|
Басты бетке | Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі | Кіру |
Free counters |
«Байғанин кітапханалары: Шығармашылық ізденістер мен жетістіктер» (облыстағы Байғанин кітапханалар күні) Осы жылдың қараша айының басында облыстық С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының ұйымдастыруында аудан кітапханаларының кәсіби тәжірибе алмасу мен кітапхана мәртебесін көтеру мақсатында «Байғанин кітапханалары: Шығармашылық ізденістер мен жетістіктер» атты Аймақтық кітапханалар күні өтті. Айтулы жобаның Байғанин ауданының кітапханаларынан бастау алуы - аудан кітапханашылары үшін кәсіби біліктілік пен шығармашылық қабілеттің жетілуіне , кітапхана қызметін пайдаланушыларға сапалы қызмет көрсетудегі шеберлікті шыңдауға жол ашты. Облыс аймағында Байғанин ауданы кітапханаларының әлеуетін арттыру, кітапхана қызметін пайдаланушылардың ақпарат пен білімге қолжетімділігін қамтамасыз ету, кітап оқуды ілгерілетудегі стартегиялық міндеттерді белгілеу, мамандар біліктілігін көтеруде кәсіби тәжірибе алмасу мақсатында өткізілген шараны аудандық ОКЖ директоры Б.Кенжебаева жүргізіп, облыстық, мәдениет,мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысының орынбасары Қадырғали Ермұқан салтанатты түрде ашып, аудандық ОКЖ директоры, ҚР Мәдениет қайраткері Б.Кенжебаеваға облыстық мәдениет, мұрағаттаржәне құжаттама басқармасы басшысының атынан «Алғыс хатты» табыстады. Бағдарлама аясында аудандық мәдениет тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Роза Айтжанова «Байғанин ауданы мәдениеті: Дамуы» тақырыбында аудан мәдениеті, оның ішінде аудан кітапханаларының дамуы, ауыл тұрғындарына рухани қызметі туралы қысқаша баяндама жасады. «Кітапхана. Жылдар. Замануи жаңғыртылуы: Аудан кітапханаларының өткені мен бүгінгі жетістіктері» тақырыбында бейнеролик таныстырылымын кітапхана басшысы Батима Кенжебаева (жауапты автоматтандыру бөлімі меңгерушісі А.Төкенова) баяндады. Ауданымыздың талантты ұлы, жерлесіміз, ел мен жер атауы туралы тарихы деректермен қалам тербеп жүрген ақын –сазгер, ҚР мәдениет саласының үздігі Орал Байсеңгіров салтанатты шараның ашылуында өз туған жері –Байғанин өңірі туралы, бүгінгі әлеуметтік дамуы мен мәдениеті, әдебиеті мен өнері туралы жүрекжарды лебізін білдіріп, өз шығармашылығындағы тамаша «Байғанин маршы» әнімен тыңдаушыларын тәнті етіп, серпілтіп тастады. «Байғанин байтақ – жайнаған өлкем» атты аудан тарихы, аудан еңбеккерлері мен кәсіпкерлері мен өлке туралы және «Азамат, қоғам қайраткері, ғалым Ниетжан Берікұлы», «Ауыл кітапханалары – руханият ошағы» кітапхананың меншікті мәліметтер қоры негізінде дайындалған баспа өнімдерін кітапханалық дайджесті аудандық орталық кітапхана кітапханашысы Айкерім Имашева (жауапты ОКЖ әдіскері Д.Ауданбаева) таныстырды. Жем бойының жұлдыздары: ақын Сағи Жиенбаев пен жазушы Тобық Жармағамбетовтың ұстазы, С.Бәйішев атындағы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің профессоры, Байғанин ауданының, Ақтөбе облысының, Ақтөбе қаласының «Құрметті» адамы, ҚР білім саласының құрметті қызметкері, қоғам қайраткері, ғалым Ниетжан Берікұлымен кітапханалық журфикс өтіп, аталмыш шара аясында ұстаз өз шәкірттері Сағи мен Тобық шығармашылығы туралы, өзінің ұстаздық пен ғылым жолындағы қызметі мен бүгінгі жастар туралы сауалдар төңірегінде тамаша пікірлерімен бөлісті. Ғалым – ұстаз, жерлесіміз Н.Берікұлы облыстың барша кітапханашыларына үлкен ризашылығын білдірді, аудандық ОКЖ директоры сыйлық тапсырды. Кітапхана қызметіндегі жаңа инновациялық қызмет әдістерін енгізуде алға басқан Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі облыста ең алғашқылардың сапында алғаш кітапханалардың компьютерлендіру, онлайн-кездесу кештерін өткізумен озық болып келді. Бұл жолы да аудандық ОКЖ –сінің білікті мамандары жаңалық енгізіп, ғаламтордан ашылған «Байғанин дарабоздары» Baiganinkitap.blogspot.com блогының тұсаукесері өтіп, өңіріміздің ғылым, мәдениет, әдебиет, өнер саласы майталмандары туралы виртуальды көрме (бұл кітапхана қызметін пайдаланушыларға ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсетудің жаңа түрі, мақсаты – интернет арқылы әртүрлі құжаттарды жұртшылыққа таныстыру) таныстырды. Аталмыш әдістер : кітапханалық журфиксті өткізу, виртуалды көрменің тұсаукесерінің тізгінін облыс кітапханашыларына хабардар етуді деректер базасының бас әкімшісі Гүлзада Мұхамбетияр ұсынды. Кітапхана – жасөспірімдер мен балалардың шығармашылығы мен танлантын шыңдау орталығы : Шығармашылық, қолөнер, техникалық құрастыру туындыларынан көрмені - аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Айгерім Қобдабаева (жауапты: ОКЖ әдіскері Ж.Көккөз) таныстырды. Көрмеге өз туындыларын ұсынған аудандық Оқушылар үйі, Алтай батыр ауылындағы А.С.Пушкин атындағы және № 3 Қарауылкелді орта мектебінің оқушыларының, өнерлі балалардың қолынан шыққан бұйымдары және облыстық «Ақтөбе –жыр құшағында» жыр мүшәйрасына, жазушы Т.Жармағамбетовтың 80 жылдығына орай жазушы шығармалары туралы «Менің сүйікті кейіпкерім» атты шығармашылық байқаулардың жинақтар, және «Ұлттық дәстүрден ұлағат», «Жауқазын» талантты балалардың қызығушылық клубтары туралы мәліметтер қойылды. Аймақтық кітапханалары күнін қорытындылауда - Әйтеке би аудандық ОКЖ –сі директоры Г.Қоянбаева, Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының директоры Б.А.Снабаева, облыстық С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының кітапханаларды дамыту бөлімінің меңгерушісі Г.Ғ.Хамзина, облыстық С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының директоры Н.С.Жұмағұл Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ауыл тұрғындарына ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсетуде алдыңғы қатардағы және кітапхана ісінде жаңа инновациялық қызмет көрсетудегі бастамашыл ұжым, үлгі аларлық және облыс кітапхана мамандары үшін кәсіби біліктілікті жетілдірудегі тамаша ізденістер мен тәжірибе алмасу болғанын баяндап, ауданның кітапхана ісінің мамандары Д.Ауданбаева, Ж.Көккөз, Г.Мұхамбетияр, А.Төкенова, Б.Соқырова, М.Сейілханова, А.Имашева, А.Қобдабаева, С.Хусайнова, және Н.Көрпебаевты алғыс хаттармен марапаттап, сыйлыққа «Ақтөбе» кітабын табыс етті. Аймақтық кітапханалар күніне аудандық ОКЖ , қалалық, облыстық кітапханалар директорлары мен кітапхана қызметкерлері, қаладағы колледж, мектеп кітапханашылары, ұстаздар 100 адамдай қатысып, ,кәсіби біліктілік пен тәжірибе алмасудағы үлкен жобаны іске асырған байғаниндік кітапханашыларға ризашылық білдірді. Облыстық кітапхананың ұйымдастыруындағы жоба аясында шығармашылық алаңда облыстық ӘҒК–ның мамандары Г.Сейітова, Қ.Абдрахманова, А.М.Қырымқұлова, Н.В. Абраменко, Г.Ғ.Хамзина және облыстық Н.Байғанин атындағы балалар кітапханасының директоры Б.А.Снабаева, Қарғалы, Алға аудандық ОКЖ директорлары халықаралық, республикалық деңгейдегі өткізілген конференциялардан хабардар етіп, кітапхана саласының кәсіби жаңалықтарымен бөлісті. Сондай-ақ, облыстық С.Бәйішев атындағы ӘҒК директоры Н.С.Жұмағұл аталмыш жобаны қорытындылады. «Талант және шығарма» (буккроссинг) Қазақ әдебиетіндегі көркем сөз бен маржан жырдың талантты иелері, жерлестеріміз жазушы Т.Жармағамбетов пен ақын С. Жиенбаевтың туғанына 80 жыл толуына арналған буккроссинг (Bookcrossing ) аудандық орталық кітапхананың оқу залында өткізілді. Еліміздің және Ақтөбе өңірінің танымал ақын-жазушылары ҚР Жазушылар Одағының хатшысы Бақыт Сарбалаев, «Жазушы» баспасының директоры, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, сатирик Табыл Құлияс, журналис-жазушы Жанат Елшібек, әдебиет сыншысы Айгүл Кемелбаева, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Шамшырақ-Ақтөбе ЖШС-нің директоры Мейірхан Ақдәулетұлы, Қазақстан-Ақтөбе телерадиокомпаниясының директоры Раукен Отыншин, ақын Амантай Өтегенов, «Ақтөбе» газетінің бас редакторы, ақын Бауыржан Бабажанұлы, ақын Ертай Ашықбаев, Жақсылық Айжанов, жазушы Тобықтың досы Саду Нұржау, журналист Кәдірбай Бекпағамбетов, облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Қыдырғали Ермұханов, сонымен бірге Тобықтың жары Сәпия және қос қарындасы Әсем мен Тілектес, Сағидың жары Уәзипа, қызы Қарлығаш қос тұлғаның туыстары қатысты. Заман талабына сай кітапхананың инновациялық жұмыс түрі Буккроссинг – кітап оқуды ілгерілету, оқырмандар арасында оқыған кітабы туралы әңгімелеу, «оқып болсаң, басқаға бер» приципіне негізделген. Аталмыш шара ақын Сағи Жиенбаев пен жазушы Тобық Жармағамбетовтың шығармаларына арналды. Кітапхана оқырмандарының қатысуымен шарада жас оқырман Т.Жармағамбетов атындағы орта мектебінің оқушысы Ғабдулла Ақтоты Сағи ақынның «Бөрік» өлеңін оқып, достарын ақын атасының жыр кітаптарын оқуға шақырды. Ал, бала кезінен әдебиетке жаны құштар, кітапхананың тұрақты оқырманы Рита Азова жазушы Тобық Жармағамбетовтың шығармаларын оқуға шақырды. Жарқамыс ауылынан келген Жарқамыс моделді ауыл кітапханасының тұрақты оқырманы Зарина Сейілханова оқуында Тобық ағаның «Қызыл ай» әңгімесінен үзінді тыңдалды. Кітапханаға ат басын тіреген қаламгерлер арасынан ҚР Жазушылар Одағының хатшысы Бақыт Сарбалаев, жазушылар Жанат Елшібек, Табыл Құлияс, журналист Кәдірбай Бекмағанбет және жазушы Тобықтың досы Саду Нұржау өз естеліктерін айтты, кітапхана оқырмандарына қос тұлғаның шығармашылығынан сыр шертті. Буккроссинг аясында «Жем бойының қос жұлдызы» кітап көрмесі, «Өлеңнің ерке өзені» (Сағи Жиенбаев) «Нәзік сезімді суреткер», «Тобық талантына тағзым» (Т.Жармағамбетов) бейнебаян слайдтары және «Жемнің қос жұлдызы» атты таланттардың өмірі мен шығармашылығына арналған кітапханалық блог таныстырылымы өтті. Сонымен қатар, еліміздің, өңіріміздің танымал тұлғалары ақын-жазушылар қауымы кітапхана қорындағы өз туындыларына, кітаптарына қолтаңбаларын қалдырды, оқырмандарына, кітапханашыларға жүрекжарды лебіздерін айтып, ризашылықтарын білдіріп, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты. «Тілім барда қазағым бар, халқым бар» (ақындар айтысы) Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен сыршыл ақын Сағи Жиенбаевтың 80 жасқа толуына орай туған күнінде еске алу, ұлтымыздың тіл байлығын, сөз мәйегін ұғындыру, туған тілдің тұғырын биіктету, тәуелсіздігімізді, ана тілімізді, еліміздің жылдан – жылға көркеюін, жетістіктерімізді, көпұлтты мемлекетіміздегі халықтар ынтымақтастығын жырлау, жерлесіміз, жас айтыскер ақындарды табу және қолдау мақсатында «Тілім барда қазағым бар, халқым бар» тақырыбында жас айырмашылығы ескерілмей /19 жастан жоғары/ ақындар айтысы өткізіліп, айтыскерлер айтыс мақсаты бойынша сынға түсті. Айтысқа аудан орталығынан және селолық округтерден Есмахан Жаманбай, Жанкелді Бауыржанұлы, Шалқар Ұлықпан, Дәулет Жұбаниязов, Ерболат Шандин, Жандарбек Еділбаев сынды айтыскер ақындар қатысты. Айтысты аудан әкімі құттықтау, сәттілік тілегімен ашты. Ақындарымыздың айтысының шеберлігінің көркемдік деңгейін, шынайылығын анықтап әділ қазылар бағасын берді. Айтыс балдық жүйемен есептеліп, бас жүлдені Қарауылкелді селолық округінен қатысқан ақын Шаңдин Ерболат, І-орынды Жұмабай Есмахан, ІІ –орынды Жанкелді Бауыржанұлы, III-орынды Жандарбек Еділбаев иемденді.. Ақындарға бағалы сыйлықтар, Диплом, Алғыс Хат, ынталандыру сыйлықтары табысталды. «Ерлік пен елдіктің келбеті болған Елтоқ ата» (кеш) ҰОС ардагері, Ленинград қаласының құрметті азаматы, «Халық емшісі» Елтоқ Сәрсенбайұлы Сәрсенбаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Ерлік пен елдіктің келбеті болған Елтоқ ата» атты тағылымдық кеш өткізілді. Шараға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Н.Қолдасбаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Қ.Аққожа, атаның баласы Бекарыс және ағайын-туыс, замандастары, бірге қызмет атқарған ел ағалары қатысты. Тағылымдық кешті жүргізген аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі деректер базасы бас әкімшісі Г.Мұхамбетияр Елтоқ Сәрсенбайұлының өмір жолымен таныстырды. Кеш барысында сөз алған қонақтар Елтоқ Сәрсенбайұлының азаматтық келбетін, адами қасиеттері мен өткен өмірін кейінгі ұрпаққа үлгі етті. И.Қоштанбеков асыл азаматтың жарқын бейнесін еске алып, өнегелі ісімен көпшілікке үлгі болған бейнесі ешқашан ұмытылмайтынын айтса, Ж.Абдуллин бірге жұмыстас болған жылдарын әңгімелеп, естеліктер айтты. Кеш барысында Елтоқ атаның отбасында сақталған фотосуреттерінен слайд көрсетілді. «Даланың сыршыл жүрегі» (мәнерлеп оқу және өнер сайысы) Қазақтың лирик ақыны Сағи Жиенбаевтың туғанына 80 жыл толуына орай ақынның шығармашылығын насихаттап ұлтымыздың тіл байлығын, сөз мәйегін ұғындыру, көркем әдебиетті, поэзияны сүюге баулу мақсатында жасөспірімдер мен балалар арасында «Даланың сыршыл жүрегі» атты мәнерлеп оқу және өнер сайысы өткізілді. Байқау талабы бойынша 7-14 жас аралығындағы талапкер ақын шығармаларынан таңдаған 1 өлеңін жатқа мәнерлеп оқыды және ақын өлеңдеріне жазылған ән орындады. Аудан орталығындағы және ауылдық округтегі мектеп оқушылары қатысқан байқау жүлдегерлері көркем мәтін оқу шеберлігі, дауыс мәнері мен тіл тазалығы, әнді орындау шеберлігі бойынша сараланды. Оқушылар ақынның сөзіне жазылған «Айналдым елім», «Ана», «Еркетайым» және тағы басқа әндерін орындады. Сайыс қорытындысында қазылар алқасы Т.Жармағамбетов атындағы орта мектебінің оқушысы Ақтоты Ғабидулланы 2 номинация бойынша үздік деп тапты. «Жас дарын» номинациясын Жаңатаң орта мектебінің кішкентай өнерпазы Назерке Рысбай жеңіп алса, «Көркемсөз шеберлігі үшін» Қ.Жазықов атындағы орта мектебінің оқушысы Нұрбек Маратов марапатталды. Ән орындаудан Жаңатаң орта мектебінің оқушысы Нұрлыайым Батырбекқызы ІІ орын иеленсе, Т.Жармағамбетов атындағы орта мектебінің оқушысы Мұхтар Мәмбетов ІІІ орын алды. Байқау жеңімпаздары дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталып, барлық қатысушыларға белсенділігі үшін алғыс хат табыс етілді. «Жауқазын» (жас таланттардың қызығушылық клубының тұсаукесері) Аудандық балалар кітапханасында 2 сәуір –халықаралық Балалар кітабы күніне орай «Біз таланттармыз» мәдени шара өткізілді. Кітап күніне орай өткен шара «Кітаптар әлемінің жұлдыздары», «Ертегілер планетасы», «Әуесқойлар планетасы», «Шеберлер планетасы» кітаптар көрмесінің таныстырылымен басталды. Балалардың танымын кеңейту мақсатында «Жауқазын» сөзжұмбағы ұсынылып, осы атта жас таланттардың қызығушылық клубының тұсауы кесілді. Клубтың құрылу мақсаты жас ұрпақтардың интеллектуалды, рухани және шығармашылығы мен өнерінің дамуына жағдай жасау және қолдау, балаларды көркем әдебиет пен поэзия оқуға баулу арқылы сүйіспеншілігін арттыру, балалардың демалысын мәнді ұйымдастыру болды. Сонымен аудандық Оқушылар Үйінің үйірме жетекшілерінің ұсынуымен қолөнер шебері, суретші балалардың қолынан шыққан бұйымдар көрмесі жасақталып, оқырмандарға таныстырылды. Мәдени шараға ауданымыздың танымал тұлғалары жазушы-өлкетанушы Ермекбаев И., сазгер күйші Ілиясова Ж., Азия чемпионы Бердіғалиев Б., техника үйірмесі жетекшісі Г.Әбдіровтер шақырылып, қолөнер шебері, суретші, өнерпаз, талантты, спорт және білімпаз, ақындыққа талаптанушы балаларды «Жауқазын» қызығушылық клуб мүшелігіне қабылдау рәсімі ретінде барлығы 60 оқушыға куәлікті құрметпен табыстап, талантты балаларға сәттілік тіледі. Шара аясында өнерпаздар «Шаттық» үлгілі би ұжымы «Қазақ биі», «Испан биі» билерін билеп, Б.Тәжібаев атындағы балалар музыка мектебінің оқушылары Орысбай Диас, Жүзбай Бейбарыс Құрманғазының «Балбырауын» күйін күмбірлетті, жас талапкерлер Н.Қалниязова, Е.Жасар өз өлеңдерін оқыса, Әскербай А, Айсұлтанова С. Махамбет пен Мұқағали жырларын тыңдарманға ұсынды. Шара барысында жас таланттарға өлкетанушы-жазушы Ибраһим ата батасын берді. Кітапхана әкімшілігі атынан ОКЖ директоры Б.Кенжебаева аудан орталығындағы №1,3,Т.Жармағамбетов атындағы орта мектептерге, Б.Тәжібаев атындағы балалар музыка және аудандық жасөспірімдер мен балалар спорт мектебіне, Оқушылар үйіне, «Шаттық» Үлгілі би ұжымына, танымал тұлғалар Ермекбаев И., Ж.Ілиясова, Б.Бердіғалиев, Г.Әбдіровке, Г.Смайлова, Л.Ақпанға белсенділіктері үшін ризашылық білдіріп, «Алғыс хаттар» табыстады. Клуб мүшелеріне клубтың ұраны: «Кітапты біз сүйеміз, Талантты шыңдап, Білімді іздеп, Қыран құстай самғаймыз» және Ережесі: «Еркіндік, қызықты кездесулер, Шығармашылық жағынан өзін көрсете білу, Ақылды адамдармен араласу» таныстырылды. «Ұрпағы біліп жүрсін деп» (Беркін Құрманбековтың кітабының тұсаукесеріне арналған танымдық, әдеби – сазды кеш) Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Беркін Құрманбековтың «Ұрпағы біліп жүрсін деп» кітабының тұсаукесеріне арналған танымдық, әдеби – сазды кеш аудандық ОКЖ қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өтті. Мақсат - өңірімізде түлеп ұшып, өз шығармашылығында туған елінің, туған жерінің табиғаты мен тарихын, сол туған жеріндегі тұлғаларды құрметтеп еске алып кейінгіге табыстап келген жерлесіміз Б. Құрманбековтың шығармашылығы мен өнегелі қызметін жас ұрпаққа таныстыру. Кешке автордың балалары, бауырлары Мәнсия, «ҚР Мәдениет қайраткері» еңбек ардагері Е.Ж.Құрманбеков қатысты. Кеште Б.Құрманбековтың бауыры, аталмыш кітаптың жалпы редакциясын басқарған, әке мен іні аманатын арқалаған, мәдениеттің аға жанашыры, ҚР мәдениет қайраткері, еңбек ардагері Еркін Құрманбеков ағаның өмір жолы мен шығармашылығы туралы таныстырды. Беркіннің әкесі Жолмырза Құрманбеков жайлы біраз естеліктер айтылды. «Сағынғанды сағындым» атты өлең жолдарын арнаған жазушы, өлкетанушы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы И.Ермекбаев аталған өлеңін көрермен назарына ұсынды. Тұсаукесерде сонымен бірге Майтүбек тарихының кейіпкері Тәжімұратовтар ұрпағы З.Тәжімұратова, Б.Құрманбековтің ұстазы М.Досқуатов, аудан әкімі Н.Б.Аққұл, «Қызыл әскер» елді мекенінің байырғы тұрғыны Бақсиық ата тұсауы кесілген басылымға сәттілік тіледі. Ел тарихын зерделеген тарихшының «Мен өскен жер – Майтүбек» Этно – әлеуметтік портрет Байғанин ауданындағы Қарауылкелдінің оңтүстік-батысындағы әкесі Жолмырзаның Майтүбектің қалыптасуына, Қызыл әскер фермасындағы еселі еңбек еткен өнегелі адамдар мен тұлғалар туралы жазған өлеңдерін әншілер Қ.Беркалин, Ж.Байғабылов, Ж.Мұқашевалардың орындауында қазақтың терме дәстүрімен шырқалып, тыңдарманның жүрегіне жол тапты. Кеште өлеңдер жинағынан кітапхана оқырмандары Е.Шаңдин, Ж.Дайрабаева, А.Қалиева, Ж.Дәрібаева, С.Мадиярқызы, А.Бауыржанқызы жырларын оқыды. «Ұрпағым біліп жүрсін деп» автор айтқандай, өз балалары мен немерелеріне атасы Жолмырзаның еңбек еткен өңірлерінен, ұлы Отан соғысы, өз жұртының танылуы, әулеттегі туыс-ағайындар, анасы Бошайдың зары мен сыры, жан жары Сәулеген арнаған жырлары және т.б. хабардар етер деректермен баяндалған басылымда Шалқар, Ырғыз, Байғанин өңірі туралы әндерді нақышына келтіре жеткізген Б.Тәжібаев атындағы балалар музыка мектебінің ұстаздары Д.Жұбаниязов, А.Алпысов, «Шұғыла» балалар бақшасының музыка мұғалімі А.Ділімбетов, аудандық мәдениет үйінің «Қыздар» квартеті, әнші Б.Мейіров және «Ақ тілекті әжелер» өнер көрсетті. . Сонымен қатар тарихшының өмірі мен шығармашылығына арналған «Мен өскен жер Майтүбек» кітап көрмесі ұйымдастырылып, таныстырылды. «М.Әуезов. Ұлттық рухани тәуелсіздік» (оқырмандар конференциясы) Елімізде 2012жыл 21 қыркүйек - 2013 жыл 28 қыркүйек аралығында қазақ әдебиетінің классигі, абайтану саласының негізін қалаушы, аса көрнекті жазушы және ғалым Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына 115 жыл толуына орай Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы «Мұхтар Әуезовті оқимыз» атты халықаралық акциясы өтуде. Халықаралық акцияның мақсаты - Мұхтар Әуезовтің шығармашылық мұрасы¬на әлем елдері оқырмандарының назарын аудару, жазушының өмірі мен әдеби шығарма¬шылығымен таныстыру және қызығушылығын арттыру. Осы акция аясында аудандық орталық кітапханада деректер базасының бас әкімшісі Гүлзада Мұхамбетиярдың ұйымдастыруымен «М.Әуезов. Ұлттық рухани тәуелсіздік» оқырмандар конференциясы өтті.. Конференция мақсаты - М. Әуезовтің өмір жолы мен жазушылық қызметі, шығармашылығынан мағлұмат беру. Жазушының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі,әлем таныған Әуезовтің ұлылығын дәріптеу. Жасөспірімдерді қазақ елінің мақтанышына айналған заңғар жазушыны құрметтеуге, елін сүюге, әдебиетті сүюге тәрбиелеу. Конференцияда «Бала Мұхтардан дана Мұхтарға дейін» (М.Әуезов өмірінің тарихи тізбесі) «Ұлылық үлгісі» (Әуезов шығармашылығындағы рухани кемелділік пен тәуелсіздік), «Ұлт мақтанышы» (ғылыми еңбектері, очерктері, мақалалары туралы) «Азаттық рухының алтын адамы» (Әуезов әлемі – тәуелсіздік жылдарында) атты тақырыптар аясында Т.Жармағамбетов атындағы орта мектеп оқушылары Әділхан Ажар, Қожанова Шолпан, Бауыржан Айжан, және №1 Қарауылкелді орта мектебінен Еркінқызы Айкен өз пікірлерін білдірді. Сонымен қатар аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Аққожа Қожағали жазушының «Абай жолы» роман-эпопеясының бүгінгі жастарға тағылымы мол рухани құндылығын баса айтты. Ал, ұстаздар Тілеумағанбетова Галя және Асылхан Әбдіхалық Мұхтар Әуезовтың өнегелі өмірі мен шығармашылығы, отбасы, оның адамгершілігі, «Абай жолы» романындағы кейіпкерлер туралы оқырмандарға нанымды жеткізді. Ал, Қарауылкелді орта мектебінің оқушысы Қожуов Есекен ақын Мұхтар Шахановтың «Менің есімімді неге Мұхтар қойған?» өлеңін оқып, тыңдармандарды тәнті етті. Оқырмандарға жазушы өмірі мен шығармашылығынан хабардар ететін «Азаттық рухының алтын адамы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Әуезов әлемі» атты слайд-шоу ұсынылды. Кітапхана әкімшілігі конференцияда белсенділік танытқан оқушылар мен ұстаздарға ризашылығын білдіріп, «Алғыс хаттар» табыстады. «Шоқтығы биік бір тұлға» (Жерлес ақын Өтежан Нұрғалиевтің туғанына 75 жыл толуына орай әдеби поэзия кеші) Аудандық орталық кітапханада ауданымыздың мақтанышы,жерлесіміз, ақын Өтежан Нұрғалиевтің туғанына 75 жыл толуына орай «Шоқтығы биік бір тұлға» атты әдеби поэзия кеші өтті. Мақсат – ақын өмірі мен шығармашылығын жыр сүйер қауымға таныстыру, жастарды поэзияға баулу. Кешке өр ақын туралы ақын Б.Сәуірбаев, аудан әкімінің орынбасары Ш.Спанова, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Н.Қолдасбаев, ішкі саясат бөлімінің бас маманы Қ.Аққожа, №1 Қарауылкелді орта мектебінің ұстазы А.Әбдіхалық және «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының теле журналисі, ақын Ж.Айжанов естелік әңгімелерімен сыр шертсе, жыр сүйер оқырман ақын өлеңдерінен сусындады. Кеш барысында «Өр ақын – Өтежан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, ақын шығармашылығына арналған виртуальды кітап көрмесі таныстырылды. Ақынның туған жері – Жарқамыс ауылында моделді кітапханада «Поэзия тарланы, ақиық ақын» әдеби кеш өтіп, кешке ақынның туыстары, замандас құрдастары, шәкірттері Қ.Сейілханов, М.Қыдыров, Б.Сүйсұханова өз естеліктерін айтты, кеш қонағы жерлес ақын, тележурналист Ж.Айжанов ақынды еске алу мақсатында туған жері «Төбекөңге сағынышы» атты өлеңін оқыса, жас талапкер, ақынның ұрпағы Зарина Сейілханова «Ақынға арнау» атты жүрекжарды жырын арнады. Ақын өлеңдері тындалды. «Тумысы биік, туындылар иесі» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, «Өр ақын-Өтежан» атты слайд таныстырылды. 2 – сәуір халықаралық балалар кітабы күні. Аудандық орталық кітапханасында 2 – сәуір Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Кітап пен өмір шуақты» тақырыбында, кітапхана алдында ашық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Осыған орай Қарауылкелді балалар бақшасының «Еркетай» тобының 4 – 5 жасар балалардың қатысуымен, балаларға арналған кітаптар топтамасы таныстырылды. Топтамада әріп пен дыбыстармен таныстырылып қана қоймай, буынға бөліп оқу дағдысын қалыптастырды. Бұл баланың ойлау қабілетін арттырады. Әрбір кітап қызғылықты және танымдық пен ертегілерден тұрады. Көркем безендірілген кітаптар оқырмандарға қуаныш әкелетіні сөзсіз. 7 – 8 жастағы балалармен кітапхананың қорындағы балалардың жас ерекшеліктеріне сай, әдемі, әсем безендірілген энциклопедияның бірнеше түрі, электрондық ресурстар қоры, әр баланың ой - өрісін кеңейтетін танымдық кітаптар ұсынылды. 7 – 8 сынып оқушылары арасында сұрақтар қойылып, жұмбақтар жасырылып, мақалдың жасырылған жолдарын тауып жарысты. Қатысқан балаларға сыйлықтар тапсырылды. «Сырласайық замандас» (Сұхбат кеш) Аудандық орталық кітапханада 8-ші наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Сырласайық, замандас» клубының ұйымдастыруымен халқымызға, ауданымызға танымал тұлға, «КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі», денсаулық саласында 50 жылдай еңбек еткен акушер – гинеколог, зейнеткер – дәрігер Жұбаналы Сәнше Қуантайқызымен кездесу кеші өткізілді. Кеш Сәнше Қуантайқызының медицина саласында жеткен жетістіктері мен отбасына арналған слайдпен басталып, жасөспірімдердің, оқырмандардың, - Осы уақытқа дейін көптеген балалардың кіндік анасы болдыңыз. Есіңізден кетпестей болған кездер де аз емес шығар?, - «Дәрігер - адам жанының арашасысы» дейміз. Ал осындай жауапты да құрметті мамандық иелерінің бүгінгі жай күйі қалай? Ауданымызда сауатты, өз ісінің шебер мамандары көбейіп жатыр ма? Қазіргі таңда шәкірттеріңіз бар ма?, - Өзіңіз денсаулығыңызды қалай күтесіз? т.б. сұрақтартарына кеш қонағының тұшымды айтылған әңгімелері тыңдаған адамды тебірентіп, бей – жай қалдырмады. Кездесуге аудан орталығындағы үш орта мектеп, аудандық №14 техникалық колледжден 38 жасөспірімдер мен оқытушылар, «Жем-Сағыз» газетінің тілшісі, аудандық ішкі саясат бөлімі мен «Нұр Отан ХДП» мамандары, «Жас Отан» Жастар Қанатының төрайымы, кітапханашылар, барлығы 56 адам қатысты. |
Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі |