Басты бетке     Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі      VKontakte facebook instagram Кіру       


Сайт мәзірі  


















































Іздеу:
 
free counters
Free counters


КІТАПХАНА ТАРИХЫНАН:
  • Ақтөбе облысы, Байғанин ауданында 1940 жылдан бастап аудандық халық ағарту бөлімі жанынан ашылып, 1946 жылы аудандық мәдениет бөліміне берілді.
  • Кітапхана саласының дамытып, аудан тұрғындарына Төлегенова Нұрбалқан, Есетов Қартжан, Нысанбаева Жәния, Ешпанова Олжа, Сарыбаев Сүндет, Жалмағамбетова Нұрсұлу, Әминова Жаңыл, Әбдірова Сымбат, Қостанова Сапура, Қайболдина Зибагүл, Тілесова Сауле, Шоқатов Түгелбай, Имандосова Асыл, Дүзбаева Клара т.б. кітапхана мамандары жоғары деңгейде рухани қызмет етті.
  • 1974-1984 жылдары аудандық кітапхананы Жуканов Қиынбай басқарып, аудан кітапханаларын орталықтандыру жүйесін енгізуде көп еңбек сіңірді.
  • Аудандық орталық кітапхананың ересектерді кітаппен қамту бөлімі бірнеше рет «Облыстың үздік кітапханасы» атағына ие болды (бөлім меңгерушісі Б.Кенжебаева)
  • 1985-1999 жж. аудандық кітапхананы аудан кітапханаларын орталықтандыру жүйесін, Ж.Сұлтанова басқарды.
  • 1999 - 2015 жж. аудандық кітапхананы аудан кітапханаларын орталықтандыру жүйесін Батима Кенжебаева басқарды.
  • 2016 жыл 4 қаңтарынан Тукенова Айгул Жамиевна басқарып келеді.
  • ЖЕТІСТІКТЕРІ:
    • 1999 жылы аудандық ОКЖ директоры Б.Кенжебаева «СОРОС–Қазақстан» демеушілік қорының жолдамасымен республикалық «Бюджеттен тыс ізденістер» ғылыми-техникалық семинарына қатысып, 2001 жылы ҚР Ұлттық кітапханасының «Жаңа технологияларды енгізу» мектебінің сертификатына ие болып, кітапхана жүйесіне жаңа технологияларды енгізу жолға қойылды.
    • 2001 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай аудандық ОКЖ-не қарасты Жарқамыс селолық кітапханасының кітапханашысы Б.Нұрдаулетова және балалар кітапханасының кітапханашысы М.Сейілханова ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Алғыс хатына» ие болды С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының дайындаған «Кітап-жан азығы» атты Жарқамыс селолық кітапханасының іс-тәжірибесі республика кітапханаларына таратылды.
    • 2005 жылы аудандық ОКЖ директоры Б.Кенжебаева Петропавл қаласында өткен «Электронды кітапхана –high-tech мәдени мұраның сақталуын және пайдалануын қамтамасыз ету” атты, 2006 жылы Павлодарда «Кітапхана –елдің бәсекеге қабілеттігі мен қоғамдық дамуының ресустық орталығы» республикалық конференциясы, семинарына қатысып, «Кітапхана –ауылдың ақпарттық орталығы» тақырыбында баяндама жасады.
    • 2005 жылы Сағыз селолық кітапханасы ҚР Мәдениет ,ақпарат және спорт Министрлігінің ұйымдастыруымен «Үздік ауыл кітапханасы» атты республикалық байқауына қатысып ,арнаулы Дипломмен марапатталды.
    • 2007 жылы Сағыз селолық кітапханасының кітапханашысы Әлібек Гүлнар 14-18 сәуірде Астана қаласында өткен «Бір ел-бір кітап» Халықаралық Оқу Конгресіне қатысып қайтты.
    • 2007 жылдан бастап аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі және 6 моделді кітапхана жаңа технологиялармен компьютерлендіріліп, ҚР Ұлттық кітапханасының РАБИС бағдарламасының «Каталогизатор», «Іздестіру-тапсырыс» модульдері бойынша, Интернет жүйесі жұмыс жасауда
    • 2011 жылы аудандық ОКЖ директоры Б.Кенжебаева «Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері» атағына ие болды.
    • 2013 жылы М.О.Әуезовтың туғанына 115 жыл толуына орай өткен «Мұхтар Әуезовты оқимыз» халықаралық акциясына қатысқаны үшін ҚР Ұлттық кітапханасы мен Мұхтар Әуезов қорының Алғыс хатына ие болды.
    • 2013 жылы Республикалық «Бір ел- бір кітап»-2013 акциясы аясында «Фариза Оңғарсынова жырлары шашқан шұғыла» атты Кітапханалық блогтардың халықаралық байқауына «Оқырман үшін ең үздік кітапханалық блог» номинациясы бойынша baiganin.blog.spotcom. «Жыр тамған жүрек» жобасымен қатысып ҚР Ұлттық Академиялық кңтапханасының Сертификатын иеленді.
    • 2014 жылы «Оқитын өлке» акциясы аясында жерлес жазушы Тобық Жармағамбетов пен ақын Сағи Жиенбаевтың 80 жылдығына арналған «Жемнің жарық жұлдыздары» үздік кітапханалық блог облыстық байқауында «Жемнің қос жұлдызы» baiganin.blog.spotcom. блогы І-ші орынды иеленіп облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының Дипломымен, бағалы сыйлықпен марапатталды.
    • 2014 жылы Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы, Байғанин аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Аймақтық кітапханалар күні» жобасы аясында «Байғанин кітапханалары: Шығармашылық ізденістер мен жетістіктер» атты Байғанин ауданы кітапханалары күні өткізілді. Жобаның мақсаты: кітапханаларды мәдени орталықтар ретінде пайдаланушылардың ақпаратқа, білімге, мәдениетке қолжетілімдігін қамтамасыз етуге қабілеттілігін дамыту. Жоба кәсіби тәжірибе алмасу, аймақтық кітапханалардың инновациялық шығармашылығы мен кітапхана қызметінің мәртебесін көтеру бағытында жүзеге асыру.
    • 2014 жылы «Байғанин дарабоздары» baiganinkitap.blogcom тұсауы кесілді. Еліміздің ғылым мен мәдениет, әдебиет пен өнер салаларын дамытуда мақтан тұтарлық тұлғалардың қатарынан көрінген өңірдің дарабоздары туралы, олардың өнегелі өмірі, еңбегі, шығармашылықтары мен жетістіктерін таныту, ақпараттық қызметте Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі қоры негізде жинақталған құжаттар мен басылымдарды ұсыну
    • 2015 жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды» batyrlar.blogspot.com. Жем-Сағыз өңіріндегі Екінші дүниежүзілік Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлес қаһарман майдангерлер мен батырлар жас ұрпақтың мәңгі есінде сақтау мақсатында Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қоры негізінде жасақталған құжаттар мен басылымдар материалдарын оқырманға интернет арқылы ұсыну.
    • 2016 жылы Ойыл ауданында мәдениет қызметкерлері арасында өткен «Жастар көктемі» аймақтық фестивалінде аудандық ОКЖ - сі кітапханалаорды дамыту бөлімінің әдіскері Мәтбаева Назаекен «Жұлдызды 25 кітап» туры бойынша «Үздік витуальды көрме» номинациясымен, арнайы Дипломмен марапатталды.
    • 2017 жылы аудандық ОКЖ әдіскері Мәтбаева Назекен Маратқызы 2017 жылы 21-22 қыркүйек күндері ҚР Академиялық кітапханасының ұйымдастырумен Бурабайда кітапхана мәртебесін көтеру, кәсіби шеберлікпен алмасу, біліктілікті арттыру, жас кітапханалық кәсіби қауымдастықты және кітапхана ісінің жас мамандары арасында корпаративтік кітапханалық дәстүрді дамыту, жариялылық кітапханалар қызметінің жаңа технологиялары мен формаларын жүзеге асыру мақсатында өткен «Рухани жаңғыру: Ұлт келбеті жалынды жастар» атты ІІ Республикалық жас кітапханашылардың форумына қатысып,Форум аясында жарияланған республикалық «ЖАС МАМАН ҒАЛАМШАРЫ» видеороликтер конкурсы цифрлы Қазақстанның кітапханасы қандай болу керек, т.б. жобаларды ұсыну мақсатында ұйымдастырылған конкурсына ұсынылған 11 жұмыстың ішінен Н.Мәтбаеваның видеоролигі үздік деп танылып, ұйымдастыру алқасы «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының «ЕҢ ҮЗДІК КІТАПХАНАШЫ- 2017» номинациясымен марапатталды және 2017 жыл қорытындысы бойынша «Ең үздік жас маман -2017» атауымен Байғанин аудан әкімінің марапатын иеленді
    • 2017 жылы аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Боранбаева Гүлнұр Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Ақтөбе облысының әкімі Б.М.Сапарбаевтың атынан Алғыс хатпен марапатталып, қаржылай сыйлыққа ие болды.
    • 2017 жылы аудандық ОКЖ –де барлығы 22 кітапхана, оның ішінде 1-орталық, 2-балалар, 19 - селолық кітапхана (оның 8-і моделді) аудан тұрғындарына рухани-мәдени қызмет көрсетуде. Кітап қоры - 240289 дана, оның ішінде қазақ тіліндегі әдебиеттер –160539 дана, кітап қорының толығуы 6325 дана (оның ішінде мемлекеттік тілде 5700) кітап, электронды мәліметтер қоры – 121141 данаға жетті.
    • 2017 жыл ішінде 14475 оқырманға 319969 дана кітап берілімін қамтамасыз етті. 2017 жылға аудан кітапханалары 54 аталымда мерзімді басылымдар алынады. Кітапхана жүйесінде барлығы 66 жұмысшы –қызметкер жұмыс жасайды.
 
Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі