Басты бетке     Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі      VKontakte facebook instagram Кіру       


Сайт мәзірі  


















































Іздеу:
 
free counters
Free counters

Жаңа үлгідегі Миялы модельді ауыл кітапханасы


Мекен жайы: Миялы селолық округі

Телефон/факс: 76056

Электронды пошта:

Кітапхана меңгерушісі: Мыңжасарова Динара


    Байғанин ауданы Миялы селолық округіндегі Миялы селолық кітапханасы 1982 жылы «Дияр» совхозы болып құрылғаннан бері жұмыс жасап келеді.
    2013 жылдың желтоқсан айында Жаңа үлгідегі Миялы модельді ауыл кітапханасы болып қайта қалыптасты.
   2019 жылы кітапхананың кітап қоры - 6893 дана, оның ішінде мемлекеттік тілде - 4968 дана. 9 аталымда мерзімді басылымдар алынады, 1000 данасы оқылды. Жыл ішінде кітапханаға 376 оқырман тартылып, 10253 дана кітап оның ішінде мемлекеттік тілде - 9253 дана берілімімен қамтылған. Оқырманның кітапханаға қатысымы -4416

    Кітапхана Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының «РАБИС» (Республикалық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйе) бағдарламасының «Каталогизатор», «Іздестіру-тапсырыс» модульдері бойынша жұмыстар жүргізілуде, электронды қор саны - 1515

   2019 жылы Мемлекет саясаты, ҚР Рәміздері, мемлекеттік және аймақтық бағдарламалар, ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын және ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында, ақпараттық түсіндіру бағытында, және жыл ішінде аталып өтілген өнер, әдебиет және қоғам қайраткерлерінің мерейтойлық даталары бойынша жергілікті қоғамдық ұйымдар мен мекеме ұжымдармен бірлесе 188 шара өткізіліп, 2315 адам қатысты Кітапхана ауыл әкімшілігімен, мектеп, балабақша және ауыл мәдениет үйімен ауылдағы мәдени шараларды бірлесе ұйымдастыруға атсалысады.

Кітапхана ауыл әкімшілігі ғимаратымен бірге орналасқан, көлемі: 28,70

Кітапханашы Мыңжасарова Динара– жоғары білімді кітапханашы.

Тазалықшы штаты бар


 
Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі