ScreenReader       
Басты бетке     Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі      VKontakte facebook instagram


Сайт мәзірі  


















































Іздеу:
 
free counters
Free counters

Есбатыров Әлсейіт Жалғасұлы

      1994 жылдың 1 тамызында Байғанин ауданы Жарқамыс ауылында дүниеге келген. Жарқамыс орта мектебіне қабылданады, алғашқы ұстазы - Үзеш Ерғабылова. 2012 жылы Жарқамыс орта мектебін бітірген соң, Ақтөбе политехникалық колледжінің «Автоматтандыру және басқару» мамандығына оқуға түсіп, 2015 жылы бітіреді. Оқып жүрген уақытта 2012 жылы Ақтөбе облысы студенттері арасында өткен «Қозы-Көрпеш-Баян Сұлу» күніне орай байқауға қатысып, Бас жүлде – «Ақтөбе облысының Қозысы мен Баяны» номинациясын иеленді. 2013 жылы Ақтөбе облысы әкімінің үздік жастарға берілетін степендиаты болды. Сол жылы «Жас қуат» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы болып сайланып, облыс көлеміндегі жастар арасындағы қоғамдық мәдени шараларға өнерге деген қызығушылық қабілетімен белсене қатысып өнер көрсетеді. 2015 жылы Ақтөбе облыстық Т.Ахтанов атындағы драма театрында актер болып жұмыс жасайды. 2017 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына Т.Жаманқұловтың шеберханасына, «Драма және кино актері» мамандығына оқуға түсті. Өнер академиясында оқып жүріп, Қазақстан,Астана, НТК телеарналарының тапсырысымен түсірілген «Жаным менің», «Асыл арман», «Тас Өткел», «Жүрек сыры», «Бақытсыздар бағы» сериалдарында ролдерде ойнап,танымал әншілердің клиптеріне түскен.

 
Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі