Басты бетке Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі Кіру       


Сайт мәзірі  











































Іздеу:
 
free counters
Free counters

Жаңа үлгідегі Жарқамыс модельді ауыл кітапханасы

                        

Мекен жайы: Жарқамыс селолық округі, Жарқамыс селосы

Телефон/факс: 8(71347) 34 8 46

Электронды пошта: zharkamiskitap@mail.ru

Кітапхана меңгерушісі: Сейлханова Мейрамгүл Аманғосқызы

Байғанин ауданы, Жарқамыс селолық округіндегі Жарқамыс селолық кітапханасы - 1965 жылдан ауыл тұрғындарына рухани мәдени қызмет көрсетіп келеді. Негізі қаланған уақытта 1016 дана кітап қоры, 195 оқырман болған. Алғашқы кітапханашы – Н. Жалмағамбетова

2001 жылы С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының дайындаған «Кітап-жан азығы» атты Байғанин аудандық ОКЖ не қарасты Жарқамыс селолық кітапханасының іс-тәжірибесі республика кітапханаларына таратылды. Осы жылдың желтоқсанында Жарқамыс селолық кітапханасының кітапханашысы Нұрдаулетова Бибігүл ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай ҚР Президентінің Алғыс хатына ие болды.

2003 жылы Жарқамыс селолық округіндегі Жарқамыс ауыл кітапханасында ауыл кітапханашыларының «Кітапханалар жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетін қалыптастыру орталығы» көшпелі семинар кеңесі өтті.

2008 жылдың қараша айында Жаңа үлгідегі Жарқамыс модельді ауыл кітапханасы болып қайта қалыптасты.

2011 жылы аудан моделді кітапханаларының «Моделді ауыл кітапханасы- Тәуелсіздік жемісі» байқауында «Алғыс хатпен» марапатталды.

2013жылы Жарқамыс моделді ауыл кітапханасы аудан кітапханалары арасында өткен кәсіби шығармашылық байқауларда белсенділік танытады, -«Үздік библиографиялық жұмыс» байқауында «Үздік өлкетанулық жұмыс» номинациясына ие болды.

2015 жылы -«Ауылым алтын бесігім» аудан кітапханашылардың шығармашылық байқауында«Ақбұлақ» бейнеролигімен (ақын, сазгер Б.Тәжібаевтың туған жері туралы) «Үздік шығармашылық жоба» номинациясымен марапатталды.

2016 жылы облыстық «Үздік ауыл кітапханасы» байқауының жүлдегері Жарқамыс селолық кітапханасы - оқырмандардың күнделікті ақпараттық сұранымын қанағаттандыратын мәліметтер қорымен, ауыл тұрғындарының ой-өрісін кеңейтетін мазмұнды шаралар өткізілетін рухани түсіністік орталығына айналып отыр.

2017 жылы кітапхананың кітап қоры 16143 дана, жыл ішінде 854 оқырман кітапхана қызметін пайдаланып, 23514 дана кітаппен, (оның ішінде 22716 дана кітап мемлекеттік тілде) қамтамасыз етілді. Келушілер саны -9008.

Кітапханаға сонымен қатар 322 жасөспірім оқырман қамтылып, 7641 дана (оның ішінде мемлекеттік тілде 7490) кітап берілімімен қамтылды. Келушілер саны - 3389. Кітапханада 2 компьютер толық жабдығымен жұмыс жасайды. Кітапхана 2009 жылдан Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының «РАБИС» (Республикалық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйе) бағдарламасының «Каталогизатор», «Іздестіру-тапсырыс» модульдері бойынша жұмыс жасап, бүгінгі таңда, электронды қоры 15329 - ға жетіп отыр.

Күнделікті ақпараттық сұранымын қанағаттандыру мақсатында 9 аталымда мерзімді басылымдар алады. 2017 жылы 2073 мерзімді басылымдар оқылды. Ақпараттық библиографиялық қызмет көрсетуде 46 оқырманның ақпараттық сұранысын интернет жүйесі арқылы орындалды. «Сұлтанмахмұт қазақтың көрнекті ақыны», «Қажығали мемлекеттік сыйлық иегері», «Ауыл деп соққан жүректер» (өлке таланттары) библиографиялық көрсеткіштер жасақталды. Оқырмандардың сұраныстарына сәйкес кітапхана қорындағы 11 кітап сандық жүйеге көшірілді.

Кітапханада өткізілген әртүрлі мәдени шара, оқырмандар жүрегіне жол тауып, өскелең ұрпақтарды, жастарды, ауыл тұрғындарын өнегелікке, адамгершілікке тәрбиелеу көзіне айналды. Кітапхана Мемлекет саясаты, ҚР Рәміздері, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдаулары, мемлекеттік және аймақтық бағдарламалар , жыл ішіндегі аталып өткен мерейтойлар аясында жергілікті қоғамдық ұйымдар мен мекеме ұжымдармен бірлесе жұмыс жасады

«Болашақ бағдарына жолдау», «Келешегі кемел - Қазақстан», «Мемлекеттік Рәміздер – Тәуелсіздік айғағы», «АСТАНА . ЭКСПО-2017», «Мәңгілік Ел жәдігері – «Бабалар сөзі», «Тілдің мерейі – елдің мерейі» тақырыптарында кітап көрмелері ұйымдастырылды. Ауыл тұрғындарымен «Мәңгілік Ел идеясы – ұлттың ұлы мұраты» дөңгелек үстел өткізіліп, оқырмандарға «Қазақстан -2050: Мәңгілік Ел» атты тақырыптық бейнеслайд таныстырылды.

Жасөспірімдер арасында еліміздегі маңызды оқиғаларды хабардар ету, отаншылдық пен патриотизмге тәрбиелеу мақсатында түрлі тақырыптарда мәдени шаралар өткізілді.

Астана қаласында өткен Халықаралық ЭКСПО көрмесі туралы «Әлем алдында абыройы асқақтаған – Қазақстан» жасөспірімдер арасында танымдық сағат, Отан қорғаушылар күніне орай жас сарбаздармен «Сарбаздар – ел қорғаны», ҚР Мемлекеттік Рәміздерінің 25 жылдығына « Мемлекеттік Рәміздер Тәуелсіздік айғағы» патриоттық кеш, ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Дара дарын» интеллектуалды кеш, «Алаш» партиясының 100 жылдығына «Алаш партиясы және «Алашорда» үкіметі» кітап көрмесіне библиорграфиялық шолу, Сыбайлас жемқорлықпен күресті жастарға ұғындыру мақсатында «Жемқорлыққа жол берме» атты дөңгелек үстел сұхбат т.б. шаралары өтті.

«Рухани жаңғыру; болашаққа бағдар» мақаласы аясында «Туған жер» бағдарламасы , латын әліпбиіне көшу мәселелері туралы ауыл тұрғындарын хабардар ету мақсатында «Рухани жаңғыру – ел болашағының айғағы» атты дөңгелек үстел сұхбаты өткізілсе, жастар арасында «Латын әліпбиі – өркениет жолы» тақырыбында кітапханалық журфикс ұйымдастырылып, кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

«Туған жер» бағдарламасы аясында «Тарихқа толы, шежірелі мекен – Жарқамыс» әдеби жыр кеші, «Жем бойының дарабоздары» виртуалды көрме таныстырылымы өтті. Жарқамыс өңірінен тұлеп ұшқан академик– ғалым физика– математика ғылымдарының докторы Назарбай Блиевпен «Туған жердің төл перзенті» және Ресейдің Сочи қаласында өткен Халықаралық самбо күресі әлемдік жарыс додасының жүлдегері, әлем чемпионы Амандық Асауұылымен «Сергектік оның серігі» тақырыптарында кездесу кештері өтті.

Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясына ұсынылған ақын С.Торайғыровтың шығармаларын оқырмандарға таныстыру мақсатында «Жыр сұлтаны –Сұлтанмахмұт» кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Сұлтанмахмұт – қазақтың демократ ақыны» библио – сағаты өткізілді. Облыстық «Оқитын өлке» акциясына ұсынылған ҚР Мемлекеттік сыйлықтың иегері ,жазушы Қ.Мұхамбетқалиевтың «Қайдасың сен, махаббат?» кітабы бойынша ақпараттық сағат және «Жем бойының перзенті» бейнеслайд, кітап көрмесі таныстырылды. Жазушы Қ.Мұханбетқалиевтың 75жасқа толуына орай Мемлекеттік сыйлыққа ие болған «Тар кезең» романы бойынша оқырмандар конференциясы өтті.

Кітапханада жастардың «Жыр отауы» поэзия клубында ауыл тұрғындарына және барлық оқырман тобына арналған «Бұл кітап әлемі» атты ашық аспан астында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Аудандық «Кітап оқы: өз өлкеңді танып біл» оқу марафоны бойынша ақын Төлеген Айбергеновтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Жан еді өлең үшін дара туған» атты ақпараттық әдеби сағаты өткізілді.

Кітапхана ғимаратына 2017 жылы күрделі жөндеу жүргізілді.

Кітапхана көлемі – 84 ш.м.

Кітапханада 20 орындық оқу залы, абономент жұмыс жасайды.

Кітапханада меңгерушісі - Сейілханова Мейрамгүл, арнаулы орта, кітапханашы.

Жұмабаева Гүлнар - жоғары білімді, тазалықшы, күзетші штаттары бар.


Архив толығырақ...

 
Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі