Басты бетке     Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі      VKontakte facebook instagram Кіру       


Сайт мәзірі  


















































Іздеу:
 
free counters
Free counters

Жаңа үлгідегі Жарқамыс модельді ауыл кітапханасы


Мекен жайы: Жарқамыс селолық округі, Жарқамыс селосы

Телефон/факс: 8(71347) 34 8 46

Электронды пошта:zharkamiskitap@mail.ru

Инстаграмм парақшасы:@zharkamys_kitaphana

Кітапхана меңгерушісі: Нуркасымова Алмагул Бекболовна


    Байғанин ауданы, Жарқамыс селолық округіндегі Жарқамыс селолық кітапханасы - 1965 жылдан ауыл тұрғындарына рухани мәдени қызмет көрсетіп келеді. Негізі қаланған уақытта 1016 дана кітап қоры, 195 оқырман болған. Алғашқы кітапханашы – Н. Жалмағамбетова

    2001 жылы С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының дайындаған «Кітап-жан азығы» атты Байғанин аудандық ОКЖ не қарасты Жарқамыс селолық кітапханасының іс-тәжірибесі республика кітапханаларына таратылды. Осы жылдың желтоқсанында Жарқамыс селолық кітапханасының кітапханашысы Нұрдаулетова Бибігүл ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай ҚР Президентінің Алғыс хатына ие болды.

   2003 жылы Жарқамыс селолық округіндегі Жарқамыс ауыл кітапханасында ауыл кітапханашыларының «Кітапханалар жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетін қалыптастыру орталығы» көшпелі семинар кеңесі өтті.

     2008 жылдың қараша айында Жаңа үлгідегі Жарқамыс модельді ауыл кітапханасы болып қайта қалыптасты.

     2011 жылы аудан моделді кітапханаларының «Моделді ауыл кітапханасы - Тәуелсіздік жемісі» байқауында «Алғыс хатпен» марапатталды.

   2013 жылы Жарқамыс моделді ауыл кітапханасы аудан кітапханалары арасында өткен кәсіби шығармашылық байқауларда белсенділік танытады, -«Үздік библиографиялық жұмыс» байқауында «Үздік өлкетанулық жұмыс» номинациясына ие болды.

   2015 жылы - «Ауылым алтын бесігім» аудан кітапханашылардың шығармашылық байқауында «Ақбұлақ» бейнеролигімен (ақын, сазгер Б.Тәжібаевтың туған жері туралы) «Үздік шығармашылық жоба» номинациясымен марапатталды.

   2016 жылы облыстық «Үздік ауыл кітапханасы» байқауының жүлдегері Жарқамыс селолық кітапханасы - оқырмандардың күнделікті ақпараттық сұранымын қанағаттандыратын мәліметтер қорымен, ауыл тұрғындарының ой-өрісін кеңейтетін мазмұнды шаралар өткізілетін рухани түсіністік орталығына айналып отыр.

    2018 жылы «Рухани жаңғыру – жаңа биіктердің бастауы» атты аудан мәдениет қызметкерлерінің форумы аясында кітапхана саласы «Ең үздік мемлекеттік маңызы ауылдық кітапхана» номинациясымен - Жарқамыс моделді ауыл кітапханасы иеленіп, арнайы Дипломына ие болды.

    2019 жылы «Рухани қазына» Республикалық форумына қатысып, Бәкір Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы “БӘКІР АҚЫН ӘНГЕ ҚОСҚАН – АҚБҰЛАҚ» кітапханалық жобасы бойынша кітапхана меңгерушісі Сейілханова Мейрамгүл Қазақстан Ұлттық Академиялық кітапханасының «Кітапхана ісінің шебері» төсбелгісімен марапатталды.

    2019 жылы кітапхананың кітап қоры 16590 дана (оның ішінде 12949 дана кітап мемлекеттік тілде), жыл ішінде 872 оқырман кітапхана қызметін пайдаланып, 23555 дана кітап берілімімен қамтамасыз етілді. Келушілер саны - 9022. 2019 жыл ішінде жасөспірім оқырмандың үлесі - 332 .Күнделікті ақпараттық сұранымын қанағаттандыру мақсатында 9 аталымда мерзімді басылымдар алады.

    Кітапханада 2 компьютер толық жабдығымен жұмыс жасайды. Кітапхана 2009 жылдан Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының «РАБИС» (Республикалық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйе) бағдарламасының «Каталогизатор», «Іздестіру-тапсырыс» модульдері бойынша жұмыс жасап, бүгінгі таңда, электронды қоры 18797–ні құрайды.

    Кітапханада 2019 жыл ішінд Мемлекет саясаты, ҚР Рәміздері, мемлекеттік және аймақтық бағдарламалар, ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын және ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» , «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында, ақпараттық түсіндіру бағытында, және жыл ішінде аталып өтілген өнер, әдебиет және қоғам қайраткерлерінің мерейтойлық даталары бойынша жергілікті қоғамдық ұйымдар мен мекеме ұжымдармен бірлесе 233 мәдени іс шаралар өтіп, 2431 адам қамтылды.

    Кітапханада «Жыр отау» жастардың қызығушылық клубы жұмыс жасайды. Мақсаты: Поэзия әлеміне, сөз өнеріне сүйіспеншілігін арттыру; Жас таланттарды қолдау, аудан, облыстарда өткізілетін жыр мүшәйраларына қатыстыру. Осы мақсатта жас таланттар аудандық деңгейде ұйымдастырылған жыр мүшәйраларына, байқауларға қатысып, жерлес ақын жазушылардың, қазақ әдебиетінде көрнекті өкілдерінің шығармашылығын насихаттауда мәдени шаралар өткізілуде.

Кітапхана ғимаратына 2017 жылы күрделі жөндеу жүргізілді.

Кітапхана көлемі – 84 ш.м.

Кітапханада 20 орындық оқу залы, абономент жұмыс жасайды.

Кітапханада меңгерушісі – Нуркасымова Алмагүл Бекболовна, жоғары білімді кітапханашы.

Сисенбина Қанзада - арнаулы орта білімді кітапханашы

Тазалықшы, күзетші штаттары бар

 
Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі