Басты бетке Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі


Сайт мәзірі  


















































Іздеу:
 
free counters
Free counters

Алтыбай Назарбек Болатұлы

      1999 жылы 25 ақпанда Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылында дүниеге келді – Оңтүстік Кореяның Улсан қаласындағы Юнист Универститетінің студенті.

      2005-2011жылдары № 1 Қарауылкелді орта мектебінде 6 сыныпқа дейін білім алды, ата-анасы Назарбектің зеректігін аңғарып, оны Ақтөбе мамандандырылған қазақ – түрік лицейіне қабылдау сынағына жібереді. Сынақты жоғары деңгейде тапсырған 7 сыныптан бастап оқуға қабылданады. Информатика пәніне деген қызығушылығы ерекше, өзінің ізденімпаздығымен үздік оқушы атанады. Өзінің жоғары деңгейде информатика пәні бойынша білімін жетілдіріп, қызығушылығын арттырған ұстаздары –2011жылғы «Болашақ» бағдараламасы бойынша Ұлыбританиядағы Брунель Универститетінің «Ақпараттық жүйелер» инженерлік бакалаврі Айдарбаев Нұрбол, информатика пәнінің мұғалімдері Байтабынов Дархан, Шаниев Ержан. Сүйікті пәні информатика бойынша қалалық,облыстық,республикалық, халықаралық деңгейдегі олимпиадаларға қатысып үлкен жетістіктерді бағындырды. 2012-2013 оқу жылы; информатика пәні бойынша кіші олимпиададан Алтын медаль, облыстық пәндік олимпиададан ІІ орын, республикалық олимпиададан ІІІ орын қола медаль иеменденді. Сол жылы V Еуразиялық халықаралық информатика олимпиадасында ІІІ орынға ие болды.

      2014 жылы Халықоралық APIO олимпиадасында қола медалына 2015 жылы ХХVІ халықаралық (информатика) олимпиадасында күміс медаль, Казан қаласындағы халықаралық олимпиадада күміс медаль иегері, Оңтүстік Кореядағы Юнист универститетінің грантын иеленді. 2015 жылы Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаевтың өкімімен «Жыл адамы» атанды. 2016 жылы облыстық пәндік олимпиадада ІІІ орын Көкшетау қаласында республикалық олимпиада алтын медаль VІ Еуразиялық халықаралық олимпиадада күміс медаль иеленді. Алтыбай Назарбек өзінің ана тілін сүйді, арман мақсаттарына жетуде шығармашылықпен айналысып, өлең жазады. Адамдар бойындағы адамгершілік қасиеттерді,жоғары мәдениеттілікті, халқымыздың рухани байлығын бойына сіңіріп өскен үздік оқушы облыстық деңгейдегі жыр мүшәйраларында топ жарды. Ақтөбе облыстық білім басқармасының «Ақтөбе - Дарын» қосымша білім беру орталығының « Ақтөбе облысының жұлдыздары» және «Жыр жазамын жүрегіммен» атты жинақтарына шығармалары мен өлеңдері енді. Жан жақты ізденісімен танылған Назарбек қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жақсы меңгерген.


 
Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі