|
Басты бетке | Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі | Кіру |
Free counters |
Жеткирбаев Айнабек Асхатұлы 1986 жылы 20 шілдеде Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Жарлы ауылында дүниеге келген. Байғанин аудандық мәдениет үйінің көркемсөз оқу үйірмесінің жетекшісі. Жастайынын шығармашылыққа бейім, өлеңдері аудандық, облыстық мерзімді басылымдарда жарияланып тұрады. Өлеңдері Ақтөбе облысы әкімі Б.Сапарбаевтың және облыстық мәдениет,архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен С.Жиенбаев атындағы Ақтөбе облыстық жасөспірімдер кітапханасының құрастырған «АҚ АЙДЫН» жас таланттар шығармаларының жинағына енді. Ауыл көрінісіЖастары бар ақсақалдан үлгі алғанӨр намысы биік тұрған шындардан. Туған жерім ғұмырлы боп тағдырың, Адал болшы қасыретпен мұңдардан. Сенде тумай қалай қонар құт маған? Әр ісімді шын көңілмен құптаған. Жазатайым бұра қалса ат басын, Жақын тұрмақ жатқа қабақ шытпаған. Ақ жаулықты аналарда сол елде, Біздің елде жақын жандар өнерге. Өз көзімен көрмегендер сенерме? Кең даламда шапшы мініп дөненге. Сәл олқылық боп жатса сынай көрме, Лайық ғой біздің ел шырайлы елге. Ұлдары дұшпанына бас имеген, Қыздары сай күлім көз,құмай белге. Келіндері аспаған абысыннан, Мейман достың кезі жоқ сағы сынған. Қасиетті қазаннан ас арылмай, Әрдайым ілтипатпен ақ ұсынған. Күрең шайын құйғанда кеселерге, Мейірің қанғанынша еселерме. Бүгін ерке,ертеңнің ересегі, У-шу болып сән берген көшелерге. Ойым сенде ұзасам қашық маңға, Дәл мендей туған жерге ғашық барма? Бүлдіршіндер осы елдің болашағы, Таласып-ақ жататын асықтарға. Жарлыда туылғанмынЖарлыда туылғанмын ойпаңдағы,Ағайынның арытқан ой-талғамы. Азулы ақындардың құт мекені, Мүмкін емес тасада байқалмауы. Шыныққанмын ыстығына шілденің, Шілдедегі күнге ұқсаған күлгенім. Қарыздармын өтелмейтін мәңгілік, Құпиялы жаны жұмбақ сырлы елім. Керім дала.Ой дала,ойхой дала,керім дала,Құдыретіңді ұғындым сенің дара. Тілменен жеткізе алман теңеуіңді, Қастерлім, қасиеттім елім ғана. Анамдайсың ақ сүтін иіп берген, Әкемдейсің адалдан жиып-терген. Сен маған жарда болдың,доста болдың, Орынымды тілеген биіктерден. Есімі ел есінде жаңғыратын, Қағазға қалам басса барлық ақын. Құдыретсің киелі теңдесі жоқ, Асқақтатқан өлең-жыр,ән қып атын. Мен туған дала.Бес жасар ұл белдессе тайлақ тігер,Ер-тұрманнын тұлпардың сайлап мінер. Мен жайлы білмек болсаң алдыменен, Өз көзіңмен мен туған аймақты көр. Ағайындар ақ пейіл аңқылдаған, Бұзылмаған дәстүрім, салтымда аман, Өзгеге айырбастай алман сірә, Құны өлшеусіз қазынам халқым маған. Көсіліп кең жазира дала жатыр, Сол даладан құйылған санама ақыл. Құдайы қонағы боп әрбір үйге, Кіршіксіз көңілдерін қарада тұр. Төрт түлігі жайлаған қыраттарда, Жібектей сусып жатыр құмақтарда. Құстар сайрап құбылтып құйқылжыта, Сырын шерткен секілді бұлақтарда. Бәрі асыл, бәрі қымбат жайсаң адам, Әр атқан алтын таңын той санаған. Мен оның түлеп ұшқан төл перзенті, Туған жерім құшағын жайса маған. Жұмбағың көп бей-мәлім ашылмаған, Асқақтап арнасынан тасыр бағаң. Жат мекеннің таулары татыр ма екен, Бір уыс топырағыңа асыл далам. Жеткирбаев Айнабек Асхатұлы |
Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі |