Сайт мәзірі
Free counters
|
|
Ақырыс Сейтқазы
1989 жылы Ақтөбе облысы Байғанин ауданында туған. Қарауылкелді орта мектебінде оқыды. Мектепке оқып жүрген кезінен әдебиетке, поэзияға жақын Ақырыс аудандық балалар кітапханасында «Байғанин жыр құшағында» аудандық, 2003 жылы облыстық Н.Байғанин атындағы балалар кітапханасында өткен» Ақтөбе жыр құшағында» атты жыр мүшәйрасында бірінші орын алды. Балалық жүрегінен шыққан жалынды жырларымен шығармашылық жолда «Абай оқулары», қазақ музыкасының зергері А.Жұбановтың 100 жылдығына, ақ тарының атасы Ш.Берсиевтің туғанына 125 жылдығына орай өткен жас ақындардың мүшәйрасында «Байқау тақырыптарына арналған өлеңдер» номинациясы бойынша бірінші орындарды иеленді. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Универститетінің журналистика факультетін бітірді. Еңбек жолын Abai.kz порталы мен «Дала мен қала» газетінде спорт журналисі болып бастады. Республикалық «Жас қазақ» апталығыныңы спорт бөлімінің редакторы, «Қазақстан барысы» Республикалық турнирінің баспасөз саласында қызметтер атқарды.
Қазіргі таңда республикалық NUR.KZ порталы қазақ бөлімінің шеф-редакторы,Қазақстан Ұлттық Олимпида комитеті PR және медиамен жұмыс департаментінің қызметкері. 2014 жылды Сочидегі Параолимпиада ойындарында, 2018 жылы Пхенчхаедағы Қысқы Олимпида ойындарында қызмет атқарды. Ресейдің мәскеу қаласында әйгілі спорт журналисі Игорь Рабинердің спорт журналистеріне арналған курсын тәмәмдаған.
| |