ScreenReader       
Басты бетке     Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі      VKontakte facebook instagram Кіру       


Сайт мәзірі  


















































Іздеу:
 
free counters
Free counters

Жаңа үлгідегі Ебейті модельді ауыл кітапханасы

Мекен жайы: Қопа селолық округі, Ебейті селосы

Телефон/факс: 8(71347) 73 4 08

Электронды пошта: ebeitikitap@mail.ru

Кітапхана меңгерушісі: Айтмурзаева Клара Зейноллақызы

Ебейті селолық кітапханасы – Байғанин ауданы Қопа селолық округіне қарасты Ебейті селосында 1965 жылдын ауыл тұрғындарына рухани мәдени қызмет көрсетіп келеді. 1997 жылға дейін Крупская селолық кітапханасы болып аталды.

Негізі қаланған уақытта кітапханада 3419 дана кітап қоры, 130 оқырман болған. Алғашқы кітапханашы.

2009 жылдың қараша айында Жаңа үлгідегі Ебейті модельді ауыл кітапханасы болып қайта қалыптасты.

2011 жылы аудан моделді кітапханаларының «Моделді ауыл кітапханасы Тәуелсіздік жемісі» байқауында «Алғыс хатпен» марапатталды.

2015 жылы кітапхананың кітап қоры 13021 дана, жыл сайын 787 оқырман кітапхана қызметін пайдаланып, 19951 дана кітаппен қамтамасыз етіледі. Келушілер саны – 9342. Оқырмандардың күнделікті ақпараттық сұранымын қанағаттандыру мақсатында 8 аталымда мерзімді басылымдар алынады.Кітапханада 10 орындық оқу залы, абономент және балалар, жасөспірімдер бөлімі жұмыс жасайды.

Бүгінгі заман талабына сай кітапхана 2 компьютер толық жабдығымен жұмыс жасайды. Кітапханада Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының «РАБИС» (Республикалық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйе) бағдарламасының «Каталогизатор», «Іздестіру-тапсырыс» модульдері бойынша жұмыстар жүргізіліп, электронды қоры саны - 6637 ге жетті. Көшірме құралы, телефон, факспен қамтылған. Телефон нүктесі арқылы Интернет жүйесі жұмыс жасайды.

Ебейті селолық кітапханасы - ауыл тұрғындарының ақпараттық сұранымын қанағаттандыратын мәліметтер қорымен, және олардың ой-өрісін кеңейтетін мазмұнды шаралар өткізілетін рухани орын. Кітапханада оқырмандар арасында ҚР Конституциясы, Мемлекеттік Рәміздер және мемлекетіміздің саясаты, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауларын ақпараттық түсіндіру,еліміздің бәсекеге қабілетті елу ел қатарына қосылу жолындағы мемлекеттік және аймақтық бағдарламалар аясында түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылып келеді. «Қазақстан - 2050. Елулікке айқын жол», «Мемлекеттік Рәміздер – дербестік нышаны», «Тіл – ұлт тірегі», «Қазақстан – дағдарыстан дамуға», Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, ҚР Конституциясының 20 жылдығы, Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20 жылдығы аясындағы мерейтойларға орай « Қазақ хандығы ұлт тарихының бастауы», «Ұлы Жеңіске мәңгілік тағзым», «Конституция мәңгілік әділеттің қайнар көзі» «Қазақстан бірлігі әлемгі үлгі» тақырыптарында тұрақты кітап көрмелері ұйымдастырылып, оқырмандар сұранымына сәйкес ұдайы толықтырылып отырды.

Сонымен қатар жасөспірімдер мен балаларды туған халқының салт-дәстүрін сақтау, көркем өнер мен әдебиетті ұғындыру арқылы адамгершілікке баулу бағытында атты танымдық кештер өткізілді. Жерлесіміз , қазақтың ақыны Дүйсенбаев Есенбай туғанына 75жыл толуына орай «Сәулелі жырдың саңлағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, Арнаймын сған жырымды туған жерім» атты әдеби сазды кеш өткізілсе, ауылдағы қолөнер шеберелерімен «Шеберлікке шыңдау отбасынан» атты кездесу кеші жастар мен балаларды ұлтымыздың салт дәстүрі мен ғұрпы, отбасындағы тәрбие, балаларды еңбекке баулу мақсатында өтті. Кітапханада оқырмандардың талап тілектерін қанағаттандыруда кітапхана жарнамасы, мақалалар картотекасы, «Жаңа кітаптар», «Мамандар» хабарлама күндері өткізіліп отырады.

Кітапханада балалар арасында ұлттық өнер – қолөнерді насихаттап, еңбекке баулу және ұлттық құндылықтарды бойына сіңіру мақсатында «Шебер қолдар» балалар қолөнер клубы 2007 жылдан бері жұмыс жасайды.

Ебейті селолық кітапханасы - зейнеткерлер мен балалар, жасөспірімдерді біріктірген рухани орталыққа айналды. Ауыл әкімдігі, клуб, мектеп, тағы басқа ұжымдармен бірлесе ауылдың мәдени шараларының өтуіне, ауыл тұрғындарының мәдени рухани демалысының мәнді өтуіне ықпалын тигізіп келеді.

Кітапхана ғимараты ауылдық фельдшерлік пунктпен бірге орналасқан. Кітапхана көлемі – 60,0 ш.м.

Кітапханаға 2008 жылдан бастап 1 сыпырушы-тазалықшы штаты берілді. Кітапхананың материалдық техникалық жағдайы біршама жақсарып, кітап сөрелері, телефон-факс алынып, телефон нүктесі орнатылды.

Кітапхана меңгерушісі Айтмурзаева Клара - 1982 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Бірнеше рет аудандық мәдениет бөлімінің Құрмет Грамотасымен марапатталып, Алғыс хаттарына ие болды. Өз біліктігілімен, ізденімпаздығымен аудандық, облыстық кітапханашылар байқауына қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Селолық кітапхана облыстық «Үздік ауыл кітапханасы» байқауына қатысты.

Кітапханашы Баширова Әлия. Білімі – арнаулы орта.


 
Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі