ScreenReader       
Басты бетке     Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі      VKontakte facebook instagram Кіру       


Сайт мәзірі  


















































Іздеу:
 
free counters
Free counters

«Кел, Жаңа жыл жайдарлы!»

Аудандық орталық және балалар кітапханасында «Кел, Жаңа жыл жайдарлы!» атты балалар ертеңгілігі өтті. Ертеңгілікте кітапхана қызметкерлері Хан, Уәзір, Сайқымазақ, жыл кейіпкері Ит, Аяз ата мен Ақшақар жаңажылдық кейіпкерлерді сомдап, көріністер көрсетті. Балалар ән шырқап, би билеп, жаңа жылдық тақпақтар оқыды. Өнерпаз балаларға Аяз Ата мен Ақшақар сыйлықтар ұсынды.

 










«Алаштың арманы - Азаттық»

Аудандық орталық кітапхана оқырмандарды кітаппен қамту бөлімінің ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында «Алаштың арманы - Азаттық» тарихи танымдық патриоттық кеш өтті. Мақсат жасөспірімдердің бойына отаншылдық пен патриотизмді қалыптастыру арқылы, қазақ Алаш ордасының 100 жылдығы , Желтоқсан оқиғасының тарихы және Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін таныту. Кеш аудандық ОКЖ директоры А.Тукенованың құттықтауымен ашылды. Еліміздің қалыптасуындағы тарихи кезеңдерінен хабардар ететін бейнеролик көрсетілді. Кітапхана оқырмандарының белсенділігімен өлең жырлар тыңдалды, патриоттық әндер шырқалды. Кітапхананың жас оқырмандарына Алаш орда, Желтоқсан Тәуелсіз Қазақстан тарихы туралы баяндалған әдебиеттер таныстырылды

 










«Ең үздік жас маман -2017»

Аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудандық «Жас Байғанин «жастар форумында ауданның өнер, білім, спорт және әр түрлі салалар бойынша қызмет жасап жүрген жастар мен мектеп оқушыларының үздіктерінің қатысуымен өтті. Аталмыш шарада аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапханаларды дамыту бөлімінің әдіскері, республикалық «Үздік кітапханашы – 2017» номинациясының иегері Мәтбаева Назекен Маратқызы «Ең үздік жас маман -2017» атауымен аудан әкімінің марапатын иеленді.

 










«Тәуелсіздік - тұғырым,егемендік - елдігім»

Библиокруиз

Кітапхана қызметкерлері балалар мен жасөспірімдерге еліміздің Тәуелсіздігі тарихынан хабардар ету мақсатында Қазақстанның тәуелсіздігі туралы басылымдар туралы «Тәуелсіздік - тұғырым,егемендік - елдігім» Библиокруиз шарасын өткізді. «Жас Байғанин « жастар форумы аясында өткізілген шараға жастар мен мектеп оқушыларының үздіктерінің қатысуымен өтті.

 










«Тәуелсіздік - тірегім»

Аудандық балалар кітапханасында балалар арасында «Тәуелсіздік - тірегім» атты патриоттық кеш өткізілді. Мақсат Қазақстанның тәуелсіздігі туралы танымын кеңейте отырып, балалардың бойына еліне,туған жеріне деген патриоттық сезімін қалыптастыру, оның қадір қасиетін ұғындыру. Кеш тәуелсіздік тарихы туралы бейнероликті тамашалаудан , ҚР Мемлекеттік Гимні «Менің Қазақстаным» әнімен басталды. Желтоқсан оқиғасының куәгері СәбираМұхамеджанованың өміріндегі тарихи сәттерін оқырмандардың дайындаған көрінісі ұсынылды. Тәуелсіздік, Отан, туған жер, Қазақстан туралы жырлар тыңдалды, патриоттық әндер шырқалды. Белсенділік көрсеткен оқырмандарға кітапхана әкімшілігі атынан алғыс хаттар табысталды.

 










«Тарихы терең, тәуелсіз елім - Қазақстан»

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай аудандық орталық кітапхана аудандық мәдениет үйінде «Тарихы терең, тәуелсіз елім - Қазақстан» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. Мерекелік іс шаралар аясында жасақталған кітап көрмесіне Қазақстанның Тәуелсіздігі жылдарындағы мерейлі сәттерден хабардар ететін басылымдар қойылды. «Елбасы - ел тірегі», «Мәңгілік ел жүрегі - Астана» бөлімдерінде елбасы туралы , Астана , ЭКСПО тарихы туралы жаңадан шыққан кітаптары және өлкетану бағытында Байғанин ауданының әдеби айнасы жергілікті және танымал ақын жазушылардың, ауданның тарихы туралы басылымдардан жасақталған «Асылдар туған, шежіре тұнған- құт мекен» бөлімін көрермендерге таныстырылып, библиографиялық шолу жасалды.

 










«ҰЛЫ ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ»

Аудандық балалар кітапханасы №1Қарауылкелді орта мектебінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жем - Сағыз жауһарлары» апталық аясында жерлесіміз, КСРО Батыры Қожабай Жазықовтың өнегелі өмірі мен ерлігі, Ұлы Отан соғысынан кейінгі еселі еңбегі туралы мектеп оқушыларына мағлұмат беру үшін «ҰЛЫ ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапхана қоры негізінде ұйымдастырылған көрмеге библиографиялық шолу жасалып, оқырмандарға ұсынылды.

 










«Мәңгілік Ел жүрегі - Астана»

2017 жыл 11 желтоқсанда Ақтөбе облысы бойынша Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласының 20 жылдығына орай облыстық «Мәңгілік Ел жүрегі - Астана» патриоттық акциясы аясында Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы және аудандық балалар кітапханасы бірлесе отырып, онлайн мәдени іс шарасы өткізілді. Іс -шараның мақсаты өскелең ұрпақтарға елордамыз Астана қаласының 20 жылдығы екендігін хабардар ету, оларды Астана қаласының тарихымен таныстыру, елжандылыққа, патриоттыққа тәрбиелеу. Іс шараға аудан орталығы мектептерінен оқушылар қатысып, Астана қаласының қалыптасу тарихы мен бүгінгі мәдени әлеуметтік бейнесі, экономикалық дамуы бағытында деректерден хабардар етілді. Сағат 12.00-де өңірдегі барлық балалар кітапханалары оқырмандарымен бірлесе ҚР Мемлекеттік Гимні «Менің Қазақстаным»ды шырқады .

 










1 желтоқсан -Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні

«Ел тұтастығының тірегі»

1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай аудан кітапханаларында мерекелік іс шаралар өткізілді. Жем селолық моделді ауыл кітапханасында айтулы шараға орай кең көлемді кітап көрмесі ауыл тұрғындарына ұсынылды. Мерекелік іс шара аясында ұйымдастырылған кітап көрмесіне ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың өнегелі өмірі мен ел тұтастығы жолындағы еңбегі, қайраткерлігі, Қазақстанның қарыштап дамуындағы, тәуелсіздік жылдарындағы тарихи оқиғалардан хабардар ететін басылымдар қойылып, библиографиялық шолу жасалды. «Рухани жаңғыру», «Туған жер» бағдарламасы аясында Кемерши ауылынан түлеп ұшқан КСРО Батыры Қ.Жазықов, «Даңқ» орденінің толық кавалері С.Ешбаев, жазушы, Мемлекеттік сыйлық иегері Қ.Мұханбетқалиұлы, ақын Т.Айбергенов және т.б. танымал тұлғалар туралы «Туған жер мақтаныштары» атты көрмесі ұсынылды.

Жарқамыс модельді кітапханасында «Дара дарын» атты Елбасы Н.Назарбаев туралы танымдық интеллектуалдық кеш, Жарқамыс балалар кітапханасында айтулы мерекеге орай «Ұлты ұлықтаған ұлы тұлға» викториналық сағат, Жаңатаң селолық кітапханасында «Елбасы - ел тірегі» ақпараттық сағат өткізілді.

 










«ҰЛТ НАМЫСЫНЫҢ ҚАМШЫГЕРІ»

Аудандық орталық кітапхана және аудандық балалар кітапханасының бірлесе ұйымдастыруымен 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай жасөспірімдер мен балалар арасында «ҰЛТ НАМЫСЫНЫҢ ҚАМШЫГЕРІ» тақырыбында әдеби танымдық сазды кеш өткізілді. Мақсат өскелең ұрпаққа қазақ елі мен жері үшін өзінің отаншылдық, патриоттық қасиеттерді бойына сіңірген, елбасымыз Н.Назарбаевтың өмірі мен өнегелін таныстыру арқылы оқырмандарды отансүйгіштікке, патриотизмге, еңбексүйгіштікке баулу.

Кеш ҚР «Менің Қазақстаным» Мемлекеттік Гимнімен ашылды. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Аққожа Қожағали кітапхана оқырмандарын құттықтауын жолдады. №3 Қарауылкелді орта мектебінің 7-9-10 сынып Байғанин техникалық колледж оқушыларының қатысуымен өткізілген әдеби танымдық сазды кеште Елбасы, Отан, Қазақстан туралы жырлар тыңдалды, патриоттық әндер шырқалды, ұлттар достығын бейнелейтін би биледі. Кеш барысында «Елбасы ел тірегі» атты кітап көрмесі оқырмандарға таныстырылды.

 










«Болашақ Қазақстанның әліпбиі»

Аудандық балалар кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында латын әліпбиінің маңыздылығын балаларға ақпараттық түсіндіру, латын әліпбиімен таныстыру мақсатында №1Қарауылкелді орта мектебінің 7 сынып оқушылары арасында «Болашақ Қазақстанның әліпбиі» тақырыбында ақпараттық сағат өтті. Ақпараттық сағат «Латын әліпбиі ұлт болашағы» тақырыбында слайд таныстырылымымен басталды. Балалар латын әліпбиінің қысқаша тарихы, оның маңызы туралы түсініктерін сұрақ жауап алмасу арқылы, латын әліпбиінің бекітілген нұсқасы танысты.Ақпараттық сағаттың соңы балалардың латын әліпбиіне деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Қазақстан», «Елбасы», «кітапхана», және өз есімдерін латын әліпбиімен жазуды үйренді.

 










«Латын әліпбиі: Жаңғыру жазудан басталады»

(Дөңгелек үстел)

Латын графикасына көшудің маңыздылығы туралы кеңінен ақпарат тарату, қоғамдық пікір қалыптастыру мақсатында «Латын әліпбиі : Жаңғыру жазудан басталады» дөңгелек үстел сұхбаты аудан мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәнінің мұғалімдері, тарихшы өлкетанушы, ардагер ұстаз Адаев Шәріп, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының аудандық ұйымының төрайымы Б.Кенжебаева және кітапхана мамандарымен өткізілді. Дөңгелек үстел сұхбатында ; Латын әліпбиіне көшуге көзқарастарыңыз , бүгінгі таңдағы Латын әліпбиінің маңыздылығы, тиімділігі туралы және әліпбиді латынмен алмастырғанда ұтатын және ұтылатын тұстарымыз қандай, Жаңа алфавитті қалай қабылдайсыз, Латын әліпбиін қолданысқа енгізуде қандай кедергілер болуы мүмкін, сияқты сауалдар төңірегінде өз ойларымен бөлісті.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әбдіхалықова Асылхан , өлкетанушы ұстаз ,ардагер Адаев Шәріп латын әліпбиінің тарихы туралы баяндады. Кітапхана директоры А.Тукенова болашақта латын әліпбиін үйренуге ниет білдірген оқырмандар мен тұрғындар үшін бұрыштар ұйымдастырылып, сабақтар өткізуге, ұстаздарды бірлесе жұмыс жасауды ұсынды. Дөңгелек үстел сұхбатының соңы қатысушылардың өз аты жөнін латын қарпімен жазуды үйренумен аяқтады.

 










«Қамар Сұлу» романының тәрбиелік мәні

2017жылы «Бір ел-бір кітап» акциясына демократ ақын С.Торайғыровтың шығармаларының ұсынылуына орай «Қамар Сұлу» романының тәрбиелік мәні» тақырыбында оқырмандар конференциясы өтті.

Мақсаты: «Бір ел-бір кітап» акциясына ұсынылған Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын жалпыхалықтық оқуға ұсыну, жасөспірімдердің тіл байлығы мен сөздік қорын байытуға , С.Торайғыровтың шығармаларын насихаттау, «Қамар сұлу» романын оқуға,жалпы кітап оқуға деген қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттыру. Қоғамға,өмірге деген көзқарасын айқындау, бағыт - бағдар беру.

«С.Торайғыров шығармашылығы және «Қамар Сұлу» ромнанының идеялық мазмұны»,«Қамар Сұлу» - махаббат трагедиясы мен әйел теңсіздігін жырлаған көлемді шығарма», Романдағы жағымсыз кейіпкерлер бейнесін ашу: Жорға Нұрым, Қалтан қажы, Оспан би бейнелері»,«Қамар Сұлу» романының тәрбиелік мәні. Романның қазақ әдебиетіндегі алатын орны мен бүгінгі заман арасындағы байланысы» тақырыптары төңірегінде кітапхана оқырмандары Дос Қуат, Тілек Ләззәт,Құбайдуллина Айша,Айсұлтанова Сая, Метрше Шұғыла роман туралы өз пікірлерін білдірсе, Қарауылкелді орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ,ұстаз Ақдәулетова Алтынай конференцияны қорытындылады. Кітапхананың белсенді оқырмандарына кітапхана әкімшілігі атынан «Алғыс хаттар» табысталды. Конференция аясында ұйымдастырылған ақын өмірі мен шығармашылығынан хабардар ететін «Сарыарқаның сайыпқыраны» кітап көрмесі, «Алаштың ақиығы» атты слайд жасөспірімдерге ұсынылды.

 










«Ұлағатты ұстаз. Ғибратты ғалым.Өнегелі өмір»

Ауданымызда ұстаз, ғалым, қайраткер, Педагогика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері, Ақтөбе облысының, Ақтөбе қаласы және Байғанин ауданының құрметті азаматы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік Мемлекеттік Универститетінің құрметті профессоры, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе универститетінің профессоры Ниетжан Берікұлының 90 жасқа толуына арналған «Ұлағатты ұстаз» атты кездесу кеші өткізілді.

Кездесу аясында ұлағатты ұстаздың өнегелі өмірі мен еңбегі туралы, ғылыми еңбектері, публицистикалық мақалалар мен фото сурет материалдары ұсынылған «Ұлағатты ұстаз. Ғибратты ғалым. Өнегелі өмір» атты кітап көрмесі ұсынылды. Кітап көрмесі ғалымның шәкірттері мен замандастарына, көпшілікке таныстырылды. Ғалым Н.Берікұлы өзінің ғылыми еңбегіне қолтаңбасын қалдырды.

 










Досмұхамбетова Шұғыла - облыстық «Байғанин оқулары» сайысының жүлдегері

Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында өткізілген «Байғанин оқулары» көркемсөз оқу сайысының облыстық кезеңіне 11үміткер оқырман қатысты. Байғанин ауданынан қатысқан талапкер Досмұхамбетова Шұғыла Н.Байғаниннің «Ақкенже» дастанынан үзінді оқып, көркем мәтінді таңдауы, оны оқудағы шеберлігі, дауыс мәнері мен тіл тазалығы, сахналық киім мен өзін ұстауы жағынан сайыс шартына сәйкес, өнерпаздық қабілетпен І орынды иеленді. Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы тарапынан арнайы Дипломммен, сыйлықпен марапатталды.

 










«Байғанин оқулары»

Аудандық балалар кітапханасында Қазақстанның халық ақыны, айтыскер, эпик,жыршы жырау Нұрпейіс Байғанин атындағы «Байғанин оқулары» көркемсөз оқу сайысының аудандық кезеңі өткізілді. Мақсаты Н.Байғанин шығармаларын жас ұрпақ тәрбиесіндегі отаншылдық, халықшылдық, идеясын қалыптастырудың жетекші факторы есебінде насихаттау, кітап оқу мәдениетін жетілдіру, оқу кеңстігінің аясын кеңейту. Көркемсөз оқу сайысына барлығы 7 талапкер қатысты. Сайыс талабы бойынша ақынның өлеңін және дастанынан үзінді оқуда мәтін көлемінің 2-3минуттан аспауы, ақын шығармашылығын жетік білу, мәтінді көркем оқу шеберлігі, дауыс мәнері, сахнада өзін ұстауы мен сахналық киімге аса мән берілді.

Сайыс қорытындысында ІІІ орын - Амандықова Ақнұр № 2 Қарауылкелді орта мектебінен (Н.Байғанин «Ер - Талалихин» ), ІІ орын – Әбибуллаева Айсана Сағыз моделді кітапханасының оқырманы (Н.Байғанин «Қазақстан майданға»,) І орын - Досмұхамбетова Шұғыла № 2 Қарауылкелді орта мектебінен (Н.Байғанин «Ақкенже») иеленіп, арнаулы мадақтамалармен марапатталды. Талапкерлер Жанұзақова О, Дағыс Д., Аманқос Г.,Жаңабай А., Әжібекова Г.сайысқа қатысып, белсенділік танытқаны үшін кітапхана әкімшілігі атынан Алғыс хаттар табысталды. Н.Байғаниннің «Ақкенже» дастанын оқыған, жоғары деңгейде өнер көрсеткен І орын иегері Досмұхамбетова Шұғыла облыстық кезеңге жолдама алды.

 








«Мен қазақпын деп мақтаным»

Жыл кітабы - Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Мен қазақпын деп мақтаным» тақырыбындағы әдеби лото Т.Жармағамбетов атындағы орта мектептің 9 сынып оқушыларымен өткізілді. Мақсат «Бір ел бір кітап» акциясына ұсынылған С.Торайғыровтың шығармаларын насихаттау, өскелең ұрпақтарға ақын өмірі мен шығармалары туралы мағлұматтар беру, кітап оқуға ынтасын арттыру. «Сарыарқаның сайыпқыраны» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, әдеби летода «С.Торайғыров қазақ поэзиясының данышпаны», ақын өлеңін мәнерлепр оқу, «Кім білгір?» ақын шығармашылығы туралы сұрақ жауап, «Зеректік» ақын өлеңдерінің жалғасын табу бөлімдері жасөсріпімдердің белсенділігімен өтті.

 








Кітаптарын сыйға тартты

«Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі», «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері», Қазастан спортының құрметті қайраткері», Ы.Алтынсарин, Ұлттық Олимпиадалық комитетінің құрмет белгілерінің иегері, «Еңбек ардагері» медалінің иегері , спорт шебері, ардагер ұстаз Сүгірәлі Тайжанов және Спорт шебері, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы,ғылым докторы, профессор Қарақов Амантаймен бірлесіп жазған «Дене тәрбиесі» оқулығының 4 томдығы, спорт және дене шынықтыру пәні бойынша әдістемелік құралдарын кітапхана сыйға тартты .

 








«Парасат биігіндегі қаламгер»

Қазақстанның көрнекті жазушысы, «Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері», ҚР Мемлекеттік сыйлықтың және Халықаралық ПЕН клуб сыйлығының иегері, «Байғанин ауданының құрметті азаматы» Қажығали Мұханбетқалиұлының 75жасқа толуына орай аудандық мәдениет үйінде кездесу өткізілді. Кездесу аясында аудандық орталық кітапхана «Парасат биігіндегі қаламгер» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне жазушы өмірі мен шығармашылығынана хабардар етер мерзімді баспасөздегі материалдар мен шығарамалары қойылып, библиографиялық шолу жасалды.

Кітап көрмесін жазушы Қажығали Мұханбетқалиұлы, ақын Бауыржан Бабажанұлы, фи лология ғылымдарының кандидаты Миров Мұхтар, «Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі» , «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері», Қазастан спортының құрметті қайраткері», спорт шебері, ардагер ұстаз Сүгірәлі Тайжанов және аудан қонақтары мен оқырмандар тамашалады. Жазушы өзінің 4томдық шығармалар жинағына қолтаңбасын қалдырды.

 








«Мүмкіндігі шектеулі жандар–қоғамның тең мүшелері»

Аудандық орталық кітапхананың оқу залында Байғанин ауданы ағзалары зақымданған мүгедек жандардың «Жігер» Спорттық сауықтыру клубы қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып, мүгедектігі бар адамдардың толыққанды жұмыс істей алатындықтарын, іскерлік əлемде табысты бола алатындықтарын, ашық əлеуметтік өмір сүре алатындықтары жəне белсеңді қоғамның бөлігі бола алатындықтарын көрсету мақсатында «Мүмкіндігі шектеулі жандар – қоғамның тең мүшелері» тақырыбында дөңгелек үстел сұхбаты өтті.

Байғанин ауданы ерікті мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Шекеева Наташа, «Жігер» спорттық сауықтыру клубы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеу Нұрланның, және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандарының қатысуымен өткізілген шарада мүмкіндігі шектеулі жандардың біздің қоғамдағы орны, оларға мемлекет тарапынан көмектер , әлеуметтік мәселелер мен жұмысқа орналасуы, мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы спорттық сауықтыру клубының негізгі мақсаты, алға қойған жоспарлары туралы сауалдарға жауап берді.

 








«Сырласайық замандас» қызығушылық клубы.

«Сырласайық замандас» қызығушылық клубында «Болашақ» бағдарламасымен Ұлыбританияның Бирменгем университетінде «Жоба менеджменті» мамандығы бойынша тәмәмдаған, №1 Қарауылкелді орта мектебінің түлегі, кітапхана оқырманы, әрі мәдени шараларға белсене қатысқан, аулымыздың ауасымен тыныстаған, жастарға үлгі боларлық жан - Сейілхан Нұржанмен кездесу өткізілді. Кездесу Нұржанның «Болашақ» бағдарламасымен білім алу жолдарын слайд арқылы таныстыруымен басталды. Орта мектепті бітіргеннен кейін, Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттік универститетіне мемлекеттік грантпен оқуға түсіп, филология факультетінің «ағылшын тілі» бойынша мамандығын тәмәмдады. Оқып жүріп,өзінің американдық оқытушының ықпалымен мемлекетіміздің жастарға шетелге оқып білім алуға мүмкіндік алуды мақсат етіп, талап бойынша екі жыл еңбек өтілі қажеттілік болғандықтан Атырау «Қашаған» мұнай компаниясында жұмыс жасайды. Жұмыс жасап жүріп, ізденіс пен оқуды тоқтатпай «Болашақ» бағдарламасы бойынша IELTS- ке дайындалып, астана қаласында емтихан тапсырады. Барлығы 7 универститетке құжат тапсырып, алты универститетке шақырту алған, ол Ұлыбританияның Бирменгем университетінде «Жоба менеджменті» мамандығын таңдап, «Болашақ» бағдарламасының степендиаты атанды.

2017жылы бітіріп келген Н.Сейілханды 11сынып оқушыларымен жүздесудің мақсаты: еліміздің, ауданымыздың дамуына үлес қосып еңбекқорлықпен өз ісінде жетістіктерге жеткен азаматтар мен азаматшалардың өнегелі өмірі мен істерін, адамгершілік, мейірімділік, қарапайымдылық қасиеттерін жастарға ұғындырып, оларды өмір қағидаттарын үйренуге баулу. Жасөспірімдермен сұхбат жүргізуде білімге деген ынтасын арттыру. Кездесуге қатысушы оқушылардың және модератор ,оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Г.Боранбаеваның «... Сіз секілді табысқа жету үшін адам бойында қандай қасиет болу керек, Шетелде білім алам деген жастарға берер кеңесіңіз, Болашақ түлектерге қазіргі кезде сұранысқа ие мамандықтарды атап бересіз ба, Шетелде білім алу үшін қанша қаражат қажет,ол жақта алған біліміңізді пайдалана отырып Қазақстанда нені өзгертер едіңіз, «Шетелде білім алған жастар елге оралғысы жоқ»,- ден пікір қаншалықты рас,Сіз секілді табысқа жету үшін адам бойында қандай қасиет болу керек, Әлеуметтік желіде қаншалықты белсендісіз, Блогер, блогшы ретінде қызықты да құнды дүниелер жазасыз ба, Сізге тіркелушілер көп па, Қалыптасқан аудиторияңыз бар ма,ата –анаңыздың сізге жиі айтатын сөзі, кеңесі болмаса ақылы қандай?...» деген сауалдар төңірегінде сұхбат жүрді. Клуб қонағының шарты бойынша өзіне ұнаған сұрақ иесіне ескерткіш сыйын ұсынып, жастарды білім алуға, ағылшын тілін меңгеруге, туған елге қызмет етуге шақырды. Кітапхана директоры А.Тукенова, ұстазы Г.Таласпаева клуб қонағы Нұржан Сейілханға ризашылығын білдіріп, мақсатына жетуіне тілектестігін білдірді.

 








«Қайдасың сен, махаббат?»

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, жерлес жазушы, қаламгер Қажығали Мұханбетқалиұлының «Қайдасың сен, махаббат?» кітабы Ақтөбе облысы бойынша «Оқитын өлке» акциясына ұсынылған болатын. Акция аясында аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Т.Жармағамбетов атындағы орта мектебінде жазушының «Қайдасың сен, махаббат?» кітабының премьерасы өткізілді. Мақсат - өскелең ұрпақты кітап оқуға баулу, кітап арқылы мейірімділік пен адамгершілікке тәрбиелеу, жазушы Қ.Мұханбетқалиұлының өмірі мен шығармашылығынан хабардар ету.

Кітап премьерасында алдымен жасөспірімдерге жазушының өнегелі өмірі мен шығармашылығына арналған «Кемел елдің қаламгері» кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды. Жазушының кітаптарына шолу жасай отырып, замана келбетін зерделеген «Тоғай сыбдыры», «Сынық терезе», «Жалғыз жиен» кітаптары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлыққа ие болған , тәуелсіздік үшін күрес батыр Сырым Датұлының өмірі, қайраткерлігі туралы баяндалған «Тар кезен» тарихи романы таныстырылды. Сонымен бірге осы жылы «Оқитын өлке» акциясына ұсынылған «Қайдасың сен, махаббат» кітабына ерекше тоқталды. Премьерада оқушыларға кітаптың электронды нұсқасында оқуға ұсынылды.

 








Отбасы - тіршілік тірегі

Отбасы және отбасылық құндылықтар туралы кеңінен мәлімет беріп, қазіргі таңдағы отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтар, денсаулық, құқықтық сауаттылық мәселелерін арнайы мамандармен бірлесе талқылау, шешілу жолдарын қарастыру, оқырмандар арасында пікір алысу, отбасы төңірегіндегі сұрақ-жауаптарға бірлесе жауап іздеу мақсатында жасөспірімдер арасында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге «Байғанин -Аңсар» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, аудан мешітінің имамы Ғабит Мәткәрімов, аудан әкімінің орынбасары Ш.Спанова, аудан әкім аппаратының отбасы және гендерлік саясат жөніндегі комиссия мүшесі С.Әмидан, аудандық аурухананың салауатты өмір салтын сақтау кабинетінің дәрігері А. Досқуатова, мектеп психологтары қатысты. Мемлекеттің дамуы мен өркендеуінде отбасының рөлі, ата ана мен мектеп арасындағы байланыстың бала тәрбиесіне ықпалы, қиын отбасындағы балалар тәрбиесі, отбасындағы зорлық зомбылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылық, салауатты өмір ұстанған отбасы, отбасындағы мәдениет,тұрмыстық мәселелер туралы сауалдар төңірегінде пікір алысты. Мектеп психологтары жасөспірімдермен психологиялық тренинг өткізді.

 








«Тәуелсіздік және Алаш идеясы»

Алашорда үкіметінің 100 жылдығына орай «Тәуелсіздік және Алаш идеясы» тақырыбында кітапхананың ұйымдастыруымен №2 Қарауылкелді орта мектебінде жоғары сынып оқушыларымен танымдық ақпараттық сағат өткізілді. Мақсат: Алаш қайраткерлерінің өмірі мен қызметін ұлықтау,ұлт азаттық жолындағы қозғалыстың мәні мен маңызын ұғындыру,Алаш арыстарының еңбегін өскелең ұрпаққа таныстыруғмәңгілікке ұлықтау. Кітапхана Р.Қаленова мектеп оқушыларына Алашорда идеясы, тақырып аясында тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстан баспаларында басылып шыққан тарихи басылымдар, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Х.Досмұхамедұлы, С.Қожанов туралы деректерден хабардар етіп , библиографиялық шолу жасады.

 








«ҮЗДІК КІТАПХАНАШЫ»

Аудандық ОКЖ әдіскері Мәтбаева Назекен Маратқызы 2017 жыл 21-22 қыркүйек күндері ҚР Академиялық кітапханасының ұйымдастырумен Бурабайда кітапхана мәртебесін көтеру, кәсіби шеберлікпен алмасу, біліктілікті арттыру, жас кітапханалық кәсіби қауымдастықты және кітапхана ісінің жас мамандары арасында корпаративтік кітапханалық дәстүрді дамыту, жариялылық кітапханалар қызметінің жаңа технологиялары мен формаларын жүзеге асыру мақсатында өткен «Рухани жаңғыру: Ұлт келбеті жалынды жастар» атты ІІ Республикалық жас кітапханашылардың форумына қатысып қайтты.

Форум аясында жарияланған республикалық «ЖАС МАМАН ҒАЛАМШАРЫ» видеороликтер конкурсы цифрлы Қазақстанның кітапханасы қандай болу керек, т.б. жобаларды ұсыну мақсатында ұйымдастырылды. Республикалық деңгейде ұйымдастырылған конкурсына ұсынылған 11 жұмыстың ішінен Н.Мәтбаеваның видеоролигі үздік деп танылып, ұйымдастыру алқасы жоғары деңгейде көрсетіп, «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының « ЕҢ ҮЗДІК КІТАПХАНАШЫ-2017» номинациясымен марапатталды. Ақтөбе облысы кітапханаларының мәртебесін көтерген кітапхана әдіскері Мәтбаева Назекеннің алар асуы биік, кітапхана ісінде жетістіктерге қол жеткізуде еңбегі жана берсін!!!

 








Ел – тілегі, тіл мерейі

\тіл танымдық сайысы\

Балалардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу мақсатында аудандық балалар кітапханасында : «Ел – тілегі, тіл мерейі» тіл танымдық сайысы өтті. Сайыс 5 бөлімнен; – Тобын таныстыру. «Ескірмейтін ескі сөз» сөздердің мағынасын ашу, « Жалғасын тап» Мақалды жалғастыру, «Жұмбақ шешу» жауабын үш тілде айту, 42 әріптен сөз құрау, (бір әріп екі рет қайталанбау керек) сайысқа 7 сынып оқушыларынан қыздардың «Күншуақ», ұлдардың «Бәйтерек» топтары қатысып, 75 ұпаймен жеңіске қыздардың «Күншуақ»тобы жетті.

 








«Тілім барда, қазағым бар, халқым бар»

Аудандық орталық каітапхана, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының аудандық ұйымы, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, бірлесе аудандық «Мемлекеттік тіл ұлт тірегі» тіл фестивалі аясында өткізілген шараларды қорытындылау мақсатында «Тілім барда,қазағым бар,халқым бар» іс шарасын өткізді. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Р.Айтжанова, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының аудандық ұйымының төрайымы Б.Кенжебаева тіл фестивалінде белсенділік танытқан мекеме ұжымдарын, тіл жанашырларын марапаттап, сыйлықтар табыстады.

Аудандық орталық кітапхана қызметкерлері ақын Т.Айбергеновтің 80жылдығы аясында «Төлеген оқулары» байқауын өткізді. Байқау екі шарттан; ақын өлеңін мәнерлеп оқу және ақын сөзіне жазылған әндерді орындау. Жас ерекшелігі 12-25 аралығы бойынша 10үміткер қатысты. Байқау қорытындысында Жаңабергенова Әсел І , Базарбаева Аружан ІІ , Әуелбаева Ақниет ІІІ орындарды иеленіп, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің арнайы дипломдарымен ,сыйлықтарымен марапатталды. Белсенділік танытып, өнері көрсеткен үміткерлерге Алғыс хаттар табысталды.

 








«ЭКСПО жастар көзімен»

«ЭКСПО жастар көзімен» тақырыбында аудандық орталық кітапхана және аудандық Оқушылар үйінің радиотехника үйірмесі мүшелерімен көрме өткізілді. Шара барысында радиотехника үйірмесі мүшелері Ибадулла Наурызбай, Бауыржанұлы Еркебұлан, Бақтығұл Жандәулет өздері ойлап құрастырған техникалық бұйымдарын көпшілікке таныстырды.

«Ашық микрофон» бөлімі Астанадағы халықаралық ЭКСПО көрмесіне саяхаттаған оқушылар ой пікірлерімен, көрмеден алған әсерлерімен бөлісті. Кітапханашы С.Хусайнова 80 жылдық ЭКСПО тарихынан хабардар ететін (1937-2017 жылдар) «ЭКСПО -2017 Қазақстанның жетістіктерін паш етеді» кітапханалық слайд таныстырылымын жасады.

 








«Өнерді дәріптеген отбасы»

Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығымен жыл сайын аталып келе жатқан Отбасы күні мерекесіне орай аудандағы «Ақниет» Әнуаровтар халықтық ансамблі мен «Өнерді дәріптеген отбасы» атты кездесу кеші өткізілді. Мақсат: отбасылық құндылықтарды дәріптеу, өнерлі жанұяларды қолдау,таныстыру, өскелең ұрпаққа отбасындағы үйлесім мен татулықты ұғындыру. Кездесуде ансамбльдің көркемдік жетекшісі Асқар Әнуарұлы отбасындағы тәрбие, ұлттық салт дәстүрді сақтау, өнерге деген ынта мен жігер, әулеттердің бірлігі туралы өз ойын білдірді. Балаларды өнерге, музыкалық білімге, сахна мәдениетіне баулуда өзіндік қиыншылықтар болатынын жасырмады. Ансамбльдің өнер байқауларында алған жетістіктері, репертуарлары туралы халықтық ансамблі мүшелері Рахила, Райлан, Ләйла баяндады, ансамбль мүшелері «Гүлдерайым» халық әнін шырқап, оқырмандарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. «НұрОтан» партиясының аудандық бастауыш партия ұйымының сектор меңгерушісі Н.Асқарова, аудандық ОКЖ тарапынан алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

 








«Мәңгілік Елдің -Ұлы Абайы»

Кітапханада жасөспірімдер арасында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығынан хабардар етер мақсатында «Мәңгілік Елдің -Ұлы Абайы» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсат: ақын Абайдың шығармашылығындағы философиялық тұжырымға толы қара сөздерін жасұрпаққа ұғындыру. Кітап көрмесіне жастар мен колледж студенттері қатысып, ақынның қара сөздерінен үзінділер оқыды, әр оқырман өз ойларын білдіріп, кітаптарымен танысты.

Аудандық балалар кітапханасында балалар арасында «Абайды оқы,жас өркен» атты поэзия сағаты өтті. Поэзия сағатында алдымен оқырмандарға ақын өмірі мен шығармашылығы туралы «Абай өмірбаяны», «Әр өлеңі – бір әлем» «Асыл мұра – Абайдың қара сөздері» тақырыптарында баяндалып, оның шығармашылығына арналған кітап көрмесі таныстырылды. Оқырмандар ақын жырларын оқыды. Шығармашыл оқырмандар өз өлеңдерін оқып, ағылшын тілінде аударма жасады. «Бір өлеңі бір елдің мұрасындай» атты слайд таныстырылды.

 








 








«Туған жерім нұрлы елім»

Акциясы аясында Байғанин ауданы күндері

«Асылдар туған, шежіре тұнған құт мекен»

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясынды «Туған жер» бағдарламасы бойынша Ақтөбе қаласында Байғанин ауданы күндері «Байғанин байтақ - жайнаған өлкем» мерекелік шаралар өтті. «Дала бояулары» жас талантты суретші Г.Серікқызының көрмесі облыстық іскер әйелдер кеңесінің қолдауымен облыстық өнер музейінде өткізілсе, «Байтақ Байғаниннен - құтты мекен Ақтөбеге» көше мерекесі Әбілхайыр даңғылындағы Н.Байғанин ескерткіші жанында өтті. С.Бәйішев атындағы Ақтөбе универститетінде ақын жырау Ақтан Керейұлына арналған «Қалағандарың сөз болса...» облыстық термешілер байқауы,А.С.Пушкин атындағы саябақта «Бізбен әрге ән сал» жастарға арналған караоке кеші ұйымдастырылды.

Тұңғыш Президент атындағы саябақта «Елмен бірге мәңгілік, Рухың тұрар жаңғырып» жалпыхалықтық серуенде аудандық орталық кітапхана қызметкерлері «Асылдар туған, шежіре тұнған құт мекен» атты кең көлемде кітап көрмесі ұйымдастырды. Облыс , қала тұрғындары мен қонақтарына көрмедегі ауданның қалыптасу тарихы, тарихи-мәдени және табиғи ескерткіштер, батыр бабалар мен ауданның қалыптасуына еңбегі сіңген тұлғалар, академик ғалымдар, өнер қайраткерлері мен Жем Сағыз өңірінен шыққан ақын жазушылардың шығармашылығынан хабардар етер басылымдар мен деректер таныстырылды.

«Елмен бірге мәңгілік, Рухың тұрар жаңғырып» мерекелік халықтық серуен

«Байтақ Байғаниннен - құтты мекен Ақтөбеге» көше мерекесі

«Асылдар туған, шежіре тұнған құт мекен» кітап көрмесі

 








 








«О,адамдар біргемін мен сендермен»

Қазақтың шабытты ақыны Төлеген Айбергеновтың туғанына 80 жылдығы ақынның атамекенінде атап өтілді. Аудандық мәдениет үйі және аудандық орталық кітапхананың бірлесе ұйымдастыруымен О, адамдар біргемін мен сендермен» атты ақын ұрпақтарымен кездесу кеші өткізілді. Кешке ақынның ұрпақтары филология ғылымдарының кандидаты, Қазақ мемлекеттік педагогикалық универститетінің доценті,қызы Салтанат Айбергенова, Қазақстан телеарнасының редакторы қызметін атқарған Махаббат Төлегенқызы, оның жолдасы ақын, филология ғылымдарының докторы Б.Жақып, ақынның егіз қыздары Париж қаласында тұратын қызы, кәсіпкер Айнар және кәсіпкер, аудармашы Хусни, сонымен бірге «Қазақ елі» журналының Қырғызстандағы тілшісі, филология ғылымдарының докторы, Төлеген ақынның өлеңдерін қырғыз тіліне аударушы Оғыз Доған, Төлегентанушы, Тараз мемлекеттік универститетінің оқытушысы Әлімбай Найзабаев, Қазақстан Жазушылар Одағы Ақтөбе филиалының директорының орынбасары,ақын Бауыржан Құрманқұлов, Астана қаласындағы №16, орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Төлеген музейінің басшысы Ақбота Есматова, Астанадағы №10 орта мектебінің мұғалімі Дина Емрина, Республикалық Композиторлар байқауының жеңімпазы, дәстүрлі әнші А.Сейтенова, жерлестеріміз күйші Ж.Асылханов, ақын сазгер О.Байсеңгіров, ақын Гүлімай Әбішқызы қатысты. Кешті ақын Бауыржан Бабажанұлы жүргізді. Кеште ақын туралы оның ұрпақтары Салтанат, Махаббат, Айнара, Хусни, күйеу баласы Бауыржан естеліктерімен сыр бөлісті. Ақын жырлары тыңдалды, әндер шырқалды. Шара барысында ақын шығармашылығына арналған «Сен менің алтын ұям, жыр бесігім...» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ақын қыздары, қонақтар мен кешке қатысқан жыр сүйер оқырмандар ккітап көрмесімен танысып, қолтаңба қалдырды.

 








«Қасиет дарып, құт қонған далам»

Байғанин ауданында Елбасының «Болашаққа бағдар : Рухани жаңғыру» мақаласы аясында және қоғамдық сананы жаңғырту бағытында «Рухани жаңғыру және азаттықты аңсаған Алтай батыр» тақырыбында ғылыми танымдық конференциясы өткізілді. Мақсаты Алтай батырдың тарихи тұлға ретіндегі рөлін кейінгі ұрпаққа ашып көрсету, насихаттау. Конференцияға аудан әкімі А.Т.Шериязданов, аудандық мәслихат хатшысы Б.Тұрлыбай, Алтай Ебескіұлы туралы ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысып жүрген ғалымдар ҚР Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік универститетінің жанындағы Жұбановтану ғылыми зерттеу орталығының жетекшісі Б.Баймұханов, тарих ғылымдарының кандидаты, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік универститетінің доценті, аға оқытушы С.Есқалиев, Алтай батырдың ұрпағы, Қобда ауданының құрметті азаматы Сағынай Құсайынов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы И.Ермекбаев, аудандық музей директоры Л.Жаулина баяндама жасады. Шара аясында аудандық орталық кітапхана «Қасиет дарып, құт қонған далам» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, конференцияға қатысушыларға таныстырылды.

 












«Жырлайды Жем-Сағыз жастары!»

Байғанин өңірінің жас талант – ақындарымен кездесу кеші

Аудандық орталық кітапханада Елбасымыздың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласында аясында еліміздің рухани-мәдени мұрасын байыту, оны насихаттау, келер ұрпаққа дәріптеу, «Кіші Жазушылар одағы» бейресми атағын алған Байғанин өңірінің бүгінгі жас талантты ақындар шығармашылығы мен ұрпақтар сабақтастығын, ақын-жазушыларымыздың жолын жалғайтын жаңа толқынды таныту мақсатында өткізілген кешке мәдениет қызметкері, бірнеше жыр мүшәйраларының жүлдегері, ақын Қаймақбаев Елубай, жас талапкер ақындар Жаманбай Есімхан, Жеткірбаев Айнабек қатысты.

Жыр сүйер оқырмандар мен кітапхана қызметкерлерімен өткен кездесу аясында: тұңғыш өлеңіздің жазу тарихы,өлеңнің жазылуына не түрткі, ақын деген кім,өлең деген не ? Өлеңге ден қойғандарыңыз бар ма, ақын боламын, елімнің, қазақтың әдеби өміріне үлес қосамын, елімнің руханиятына қызмет етемін деген ой бар ма, он жылдан кейін өзііңізді қалай елестетесіз, армандарыңыз қандай сауалдар төңірегінде пікір алысып, өз туындыларын оқыды. Ақын Қаймақбаев Елубай өскелең талантты жастар арасында жүздесулер арқылы ауданымызда шығармашылық орта қалыптастырудың маңызы зор екені, ұрпақтар сабақтастығының жалғаса беретіндігіне сенім білдіріп, жас талапкерлерге шығармашылық табыс тіледі.

 








«Астана – Алаш көркі»

Аудандық орталық кітапханада Астана күніне орай «Астана – Алаш көркі» тақырыбында ақпараттық-викториналық сағат ұйымдастырылды. Астана құрдастарымен, яғни 1997 жылы туылған жастармен өткізілген шарада Астана, ЭКСПО-2017 көрмесі туралы қызықты мәліметтер слайд түрінде беріліп, бой сергіту мақсатында викториналық сұрақтар қойылды. Шараға қатысушы жастар Астанамыз туралы танымдық ақпараттардан мол хабары бар екенін байқатты.

Астана күніне арналған шаралар барлық ауыл кітапханаларында жалғасты. Жарқамыс модельді ауыл кітапханасында «Жыр арқауы – Елорда» тақырыбында мерекелік кеш ұйымдастырылды. Мерекелік кеш барысында кеш қатысушыларының назарына «Астана - Тәуелсіздік символы» тақырыбында кітап көрмесі ұсынылды.

 








«Асқақтатқан алты Алаштың айбынын»

Аудандық орталық кітапханада балалармен Астана күніне орай «Асқақтатқан алты Алаштың айбынын» тақырыбында мектеп жанынан ашылған лагерде демалуша балалармен ақпараттық сағат өткізілді. Балаларға Астана туралы кең көлемде мағұлматтар беріліп, зәулім ғимарттар мен көрнекті жерлері таныстырылды. «Астана азаттықтың айбынды төрі» тақырыбында кітап көрмесі жасақталып, библиографиялық шолу жасалып оқырмандар назарына ұсынылды. «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі туралы да балаларға ақпарат берілді.

Аталмыш күнге орай «Астана балалар көзімен» тақырыбында әртүрлі топ оқырмандарымен сурет байқауы өткізілді. Әділқазы Темірқазық аула клубының суретші дизайн қызметкері Кенжебайұлы Қ. Шақырылып, төрелік етті. Байқау соңында М. Әбдікәрімұлы І орынмен, Р. Нұржанов ІІ орынмен, Е. Есіркеп ІІІ орындармен марапатталды. Байқауға қатысқан барлық балаларға ынталандыру мақсатында тәттілер таратылды.

 








«Сүйемін сені Қазақстаным»

Аудандық балалар кітапханасында ҚР Мемлекеттік Рәміздер күніне орай, Қарауылкелді балалар бақшасының үлкен топ бүлдіршіндерімен «Сүйемін сені Қазақстаным» атты тақырыпта сурет байқауы өткізілді. Балалар «Алақай», және «Балақай» атты екі топқа бөлініп сурет салудан жарысты. Нәтижесінде Алақай тобы «Қырлы қалам» номинатциясымен марапатталса, Балақай тобы «Көркем сурет» номинациясымен марапатталды. Байқау соңында балаларға ынталандыру сыйлық ретінде тәтті алмалар таратылды. Аталмыш күнге орай әртүрлі топ оқырмандарымен көрме крассворды шешілді.

 








«Өлеңің болды, тұмарым»

Аудандық орталық кітапханада ауданымыздың баспасөз саласында айтулы еңбек еткен, «Қазақ КСР-іне еңбегі сіңген мәдениет қайраткері», «Баспасөз үздігі» Қойшығұлов Жасар туралы естеліктерден тұратын «Өлеңің болды, тұмарым» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі болып өтті. Тұсаукесер рәсіміне Жасар Қойшығұловтың замандастары, қызметтес-жолдастары, ағайын-туыстары, аудан мекеме қызметкерлері, «Жем-Сағыз» газетінің редакция ұжымы қатысты. Естелік-кітаптың тұсауын аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермекбаев Ибрагим ағай мен немерелері кесті.

Тұсаукесер рәсіміне қатысқан әріптестері мен замандастары Жасар Қойшығұловтың өнегілі өмірі мен баспа ісінде атқарған қызметі, адами тұлғалық қасиеттері турлы тамаша сыр бөлісті. Ауданның мәдени әлеуметтік дамуы және еңбеккелер туралы бірнеше деректі публицистикалық очерктер мен деректі әңгімелер, өз шығармашылығындағы жыр шумақтарынан, естелік әңгімелерден тұратын жинақ кітапхана оқырмандарына таныстырылды.

 








«Мемлекеттік Рәміздер – ұлттық мақтаныш»

Аудандық ішкі саясат бөлімімен бірлесе отырып, аудандық орталық кітапханада ҚР Мемлекеттік Рәміздерінің 25 жылдығына орай аудан мекеме қызметкерлерінің арасында «Мемлекеттік Рәміздер – ұлттық мақтаныш» тақырыбында байқау ұйымдастырылды. Байқау қатысушылары «Рәміздер – ел беделі» бөлімінде мемлекеттік рәміздерге қатысты, «Туған өлке – тұнған шежіре» бөлімінде аудан тарихына қатысты сұрақтарға жауап берді. «Мен өзіңді жырлаймын, Қазақстан!» шығармашылық бөлімінде патриоттық тақырыптағы көркемсөздер оқылды. Байқау қорытындысы бойынша аудандық оқушылар үйі - І орын, аудандық кітапхана – ІІорын, аудандық қорғаныс істері бөлімі ІІІ орынды иеленді. Сайысқа қатысып, жүлделі орындарға ие болған мекемелерге ЭКСПО-2017 билеттері табысталды.


Кітапты ашып, әлемді таны

1-маусым – балаларды қорғау күніне орай аудандық балалар кітапханасы «Кітапты ашып, әлемді таны» тақырыбында мүмкіндігі шектеулі оқырмандарға арнап жазғы алаңдағы кітап көрмесін ұсынды. Шара барысында балаларға арналған қызықты әдебиеттер, ертегілер, танымдық энциклопедиялар ұсынылып, балаларды алдағы уақытта кітапханада тұрақты кітап оқуға шақырды. Жарқамыс модельді ауыл және Жарқамыс балалар кітапханалары «Әлем балалармен әдемі» мерекелік шарасын ұйымдастырды.

 








Мемлекет және қоғам қайраткері С.Сағынтаевпен кездесу

Адам еркі мен заман еркінің үйлесуі, зиялылар жасаған тарих уақыттың еркімен ақиқатқа айналатыны сөзсіз. Адамның тұлғалық деңгейге қол жеткізуі, оның мемлекеттің мүддесіне, халықтың игілігіне, ел болашағына жанашырлықпен атқарған адал қызметі болып табылады. Ізгілігі мол, бойында қарапайымдылық пен адалдық көрінген зиялы кісімен жүздесудің өзі бір ғанибет емес пе. Осындай сәтті кездесу аудан әкімі Асқар Тұрарұлы Шерияздановтың ұйымдастыруымен аудандық орталық кітапхананың оқу залында өтті.Ақтөбе өңірінің өркендеп дамуына ерекше үлес қосқан, бақытын адал еңбектен тапқан - Сапар Сағынтайұлы Сағынтаевты қоғам үшін нақты пайдалы істер жасаған нағыз танымал тұлға, қоғам және мемлекет қайраткері. Еңбек жолын ұстаздықтан бастап, бірнеше жоғары білімді игеріп, 40 жыл бойы облыстық, аудандық деңгейде комсомол, партия хатшысы , атқару комитеттерінде, өндірістерде басшылық қызметтерін атқарған, халықтың сеніміне ие болған Сапар Сағынтайұлының өзі қызмет атқарған тұстағы замандастарымен жүздесу тағылымға толы естеліктерімен астасып жатты.Сексеннің сеңгіріне аяқ басқан Сапар ақсақалдың арнайы сапары сол кезеңдерде ауыл шаруашылығында бірге қызмет жасаған замандастарымен тілдесу, 25 жылдағы ауданның бүгінгі келбеті мен әлеуметтік дамуындағы жаңғырулары қуанатынын, сол Жемнің аңғарындағы көпірдің жағдайын көру үшін келгенін деп сөзін түйіндеді.

Ауданға ат басын тіреген Сапар Сағынтайұлымен бірге ұстаздардың ұстазы, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Ақтөбе облысының және Байғанин ауданының «Құрметті азаматы» білім мен ғылымның абызы Ниетжан Берікұлы, Сапар Сағынтайұлының «Ел тағдыры - еңбекпен еншілес» кітабы оның еңбекті, еңбеккерлерді бағалауы, кітап атауының өзінде философиялық ойдың жүктелгенін, оның анасы Сәбираның өнегелі тәрбиесі, ақыл парасатының әмбебап болып жетілуі,ел басқарудағы біліктілігі мен ұйымдастырушылық шеберлігі туралы тамаша пікір білдірді. Кездесуде ауданның әлеуметтік экономикалық және мәдени дамуында еселі еңбек еткен ардагерлер облыстық кәсіподақ кеңесінің төрағасы Айжарықов Түрікпенбай Жұбанұлы, ауданның әр саласында басшылық қызметтер атқарған еңбек ардагерлері Молдағазин Мұханбет, Қарақов Бақберген, Шарухин Інжіл Шарүханұлы, «Ақтөбе» газеті экономика бөлімінің редакторы,журналист Орынғалиев Аманғос Орынғалиұлы қатысты. Сонымен бірге ауданның білім, кооперация саласының еңбек ардагерлері Әбішев Ықылас, Досқуатов Межеш, Ашықбаев Қалдығұл, Құлынбаев Тұрлыбай, Өскінов Нұрлан аудан игілігі үшін еңбек еткен Сапар Сағынтайұлының естеліктерімен сыр бөлісті, жылы лебіздерін білдірді. Жастар мен басшылық қызметте жүрген мемлекеттік қызметшілер үшін үлкен өнегелі еңбектің үлгісін танып білуіне жол ашатын жүздесу болды деп ойлаймын.

Осындай жүздесуде парасат пайымы мол, өнегелі өмір мен адал еңбектің зейнетін көріп отырған еңбек ардагері, мемлекет және қоғам қайраткері Сапар Сағынтайұлы Сағынтаевтың «Ел тағдыры - еңбекпен еншілес» атты кітабының беташары «...Елдің қуаты - Жер -ананың байлығы мен қайратты жастардың епкінді еңбегінің табысуында!» деп басталады. Демек, орасан зор еңбектің қиындығы мен зейнетін түсіне білуге бағытталатын, жер анаға еңбек еткен еңбеккерлердің еңбегі туралы танымын кеңейтетін жастар үшін құнды басылымды кітапхана өз оқырмандарына ұсынды.

 









Зұлмат жылдар құрбандары

31 мамыр –саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне орай аудандық орталық кітапханада «Зұлмат жылдар құрбандары» тақырыбында кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оған мемлекет аудан әкімі А.Шериязданов бастаған қонақтар, аудан ардагерлері қатысты. Кітап көрмесіне билоиграфиялық шолу барысында саяси репрессия туралы жалпы тоқталып, қызыл қырғын жылдарындағы Байғанин өңірі, өлкемізден саяси қуғын-сүргінге ұшыраған боздақтар туралы тың деректер айтылды.

Жарқамыс модельді ауыл кітапханасында «Зұлмат қайталанбасын!» тақырыбында еске алу сағаты ұйымдастырлды. Сағат барысында қазақ тарихындағы зобалаң жылдардың әкелген зияны мен зардаптарына, саяси репресиияға ұшырап, жазықсыз жапа шеккен қазақ зиялыларының өміріне, қиыншылыққа тап болған қазақ елінің қилы тағдырына қатысты деректер айтылды.

 








Мәдениеті өскен ел - өркениетке көшкен ел

Аудандық ОКЖ және аудандық мәдениет бөлімі бірлесе ұйымдастыруымен 21-мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай аудандық мәдениетр үйінде «Мәдениеті өскен ел - өркениетке көшкен ел» тақырыбында салтанатты шара болып өтті. Салтанатты шара барысында аудан әкімінің орынбасары Спанова Ш. құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар мәдениет қызметкерлерін аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады. Сонымен қатар, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, аудандық мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің кәсіптік одағының атынан мәдениет қызметкерлері марапаттарға ие болды. Салтанатты шараға ауданның қазіргі мәдениет саласынан хабар беретін кең көлемдегі слайд дайындалды. Шара барысында ауданның мәдениет қызметкерлерінен құралған хордың орындауындағы «Атамекен», «Туған жер» әндері көрермендердің зор ықыласына бөленді.

 








Үздік кітапханашы

Үздік кітапханашы Аудандық орталық кітапханада Байғанин ауданы кітапханашыларының «Инновациялық жобалар: кітапхана тартымдылығының жаңа пішіні» тақырыбында семинар-кеңесі болып өтті. Семинарға Байғанин аудандық ОКЖ мен Байғанин аудандық білім бөлімі арасында жасалған келісімге орай аудан мектептерінің кітапханашылары да қатыстырылды. Семинар-кеңестің бірінші күні «Таза, мінсіз, асыл сөз...» жастардың шешендік өнер байқауы және аудан кітапханашылары арасында «Үздік кітапханашы» кәсіби байқауы ұйымдастырылды. «Үздік кітапханашы» кәсіби байқауында кітапханашылар «Мен және менің кітапханам» (өзін және қызмет ететін кітапхананы таныстыру), «Кітапханалық лото» (кітапханалық терминдерге, кітапхана ісі саласына қатысты сұрақтарға жауап беру), «Кітапханадағы жағдай» (кітапханада орын алатын ситуациялық сұрақтарға жауап беру), «Оқуға ұсынамын!» (бір кітапты немесе авторды оқуға ұсыну, оқырмандарды қызықтыра білу), «Үздік жоба» (кітапханалық жаңа инновациялық іс-шара түрін қорғау) бөлімдері бойынша бақ сынасты. Байқау нәтижесінде Миялы ауылы, Т.Айбергенов орта мектебінің кітапханашысы І-орынды иемденді.

Сонымен қатар, семинар аясында кітапхананы дамыту бөлімінің әдіскерлері Мәтбаева Н. «2016 жыл қорытындыларына сараптама, 2017 жылға алға қойылған міндеттер» «Байғанин аудандық ОКЖ, Байғанин аудандық білім бөлімі арасында жасалған ауыл, аудандық және мектеп кітапханаларының кітап қорын толықтыру жөніндегі бірлескен келісім туралы»; Имашева А. «Оқырмандарды кітап оқуға шақыруға бағытталған кітапханалық акциялар аясында атқарылған жұмыстар» («Бір ел-бір кітап», «Оқитын өлке», «Оқы, Ақтөбелік өренім», «Кітап оқы: өз өлкеңді танып біл!») тақырыптарында баяндама жасады. Автоматтандыру бөлімінің меңгерушісі Мұхамбетияр Г. «Инновациялық жобалардың оқырман тартудағы ролі», Жарқамыс модельді ауыл кітапханасының меңгерушісі «Заманауи кітапхана: оқырманмен байланыс түрлерінің жаңа формалары мен әдістері», аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Қобдабаева А. «Балалардың кітап оқуға қызығушылығын ояту мақсатында «Жазғы оқу» бағдарламасының кең мүмкіндіктерін ашу», № 1 Қарауылкелді орта мектебінің кітапханашысы Жұмағалиева А. «Мектеп кітапханасы – білім беру үдерісінің инновациялық алаңы» тақырыптарында баяндама жасап, кітапханалардағы инновациялық жұмыстар және өз тәжірибелерімен бөлісті. Аудандық ОКЖ құжаттарды жинақтау және өңдеу бөлімінің кітапханашысы Исаева Г. «Кітапхана қорымен жұмыста ӘОЖ әдісін енгізу – заман талабы» тақырыбында сөз сөйлеп, ӘОЖ әдісі туралы кеңінен мәліметтер берді. Сонымен қатар, кітапхана қорындағы кітаптарды ӘОЖ кестесіне ауыстыру үлгілерімен таныстырды.

 








«Жырларымен жылу шашқан жүрек»

Аудандық балалар кітапханасында «Оқы, Ақтөбелік өренім» облыстық оқу марафонына оқуға ұсынылған Мұхтар Құрманалин шығармашылығына арналған «Жырларымен жылу шашқан жүрек» тақырыбында поэзия кеші болып өтті. Поэзия кеші аясында ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Балалар кітапханасының оқырмандары ақын Мұхтар Құрманалин шығармашылығынан өлеңдер мәнерлеп оқыды. Аудандық орталық, Байғанин модельді ауыл кітапханаларында М.Құрманалиннің 90 жылдығына орай «Оқы, Ақтөбелік өренім!» облыстық оқу марафоны аясында «Өлеңсіз өкіндіріп өткен ай, күн» атты әдеби кеш ұйымдастырылды.

 








«Бір ел-бір кітап» акциясы

«Бір ел-бір кітап» акциясы аясында 19 мамыр күні орталық кітапхана оқу залында Жыл кітабы –С. Торайғыров шығармаларына арналған «Қазақ поэзиясының аққан жұлдызы» атты поэзия кеші өткізілді. Мақсаты: Ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу мен насихаттау мақсатында «Бір ел - бір кітап» акциясы ұсынған Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармаларын оқыту, өмірі туралы жан - жақты мағлұмат беру, шығармашылығының мазмұны мен маңызын ашу. Кеште ақынның өмірі мен шығармаларынан мағлұмат беріп, «Өмірімнің уәдесі», «Шілде», «Адасқан өмір», «Анау –мынау», «Жарлау», «Бұлар кім?», «Алаш ұраны», «Шығамын тірі болсам адам болып» атты өлеңдерін Қарымсақов Әбдірахман, Жауғаштина Адина, Амандықова Ақнұр, Әлібекұлы Ибрахим мен Шотықбаева Арда мәнерлеп оқыды. Қопа ауыл кітапханасында аталмыш акция барысында С.Торайғыров шығармашылығына арналған «Жыр сұлтаны – Сұлтанмахмұт» тақырыбында портрет-кеш өткізілді.

 








Отбасы берекесі-елге тірек

Отбасы берекесі-елге тірек 12-мамыр- мейірбикелер күніне орай Ебейті модельді ауыл кітапханасында «Жаны саудың – тәні сау» тақырыбында отбасылармен бірге сайыс өткізілді. 15 мамыр- Халықаралық отбасы күніне орай аудандық орталық кітапхананың оқу залында «Отбасы берекесі-елге тірек» атты кітап көрмесі жасақталды.Отбасы құндылығы туралы түсініктерді отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету; отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту мақсатында ұйымдастырылған көрмеде салт-дәстүр, тәрбие, ақыл-ой,адамгершілік, денсаулық, жан тәрбиесі туралы кітаптар мен баспасөз материалдары оқырмандарға таныстырлды. Жаңажол, Жарқамыс модельді ауыл кітапханаларында Отбасы күніне орай «Отбасым-өмірім», «Шаттық ұйыған шаңырақ» тақырыптарында үлгілі отбасылармен кездесу кеші ұйымдастырылды.

 








Айбынды әскер – азат елдің белгісі

Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде 7 Мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай № 1 Қарауылкелді орта мектебінің оқушыларымен бірлесе отырып «Айбынды әскер – азат елдің белгісі» атты патриоттық кеші өткізілді. Кештің мақсат: Жасөспірімдерге Қазақстандағы Қарулы күштер туралы түсінік қалыптастыру, Әрбір азаматтың Отан алдындағы борышы және міндетін өтеу парыз екенін түсіндіру. Отанын, елін, жерін қорғауға тәрбиелеу. Отанымыздың Қарулы Күштерін мақтаныш ету, патриоттық сезімдерін ояту болды. Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні – бұл еліміздің қорғаныс қабілетінің кемелденгенін білдіретін мереке. Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны туралы мәліметтер баяндалды. Патриоттық кеште кітапхана оқырмандары Жауқаштин Назерке Жұмекен Нәжімеденовтың «Менің елім», Жақсылықова Фариза Мұқағали Мақатаевтың «Қазақстан», Жұмабекқызы Әсел Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытымды, «Отан туралы» өлеңін Шәудірова Гауһар мәнерлеп оқыса, Жаңабергенова Әсел өз туындысынан шыққан өлеңімен бөлісті. Ал, Қашқынбай Ақмарал «Әлия» әнімен кешті ашып, «Сарбаздар» әнін шырқады. Кеш барысында ұйымдастырылған кітап көрмесі оқырмандарға таныстырылды.

 








«Өткені өнегелі, келешегі кемел, бірлік барда, бақыт бар»

Аудандық балалар кітапханасы бастауыш cынып оқушыларымен «Өткені өнегелі,келешегі кемел,бірлік барда, бақыт бар» тақырыбында мерекелік кеш өткізілді. Мақсаты : Қазақстан халықтары арасындағы достық пен ынтымақ, бейбітшілік пен ынтымақ туралы танымын кеңейту, балалардың әдемілікті, адамгершілік қарым қатынасты нығайту. Қарауылкелді орта мектебінің 3 сынып оқушыларымен өткен шарада елімізде тұратын этностар туралы, олардың тарихы ,салт дәстүрі мәдениеті мен өнерінен хабардар ететін деректер, басылымдар таныстырылды. Өнерлі оқушылар Қазақстанда тұратын түрлі ұлттардың өнерінен концерттік бағдарлама ұсынды.

 








«Достық пен ынтымақтың ғажап елі»

Аудандық орталық кітапхананың оқу залында жасөспірімдер арасында 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Достық пен ынтымақтың ғажап елі» кітап көрмесінің таныстырылымы өтті. Мақсат Қазақстан халықтарының бірлігі, ел тыныштығы мен болашаққа сенімін нығайту, отансүйгіштік пен достық туралы танымын кеңейту бағытында әдебиеттерді таныстыру. Кітап көрмесінде қазақ жерінде қоныс тепкен түрлі ұлт өкілдерінің тарихы, Қазақстан халықтары Ассамблеясы туралы басылымдар туралы танымдық әңгімелер баяндалды.

 








«Ізтай оқулары»

Аудандық балалар кітапханасында қазақ ақыны, аудармашы Ізтай Тілеуліұлы Мәмбетовке арналған облыстық «Ізтай оқулары» көркемсөз оқу байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Байқауға Т.Жармағамбетов атындағы орта мектебінен, Сағыз орта мектебінен үміткерлер қатысты. Т.Жармағамбетов атындағы орта мектебінен Әлихан Дайрабай, Сәти Шұғыла ақынны он өлеңін оқып, қатысып белсенділік танытқаны үшін Алғысхатпен марапатталды. Сағыз орта мектебінен 8 сынып оқушысы Абибуллаева Айсана жоғары деңгейде ақын он өлеңін жатқа айтып берді. Өнерпаздық қабілетпен танылған Абибуллаева Айсанаға Алғыс хатпен және облыстық «Ізтай оқулары» байқауына жолдама берілді.

 








«Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз»

7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күніне арнап аудандық орталық кітапханада жоғары сынып оқушылары арасында «Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз» атты денсаулық сағаты өткізілді. Мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтау,жастарға денсаулық туралы түсінік беру. Денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін ұғындыру. Мектеп оқушыларына денсаулықты сақтауда ауырмаудың жолын іздеу, қоғамға жат әрекеттерден сақтану, саламатты өмір мен салауаттылық туралы баяндалған «Денсаулық» журналы және «Қазақ спорты» газеттерінде мақалалары таныстырылып, қоғамдағы кездесетін зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға шақырды.

 








«Ақынның жауһар мұрасы»

Аудандық балалар кітапханасында 8cынып оқушылары арасында «Бір ел –бір кітап» акциясына ұсынылған қазақ поэзиясының аққан жұлдызы, ақын С.Торайғыровтың шығармаларын ұсыну, өмірі мен шығармашылығын таныстыру мақсатында «Ақынның жауһар мұрасы» атты кітап премьерасы өткізілді. Кітап премьерасында оқырмандарға ақын өмірі туралы деректер мен шығармашылығындағы «Секілді өмір қысқа,жарты тұтам», «Достыма», «Оқып жүрген жастарға» өлеңдері тыңдалды. Және ұйымдастырылған кітап көрмесі таныстырылды.

 








«Кітаптар әлемінде»

Аудандық орталық кітапханада 23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай кітапхана келушілеріне «Оқы» кітаптар инсталляциясы және кітапхана қорындағы сирек кездесетін кітаптардан және ең үлкен, ең кішкентай, ерекше кітаптардан кітап көрмесі жасақталды. Кітапхана оқырмандарына кітап туралы, кітаптың шығу тарихы, кітап туралы көптеген қызықты мәліметтер таныстырылды.

 











«Үздік оқырман отбасы -2017»

Жарқамыс балалар кітапханасы Н.Байғанин аулындағы облыстық балалар кітапханасының дәстүрлі ұйымдастырылып келе жатқан «Үздік оқырман отбасы -2017» байқауына кітапхана отбасымен оқырманы болып саналатын Жұмабаевтар жанұясы қатысты. Байқауы шарттарының қорытындысы бойынша бұл жанұя «Мағыналы эссе» номинациясымен марапатталды.

 












«Төлеген оқулары» аудандық оқу марафоны «Бір тойым бар..»

«Төлеген оқулары» аудандық оқу марафоны аясында Ебейті моделді кітапханасында ақын Төлеген Айбергеновтың өмірі мен шығармашылығы туралы, 80жылдық мерейтойына орай «Бір тойым бар» атты Төлеген Айбергенов шығармашылығын таныту, кітап оқуға баулу мақсатында жыр кеші өткізілді. Кеште ақын өмірі мен шығармашылығы туралы деректер мен кітаптарынан кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқырмандар ақын өлеңдерін оқып, ақын өлеңіне жазылған әндер шырқалды. Кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

 








«Достарға көмек»

1-сәуір – құстар күніне орай Ебейті модельді ауыл кітапханасында балалармен «Достарға көмек» атты табиғатқа саяхат-сабақ ұйымдастырылды. Саяхат-сабақ барысында кітапхана оқырмандары құстарға арнап үйшіктер дайындап, ағаштарға орнатты. Сонымен қатар, адамның қанатты достары туралы әркім өзінің білетін мәліметімен, өлеңдермен бөлісіп, ән де шырқады. Кітапханашылар өз кезегінде саяхат-сабаққа арнайы дайындалған ашық алаңдағы кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.

 








«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жолдары: Адам.Қоғам. Мемлекет»

Аудандық орталық кітапханада, аудандық «Нұротан» бастауыш партияұйымымен бірлесе отырып, сыбайлас жемқорлық ұғымын жастарға түсіндіру, оған қарсы әрекеттер табу, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру,Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жолдары: Адам.Қоғам. Мемлекет» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге жиналған қонақтар қоғамды бұзатын жаман әдеттер, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңның жиі бұзылатын тармақтары, біздің ауданымызда сыбайлас жемқорлыққа қатысты тіркелген фактілер, сыбайлас жемқорлыққа жататын қылмыстарды жасағаны үшін көзделетін қылмыстық жауапкершіліктер, жастардың билікке, мансапқа неге ұмтылатыны жайында өзара пікір бөлісті.

Аудан әкімі орынбасраы Ш.Қ.Спанова, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Аққожа Қожағали сыбайлас жемқорлықпен күрестің негізгі түп тамыры – отбасылық тәрбиеде екеніне, баланы кішкентайынан адалдыққа, әділдікке, шыншылдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу керек екенін баса айтты. Аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Б.Карин, «НұрОтан» партиясы аудандық бастауыш ұйымының қызметкері Н.Ералин, аудандық білім бөлімі, жастар ресурстық орталығы мамандары, аудандық мәслихат депутаты Г.Елеуова, аудан әкімі аппаратының маманы М.Таласбаев бүгінгі таңдағы мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы шараларды түсіндіріп берді.

 








«Наурыз - құт берекем»

Аудандық балалар кітапханасында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай бастауыш сынып оқушыларымен «Наурыз - құт берекем» атты тақырыпта Наурыз мейрамы туралы балалардың танымын кеңейту, ұлт салт дәстүрден хабардар ету мақсатында әдеби әуенді кеш өтті. Наурыз туралы әндер шырқап, өлең жырлар тыңдалды. Бишілер қазақ биін биледі. «Тұсаукесер» салт-дәстүрін тамашалады, мағынасымен танысты.

 








«Тәрбие көзі–салт-дәстүр»

Аудандық орталық кітапханада 22-наурыз – Ұлыстың Ұлы күніне орай аудан мектептерінің жоғары сынып оқушыларымен «Тәрбие көзі – салт-дәстүр» тақырыбында танымдық ойын ұйымдастырылды. Мақсат жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарымызды сіңіріп, салт-дәстүрімізді білуге тәрбиелеу. Танымдық ойынға аудан орталығы мектептерінен «Оқжетпес», «Мұрагер», «Тұмар», «Бәйшешек» топтары қатысты. Ойын барысында қатысушы топтар «Бәйге», «Жорға», «Дода» (көнерген сөздер ашу), «Көкпар» (салт-дәстүрге байланысты сұраққа жауап) шарттары бойынша білімін мен танымын кеңейтіп, салт-дәстүрге, ұлттық құндылықтарға, көнерген сөздерге қатысты сұрақтарға жауап беріп, бақ сынасты. Жоғары деңгейде білімі мен танымын көрсеткен «Оқжетпес» (№3 Қарауылкелді орта мектебі) бас жүлдені иеленсе, «Мұрагер», «Тұмар», «Бәйшешек» топтары кітапхана ұжымынан Алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.

 








«Сырласайық, замандас»

Аудандық орталық кітапханада жастардың «Сырласайық, замандас» қызығушылық клубының ұйымдастыруымен жас суретшісі, өнер иесі, «Темірқазық» мектептен тыс аула клубындағы дизайн үйірмесінің жетекшісі Гүлдана Серікқызымен кездесу кеші өткізілді. Кездесуде оқырмандар Бұлақтыкөл ауылынан шыққан жас дарын иесі Гүлдананың сурет өнеріне деген қызығушылығы, шабыты, қандай тақырып төңірегіндегі сурет жанрын қамтитындығы, жетістіктерімен танысты, оқырмандар өздерін қызықтырған сауалдарға жауап алды. Суретші Гүлдана кездесуге қатысушылардың алдында сурет салып, өз өнерімен тамсандырды. Сонымен бірге Гүлдананың қолынан шыққан дизайн өнерінің әртүрлі жанры бойынша жасаған бұйымдары және суреттерінен ұйымдастырылған көрмемен танысты. Қызықты сауал иелеріне Гүлдана өз қолынан шыққан туындысын қолтаңба сыйлық ретінде табыс етті. Кітапхан әкімшілігі тарапынан өнер иесіне ризашылығын білдіріп сыйлық берілді.

 








«ЖЫРЛАРЫМ- ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА- АМАНАТ»

Қазақ әдебиетінің жыр жауһарында тамаша жырларымен өшпес із қалдырған ақын Төлеген Айбергеновтың туғанына 80 жыл толуына орай ақынның өмірі мен шығармашылығын өскелең ұрпаққа таныстыру, жастарды әр өлеңінде ұлттық рух пен қазақы биіктігін шабытпен жырлаған өлеңдері арқылы поэзия әлеміне, адамгершілікке баулу мақсатында. Аудандық мәдениет үйі және аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесімен бірлесе ұйымдастырылған ақын өмірі мен шығармашылығына арналған «ЖЫРЛАРЫМ- ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА- АМАНАТ» әдеби сазды кеш өтті. Кітапхана оқырмандары ақынның өлең жырларын тыңдап, ақынын жырларына жазылған «Ақ ерке – Ақ Жайық», «Жаңғырған Маңғыстау», «Мені ойла» әндер шырқалды. Ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған «Жан еді өлең үшін дара туған» кітап көрмесі жас оқырмандарға таныстырылды.

 








1-Наурыз алғыс айту күні

Аудандық балалар, Жарқамыс модельді, Жарқамыс балалар, Ебейті, Байғанин, Жем модельді ауыл кітапханаларында «Жақсылыққа алғыс айту парыз», «Алғыс. Бата. Тілек», «Мың алғыс!», «Отбасынан өнеге, анадан шарапат», «Алғыс айту- парызымыз», «Ел ертеңін ойлаған Елбасына мың алғыс», «Алғысым шексіз халқыма» тақырыптарында танымдық кеш, өнегелі отбасылармен кездесу кеші, ақпараттық -танымдық сағаттар, кітап көрмелері ұйымдастырылды. Бұл шаралардың ортақ мақсаты - алғыс айту күнінің мән-маңызын ұғындырып, адамдарды бір- біріне рахмет айтуға шақыру, ризашылық, кішіпейілділік, бауырмалдық сезімдерін дамытуға шақыру.

Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылған шаралар барысында балаларға «Жақсылық жасаудың қандай пайдасы бар? Біз неге басқаларға жақсылық жасауымыз керек?» деген өзекті мәселелерді қамтитын сауалдар қойылды. Өнегелі отбасылармен өткен кездесу кешінде отбасылық игі дәстүрлерді сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатқан үлкендерге құрмет көрсетілді. Соны мен қатар, ауыл кітапханашылары алғыс айту күні қарсаңында ел игілігіне жұмыс жасап келе жатқан мекеме қызметкерлеріне, ауыл тұрғындарына құттықтау хат табыс етті. Осы мерекелік күнге ұйымдастырылған шара аясында қатысушылары ризашылықтарын білдіріп, жақындары мен достарына алғыс айтты.

 









 








«Алтын алма, алғыс ал»

1 Наурыз алғыс айту күніне орай №2 Қарауылкелді орта мектебімен бірлесіп «Алтын алма, алғыс ал» тақырыбында кеш өткізілді. Кешке, рахмет пен алғыс туралы түсінік беріліп, үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым -қатынасын дамыту «Алтын алма, алғыс ал» деген мәтелді ұстана отырып әрқашан ризашылық білдіріп жүруге, ізгілікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды. Кеш барысында оқырмандарға тренинг түрінде ойындар ұйымдастырып алғыс айтып және алғыс ала отырып қағазбен қолдан жасалған сыйлықтарын табыстады. Оқырмандар өз өнерлерімен бөлісіп алғыс күніне арналған ән мен өлеңдерін оқыды. Кеш соңы жақын адамдарыңызға әрқашан қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпау керектігі айтылып қорытындыланды.

 








«Сіз кімге алғыс айтасыз?»

Байғанин аудандық орталық кітапхана мамандары 1 наурыз -Алғыс айту күнінде аудан тұрғындарымен «Сіз кімге алғыс айтасыз?» атты блиц-сауалнама шарасын өткізді. Сауалнамаға қатысқан тұрғындарға ризашылық парақшасы таратылды. Жүректерге жылулық сыйлаған шуақты мерекенің құттықтауында «Елімізде аталып келген 1 наурыз - Алғыс айту күні игі дәстүрге айналып, халқымыздың ең сүйікті мерекесіне айналуы. Өзара сыйластық пен құрметке бастаған бұл кітапхана ұжымы, Сізге туған жеріміздің, еліміздің игілігіне еңбек етуде ұдай әріптестік қызметіңіз үшін зор ризашылығын білдіреді. Болашақта Қазақстанның өркендеп дамуы жолындағы бірлескен қызметімізде жетістіктер мен толағай табыстар көп болсын!»,-делінген.

 












«Қазақ жырының Хантәңірі»

9ақпан -қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай № 1,3 Қарауылкелді орта мектептерінде «Қазақ жырының Хантәңірі» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге М.Мақатаевтың шығармалары, ол туралы жазылған естеліктер мен пікірлер, әңгімелерімен қатар, балалардың ақынға арнаған қылқалам туындылары да қойылды. Кітапханашылар кітап көрмесін оқырмандарға таныстырып, библиографиялық шолу жасады.

 









«Әннің гауһары, жырдың жауһары Мұқағали»

Аудандық балалар кітапханасында Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ақынның өмірі мен шығармашылығын жас ұрпаққа таныстыру, балалардың бойына адамгершілік, патриоттық, рухани сезімдерін қалыптастыру мақсатында «Әннің гауһары, жырдың жауһары Мұқағали» атты танымдық сазды поэзиялық кеші өткізілді. Кешке 7-8 сынып оқушылары, ұстаздар, кітапхана оқырмандары қатысты.

 









«Туған өлке ұландары, Тәуелсіздік қырандары»

Байғанин аудандық орталық кітапхана залында әлемнің білім ордаларында білім алып жүрген Жаңбырбаева Айгерім Қанатқызы және Базарбаева Лалагүл Қожахметқызымен «Туған өлке ұландары, Тәуелсіздік қырандары» атты кездесу кеші ұйымдастырылды. Мақсаты:Шетелде оқып жүрген жастарды оқушыларға таныстыру, мамандық таңдау кезеңінде тұрған жасөспірімдерге бағыт-бағдар беру, білімге деген қызығушылықтарын арттыру, Отансүйгіштікке тәрбиелеу. Кешке ұстаздар, оқушылар, жастар ресурстық орталық мамандары мен БАҚ өкілі қатысты.

ҚХР Синь-Цзянь университетінің туризм мамандығының магистранты Базарбаева Лалагүл Қожахметқызы мен Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласындағы «КЭМЕН» университетінің магистранты Жаңбырбаева Айгерім Қанатқызы шетелге оқуға қалай түскендерін, ондағы оқу жүйесі, тіл үйренудегі қиыншылықтар, Қытай, Корей жастарының айырмашылығын, салт-дәстүрін және болашақтағы жоспарларын баяндап берді. Ұстаздар мен оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, жастардың шетелде оқуға деген құштарлығын оятты.

 









 
Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі