Басты бетке Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі Кіру       


Сайт мәзірі  











































Іздеу:
 
free counters
Free counters

Жаңа үлгідегі Ебейті модельді ауыл кітапханасы


Мекен жайы: Қопа селолық округі, Ебейті селосы

Телефон/факс: 8(71347) 73 4 08

Электронды пошта: ebeitikitap@mail.ru

Кітапхана меңгерушісі: Айтмурзаева Клара Зейноллақызы

Ебейті селолық кітапханасы – Байғанин ауданы Қопа селолық округіне қарасты Ебейті селосында 1965 жылдын ауыл тұрғындарына рухани мәдени қызмет көрсетіп келеді. 1997 жылға дейін Крупская селолық кітапханасы болып аталды. Негізі қаланған уақытта кітапханада 3419 дана кітап қоры, 130 оқырман болған.

2009 жылдың қараша айында Жаңа үлгідегі Ебейті модельді ауыл кітапханасы болып қайта қалыптасты.

2011 жылы аудан моделді кітапханаларының «Моделді ауыл кітапханасы Тәуелсіздік жемісі» байқауында «Алғыс хатпен» марапатталды.

2017 жылы кітапхананың кітап қоры 13598 дана (оның ішінде мемлекеттік тілде 7070 дана), жыл ішінде 798 оқырман кітапхана қызметін пайдаланып, 20071 дана (оның ішінде мемлекеттік тілде 16207дана) кітаппен қамтамасыз етіледі. Келушілер саны – 9452 Оқырмандардың күнделікті ақпараттық сұранымын қанағаттандыру мақсатында 9 аталымда мерзімді басылымдар алынып, 1683 дана басылым мерзімді басылым оқылды Кітапханада 10 орындық оқу залы, абономент және балалар, жасөспірімдер бөлімі жұмыс жасайды.

Кітапханада Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының «РАБИС» (Республикалық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйе) бағдарламасының «Каталогизатор», «Іздестіру-тапсырыс» модульдері бойынша жұмыстар жүргізіліп, электронды қоры саны – 7187 -ге жетті. Көшірме құралы, телефон, факспен қамтылған.

Ебейті селолық кітапханасы - ауыл тұрғындарының ақпараттық сұранымын қанағаттандыратын мәліметтер қорымен, және олардың ой-өрісін кеңейтетін мазмұнды шаралар өткізілетін рухани орын. Оқырмандар арасында ҚР Конституциясы, Мемлекеттік Рәміздер және мемлекетіміздің саясаты, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауларын ақпараттық түсіндіру, мемлекеттік және аймақтық бағдарламалар аясында түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылып келеді.

«Қазақстан - 2050. Кемел келешек міндеті», «Мемлекеттік Рәміздер – дербестік нышаны», «Қазақстан ЭКСПО-2017; Жаңғыртар байтақ даланы», «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол», «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы, «Туған жер» бағдарламасы аясында «Рухани жаңғыру ұлт болашағының кепілі» тақырыптарында тұрақты кітап көрмелері ұйымдастырылып, оқырмандар сұранымына сәйкес ұдайы толықтырылып отырды Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын ақпараттық түсіндіру мақсатында ауыл әкімдігімен бірлесе ауыл тұрғындарымен «Президент. Беделді Парламент. Есеп беретін үкімет» пікірлесу сағаты, ҚР Мемлекеттік Рәміздері күніне орай «Көзімнің ішінде көк туым» әдеби караоке,Астана күніне «Арманы үлкен азат ел» жас таланттардың шығармашылық кеші, 1 сәуір - Құстар күніне орай «Достарға көмек» тақырыбында 4-5сынып оқушыларымен табиғатқа саяхат , «Қоғамның болашағы - білімді жастар» тақырыбында сұхбат кеш, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылған күніне орай «Аймақ тұтастығы айқын ел» патриоттық сағаттар өткізілді.

Аудандық «Кітап оқы: өз өлкеңді танып біл!» оқу марафоны аясында жасөспірімдерге арасында Қазақтың ақыны Төлеген Айбергеновтың туғанына 80 жыл толуына орай «Бір тойым болатыны сөзсіз менің» әдеби сазды кеш, ақын Төлеген Айбергеновтың кітаптарын бастауыш сынып оқушылары арасында «Сыныбымызбен оқимыз» эстафетасына жалғасып, табиғат аясында дауыстап оқу шаралары өтті.

Кітапханада балалар арасында ұлттық өнер – қолөнерді насихаттап, еңбекке баулу және ұлттық құндылықтарды бойына сіңіру мақсатында «Шебер қолдар» балалар қолөнер клубы 2007 жылдан бері жұмыс жасайды. Қызығушылық клубында «Кешегінің көзі, бүгінгінің өзі» қолөнер шебері М.Ержановамен кездесу кеші, «Шебер қыздар» өнер сағаты шаралары қыз балаларды қолөнерге баулу арқылы, өмірде өз орнын табу , еңбек етуге тәрбиелеу, және қолөнері шеберімен мастер класс өткізілді.

Кітапханада оқырмандардың талап тілектерін қанағаттандыруда кітапхана жарнамасы, мақалалар картотекасы, «Жаңа кітаптар», «Мамандар» хабарлама күндері өткізіліп отырады.

Кітапхана ғимараты ауылдық фельдшерлік пунктпен бірге орналасқан. Кітапхана көлемі – 60,0 ш.м.

Кітапханаға 2008 жылдан бастап 1 сыпырушы-тазалықшы штаты берілді. Кітапхананың материалдық техникалық жағдайы біршама жақсарып, кітап сөрелері, телефон-факс алынып, телефон нүктесі орнатылды.

Кітапхана меңгерушісі Айтмурзаева Клара - 1982 жылдан бері жұмыс жасап келеді.

Кітапханашы - Сарсенова Эльмира Агыбаевна . Білімі – арнаулы орта.


Архив толығырақ...

 
Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі