Басты бетке     Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі      VKontakte facebook instagram


Сайт мәзірі  


















































Іздеу:
 
free counters
Free counters

Жамиев Асет Ұзақбайұлы

      1998 жылы 8 шілдеде Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылында туған. 2004-2013 жылдары Қарауылкелді орта мектебінде білім алды. Мектепте оқып жүрген уақыттарда математика, физика пәндеріне қызығушылығы өте жоғары болды. 7 сыныптан бастап мектепішілік , аудандық физика пәндік олимпиадаларға қатысып, жүлделі І орынды иеленді. 2011 жылы «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми –тәжірибелік орталығында облыстық кіші олимпиадада терең білім көрсеткені үшін «Мақтау қағазымен» марапатталды, 2012 жылы осы аталмыш орталықтың сыртай оқу мектебінің сертификатын иеленді.2011 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Біз –еліміздің болашағымыз» атты балалар қозғалысының және балалар ұйымдары көшбасшыларының І облыстық слетіне қатысып, «Жас ұлан» қатарына өтті және аудандық «Жас ұлан» аудандық жиынында аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Құрмет Грамотасымен» марапатталды.

      Жамиев Асет Ұзақбайұлы 2013 жылдың ақпан айында Ақтөбе қаласында ашылған Назарбав зияткерлік мектебіне Байғанин ауданынан алғашқылардың бірі болып қабылданып, 2015 жылы үздік тәмәмдайды. Сол кезеңде Жамиев Ә.Ұ. Назарбаев зияткерлік мектебінде физика пәнінен IELTS тестілік жүйесі бойынша өте жоғары деңгейде білімдарлығын көрсеткен дара оқушы, яғни білім ордасының мақтанышы болды.

      А.Ұ.Жәмиев - Байғанин ауданынан 2015 жылы Астанадағы Назарбаев универститетінің мемлекеттік грантына ие болған тұңғыш студент. Аталмыш университеттің «Инженерия және сандық ғылымдар» мектебінің «Механикалық және аэроғарыштық инженерия» кафедрасы саласындағы инженер мамандығы (ағылшын тілінде ) 5 курсында оқиды.

      Универститет оқып жүріп, ғылыми тақырыптардағы конферецияларға қатысып, аэроғарыштық инженерия саласында жобалар қорғап, аударма саласында еңбектенді. Бұл бағытта Асет Жамиев Назарбаев Универститетінің әлеуметтік желідегі «Astana Debate Union» ұйымымен бірлескен қазақ тілінде жарық көретін «Wake Up Kazak» платформасы журналында әлемдік ғалым Лео Мираниданның ағылшын тіліндегі «Бір белдеу, бір жол» жобасынан қатысушы мемлекеттер не алмақ?» мақаласын қазақ тіліне аударып, жариялады.

 
Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі