ScreenReader       
Басты бетке     Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі      VKontakte facebook instagram


Сайт мәзірі  


















































Іздеу:
 
free counters
Free counters

Абдуллин Нұрболат

      1991 жылы 3 сәуірде Байғанин ауданы Жарқамыс ауылында дүниеге келді. Бала кезінен мектеп қабырғасында жүріп әнге сүйіспеншілігі зор болды, аудандық «Балдәурен», «Жасдәурен» өнер байқауларында 7-9 жасынан бастап өнерін шыңдады. Жарқамыс орта мектебін бітірген соң Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік Универститетінің музыка факультетіне мемлекеттік грантпен қабылданды. Оны үздік дипломмен тәмәмдап, өнер жолына бет бұрды. Е.Хасанғалиев атындағы Республикалық «Атамекен» байқауы (Орал қаласы, 2008), «Арай-2012» - І орын (Алматы қаласы), «Арай-2013»- Гран-При (Шымкент қаласы) , «Жас қанат»-2012» -дипломант, Республикалық Ш.Қалдаяқов атындағы ән байқауы –Гран При (Алматы қаласы,2013),Республикалық «Күміс көмей,жез таңдай» -Гран При (Алматы,2014),Халықаралық Ш.Қалдаяқов атындағы ән байқауы –Гран При иегері (Астана,2014)ғ Қырғызстанда өткен Бек Борбиев атындағы Халықаралық байқауы –Гран-При (Бішкек,2014), Республикалық «Тюрвижн» байқауының финалисі (Алматы,2014). 2015 жылы «Бала Тюрвижн» байқауында Ақтөбе облысынан шәкірт тәрбиелеп, финалдық байқауға жолдама алды, А.Қоразбаев атындағы авторлық халықаралық конкурста Гран-При иегері атанды (Тараз,2016) 2012-2013 жж Алматы қаласында Р.Глиэр атындағы №2 музыка мектебінде эстарадалық вокал класының педагогы.2017 жылы ең алғашқы 40 әннен тұратын «Сүйгенің қайда» деп аталатын ән жинағын шығарды. Өзінің актерлік шеберлігімен танылған Нұрболат Абдуллин отандық кинотуындылар «Шалғайдағы оқиға» (Елдос), «Көзайым» телесериалдарында басты рольдерді сомдады.


 
Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі