ScreenReader       
Басты бетке     Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі      VKontakte facebook instagram


Сайт мәзірі  


















































Іздеу:
 
free counters
Free counters

Токсанбаева (Құлжанова) Ботагөз Оңдасынқызы

      1989 жылы Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді поселкасында дүниеге келген. 1996 жылы №1 Қарауылкелді орта мектебінің табалдырығын аттап, 2007 жылы аталған мектепті бітіреді. Орта мектепті аяқтаган соң мемлекеттік грант иегері атанып, Алматы технологиялық университетіне оқуға түседі. 2011 жылы «Өңдеу өндірісінің технологиясы» мамандығы бойынша бакалавр, 2013 жылы «Техника және технология» магистрі академиялық дәрежесін алады. 2014-2017 жылдары аралығында Stipendium Hungaricum бағдарламасы бойынша Венгрия мемлекетінің Капошвар қаласында Капошвар университетінде докторантурада білім алған. 30-дан астам ғылыми мақаланың, соның ішінде 20-дан астамы шет елде жарық көрген, 2 патенттің, 1 ғылыми монографияның (орыс және ағылшын тілдерінде) авторы, 2 мемлекеттік гранттық жобаның жауапты атқарушысы.

      IAESTE (Инженерлік мамандықтардың студенттік тағылымдамаларымен алмасу бойынша халықаралық қауымдастық) бағдарламасы бойынша Швейцария мемлекетінің Цюрих қаласында Agroscope Reckenholz Tanikon ART зерттеу орталығында тәжірибеден өткен. Европа одағының «AGROCOMP - агробизнестің құндылықтар тізбегінің бәсекеге қабілеттілігі және тұрақты даму және экологиялық инновациялар арқылы азық-түлік өнімдерін қайта өңдеу» бағдарламасы шеңберінде Италия мемлекетінде тәжірибеден өткен.

      Еңбек жолын өзі білім алған университетте ғылым департаментінің маманы ретінде бастап, қазіргі күні Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылық министрлігіне қарасты «Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері» ғылыми зерттеу институтының патент жұмысын жүргізушісі- коммерцияландыру жөніндегі маман қызметін атқарады.

 
Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі