Сайт мәзірі
Free counters
|
|
Қуанышева Гүлбану
- Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік универститетінің халықаралық ынтамақтастық орталығының әдіскері. 1993 жылы 4 ақпанда Байғанин ауданы Баршақум ауылында туған, 2010 жылы Қарауылкелді орта мектебін үздік тәмәмдады. Сол жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік универститетіне екі шет тілі мамандығына оқуға түсіп, ерекше қабілетінің арқасында 2011 жылы Қытай Халық Республикасы Шыңжан қаржы –экономикалық универститетінің грантына ие болды. 2 жыл яҚытайда оқып, қытай тілін меңгеріп қайтты. 2014-2016 жылдары С.Бәйішев атындағы Ақтөбе универститеінде филология мамандығы бойынша, оқып магистр атанды. Ағылшын,қытай, тілдерінен бөлек түрік тілін меңгерген байғаниндік маман қазіргі таңда қазақстандық универститеттерде тәжірибе алмасып,өз мамандығы бойынша оқып келуге мол мүмкіндіктер бере алады. Ол үшін біліміңнің сапасы жоғары,қоғамдық іс-шараларда белсенді болғаның жеткілікті. Қуанышева Г.өз білімі мен шетелдік тәжірибені өзгелермен бөлісу мақсатында жеке кәсібін ашып,, тілге қызығушылық танытқан жандарға тәлім беруде. Ақтөбе қаласынан ашқан,өз жетекшілігіндегі «Education House Agtobe» оқу орталығында ағылшын, түрік, қытай тілдерін үйретеді. Сонымен қатар журналистік ,мектепке дайындық, шығармашылық ьбағытта жұмыс атқарады. «Қазақ әдебиетіндегі қазақ хандарының бейнесі», «хандар бейнесін жыраулардың бейнелеуі» атты ғылыми мақаласы 2016 жылы С.Бәйішев атындағы ғылыми педагогикалық журналына, Прага қаласында өткен халықаралық ғылыми практикалық конференцияның жинағына «Абылай хан» бейнесі» атты ағылшын тіліндегі ғылыми мақаласы енген.
| |