Сайт мәзірі
Free counters
|
|
Гүлдана Серікқызы
Гүлдана Серікқызы 1994 жылы Байғанин ауданы Бұлақтыкөл ауылында дүниеге келген. Бұлақтыкөл орта мектебінің 9 сыныбын үздік бітірген. Ақтөбе гуманитарлық әмбебап мультипрофильдік колледжінің “Дизайн” факультетіне оқуға түсіп бітірген.Бұлақтыкөл орта мектебінде технология және бейнелеу пәндері бойынша мұғалім “Темірқазық” мектептен тыс аула клубында дизайн үйірмесінің жетекшісі, қазіргі таңда Кемерши ауылындағы Қ.Жазықов атындағы орта мектепте ұстаздық қызмет атқарады. Сурет пен бейнелеу өнерінде Г.Серікқызының бірнеше рет көрмелері өткізілді және өз ісінің шеберлігімен көрмелерде жүлдегер атанды.
2004 ж - қазақтың ұлы суретшісі Ә.Қастеевтың туғанына 100 жыл толуына орай сурет көрмесінде «Құрмет Грамотасы» 2005 ж - «Туған Республикамыздың сұлулығы» сурет көрмесінде «Алғыс хат», 2008 ж - Астана қаласының 10 жылдығы мерейтойына «Астана Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі”байқауында мадақтама 2009 ж - «Жас дәурен -2009” сурет өнерін кеңінен насихаттағаны үшін І орын, 2010 ж - 9 мамырҰлы Жеңістің 65 жылдығына орай “Бейбіт өмір сыйлаған Ұлы Жеңіс” байқауында І дәрежелі Диплом иегері болды, Облыстық аудандық мәдени шараларда Гүлдана Серікқызының туындыларынан көрме өткізілді. 2017 жылы Ақтөбе облысы мәдениет, архивтер, және құжаттама басқармасының, Ақтөбе облыстық өнер музейінде және ҰКП «Атамекен» облыстық іскер әйелдер кеңесінің қолдауымен «Ұлы дала бояулары» көрмесі өтті, осы шарада ҰКП «Атамекен» облыстық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы К.Айдарханованың алғыс хатымен марапатталды. Бейнелеу өнерінде пейзаж, натюморт, портрет жанры бойынша озық картиналары ауданның көрікті орындарында ілінді. Сонымен бірге Байғанин ауданының орталығы Қарауылдкелді ауылында орнатылған Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай Стеллада өзіндік қолтаңбасы ерекше бар ,талантты жас.
| |