Басты бетке     Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі      VKontakte facebook instagram


Сайт мәзірі  


















































Іздеу:
 
free counters
Free counters

Диана Оңдасынқызы

      1998 жылы Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылында әкесі Құлжанов Оңдасын мен Тойманкулова Нұршаның отбасында дүниеге келген. 2004-2009 жылдары №1 Қарауылкелді орта мектебінде, 2009-2012 жылдары М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатында, 2012-2015 жылдары Алматы қаласындағы О.Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика орта мектеп-интернатында білім алған. АОДБАММИ-да Мұқағали, Абай оқуларына, Кіші Ғылым академиясының облыстық, республикалық жобаларына, физика және математика пәндерінен облыстық, республикалық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. РМФМОМИ-да жүріп, «Бастау» республикалық математикалық жасөспірімдер олимпиадасының жюри мүшесі, биология пәнінен республикалық олимпиада жүлдегері атанып, Қазақстанның мемлекеттік жоғары оқу орындарына грант ұтып алды. Мектептегі үздік үлгерімі үшін «Алтын белгіге» ие болып, Қазақ Ұлттық Медицина университетінің грант иегері атанды. Медицинада 3 жыл білім алып, қазір оқуын Чехия, Прага қаласында Мемлекеттік Техникалық университетінде жалғастырып жатыр.

 
Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі