Басты бетке Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі


Сайт мәзірі  


















































Іздеу:
 
free counters
Free counters

Асауұлы Амандық

      1995 жылы 11 шілдеде Байғанин ауданы, Жарқамыс ауылында туған. 2013 жылы Жарқамыс орта мектебін жақсы үлгеріммен бітірген. Мектеп қабырғасында жүріп 5 сыныптан бастап бокс үйірмесіне, 7 сыныптан күрес үйрімесіне қатыса бастайды. Спорттыңбокс, күрес үйірмелеріне қатыса жүріп, өзінің спорттық қабілетін дамытуда аудандық, облыстық, республикалық деңгейлерде бірнеше мәрте жүлдегер атанды. 2017 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік Универститерінің дене шынықтыру және спорт факультетін бітірген. 2017 жылы Астана қаласында EXPO -2017 көрмесіне орай самбо күресінен өткен Әлем кубогінен ІІІ орын –Қола жүлдені иеленді. Ақтөбедегі ересектер арасындағы самбо күресінен өткен Қазақстан чемпионатында 62 кг салмақта жеңімпаз атанды. Түрікменстан Республикасының Ашхабад қаласында Азия ойындарында самбо күресінен Қазақстан атынан қатысып, қола жүлдегер атанды Ресей мемлекетіндегі Сочи қаласында самбо күресінен Әлем чемпионаты –Халықаралық сайыста еліміздің намысын қорғап Қола жүлдесін иеленді.

 
Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі