Басты бетке     Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі      VKontakte facebook instagram Кіру       


Сайт мәзірі  


















































Іздеу:
 
free counters
Free counters

Жаңа үлгідегі Жарқамыс модельді ауыл кітапханасы

Мекен жайы: Жарқамыс селолық округі, Жарқамыс селосы

Телефон/факс: 8(71347) 34 8 46

Электронды пошта: zharkamiskitap@mail.ru

Кітапхана меңгерушісі: Сейлханова Мейрамгүл Аманғосқызы

Байғанин ауданы, Жарқамыс селолық округіндегі Жарқамыс селолық кітапханасы - 1965 жылдан ауыл тұрғындарына рухани мәдени қызмет көрсетіп келеді. Негізі қаланған уақытта 1016 дана кітап қоры, 195 оқырман болған. Алғашқы кітапханашы – Н. Жалмағамбетова

2001 жылы С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының дайындаған «Кітап-жан азығы» атты Байғанин аудандық ОКЖ не қарасты Жарқамыс селолық кітапханасының іс-тәжірибесі республика кітапханаларына таратылды.

2001 жылдың желтоқсанында Жарқамыс селолық кітапханасының кітапханашысы Нұрдаулетова Бибігүл ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай ҚР Президентінің Алғыс хатына ие болды.

2003 жылы Жарқамыс селолық округіндегі Жарқамыс ауыл кітапханасында ауыл кітапханашыларының «Кітапханалар жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетін қалыптастыру орталығы» көшпелі семинар кеңесі өтті.

2008 жылдың қараша айында Жаңа үлгідегі Жарқамыс модельді ауыл кітапханасы болып қайта қалыптасты.

2011 жылы аудан моделді кітапханаларының «Моделді ауыл кітапханасы Тәуелсіздік жемісі» байқауында «Алғыс хатпен» марапатталды.

2013жылы Жарқамыс моделді ауыл кітапханасы аудан кітапханалары арасында өткен кәсіби шығармашылық байқауларда белсенділік танытады, -«Үздік библиографиялық жұмыс» байқауында «Үздік өлкетанулық жұмыс» номинациясына ие болды.

2015 жылы -«Ауылым алтын бесігім» аудан кітапханашылардың шығармашылық байқауында«Ақбұлақ» бейнеролигімен (ақын, сазгер Б.Тәжібаевтың туған жері туралы) «Үздік шығармашылық жоба» номинациясымен марапатталды.

2015 жылы Жарқамыс селолық кітапханасы - оқырмандардың күнделікті ақпараттық сұранымын қанағаттандыратын мәліметтер қорымен, ауыл тұрғындарының ой-өрісін кеңейтетін мазмұнды шаралар өткізілетін рухани түсіністік орталығына айналып отыр.

Кітапхананың кітап қоры 16623 дана, жыл сайын 822 оқырман кітапхана қызметін пайдаланып, 19744 дана кітаппен қамтамасыз етіледі. Келушілер саны 8927. Кітапханада 2 компьютер толық жабдығымен жұмыс жасайды. Кітапхана 2009 жылдан Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының «РАБИС» (Республикалық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйе) бағдарламасының «Каталогизатор», «Іздестіру-тапсырыс» модульдері бойынша жұмыс жасап, бүгінгі таңда, электронды қоры 16176 - ға жетіп отыр.

Күнделікті ақпараттық сұранымын қанағаттандыру мақсатында 9 аталымда мерзімді басылымдар алады.

Кітапханада өткізілген әртүрлі мәдени шара, оқырмандар жүрегіне жол тауып, өскелең ұрпақтарды, жастарды, ауыл тұрғындарын өнегелікке, адамгершілікке тәрбиелеу көзіне айналып отыр.

Кітапханада Мемлекет саясаты, ҚР Рәміздері, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдаулары, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, ҚР Конституциясының 20 жылдығы, Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20 жылдығы аясындағы мерейтойларға орай «Нұрлы жол болашаққа бастар жол», «Қазақстан - 2050:Біздің берік ұстанымымыз», «Мемлекеттік Рәміздер – тұрақты дербестік кепілі», «Қазақ хандығы ұлт мемлекетінің мұрагері», «Мәңгі өшпес отты жылдар», «Конституция нұрлы өмір шуағы», «Қазақстан достық пен бірлік мекені», «Тәуелсіздік тірегім бақытым», тақырыптарында тұрақты кітап көрмелері ұйымдастырылды.

«Болашақты болжаған кемел тұлға» тақырыбында апталық аясы Елбасы Н.Назарбаевтың өнегелі өмірі мен қызметі туралы хабардар ететін «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» кітап көрмесімен ашылды, «Елбасы және қазақ мемлекеті» дөңгелек үстел, «Біздің Елбасымыз» шығармашылық байқау, «Ел бірлігін сақтаған , Елбасымен мақтанам» сұрақ жауап ойыны, «Тәуелсіз елім тірегім, самғауыңды тіледім» әдеби сазды кешпен тәмәмдалды. Жарқамыс ауылының түлегі, ақын Есенбай Дүйсенбайдың 75 жылдығына орай «Жыр жолында Жарқамыстың үні бар» кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Жарқамысты сүйемін жан тәніммен» атты жыр сағаты өткізілді.

2015 жылы Республикалық «Бір ел бір кітап» акциясы аясында ұсынылған І.Есенберлиннің «Көшпенділер» романы бойынша кітап конференциясы өткізілді.

Кітапханада жастардың «Жыр отауы» поэзия клубы жұмыс жасауда. Клубтің белсенді мүшесі З.Сейілханова аудандық ОКЖ ұйымдастырумен өткен «Абай өлеңдері ұлттық қазына» атты Абай оқулары байқауына қатысып, ІІ орынды иеменденді.

Кітапхана ғимараты жеке орналасқан. Кітапхана көлемі – 84 ш.м.

Кітапханада 20 орындық оқу залы, абономент жұмыс жасайды.

Кітапханада меңгерішісі Сейілханова Мейрамгүл арнаулы орта, кітапханашы.

Жұмабаева Гүлнар жоғары білімді, тазалықшы, күзетші штаттары бар.


 
Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі