. Ғалым Болат Баймұханов, ұстаз,еңбек ардагері Молдағазин М. өңір тарихы мен тұлғалар туралы деректерімен бөлісті. Режиссер, актер, ақын, сазгер, әнші, «ҚР мәдениет саласының үздігі» Орал Байсеңгіров қатысып, өз шығармашылықтары және өнер мен әдебиет саласындағы жетістіктері, бүгінгі ауданның келбеті туралы жүрекжарды лебіздерін білдіріп, жазушы Т.Жармағамбетовтың «Жарқамыс вальсі» атты өлеңіне жазған әнін шырқап, көрермендерді серпілтті. Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Қ. Ермұхан Байғанин ауданы күндерінің ашылуымен құттықтады. Ауған соғысы ардагерлерінің Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Н. Балқасым С.Бәйішев атындағы облыстық ӘҒК-сы директорының орынбасары А.М.Қырымкуловаға әріптестік байланысты нығайтудағы еңбегі үшін Алғыс хас табыстады, және Байғанин ауданы ішкі істер саласының ардагері, полковник Д.Ә.Лаукеновті республикалық қоғамдық бірлестігі атынан «Шапағат» медалымен марапаттады.

Жас талапкер Арайлым Нұрбаева «Миялым» атты өлеңін оқыды. Шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Ш.Қ.Спанова ауданның әлеуметтік экономикалық, мәдени дамуына үлесін қосқан еңбек ардагерлеріне, жүздесуге қатысқан жерлестерге, оқырмандарға ризашылығын білдірді. Кеш барысында «Қасиет дарып, құт қонған, далам», «Жұлдызды 25 кітап» тәуелсіздік жылдарында жарық көрген жерлес ақын жазушылар басылымдарынан виртуальды көрме және аудан тарихы, өткені мен бүгінгі келбеті туралы бейнеслайд, кітап жаймасы көрермендерге ұсынылды. Сонымен бірге аудан күндері аясында Тұңғыш Президент атындағы саябақта облыс жұртшылығы мен қала тұрғындарына «Аймақтың әдеби айнасы» атты жерлес ақын жазушылардың шығармаларынан кітап көрмесі таныстырылып ұсынылды.

 









 









«Менің өлкем»

Аудандық балалар кітапханасында жазғы демалыстағы балалардың кітапханаға экскурсиясы аясында «Менің өлкем» атты тақырыпта таным сағаты өткізілді. Таным сағатында Байғанин өңірі туралы кең көлемде мәліметтер айтылды. Аталмыш шарада Ақтөбе облысының әкімдігі «Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тапсырысы бойынша шығарылған «Туған өлке» атты Байғанин ауданының анықтамалық-ақпараттық танымдық жинағына шолу жүргізіліп, оқырмандарға таныстырылды. «Туған өлке» слайды да оқырмандар назарына ұсынылды.

Сонымен қатар, №2 Қарауылкелді орта мектебінің жанынан ашылған жазғы лагердің балалары өз жетекшілерімен кітапханаға экскурсия жасап келді. Балаларға кітапхана ережесі, жаңадан келген кітаптармен таныстырып, «Тәуелсіз елдің болашағы – білімді ұрпақ» атты жыл бойғы тұрақты көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, кітап оқуға, білімді болуға шақыру мақсатында №3 Қарауылкелді орта мектебінің жанынан ашылған лагерь балалар арасында Жазғы оқу бағдарламасы бойынша «Мың бір мақал, Жүз бір жұмбақ » сайысы ұйымдастырылды.

 









«Туған өлке. Ақтөбе облысы Байғанин ауданы »

анықтамалық-ақпараттық танымдық жинақ.

14 маусым күні кітапхана оқу залында «Туған өлке. Ақтөбе облысы Байғанин ауданы. Анықтамалық-ақпараттық танымдық жинақтың» тұсаукесері өтті. Тұсаукесер жиынына облыстық тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Надарбаева Ұлболсын Жүзжасарқызы арнайы келген болатын. Сонымен қатар аудан әкімінің орынбасары Шара Қуанышқызы, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қолдасбаев Нұрәділ, «Байғанин байтақ-жайнаған өлкем» экспедициясының кеңесшісі, ардагер ұстаз Адаев Шәріп, және өлкетанушылар, ұстаздар мен жасөспірімдер, мәдениет қызметкерлері қатысты.

Облыстық Тілдерді дамыту басқармасы тарапынан құрастырылған жинақ - Өлкеміздің тарихын, географиясын, топономикасын, жер-су, тау, өзен-көлдердің атауларын, аудан мәдениетіндегі тарихи ескерткіштер мен қорымдар туралы оқып, оқырманның танымын кеңейтуге қажетті туынды. Тұсаукесер жиынына арнайы келген Жүзжасарқызы Ұлболсын Надарбаева басылымды таныстырып, оқырманға ұсынды. Қатысушылар жылы лебіздерін білдіріп, кітаптың сапасы, мазмұныны жағынан алып- қосарларын, ұсыныстарын білдірді.

 









«Мемлекеттік қызмет-өмірлік ұстаным»

2014 жылдан бері Қазақстанда 23 маусым- Мемлекеттік қызметкерлер күні болып аталып өтілуде.Осы орайда «Мемлекеттік қызмет-өмірлік ұстаным» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мақсаты:мемлекеттік қызметтің ерекшелігі мен қоғамда алатын орнын насихаттау, олардың әдеп ережелері мен міндеттері жайында толық түсінік беру, елге еңбегі сіңген мемлекеттік қызметшілерді үлгі етіп, жастарды білімділікке, қызметке адалдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Дөңгелек үстелге аудандағы мемлекеттік мекемелер басшылары, әкім орынбасары, мемлекеттік қызмет ардагерлері,мемлекеттік қызметкерге үміткер жастар қатысты. Мемлекеттік қызметшілерге кімдер жатады, олардың әдеп-ережелері, мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау,мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі туралы сұрақтарға жауап алынып, ардагерлеріміз өздерінің еңбек жолын әңгімелеп, жастарға ақыл-кеңестерін айтты.

Мемлекеттік қызметшілер күніне орай халықтың сауаттылығын арттыру, мемлекеттік қызметшілер туралы толық түсінік беріп, мемлекеттік қызметке қабылданудың жолдарын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылған дөңгелек үстелдер Жем, Алтай, Жаңажол модельді ауыл кітапханаларының оқырмандары арасында жалғасты.

 









«Рәміздерім –елдігімнің тірегі»

4 маусым - Мемлекеттік Рәміздер күніне орай оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі мен балалар бөлімі бірлесе отырып «Рәміздерім –елдігімнің тірегі» атты әдеби-танымдық кеш ұйымдастырылды. Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту.Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту. Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеуді мақсат еткен бұл шараға балалар мен жасөспірімдер, мұғалімдер мен оқырмандар қатысты. Оқушылар өлең оқып, рәміздер туралы түсінік берді. Ән шырқалды. «Рәміздер-еркін елдің айбыны» тақырыбында көрме-крассворд дайындалып, оқырмандар көрмеден кроссворд шешуге арналған басылымдармен танысып, кроссворд шешті. Дұрыс жауабын тапқан оқырмандарға сыйлық табысталды.

 









«Біз бақытты балдырған»

1-маусым –Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, «Біз бақытты балдырған» тақырыбында Қарауылкелді балалар бақшасының бүлдіршіндерімен ертеңгілік өткізілді. Ертеңгілікте көңілді әндер айтылып, билер биленді. Бүлдіршіндерді мейрамдарымен құттықтып, тәттілер таратылды. «Балалық шақтың бағбандары» тақырыбында кітап көрмесі жасақталып, библиографиялық шолу жасалып балаларға таныстырылды. Кешкілік Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған саябақта «Балалар ертегілері» атты тақырыпта әртүрлі ертегі кітаптардан көрме жасақталып, балалар назарына ұсынылды.

Аталымыш мерекеге орай Аудандық білім бөлімі, және аудандық Мәдениет үйі мен балалар кітапханасы бірлесе отырып, «Біз – бақытты балдырған атты» мерекелік концерт өткізілді. Концертте төменгі сынып оқушыларымен балабақша бүлдіршіндері өнер көрсетті. Түскі мезгілде балалар «Жүзден жүйрік» жас велосипедшілер жарысына қатысып, «Әрқашан күн нұрлы болсын» атты асфальтта сурет салумен жалғасты. Кешкілік концерт барысында аудан әкімінің құттықтауымен басталып, әсем әуенмен, марапаттармен жалғасты. Аудандық балалар кітапханасы өз тарапынан кітапханадағы түрлі байқау жеңімпаздары мен тұрақты да белсенді оқырмандарына алғыс хаттар тапсырып, ризашылықтарын білдірді.

 









 









«Тәуелсіз Қазақстан балалар көзімен»

Өскелең ұрпақтардың бойына отаншылдық пен патриотизм, тәуелсіздік ұғымдарды ұғындыру, балалардың демалыс уақытын тиімді ұйымдастыру өткізу мақсатында аудандық балалар және аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған саябақта атты тақырыпта балалардың асфальтқа сурет салу байқауы және «Тәуелсіздік жыр әніміз» жыр оқу сағаты өткізіліп, талантты жас оқырмандар өз шығармашылықтарында Тәуелсіздік туралы, танымал ақындар Оразақын Асқар, Ертай Ашықбаев, Ж.Молдағалиевтің өлеңдерін оқыды. Шараға 50 жас оқырман ата аналарымен қатысты.

 









«Тіл – достық пен татулық тірегі»

Ауданда жыл сайын дәстүрлі өткізіліп келе жатқан «МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ҰЛТ ТІРЕГІ» аудандық тіл фестивалі аясында аудандық мәдениет үйінде мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесе ұйымдастырған «Тіл – достық пен татулық тірегі» атты мекеме қызметкерлері арасында білгірлер байқауы болып өтті. Қазақ тілінің қоғамда қолдану аясын кеңейтіп, өскелең ұрпаққа тіліміздің баға жетпес байлығын, ата-бабамыздан қалған асыл сөз өнерін, шешендік өнерін насихаттау мақсатында өткен байқауға қатысуда аудан мекемелері жоғары белсенділік таныта білді.

Аудан мекемелерінен құралған 6 топ «Таныстыру», «Салтыңды сақтармын, ата тәрбиеңді ақтармын», «Үздік жарнама», «Көрерменмен ойын» бөлімдері бойынша өзара бақ сынасып, Жарқамыс ауылдық округінен қатысқан Қаражар орта мектебінен келген «Шамшырақ» тобы І орынға, ІІ орынға педагогикалық түзетім кабинетінің «Лашын», ІІІ орынға «Шұғыла» балалар бақшасынан қатысқан «Байғазы» тобы иеленіп, жүлдегер топтар арнайы Дипломдармен марапатталып, сыйлықтар табысталды. Қарауылкелді балалар бақшасының «Бәйтерек», «Шаттық» балалар бақшасынан «Тәуелсіздік құрдастары», «Темірқазық»аула клубының «Айтұмар» тобы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Шараға Шараға 25 көрермен қатысты.

 









«Жат ағымнан аулақ бол, жас ұрпақ!»

Аудандық орталық кітапханада жастарымыздың діни білімін тереңдетіп, жалған діни ағымдардан сақтандырып, имандылыққа,адамгершілікке, адалдыққа, Отансүйгіштікке,ұлтжандылыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу мақсатында «Жат ағымнан аулақ бол, жас ұрпақ!» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстел сұхбатына аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Ердауылұлы, орталық мешіт имамы Ғ.Мәткаримов, аудандық ардагерлер кенеісінің төрағасы, Ақтөбе облысы әкімінің Байғанин ауданындағы кеңесшісі, ұстаз өлкетанушы И.Ермекбаев, аудандық мәслихат депутаты Б.Тәжімұратов, Аудандық жастар ресурстық орталығынан мамандар, жоғары сынып оқушылары мен аудан жастары белсене қатысты. Бүгінгі жастар тәрбиесіндегі Ислам дінінің алатын орны, дәстүрлі емес діни ағымдарды қалай ажыратуға болады, олардың қоғамға тигізер ықпалы қандай деген сауалдар төңірегінде өрбіген келелі әңгімені ден қойып тыңдап, өздері де қалыс қалмады.

Кереғар діни ағымдардың қоғамға келтірер залалын жас ұрпақтарға ұғындыру мақсатындағы жиында үлкендердің ұлағатты әңгімесін тыңдаған жастар, «Анам намаз оқуыма рұқсат бермейді, мұндай жағдайда не істесем болады?», «Дем салу деген не, ол дұрыс нәрсе ме?», «Намаз оқығандардың барлығы хиджаб киіп, сақал қою міндетті ме?» деген көкейдегі сауалдарына жауап алды. Дөңгелек үстел сұхбатына 78 адам қатысты.

 









«Бір ел – Бір кітап» акциясы

«Ұлттың ұлы жыршысы»

Елімізде жыл сайынғы дәстүрмен өткізіліп келе жатқан акциясына оқуға ұсынылған Дулат Бабатайұлының шығармаларын аудан жұртшылығына оқуға ұсыну мақсатында аудандық орталық кітапханадап «Ұлттың ұлы жыршысы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу өткізілді. Акция аясында Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы «Елдік пен еркіндік жаршысы, дуалы ауызды Дулат ақын» атты танымдық әңгіме өткізілді.

«Оқитын өлке» акциясы

Оқу мәдениетін дамыту және қолдау, тарихи, мәдени және рухани құндылықтарды сақтау, жастармен қалың жұртшылық арасында ең үздік өлкелік әдеби туындыларды кеңінен насихаттауды мақсат еткен «Оқитын өлке» облыстық акциясы аясында жерлес ақын Есенбай Дүйсенбайұлының «Ұланғайыр» жыр жинағының таңдалуына орай ақын шығармашылығын насихаттау мақсатында аудандық орталық кітапханада «Боздалам, бозала таң, есенбісің» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Кешке жасөспірімдер, ұстаздар, мәдени қызметкерлер мен оқырмандар қатысты. Жасөспірімдер ақын ағаның өлеңдерін жатқа оқып, аудандық мәдениет үйінің әдіскері Т.Мұкашев ақынның өлеңіне жазылған жерлесіміз М.Меңкешовтың «Балауса» әнін шырқады. Ауылымыздың жас ақындары А.Алдабергенова мен Е. Жаманбай ақынға арнау өлеңдерін арнады. Шара аясында «Е.Дүйсенбаев - киелі өлке перзенті» кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттер оқырмандарға таныстырылды.

 









«Оқы, Ақтөбелік өренім»

Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Оқы, Ақтөбелік өренім!» атты облыстық оқу марафонына ұсынылған ақын Е.Ашықбаевтың балаларға арналған шығармаларын оқыту мақсатында марафон ақын туған жері Темір ауданында бастау алды. Темір ауданы аудандық балалар кітапханасынан эстафетаны қабылдап алған аудандық балалар кітапханасы «Мен – ақынмын, жан жүрегім дүниеге таза ғашық» тақырыбында виртуальді кітап көрмесімен ашты.

Виртуалды көрмеде ақынның өмірі мен шығармашылығынан хабардар етер деректер енгізіліп, жас оқырмандарға таныстырылды. Сонымен бірге «Тағылымы терең тілші ақын» тақырыбында танымдық сағат өтті. Балалар кітапханасында облыстық оқу марафоны аясында ақын Ертай Ашықбаевтың 60 жылдық мерейтойына орай «Дархан жүректі талант» атты әдеби-поэзиялық кеш өтті. Марафон эстафетасының қорытынды кешіне қатынасқан Шалқар аудандық кітапханасының әдіскері Ж. Ешниязоваға эстафета табысталды.

 









Бәкір Тәжібаев – 90.

«КІТАП ОҚЫ: ӨЗ ӨЛКЕҢДІ ТАНЫП БІЛ!»

аудандық оқу марафоны

Қазақ мәдениеті мен өнерінде, әдебиетте үлкен орын алған, қазақтың талантты ұлы, өнер саңлағы, ән мен жырдың ақбұлағы, жерлесіміз, ақын, сазгер, драматург Бәкір Тәжібаевтың 90 жылдығына орай аудан кітапханаларында мәдени шаралар өткізілуде. Аудандық орталық кітапханада «Әлдиле мені, Туған жер!» атты әдеби онлайн-кеш ақынның жары Сапаргүл және баласы Жасұлан Тәжібаевпен , аудандағы туыстарының қатысуымен өтті. Кеш аудандық орталықтандырылыған кітапхана жүйесінің директоры А.Ж.Төкенованынң құттықтауымен ашылды. Жүздесу барысында жары Сапаргүл ана мен баласы Жасұлан, туыс қызы Ләззәт Төлеу ақынның адамгершілігі мен өнері, сан қырлы таланттылығы, т.б. естеліктерінен сыр шертті. Кешке қатысқан аудандық Б.Тәжібаев атындағы балалар музыка мектебінің мен ұстаздары , өнерпаздары туған жердің тума таланты туралы сауалдар қойды. Жас ұрпақтарға ақын, сазгер,жазушы драматургтің өнегелі өмірі мен өрісті өнерін насихаттап, дәріптеу мақсатында өткізілген кеште ақын жырлары тыңдалып, сазгер Бәкірдің құлақ құрышын қандырар «Әдемі ау», «Ақбұлақ», «Есіңе ал» т.б. әндері әуелете шырқалды. Жерлес сазгер Орал Қойсай Байсеңгірдің шығармашылығынан ақынға арнаған «Бәкір аға» ән тыңдалды.

Сонымен қатар, орталық кітапхана бүкіл ауылдық кітапханалардың басын қосып, «КІТАП ОҚЫ: ӨЗ ӨЛКЕҢДІ ТАНЫП БІЛ!» деп аталатын оқу марафонын жариялап, биылғы жылға 90 жылдық мерейтой иесі Б.Тәжібаевтың шығармаларын оқыту бастау алды. Арнайы ережесі мен жоспары бекітіліп, аудан кітапханаларында жалғасын тапты.

 









«Туған жер, сенде гүл аттым».

Аудандық «КІТАП ОҚЫ: Өз өлкеңді танып біл!» оқу марафонын қабылдаған Жарқамыс модельді ауыл кітапханасы Б.Тәжібаевтың 90 жылдығына орай «Туған жер, сенде гүл аттым» тақырыбында әдеби-саз кеш ұйымдастырды. Ақын шығармаларын оқытуға арналған марафон аясында ұйымдастырылған кеште ақынның шығармашылығынан мол хабар беріліп, өмірі жайында қарындасы Қибат Тәжібаева апай келелі әңгімесімен жұртты ұйыта білді. Бәкір ағамыздың әні мен жыры қалықтаған кеш «Жыр отау» қызығушылық клубының мүшелерінің ақынға арнау өлеңдерімен жалғасты. «Ұқсайтын ақ көңілі Ақбұлаққа» тақырыбында виртуальды көрме, «Бәкір туған ауыл – Ақбұлақ» атты естелік-буклет жасалынып, оқырмандарға ұсынылды.

 









«Туған елім, сенде өскен бақ талабым».

Аудандық балалар кітапханасында марафон аясында ақын, сазгер, драматург Бәкір Тәжібаевтың туғанына 90 жыл толуына орай тақырыбында «Туған елім, сенде өскен бақ талабым» әдеби кеш болып өтті. Кеште балаларға ақын өмірі мен шығармашылығы туралы слайд таныстырылды. Ақынның «Кел балақай» пьесалар жинағынан диалогтар оқылып, таныстырылды. «Жем Сағыз», «Ақтөбеге ода», т.б. өлеңдері дауыстап оқылып, «Ақбұлақ» әні тыңдалды.

 









«Жастар көктемі».

аймақтық фестивалі

Мамыр айының аяғында Ойыл ауданында мәдениет қызметкерлері арасында «Жастар көктемі» атты аймақтық фестивалі өтті. Мақсат :Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында мәдениет қызметкерлер күніне орай мәдениет қызметкерлерінің мәртебесін көтеру, ұлттық өнерді дәріптеу, жас ұрпақтың бойына сіңіру, патриоттық тәрбие беру және мамандардың тәжірибе алмасу. Фестиваль талаптары бойынша 29 жасқа дейінгі мәдениет саласының қызметкерлерінің қатысуымен «Ұлттың арқауы мәдениет», «Жұлдызды 25 кітап», «Патриоттық ән байқауы» турлары бойынша Атырау, Батыс Қазақстан облысы, Байғанин, Темір, Ойыл аудандырынан мәдениет қызметкерлері қатысты. Ауданды мәдениетін аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекші маманы Рита Халыққызы мен аудандық ОКЖ кітапханаларды дамыту бөлімінің әдіскері Назекен Мәтбаева «Байғанин байтақ жайнаған өлкем» атты бейнебаянын таныстырды.

«Жұлдызды 25 кітап» туры бойынша кітапхана әдіскері Мәтбаева Н. тәуелсіздік алған 25 жыл ішінде басылып шыққан аудан тарихы мен әдебиетінен хабардар ететін басылымдардың виртуальды көрмесін таныстырды. Кемерши ауылдық клуб қызметкері Е. Мұхтаров ІІІ тур бойынша өнер көрсетті. Аталмыш фестивалде ауданның мәдениет қызметкерлерінен құралған «Ақбота Сәңкібай» командасы жоғары деңгейде кәсіби біліктілігін көрсеті І орынды жеңіп алды. «Жұлдызды 25 кітап» виртуалды көрмесін таныстырған Н.Мәтбаеваның шығармашылық, кәсіби біліктілігін жоғары деңгейде бағалап, «Үздік витуальды көрме» номинациясымен, арнайы Дипломмен марапатталды.

 









«Кітапхана ресурстары және ақпараттық қызмет»

Кітапхана мамандарымен «Кітапхана ресурстары және ақпараттық қызмет» атты семинар - кеңес аясында дамыту бөлімінің әдіскері Н.Мәтбаева, әдіскер Ж.Көккөз 2015 жылдың қорытындылары мен 2016 жылы алға қойылған міндеттерді айтып өтті. Кітапхана жұмысын жандандырып, өзара тәжірибе алмасу мақсатында өткен семинарда кітапханашылар Б.Естұр, Г.Рамбаева , Н.Татабаева пікірлерімен бөлісіп, кітапхана жұмысына қатысты айтылған сын - ескертпелер мен ұсыныстарды толық қолдайтындарын жеткізді. Аудандық кітапхана директоры А.Тукенова РАБИС бағдарламасымен жұмыс істеу тәсілдерін кітапханашыларға түсіндіріп өтті. Аудандық кітапхананың автоматтандыру бөлімі меңгерушісі Г.Мұхамбетияр ақпараттық қызмет жасау әдістерін таныстырды.

 









Библиокруиз

Орталық кітапхананың ұйымдастыруымен аудан көшелерінде республикалық «Бір ел- бір кітап» акциясы бойынша Дулат Бабатайұлының, облыстық «Оқитын өлке» Есенбай Дүйсенбайұлының «Ұланғайыр» шығармаларын оқуға ұсыну, және аудандық «Кітап оқы: өз өлкеңді танып біл!» аудандық оқу марафонына таңдалған және жерлесіміз Бәкір Тәжібаевтың шығармашылығын кеңінен насихаттап, аудан жұртшылығын кітап оқуға шақыратын библиокруиз болып өтті. Кітапханашылар тұрғылықты халықты бұл жобалардың мақсатымен таныстыра отырып, акцияға таңдалған ақындардың шығармаларының тізімі ұсынылған парақшалар таратып, кітапханаға келіп кітап оқуға шақырды.

 

 



«Ақтөбе жыр құшағында».

аймақтық балалар поэзиясы байқауы

Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының дәстүрлі «Ақтөбе жыр кұшағында» атты балалар поэзиясы байқауы аймақтық (Ақтөбе, Батыс Қазақстан, т.б) бағытта өткізілуіне орай, аудандық балалар кітапханасында «Ақтөбе жыр құшағында» аймақтық балалар поэзиясы байқауының аудандық кезеңі өтті. Оған аудан мектептерінен және Миялы, Қопа, Ебейті,Жарқамыс, Жарлы,Сағыз ауылдарының мектептерінен 10-15 жас аралығындағы 30 талапкер жас ақын балалар қатысты. «Тәуелсіз ел - Мәңгілік ел», «ЭКСПО – 2017» және еркін тақырыптағы шығармашылықтарымен бөліскен талапкер ақындар өлең арқылы өз ойларын жеткізе білу, ұйқасты ұтымды пайдаланып, әдеби тілмен көркемдеу сынды шарттар бойынша бағаланды. Аудандық кезең қорытындысында 1, 2 орындарға ие болған Қалниязова Назгүл мен Мұхтар Тінеқұловтың шығармалары облыстық кезеңге жолдама алды. Аймақтық деңгейде өткізіліген байқауда № 2 Қарауылкелді орта мектебінің оқушысы Тінеқұлов Мұхтар аймақтық «Ақтөбе жыр құшағында» балалар поэзиясы байқауының Бас жүлдесіне ие болды.

 









«Кітап – оқығандыкі, білім- тоқығандыкі».

атты балалар шығармашылығының байқауы

Аудандық балалар кітапханасында 2-сәуір – Дүниежүзілік балалар кітабы күніне орай әр түрлі топ оқырмандарымен кітапханалық сағат ұйымдастырылды. Кітаптың пайда болған кезеңінен бастап, оқырмандардың қолына оқуға ұсынылу аралығындағы кезеңдері таныстырылды. Аталмыш күнге орай ұйымдастырылған «Кітап – оқығандыкі, білім- тоқығандыкі» атты балалар шығармашылығының байқауы жарияланып , байқауға 5 оқырман (Қайрат Асау -11 сынып, Иниятова Карима – 5сынып, Ержан Мирна – 4 сынып, Иниятова Нағима – 9 cынып , Жадыра Ақерке – 10сынып) өзі оқыған кітаптары туралы шығармаларын ұсынды. Байқауға қатысушылар өздерінің оқыған кітаптарынан алған әсерін, кейіпкерлерінен алған үлгі-өнегесін, кітап оқу – адамның санасының өсіп, рухани баюына септігі тигізетінін әңгімелей келіп, қызықты кітаптарды оқуға ұсыныс жасады. Байқау қатысушылары алғыс хаттармен, шағын сыйлықтармен марапатталды.

Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай Жарқамыс модельді ауыл кітапханасында, «Кітап – рухани жан азығымыз» тақырыбында көрме-кроссворд ұйымдастырылды Жарқамыс балалар кітапханасында балалар кітабы күніне орай «Кітаппен дос болайық!» атты ертеңгілік ұйымдастырылды. Кітап – адам өмірінің таусылмас қазынасы, ғылым-білімнің көзі, өнер мен тәрбие құралы екенін ұғындыру мақсатында ұйымдастырылған ертеңгілікте кітап туралы әртүрлі материалдар таныстырылып, кітаптың пайдасы туралы видеороликтер, «Кітаптың киесі» атты қойылым көрсетілді.

 









«Ата салтым - асыл мұрам».

22-НАУРЫЗ - ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІНЕ ОРАЙ аудан кітапханаларында ұлтымыздың салт дәстүрі мен танымымен сабақтасқан ұлық мерекені жас ұрпақтардың танып білуіне, ұлттық тәрбиені қалыптастыру бағытында түрлі іс шаралар өтті. Аудандық балалар кітапханасы Т.Жармағанбетов атындағы орта мектебінің 4-сынып оқушыларымен «Ата салтым - асыл мұрам» атты тақырыпта таным сағаты өткізді. Балаларға наурыз мейрамы туралы, оған қатысты салт-дәстүрлер, орындалатын дәстүрлі ұлттық ойындар, наурызда асылатын коже туралы мәліметтер берілді. Наурыз туралы әр бала өз ойларымен бөлісіп, наурызға қатысты өлеңдер оқып, әндер шырқады.Сонымен қатар балаларға Наурыз көжеден дәм татқызып, ақтан ұсынылды. «Наурыз - ұлттың ұлы мерекесі» атты кітап көрмесі жасақталып,оқырмандар назарына ұсынылды.

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай аудандық орталық кітапханада «Наурыз,Наурыз, нұр жауғыз» атты мерекелік дастархан жайылды. Кітапхана ардагерлері мен қызметкерлеріне қазақтың ұлттық тағамдары мен Наурыз көже ұсынылды. Ән орындалып, әріптестеріміз жақсы тілектер айтып, Сұлтанбай ақсақал Наурыз бата берді. Сонымен бірге «Наурыз-ұлттың ұлы мерекесі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Жаңа үлгідегі модельді Жарқамыс ауыл кітапханасында «Ұлыстың Ұлы күні» мерекесіне орай, «Жарқыраған жас нұрлы, Жаса наурыз дәстүрлі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу өткізілді. «Әз Наурыз – желмаясы ізгіліктің» атты мерекелік кеш ұйымдастырылып, кітапханаға мәдениет саласының ардагерлері (клуб, кітапхана) шақырылды. 22-наурыз мерекесіне орай Байғанин, Алтай модельді ауыл кітапханаларында «Наурыз – жыл басы», «Нұрын төккен НАУРЫЗ» атты мерекелік кештер өткізілді. Қопа, Көкбұлақ селолық кітапханаларында «Наурыз тойы – қасиеттілік тойы» тақырыбында танымдық сағат, «Наурыз мейрамы – ырыс алды, береке» атты кітап көрмелері ұйымдастырылды.

 

«Әйел – ару, Әйел – жар, Әйел – ана әлемге».

Жарқамыс модельді ауыл кітапханасының ұйымдастыруымен «Әйел – ару, Әйел – жар, Әйел – ана әлемге» атты дөңгелек үстел өткізілді.Сұхбатқа он баланы дүниеге әкеліп, «Ел анасы атанған» Айсан әжені, ардагер ұстаз Бақыт апайды, қоғамдық жұмыстардан қол үзбей жүрген зейнеткер Шара апай, 40 жасында «Алтын алқа» иегері атанған Туғанай, мемлекеттік көмектің нәтижесінде кәсіпкерлікпен айналысуды қолға алған Гүлжан, сонымен бірге «Инең болса иінің бүтін» демекші кәсібінің көзін тауып, шағын шаштараз ашып отырған Ақгүл құрметті қонақ ретінде шақырылды. Ауыл әкімі Ажимкин Мейрамбек аналарды мерекелерімен құттықтап сөз сөйлегеннен кейін, кеш қонақтары ұйымдастыру алқасына ризашылығын білдірді. «Әйел» , «Ана» тақырыптарында әндер орындалып, көркем сөздер оқылып, мерекелік гүлдер сыйланды. Кеш соңында көрермендерге еркін микрафон ұсынылып, жылы лебіздер, тәтті тілектер тыңдалды. «Ана деген теңдесі жоқ ұлылық» атты кітап көрмесімен таныстырылды.

«Өнерлі қыз, өнегелі ана»

Қопа селолық округіне қарасты Қопа ауылының кітапханасында Аналар мерекесіне орай қыздар мен аналары арасында «Өнерлі қыз, өнегелі ана» сайысы өткізілді. Сайыста аналар арасында отбасындағы қыз бала тәрбиесі туралы сұрақтар қойылып, сынға түсті. «Зерделінің ойы озық» бөлімінде қыздар білімпаздық пен тапқырлық, жылдамдық қабілеттерімен сұрақ – жауаптарымен жарысты. Сонымен қатар, аналар мен қыздардың арасында шаш үлгісі, өнер сайысы, мақал-мәтел сайысы, «Ас – адамның арқауы» бөлімдері бойынша бақ сынасты. Сайыста өнер көрсеткен ару аналарға аталымдар беріліп, аудандық ОКЖ әкімшілігі тарапынан мадақтамалар табыс етілді.

 









«Сырласайық замандас» клубында.

Аудандық орталық кітапхананың «Сырласайық замандас» қонақжай клубының ұйымдастыруымен ақын, сазгер, жазушы, ұлағатты ұстаз, ауданымыздың еңбек ардагері, ҚР Журналистер одағының мүшесі Асылгүл Арықовамен сыр-сұхбат өткізді. Сан қырлы талант иесінің өнегелі өмірі мен шығармашылығынан жастарға тәлім- тәрбие, үлгі беру мақсатында өтілген бұл жиында Асылгүл апайдың өмірі мен еңбек жолы кеңінен таныстырылды. Сыр-сұхбат барысында шығармашылыққа бейім жастар апайға «Сізді шығармашылыққа жетелеген не нәрсе?», «Шабыт қалай келеді?», «Өзіңізге кімдерді үлгі тұтасыз?» деген сұрақтарына жауап ала отырып, кейіпкердің өткен шағынан естеліктер, өмірлік ұстанымдары, болашаққа арман-мақсаты жайында да ой бөлісіп, сабақ болар тәлімді әңгімелерін тыңдады.

Ақын сазгер шығармашылығындағы «Туған жер» т.б. әндерінен үзінділер тыңдалды. Сонымен ақын шығармашылығанан хабардар ететін мерзімді баспасөзде жарияланған шығармалары мен туындыларынан, жеке мұрағаты бұйымдарынан жайма жасақталды. Сұхбат соңында Асылгүл апай сырласудан алған әсерімен бөлісіп, ризашылығын айтып, көңілге қонымды, мазмұнды да мағыналы сұрақ қойған оқушыларға тарту таралғысын ұсынды. «Сырласайық, замандас» клубының қонағы Асылгүл Арықова туралы бейне слайд дайындалып, оқырмандарға ұсынылды.

 









Ардагерлерге алғыс.

Аудандық орталық кітапхана және аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық» атты кездесу кеші кітапхана саласында ұзақ жылдар бойы аянбай еңбек етіп, зейнетке шыққан ардагер мамандардың еңбегін бағалап,құрмет көрсету, кітапхананың өсу, өркендеу жолында төккен тері мен жұмсаған қажыр-қайратына алғыс білдіру мақсатында өтті. Кешке шақырылған К.Дүзбай, К.Жуканов, Л.Дәрібаева, Ж.Альқуатова, Наренбаева Ғ., Елтезерова С., Сағынбаева О., Ауданбаева Д., Б.Кенжебаева, Б.Мергенова және С.Шекіртбаев, А.Ахмет, Т.Айдарова, Т.Андабаева сынды кітапхана саласының ардагерлеріне ауданның кітапхана саласын дамытудағы ауыл тұрғындарына рухани қызмет көрсетудегі ерен еңбектері туралы, олардың өнегелі істеріне алғыс білдіріп, кітапхана мамандары сұхбат жүргізіп, әннен шашу шашты.

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Н.Қолдасбаев, мәдениет жұмысшы қызметкерлері бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Қ.Мырзағалиева, аудандық ОКЖ директоры А.Төкенова ардагерлерге жылы лебіздерімен, алғысын білдірді. Қонақжай дастарханы ұсынылып, сыйлықтар, Алғыс хаттар табысталды.

 









Алғыс айту күні атап өтілді.

ҚР Президенті Әкімшілігінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 35 -18/414-41 санды қаулысымен бекітілген 1 наурыз – «Алғыс айту» күнін мерекелеуде елімізде алғаш рет атап өтілген онкүндік аясында аудан кітапханаларында жүргізілетін жұмыс бағытының жоспары бекітіліп, мәдени шаралар өткізілді. Жарқамыс, Алтай, Жаңажол, Байғанин модельді ауыл кітапханаларында «Алғыс айту тарихы қалай пайда болды?» тақырыбында дөңгелек үстел, «Жаныңда жүр жақсы адам» тақырыбында бейнеролик, «Қазақ еліне тағзым» тақырыбында кітап көрмелері ұйымдастырылды. Сағыз, Ебейті, Миялы модельді ауыл кітапханаларында балалар мен жасөспірімдер арасында «Ата-анам - алтын тұғырым!» тақырыбында ашық әңгіме сағаты, «Сіз кімге алғыс айтасыз?» блиц-сауалнама өткізілді. Аудандық орталық кітапхана Т.Жармағамбетов атындағы орта мектептің 11-сынып оқушылары арасында «Сіз кімге алғыс айтасыз?» атты блиц-сауалнама жүргізді. Кітапханашы осы атаулы күннің қысқаша тарихына тоқталғаннан кейін, оқушыларға «Сіз кімге алғыс айтасыз?» сауалнама парақшалары таратылды. Сауалнама нәтижесінде оқушылардың барлығы алдымен ата- аналарына, екінші ұстаздары мен достарына алғыс айтатындарын білдірді. Содан соң оқушыларға, достарына және кластастарына алғыстарын тілектерін білдіруі үшін смайликтер таратылып, бір-біріне жылы лебіздерін алғыстарын жазып ұсынды.

Аудандық балалар кітапханасы №3 Қарауылкелді орта мектебінің оқушыларымен «Мен алғыс айтамын» атты тақырыпта танымдық әңгіме өткізілді. Атаулы күнге қатысты балаларға қызықты деректер айтылып, алғыс айту, ризашылық білдіру турасында мағлұматтар берілді. Балаларға алғыс айту тұрғысында сұрақтар қойылып, әр оқушы кімге және неге алғыс айтатынын стикерлерге жазып, білім ағашына жабыстырды. Кітапхана ұжымы өз кезегінде балаларға ризашылығын білдіріп, «Алғыс айтамын!» атты тілек парақшалары жазылған тәттілерін ұсынды. Балалар кітапханасының мүмкіндігі шектеулі оқырмандарымен өткізілген «Біз сіздермен біргеміз!» атты қайырымдылық шарасында кітапхана қызметкерлері қызықты ертегілер, әртүрлі жанрдағы аудио-кітаптар апарып, дауыстап оқып берді. Алғыс айту онкүндігі аясында «Қайырымды жүрек қартаймайды» қайырымдылық шарасы бағытында кітапхана қызметкерлері ұйымшылдықпен қайырымдылық жасау мақсатында кітапхана саласының ардагері , мүмкіндігі шектеулі азамат Бозжігітов Жұмақұлдың отбасында болып, кітапхана ісіндегі еңбегіне алғысын білдірді, сонымен бірге отбасы мүшелеріне рухани және материалдық демеуін ұсынды. Кітапхана ұжымына Жұмақұл ағайдың өзі де, отбасы да ақ тілегін аямады. Ағайдың отбасымен әңгімелесіп, көңіл-күйін бір серпілтті. Сонымен бірге кітапхананың мүмкіндігі шектеулі оқырманы жасөспірім Наурызбаева Үзілдің отбасында болып қызықты, жаңа әдебиеттер таныстырылды. Оқырман Үзілдің кітап оқуға қызығушылығымен қатар, суретшілік қабілетін ескеріп, сурет салуға қажетті құралдар сыйлады. Үзіл кітапхана ұжымына жүрекжарды ризашылығын айтып, бұл бастама өзін де, отбасын да бей-жай қалдырмағанын, мүмкіндігіне қарамастан қоғамда ешкімнің де елеусіз қалмайтынына сенім білдірді. Аудандық орталық кітапхана әкімшілігі атынан кітапханаға рухани демеу көрсеткен демеуші оқырмандарға, аудан көлемінде әріптестік бірлестікте бірге қызмет жасап келген аудан мектептері мен ұжымдарға «ашық алғыс хаттар» ұсынылды.

 









 









Темір Төлеуовтың

«Өткен іздерді еске алсақ»

кітабының тұсаукесер салтанаты

Жерлесіміз, ауданның ауыл шаруашылығы, мәдениет саласының еңбек ардагері Темір Төлеуовтың «Өткен іздерді еске алсақ» кітабын және авторының шығармашылығын таныстыру, өскелең ұрпақты еңбекке тәрбиелеу арқылы, көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру мақсатында өтті. Тұсаукесер рәсімі аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, жазушы, өлкетанушы, ұстаз, еңбек ардагері Ермекбаев Ибрагимнің қатысуымен жасалды. Ауданның белгілі қаламгері кітап иесінің өмірі мен шығармашылығы туралы баяндап, сәттілік тіледі. Сонымен бірге автордың замандастары Қ.Пұсырманов, Ермұханбетов М., кітаптағы кейіпкердің ұрпағы Берекетов Т. Және әріптестері, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Н.Қолдасбаев, аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Ж.Ермекбаева, Көлтабан селолық округінің әкімі Бітімбай С. шығармашылық табыс тілеп, сыйлықтар мен алғыс хатпен марапаттады.

Автордың прозалық шығармаларында аудан тарихындағы ауыл шаруашылығын өркендетуде қарапайым еңбек адамдарының өмірі, олардың халқымыздың шешендік сөздері мен ауыз екі өлеңдердің суырып салмалық қабілеттері туралы баяндалса, мерзімді баспасөзде жарияланған өлеңдері таныстырылды. Ел Тәуелсіздігі үшін күрескен желтоқсан оқиғасына қатысушылар мен тарихи оқиғаны жырына арқау еткен «Желтоқсан желі» өлеңі оқырман Гүлдана Садуақасованың оқуында тыңдалды. Мәдениет үйі қызметкерлері Б.Теміров, Қ. Қайрулла әндер шырқап, ақын Айнабек өзінің жүрекжрды лебізін жырмен арнады. Кітап авторының өмірі мен шығармашылығы туралы бейне слайд дайындалып, оқырмандарға ұсынылды.

 









Мұқағали ақын шығармашылығына арналды.

Аудан кітапханаларында жыл сайын дәстүрге айналған ғасыр ақыны Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын жас ұрпақтарға таныстыру жалғасын тауып келеді. Ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған 9 ақпанда «Әлі талай жыр болып жазыларсың» атты әдеби-сазды кеш өткізілді. Кеш ақынның «Есіңе мені алғайсың» өлеңіне жазылған әнімен жас өнерпаз Медиев Нұрдаулеттің орындауымен ашылды. Ақынның өз дауысымен оқылған бейнежазба тыңдалды. Ақынның шығармашылығындағы «Менің туған күнім», «Қазынам», «Ақ кимешек көрінсе», «Поэзия», «Автограф», «Майгүлге», «Ғашықпын» т.б. өлеңдері мен «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінділер тыңдалып, өлеңдеріне жазылған «Саржайлау», «Ана сен, бақыттысың», «Жарығым - ай», «Әке» т.б. әндері шырқалды.. Сонымен бірге Метрше Шұғыла, Жаңабай Есмахан, Тоғызбай Мөлдір жас талапкер ақындар өз шығармашылықтарындағы ақын Мұқағалиға арнаған өлең жырларын оқыды.

Ақын өмірі мен шығармашылығынан хабардар ететін «Қазақ жырының Хантәңірі» атты слайд таныстырылымы кеш барысында жүргізілді. Аудандық балалар кітапханасында «Әннің гауһары, жырдың жауһары - Мұқағали» атты балалармен танымдық сазды поэзия сағаты, Байғанин, Жаңажол модельді ауыл кітапханаларында «Бір күндік сәуле», «Ән-жырыңмен әрлей білдің әлемді», Көкбұлақ ауыл кітапханасында «Қазақ поэзиясының Хантәңірі» әдеби поэзия кештері өткізілді, және «Мұқағали – біртұтас ғажайып әлем» ,«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты кітап көрмелері ұйымдастырылды.

 









ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шаралар

Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі кітапханаларында еліміздің биылғы атаулы мерекесі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай кітап көрмелер ұйымдастырылды, оқырмандарға ел тарихы мен тәуелсіздігі, «Мәңгілік Ел» идеясын ұғындыру мақсатында «Тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекетіміз ғұмырлы», «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» атты тақырыптарында тұрақты кітап көрмелері ұйымдастырылып, мәдени шаралар өткізу басталып кетті. Аудандық орталық кітапханада «Тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекетіміз ғұмырлы» тақырыбында кітап көрмесінің таныстырылымы жасөспірімдер арасында өтті. Мақсаты: Оқырмандарға Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру, қазақтың өнері мен әдебиеті туындыларындағы тәуелсіздік, азаттықты аңсау идеясын түсіндіру.Тәуелсіздікке жету жолындағы, Тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістіктерді насхаттау. Қазақстан Республикасының Егемендік алған жылдардағы маңызды оқиғалардан тұратын хроникасын таныстыру, Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбектерімен, Елбасымыз жайында жазылған әдебиеттермен таныстыру. Көрме «Тарих тарту еткен тәуелсіздік», «Тұғырлы ел – егеменді Қазақстан», «Нұрлы жол- мәңгілік ел» бөлімдері бойынша жасақталды.

«Тарих тарту еткен тәуелсіздік» бөлімінде Тәуелсіздік тарихын баяндайтын «Тәуелсіздік шежіресі», «Тәуелсіз Қазақстан күннен күнге: оқиғалар хроникасы», қазақ әдебиетіндегі тәуелсіздікті аңсау идеясын зерттеген «Тәуелсіздік идеясы және көркем мәдениет», Алаш зиялыларының әдеби мұрасын кеңінен зерттеген А.Ісімақованың «Тәуелсіздік және Алаш ғылымы» және М.Қозыбаевтың «Киелі тәуелсіздік», Кеңес Үкіметінің ыдырауынан бастап, Тәуелсіздік алған жылдар және егемендік жылдарындағы жеткен Қазақстанның жетістіктері тұрақты Қазақстан саясаты баяндалатын «Қазақстанның жаңа тарихы» атты үш томдық еңбектер мен басылымдар жас оқырмандар назарына ұсынылды.«Тұғырлы ел – егеменді Қазақстан» бөлімінде ҚР Конституциясы, ҚР Мемлекеттік рәміздері, және оның қалыптасу тарихынан дерек беретін әдебиеттер, «Тәуелсіз Қазақстан шетел сарапшыларының көзімен» деп аталатын әлемге әйгілі шетел ғалымдары мен саясаткерлерінің Қазақстан жайында айтылған ой-пікірлері жинақталған әдебиеттер, Қазақстан көшбасшысы жайлы жазылған Тәжік жазушысы Абдувохид Гафоровтың «Еліне елеулі Елбасы», М.Қасымбековтың «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы», қазақ және түрік тілдерінде жарық көрген Еуразияның түбі бір түркі мемлекеттері зиялыларының мақалалары жарияланған «Әлемдік тұлға» және Елбасымыз жайында жарық көрген «Кемеңгер», «Наш Президент» ,Н.Назарбаевтың «Ақыл-парасат кітабы», «Тәуелсіздік белестері», «Еркін елдің ертеңі» Қазақстан тарихындағы Н.Назарбаевтың алатын орнын, ел тағдыры үшін атқарып жатқан өлшеусіз еңбегін танып-білуіне, бағалауына тигізер көмегі зор басылымдар таныстырылды. «Нұрлы жол - мәңгілік ел» бөлімінде Елбасымыздың жыл сайынғы Жолдаулары мен «Мәңгілік ел- ғасырға бергісіз жылдар», «Нұрлы жол», Н.Назарбаевтың «Халыққа арнау - Слово к народу» еңбектері жолдау мазмұнын терең талдауға, жастар арасында насихаттауға бағытталды. Сонымен қатар, «Елбасы жолдады – елі қолдады», Елбасына арналған өлең-жырлардан тұратын «Жүректен жеткен жырлар» әдебиеттерімен қатар Тәуелсіздік құрдастарының шығармалары жинақталған «Жеңімпаз ұрпақ» әдебиеті де оқырмандар назарына ұсынылды.

Көрме барысында оқырмандарға Қазақстан мүшелік ететін G-20 елдерінің әлемдік дағдарыстан шығу жолдарын талқылаған Санкт-Петербургта өткен саммиті жайлы видеоролик көрсетілді. Бұл видеороликте Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі саясатының бағыт-бағдары, Қазақстанның шет елдермен қарым-қатынасы,дағдарысты еңсерудің жаңа әдістері жайлы мағлұмат берілді. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай жасақталған бұл көрме жыл бойы оқырмандарға қызмет ететін болады. Сонымен бірге Жарқамыс, Сағыз, Байғанин модельді, Баршақұм ауыл кітапханаларында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі - мәңгілік елдің ұлы тарихы», «Тәуелсіздік – бабалардың орындалған арманы» атты кең көлемдегі кітап көрмелері жасақталды. Елбасы саясатын,Жолдауларын талқылау мақсатында Сағыз модельді ауыл кітапханасында «Арманымыз – асқақ, болашағымыз – баянды» тақырыбында ауыл жастарымен дөңгелек үстел өткізілді.

 









«Кітапхана – қасиетім киелім»

(Портрет - кеш)

Байғанин ауданының мәдениет саласының кітапхана қызметінің жаңа ақпараттық технологиялар мен әр алуан инновациялық әдістер енгізуде, ауыл тұрғындарын кітапхана қызметімен қамту бағытында елеулі үлес қосып, 40 жыл бойы ерен еңбек еткен , Қазақстан Республикасы Мәдениет қайраткері Кенжебаева Батиманың жас мамандарға, оқырман қауымға өнегелі өмірі мен қызметін таныстыру мақсатында «Кітапхана – қасиетім киелім» атты ауданның мәдениет саласы кітапхана ісінде ұзақ жылдар қызмет атқарған ҚР Мәдениет қайраткері Кенжебаева Батимаға арналған портрет-кеш өткізілді. Портрет – кеш барысында аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің дайындаған іскер, білікті кітапханашы , басшы Б.Кенжебаеваның өнегелі өмірі, қызметі мен жетістіктерінен хабардар ететін бейнебаян (слайд) таныстырылды.

Кітапхана оқырмандарымен бірге аудан әкімінің орынбасары Ш.Қ.Спанова, ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Ердауылұлы, ардагерлер кеңесінің төрағасы, жазушы-өлкетанушы И.Ермекбаев,а мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Н.Қолдасбаев және әріптестік бірлестікпен қоғамдық мәдени іс шараларды бірге атқарған білім беру мекемелерінің басшылары, кітапхана ардагерлері мен әріптестері портрет кеш иесін құттықтап, жүрекжарды лебіздерін арнады. Кітапхана оқырманы Д.Сүндетова «Кітапханашы» өлеңін оқыды, кітапханашылар мен мәдениет үйінің қызметкерлері әннен шашу шашты. Кеш соңында Б.Кенжебаева аудан тұрғындарына, кітапхана оқырмандары мен әріптестеріне ризашылығын білдірді.

 









Б.Сәуірбаев «Жусан иісі»

(кітабының тұсаукесері)

Ақын, ұстаз, еңбек ардагері Бекес Сәуірбаевтың «Жусан иісі» кітабының тұсаукесері жыр сүйер қауыммен өтті. Мақсат жерлесіміз ұстаз, ақын Сәуірбаев Бекестің өнегелі өмірі мен еңбегін, шығармашылығын жастарға таныстыру, жастардың көркем әдебиетке, поэзияға деген құлшынысын ояту.

Тұсаукесер салтанаты оқырмандарға ақынның өмірі мен шығармашылығын таныстырудан басталды. Ақын өз шығармашылығында уақытпен үндесе жыр тиегін ағытып, ең алғашқы өлеңдері республикалық, облыстық, аудандық мерзімді баспасөз беттерінде жарияланса, 1977 жылы «Жазушы» жарық көрген «Шұғыла» ел ақындарының өлеңдер жинағына енді.

Аудан әкімі М.Д.Аққағазовтың қатысуымен ақынның кітабының тұсауы кесіліп, оқырманға жол тартқан жыр кітабына сәттілік тілеген аудан басшысы «Алғыс хат» ,сыйлық табыс етті. Ақынның бірге оқыған достары, замандастары,кітапхана оқырмандары ардагер зейнеткерлер Асанов Болат, Әбішев Ықылас, аудандық Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Ибраһим Ермекбаев, журналист ардагер Тұрлыбай Құлынбаев, ұстаз Ақдәулетова Алтынай Бекес Сәуірбаевтың шығармашылығы туралы жылы лебіздерін білдірді. Кітапхана оқырманы Әбдіраманов Гайдар ақынның туған жеріне арнаған «Шилі аша» өлеңін оқыды. Ақын шығармашылығындағы ерекшелік шығыс классикасындағы сонеттер мен рубайларын кітапхана мамандары Н.Мәтбаева, А.Қобдабаева, Г.Боранбаева, Ж.Қойлыбай, Н.Ермекбаевалар оқыды. Рухани істердің ізгі жанашыры , аудандық ОКЖ директоры , ҚР мәдениет қайраткері Б.Кенжебаева кітап авторын құттықтап, шығармашылық табыс тіледі. Кеш соңында ақын Бекес Сәуірбаев өз өлеңдерін оқыды, оқырмандарға ризашылығын білдірді. Тұсаукесер салтанаты барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы дайындалған слайд таныстырылды.

 









«Ауыл кітапханасы: Рухани этностық құндылықтар. Толеранттылық»

(Ауыл кітапханашыларымен семинар кеңес)

Аудандық орталық кітапхананың дамыту, ақпараттық – библиографиялық бөлімінің ұйымдастыруымен аудан кітапханашыларының іс – тәжірибе алмасуына ықпал ету мақсатында 21 мамыр – мәдениет және өнер қызметкерлері күні «Ауыл кітапханасы:Рухани этностық құндылықтар. Толеранттылық» тақырыбында семинар кеңес өтті. Семинар барысында кітапхана қызметкерлерін мерекемен құттықтау, «Ауыл кітапханасы: Рухани этностық құндылықтар. Толеранттылық» тақырыбында баяндама, модератор – Ауданбаева Д.С.– ОКЖ аға әдіскері.

«Қазақстан халықтары Ассамблеясы. Бірлік пен келісім» аудандық орталық кітапхана, бөлім меңгерушісі – Г.Боранбаева атқарылған іс – шаралар туралы әңгімелеп, «Қазақстан – татулық мекені», «Ассамблея - татулық пен тыныштықтың тірегі», «Ислам діні – бейбітшілік тірегі» тақырыптарында ұйымдастырылған кітаптар инсталляциясы көрмесімен таныстырды. Оқу залында кітаптардан кітап оқуға шақыру мақсатында «ОҚЫ» сөзі кітаптар инсталляциясы ұйымдастырылды.

«Қазақстан.Толеранттылық.Дәстүрлі діндер келісімі» - М.Сейілханова – Жарқамыс модельді кітапханасы, Г.Рамбаева – Жем модельді кітапханасы меңгерушілері атқарылған жұыстары туралы тәжірибелерімен бөліссе, аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі А.Қобдабаева «Оқитын өлке» Акциясына ұсынылған Қ.Шаңғытбаевтың «Шайыр» бес томды шығармаларына арналған «Қуандық Шаңғытбаев – дегдар ақын» тақырыбында өмірі мен «Шайыр» бес томдығына слайд көрсетілді, әрқайсысына аннотация берілді. Балалар кітапханасы балаларды кітап оқуға баулу мақсатында дайындалған «Ертегілер әлемінде» атты кітаптар инсталляциясы көрмесімен таныстырылды.

 









«Ауылым – алтын бесігім»

(Ауыл кітапханалары кітапханашыларының байқауы)

Ақпараттық - библиографиялық бөлімі ауыл кітапханаларының библиографиялық жұмысын жақсарту, шығармашылық жобаларды ұсыну, кітап оқуды ілгерілету, жастар мен балаларды кітап оқуға тартудағы іс-тәжірибелерді сараптау, туған өлке тарихын зерделеуде жаңа жобаларды ұсыну, оқырман қызығушылығын арттыру және туған жер тарихы туралы танымын кеңейтуге бағытталған әдебиеттер мен деректер жинақтау, кітапханашылардың жаңа технологиялық сауаттылығын арттыру мақсатында «Ауылым – алтын бесігім» кітапханашылардың шығармашылық байқауы 2015 жылдың 20 қаңтар – 30 сәуір аралығында жарияланып, 21 мамыр күні байқау мәресіне жетті. Шығармашылық байқауға ауыл кітапханашыларынан 10 жұмыс-ізденістер мен жобалар түсті. Байқау шарттары бойынша ұсынылатын шығармашылық жұмыс пен жобаларды кітапхана басылымы, слайд-шоу, бейне-презентация, өлке туралы басылымды насихаттауға арналған буктрейлер түрінде ұсыну болды.

Әр кітапханашының шығармашылық ізденісі, зерттеудің жүргізуде ел аузынан жинастырылған деректер қорын пайдалануы, кәсіби біліктілігі мен тәжірибесі ұсынылған жұмыстар мен жобалардың мазмұнның байқау тақырыбына сай болып, жан-жақты ашылуы; ұсынылатын материалдың, кітапхана басылымының, слайд-шоу, бейне - презентация дизайнының деңгейі жаңа технология арқылы көркемделу ерекшелігі сарапқа салынды.

«Ескерткіш –ел тарихы» слайд-шоу Қаражар селолық кітапханасы (кітапх. Айтмұрзаев Мұхтар) -«Үздік шығармашылық ізденіс», «Тарихқа толы шежірелі мекен –Жарқамыс» - бейнеролик «Ақбұлақ» (ақын Б.Тәжібаевтың туған жері туралы шығармашылық жоба» - Жарқамыс моделді ауыл кітапханасы (СейілхановаМ), - «Үздік шығармашылық жоба»- «Ауылым –алтын бесігім» - жинақ, «Қажығали Мұханбетқалұлы» (слайд-шоу) - Жем моделді ауыл кітапханасы (Рамбаева Г) -«Үздік кітапханалық басылым» номинациялары бойынша арнайы Дипломдармен марапатталды. Сағыз моделді ауыл кітапханасы (Л.Төлеу) жерлес қаламгер Ө.Тағыбергеновтың «Болашаққа хат» кітабы бойынша, Жарқамыс балалар кітапханасы (Нұрқасымова А) Н.Байғаниннің «Нарқыз» поэмасы желісімен жасалған буктрейлерін ұсынса, Алтай моделді ауыл кітапханасы (ЕстұрБ.) «Арықова Асылгүл – ауыл ақыны» -өмірі мен шығармашылығына арналған слайд-шоу жасалынып таныстырды. Бұл жұмыс түрлері үшін кітапханалар Алғыс хаттар иеленді.

 









«Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды»

(блоктың тұсау кесері)

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі қазақ халқының қосқан үлесі мен қазақ жауынгерлерінің сын сағаттардағы ерлігін паш ету, өскелең ұрпақтарды патриотизмге, отаншылддыққа баулу, жеңімпаз ұрпақтар туралы тарихи танымын кеңейту мақсатында «Ұлы Жеңіске – мәңгі тазғым» кітап көрмесі таныстырылып, «Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды» batyrlar.blogspot.com. блогының тұсаукесері өтті. Блогтың: «Ұлы Отан соғысы тарихы», «Ақтөбелік батырлар», «Өнегелі өмір-өшпес ғұмыр» (Қ.Жазықов, С.Ешбаев, Б.Ұлқабаев, Н.Әбішев,Қ.Наурызбаев) «Есімдері ел есінде», «Майдангер бабалар», «Олар от ортасынан оралмады», «Құжаттар сыр шертеді»,«Тыл еңбеккерлері», «Библиография» адрестік аудиториясы оқырмандарға ұсынылды.

Сонымен бірге шарада «Біз Жеңісті мәңгі есте сақтаймыз» атты жасөспірімдер мен балалар арасындағы жас талапкер ақындар байқауында өзінің отаншылдық патриоттық сезіммен Ұлы Жеңісті мәңгі есте сақтап, өз шығармашылықтарына арқау еткен Ердаулет Ауданбаев, Саян Иманбаев, Ақбота Қуанғали сынды жеңімпаз талапкерлер жырларын оқырмандарға ұсынды. Шараға ауданның орталығы мектептерінің ұстазалдары мен жоғары сынып оқушылары қатысты.

 









«Бисен Жақановтың «Семей сапарынан»

((тұсау кесу рәсімі)

Жерлес жазушы, өлкетанушы Бисен Жақановтың «Семей сапарынан» атты кітабының тұсау кесу рәсімі өтті. Оған кітаптың авторы, «Тыл» және еңбек ардагері, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, жазушы Бисен Жақанов, ақын Ж.Талдыбаев, халықаралық «Невада-Семей» қозғалысының Батыс аймақтық филиалының директоры І.Көбенов, ардагер-дәрігер Б.Хайруллаұлы, Батыс Қазақстан аймағы «Невада-Семей» филиалының экспертті комиссия төрағасы ғалым, доцент Қ.Қибатов, Темір ауданының ардагері Х.Тұрсынбаев және ауданның бірнеше мекеме басшылары қатысты.

Алдымен сөз алған аудан әкімінің орынбасары Ш.Спанова өз құттықтауын жеткізді. Ізімғали Көбенов үстіміздегі жылы атомдық Семей полигонының жабылғанына 25 жыл толатындығын айтып, осыған орай ауқымды шаралар ұйымдастырылатынын атап өтті. Сондай-ақ арнайы қатысушы қонақтарды таныстырып, тұсауы кесілгелі тұрған кітапқа тоқталды. Жазушы Б.Жақанов «Семей сапарынан» шығармасында ядролық жарылыстар апатын басынан кешірген семейліктердің және өзі туып өскен Қалдайбектегі жарылыстармен сабақтастыра отырып ой толғайды. Кітап авторы Б.Жақанов өз сөзінде Семей сапарынан алған әсерімен бөлісіп, Семейге сапар шегуіне үлкен мән беріп, көмек берген аудан әкімшілігіне және «Семей сапарынан» кітабының дүниеге келуіне атсалысқан азаматтарға өз ризашылығын білдірді.

Ақын Ж.Талдыбаев, медицина академиясының кафедра меңгерушісі, радиолог Қ.Қибатаев, Семей полигонының жабылуына белсенділік танытқан ардагер Х.Тұрсынбаев, дәрігер Б.Қамысбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы И.Ермекбаев өз пікірлерін білдіріп, тарихи мәні бар кітаптытың авторы Б.Жақановқа құттықтауларын жеткізді. Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары Ш.Спанова мен «Құрмет орденінің» иегері, термоядролық қаруға қарсы халықаралық «Невада-Семей» қозғалысының Батыс аймақтық филиалының директоры Ізімғали Көбенов қорытынды сөз сөйлеп, еліне адал еңбек етіп келген азаматтарды Құрмет грамоталарымен марапаттап, ардагерлердің иығына шапан жапты. Аудан әкімшілігіне және кітапхана ұжымына Алғыс хат табыстады. Бұдан кейін «Семей сапарынан» атты кітаптың тұсауы кесіліп, «Қалдайбек қасіреті» гимні тыңдалды.

 









«Қазақ хандығы – ұлттық мемлекет бастауы»

(интеллектуальдық ойын)

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Қазақ хандығы – ұлттық мемлекет бастауы» атты интеллектульдық ойын өткізілді. Ойынға жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы Г.Боранбаева ойынның ережесімен таныстырды. Ойында Қарауылкелді орта мектебінен «Жәнібек» және Т.Жармағамбетов орта мектебінен «Керей» топтары біліктілерімен бақ сынасты. Ойын «Ел тарихын білесің бе?», «Қазақстанның ежелгі қалаларының атауын табу», «Ой сергіту», «Ескерткіштер – ел тарихы» атты төрт кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде ұяшықтарға жасырылған сұрақтарға ұтымды жауап берген оқушылар білімдерінің жоғары екенін көрсетті.

Ойынның барлық кезеңдерінде белсенділік танытып,білімділіктерін көрсеткен «Жәнібек» тобы І орынды жеңіп алса, «Керей» тобы ІІ орынға лайықталды. Ойынға қатысқан екі топтың қатысушыларына да тарихымыздан сыр шерткен құнды кітаптарды естелікке сыйға тарту етті.

 









Абай оқулары

Аудандық орталық кітапханада қазақтың бас ақыны Абайдың 170 жылдығына орай ұйымдастырылған «Абай өлеңдері –ұлттық қазына» атты көркем сөз оқу шеберлерінің байқауы өтті. Мақсат - Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген ықыласын арттыру, ақын өлеңдеріне қызығушылығын ояту және шығармашылығын терең түсініп қадірлей білетін ұрпақ тәрбиелеу, әлемдік әдебиет пен мәдениеттің асыл жауһары ретінде Абай мұраларын насихаттауда кітапханалық іс-шараларға зиялы қауым өкілдерінің назарын аудару.

Байқауға қатысушы талапкерлердің жасы 25-45 аралығындағыларды қамту көзделді, және әр қатысушының Абай шығармаларын жатқа мәнерлеп оқуда көркем сөз оқу шеберлігін айқындау, Абайдың қара сөздерін нақышына келтіріп орындау, «Хакім Абай» тақырыбында эссе жазу немесе Абайға арнау өлеңін шығару және талапкерлер өздері жазған және таңдап алған шығармаларын жатқа білулері қажеттігі талап етілді. Байқауға № 3 Қарауылкелді орта мектебінің логопед-мұғалімі , 27 жастағы Абдраманов Гайдар, Байғанин техникалық колледжінің орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі Бердібаева Айнұр (35 жас) және Жарқамыс ауылынан кітапхана оқырманы Сейілханова Зарина (32 жас) қатысты. Байқауға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекші маманы Рита Азова, аудандық ОКЖ әдіскерлері Ж.Көккөз, Д.Ауданбаева төрелік етті. Байқау барысында көркемсөз оқудағы шеберлігімен жоғары деңгейде өнерпаздық қабілетімен танылған Абдраманов Гайдар І орынды, ІІ орынды - Бердібаева Айнұр, ІІІ орынды - Сейілханова Зарина иеменденді, арнайы Дипломдар мен сыйлықтар табысталды. Облыстық С.Бәйішев атындағы әмбебап-ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен өткізілетін байқаудың ІІ кезеңіне жолдаманы иеменденген Абдраманов Гайдар, облыстық байқауда І орын алып, Дипломмен марапатталып, арнайы сыйлыққа ие болды.

 









«Генерал Жұмабаев» кітабының тұсаукесер кеші.

Аудандық ішкі істер саласында 1981-1983 жылдар аралығында қызмет атқарған азамат полиция генерал-майоры, еңбек ардагері ҚР ішкі істер министрлігіне еңбек сіңірген қызметкері Кеңшілік Сәттібайұлы Жұмабаевтың өнегелі өмірі мен қызметі туралы жарыққа шыққан «Генерал Жұмабаев» атты кітабының тұсау кесу рәсімі өткізілді. Оған аудан әкімі М.Аққағазов және ҚР ішкі істер органдарының құрметті ардагері Бақыт Ғизатов, кітаптың құрастырушысы Баянғали Құлтаев, аудандық ішкі істер саласында ұзақ жылдар бойы қызмет атқарған Ыбырайхан Бексұлтанов, аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Әділбек Маханов, Кеңшілік Жұмабаевпен аудандық ішкі істер бөлімінде араласып қызмет атқарған аталмыш саланың ардагерлері Жеткізген Желтауов, Жарылғап Жетенов, Дүйсенбай Ілиясов, полиция қызметкерлері,мекеме басшылары қатысты.

Деректер базасының бас әкімшісі Г.Мұхамбетияр Кеңшілік Сәттібайұлының өмірбаянымен таныстырып өтті. Өз кезегінде сөз алған Баянғали Құлтаев пен Бақыт Ғизатов Генерал Жұмабаев туралы көптеген жарқын естеліктерін айтып, аудан әкімдігіне, ауыл азаматтарына құрметпен, ұйымшылдықпен қарсы алғандарына рахметтерін айтса, қызметтес болған Ыбырайхан Бексұлтанов өз естелігінде ол кісінің адамгершілігін, қызметіне деген адалдығын айтты. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ибраһим Ермекбаев, аудандық ішкі істер бөлімінің құрметті ардагерлері Жарылғап Жетенов, Жеткізген Желтауов, ауыл ақсақалы Ықылас Әбішев Кеңшілік Сәттібайұлының ауданда қызмет еткен жылдарындағы атқарған игі істерін, бірге қызмет атқарған кездегі жақсы естеліктерін атып, өлең шумақтарын арнады. Аудан әкімі Мамырғали Аққағазов сөз алып, қатысушы қонақтарды құттықтады. Бұдан әрі «Генерал Жұмабаев» кітабының тұсауы кесіліп, оқырмандарға жол тартты.

 









«Мен қазақ қыздарына қайран қалам»

(Тарихи - танымдық әдеби – сазды кеш)

Жасөспірімдерді патриоттыққа, отансүйгіштікке баулу, тереңірек ұғындырып, тектіліктің өнегесін қалыптастыру мақсатында Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Халық Қаһарманы Хиуаз Доспановаға арналған «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» атты Тарихи - танымдық әдеби – сазды кеші өтті. Осы тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Аты аңызға айналған арулар» тақырыбында слайд ұсынылды.

Кеш барысында №3 Қарауылкелді орта мектебі оқушылары М.Аманғалиева ақын Я.Хелемскийдің «Әлия жүрегі», Қ.Мырзалиевтің «Мәншүк», Г.Айниязқызы С.Жиенбаевтың «Әлия» өлеңдерін мәнерлеп оқыса, Тағаш Аягөз «Мәншүк» әнін шырқады. Оқушылар «Катюша» биін биледі. Кітапханашылар П.Оразова, Ж.Қойлыбай, Н.Ермекбаевалар Әлия, Мәншүк, Хиуаз монологтарын оқыды. Кешке аудан әкімінің орынбасары Ш.Спанова, кітапхана оқырмандары, ұстаздар, оқушылар қатысты.

 









«Аналарға құрмет - өнеге бастауы»

(көп балалы аналармен кездесу кеші)

Ауданымыздың көп балалы аналары - «Алтын алқа» иелері: 9 бала тәрбиелеп өсірген Жамалова Сәнім Сәрсенбайқызы, жас та болса 8 бала тәрбиелеп өсіріп отырған ұстаз Жарылғасынова Ардақ Сайлауқызы және 8 бала өсіріп тәрбиелеп отырған медбике Шекен Анаргүл Ержанқызымен «Аналарға құрмет - өнеге бастауы» атты кездесу кеші өтті. Кеш барысында осы тақырыпта қатысып отырған аналардың өмір жолынан слайд көрсетіліп, кеш қонақтары аналар - Өздеріңіздің өмір жолдарыңыз, отбасыңызда 8-наурыз мерекесі қандай ерекшеліктерімен атап өтіледі. Бүгінгі күнгі бала тәрбиесіне көзқарасыңыз. Отбасында қыз бала мен ер бала тәрбиелеудеерекшеліктер бола ма?- сынды сұрақтарға өз ойларын ортаға салып пікірлерімен бөлісті.

№3 Қарауылкелді орта мектебінің оқушысы Тағаш Аягөз «Айқаракөз» аудындық №14 техникалық колледж студенті Алтынбай Ақат «Мама» әнін шырқаса, Қ.Өтепова, Н.Иниятова Ілияс Құрмаштың «Ана», Т.Айбергеновтың «Ана», Ш.Сариевтың «Асыл ана» өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

 









«Біз Жеңісті мәңгі есте сақтаймыз»

(жас талапкер ақындар байқауы)

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай отансүйгіштікке, патриотизмге баулу мақсатында «Біз Жеңісті мәңгі есте сақтаймыз» атты жасөспірімдер мен балалар арасында жас талапкер ақындар байқауы өтті. Байқауға барлығы 15 оқушы қатысты. Байқау талабы бойынша талапкерлер өз туындыларын оқыды. Төрелік жасаған қазылар алқасы аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төраймы Гүлмира Таласбаева мен аудандық ОКЖ жасөспірімдер мен балалар әдіскері Жазық Көккөзқызы оқушылар шығармаларына баға берді. Қараукелді орта мектебінің ұланы Ердәулет Ауданбаев I орын алса,Т.Жармағанбетов атындағы орта мектеп оқушылары Саян Иманбаев, Әсет Қуаныш II орынды, Т.Жармағанбетов атындағы орта мектеп оқушысы Ақбота Қуанғали мен Т.Айбергенов атындағы мектептің оқушысы Инабат Бақтығали III орынды иеленді.

 









«Қазақстан достық мекені»

(Кездесу кеші)

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай «Қазақстан достық мекені» атты кездесу кеші өтті. Кездесуге аудандағы өзге ұлт өкілдері шақырылды. Сонымен қатар аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Ердауылұлы, мұражай, мәдениет қызметкерлері, мектеп мұғалімдері, оқушылар қатысты.

Алғашқы сөз кезегінде Анна Нөкісова өмір жолынан бастады. Кишеневкий облысында дүниеге келген, әкесі қазақ, шешесі молдаван. Қазақтың салтымен тұрмыс құрған. Келесі сөз алған Сұлтанбай мен Нелля өмірбяндарына тоқталды. Сұлтанбай ағай әскерде жүргенде орыс қызына ғашық болып, содан елге оралғаннан кейін ұлы сезімнің жетегіне ерген Нелля апай Байғанин өңіріне келін болып түседі, бүгінде бас қосқандарына қырық жыл болған. Бұдан кейін Харисов Әнуар ата-аналары туралы естеліктер айтты.Ұлы Отан соғысы жылдарында осы ауданға келіп тұрақтап қалған. Орыс қызы Екатеринаның ата-анасы 1951жылы Ноғайты селосына келіп қоныстанған, сол жерде дүниеге келген. Кеш қонақтары бүгінде бір шаңырақтың астында бейбіт өмір сүріп отырғанын айта келіп, көк тудың астында ыдырамай жүре берейік деген ақ тілектерін білдіріп, еліміздің айтулы мерекесімен құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді. Кеш қонақтарына сый-сияпаттар табысталды.

 









 
Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі