Басты бетке     Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі      VKontakte facebook instagram Кіру       


Сайт мәзірі  


















































Іздеу:
 
free counters
Free counters

Жаңа үлгідегі Ебейті модельді ауыл кітапханасы


Мекен жайы: Қопа селолық округі, Ебейті селосы

Телефон/факс: 8(71347) 73 4 08

Электронды пошта:ebeitikitap@mail.ru

Инстаграм парақшасы:@ebeiti_kitaphanasi

Кітапхана меңгерушісі: Айтмурзаева Клара Зейноллақызы


    Ебейті селолық кітапханасы – Байғанин ауданы Қопа селолық округіне қарасты Ебейті селосында 1965 жылдын ауыл тұрғындарына рухани мәдени қызмет көрсетіп келеді. 1997 жылға дейін Крупская селолық кітапханасы болып аталды. Негізі қаланған уақытта кітапханада 3419 дана кітап қоры, 130 оқырман болған.

    2009 жылдың қараша айында Жаңа үлгідегі Ебейті модельді ауыл кітапханасы болып қайта қалыптасты.
    2011 жылы аудан моделді кітапханаларының «Моделді ауыл кітапханасы Тәуелсіздік жемісі» байқауында «Алғыс хатпен» марапатталды.
   2019 жылы кітапхананың кітап қоры 13978 дана (оның ішінде мемлекеттік тілде 7416 дана), жыл ішінде 800 оқырман кітапхана қызметін пайдаланып, 20245 дана (оның ішінде мемлекеттік тілде 18853дана) кітаппен қамтамасыз етіледі. Келушілер саны – 9452 Оқырмандардың күнделікті ақпараттық сұранымын қанағаттандыру мақсатында 9 аталымда мерзімді басылымдар алынып, 1392 дана басылым мерзімді басылым оқылды Кітапханада 10 орындық оқу залы, абономент және балалар, жасөспірімдер бөлімі жұмыс жасайды.

    Кітапханада Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының «РАБИС» (Республикалық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйе) бағдарламасының «Каталогизатор», «Іздестіру-тапсырыс» модульдері бойынша жұмыстар жүргізіліп, электронды қоры саны – 7458 -ге жетті. Көшірме құралы, телефон, факспен қамтылған.

    Ебейті селолық кітапханасы - ауыл тұрғындарының ақпараттық сұранымын қанағаттандыратын мәліметтер қорымен, және олардың ой-өрісін кеңейтетін мазмұнды шаралар өткізілетін рухани орын. 2019 жылы Мемлекет саясаты, ҚР Рәміздері, мемлекеттік және аймақтық бағдарламалар, ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын және ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында, ақпараттық түсіндіру бағытында, және жыл ішінде аталып өтілген өнер, әдебиет және қоғам қайраткерлерінің мерейтойлық даталары бойынша жергілікті қоғамдық ұйымдар мен мекеме ұжымдармен бірлесе 195 шара өткізіліп, 2310 адам қатысты.

    Кітапханада балалар арасында ұлттық өнер – қолөнерді насихаттап, еңбекке баулу және ұлттық құндылықтарды бойына сіңіру мақсатында «Шебер қолдар» балалар қолөнер клубы 2007 жылдан бері жұмыс жасайды.
   Кітапханада оқырмандардың талап тілектерін қанағаттандыруда кітапхана жарнамасы, мақалалар картотекасы, «Жаңа кітаптар», «Мамандар» хабарлама күндері өткізіліп отырады.

Кітапхана ғимараты ауылдық фельдшерлік пунктпен бірге орналасқан. Кітапхана көлемі – 60,0 ш.м.

Кітапхана меңгерушісі Айтмурзаева Клара – білімі арнаулы орта кітапханашы

Кітапханашы - Сарсенова Эльмира Агыбаевна . Білімі – арнаулы орта. Cыпырушы-тазалықшы штаты бар .


 
Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі