|
|
Басты бет | Кіру |
![]() |
Cіздің сауалыңыз
Free counters |
Мәдени шаралар Эко-Library Fest 28 мамыр күні Байғанин Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі кәсіподағының қолдауымен ұйымдастырылған «Эко-Library Fest» Табиғат пен кітапхананың жаңа дәуірі атты ашық аспан астында іс-шара өткізілді. Шара мақсаты:экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тұрақты даму идеяларын дәріптеу.Кітапхананың жаңа рөлін көрсету –«экология және мәдениет тоғысқан орталық» ретінде – заманауи кітапхана білім берудің маңызды алаңы екенін көрсету.
Кітапхана - рухани байлық мекені 21 мамыр -Мәдениет және өнер қызметкерлер күніне орай 28 ші мамыр күні “Кітапхана - рухани байлық мекені” атты Алтай ауылдық модельді кітапханасында кітапханашылар арасында практикалық семинар өткізілді. Мақсаты: Кітапханашылар арасындағы байланыс пен ынтымақтастықты нығайту. Кітапханашылардың жұмыс тәжірибесін бөлісу арқылы кәсіби дамуына ықпал ету.
“Өнегелі өмір жолы” атты кездесу кеші 5 мамыр -ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ! 2025 жылы жұмысшы мамандықтар жылы болып бекітілген болатын. Осы орайда 15 мамыр - Халықаралық Отбасы күніне орай “ӨНЕГЕЛІ ӨМІР ЖОЛЫ” атты кездесу кеші өткізілді.️ Кеш қонағы ауданымызға танымал, дәнекерлеуші, өзінің маманының қас шебері Әбенов Аманғали Бақтығұлұлы отбасымен.
«Тәкен Әлімқұловтың әдебиетке қосқан үлесі» атты оқырмандар конференциясы 16 мамыр күні Аудандық орталық кітапханасында 2025 жылғы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі – Тәкен Әлімқұлов шығармашылығына арналған «Тәкен Әлімқұловтың әдебиетке қосқан үлесі» атты оқырмандар конференциясы ұйымдастырылды. Конференция барысында:Ұстаздармен, оқырмандар тарапынан әдеби баяндамалар ұсынылып, шығармаларға терең талдау жасалды, туындылардан әсерлі үзінділер оқылды.Шара жас ұрпақтың әдебиетке деген құрметін оятып, ұлттық әдеби мұраны танып-білуге деген ынтасын арттырды.
«Сағидың сырлы саздары» атты аудандық поэзия байқауы 14 мамыр күні «Байғанин аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шындықтыру және спорт бөлімі», Байғанин аудандық орталық кітапхана және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Байғанин аудандық ұйымының ұйымдастыруымен көгілдір жемнің бойында туып өскен лирик ақын, қазақ әдебиетінің төрінен, туған халқының жүрегінен орын алған Сағи Жиенбаевтың шығармаларын насихаттау мақсатында «Сағидың сырлы саздары» атты аудандық поэзия байқауы өткізілді.
Жеңіс рухына тағзым – кейінгі ұрпақ парызы 6 мамыр күні орталық кітапханада Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, «Жеңіс рухына тағзым – кейінгі ұрпақ парызы» атты танымдық тарихи кеш өткізілді.
Ұлттық кітап күні 23 сәуір - Ұлттық кітап күніне орай Аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлеріне, кітап көрмелері таныстырылып, арнайы дайындалған Kahoot ойыны ойнатылды.
Ұлттық кітап күні мерекесіне орай “КІТАПХАНА ТҮНІ” ”Quizhana baiganin” аудандағы ең қызықты ойын “Кітап.Кино.Музыка” тақырыбында бүгін 23 сәуір -Ұлттық кітап күні мерекесіне орай “КІТАПХАНА ТҮНІ” аясында өткізілді.
«КІТАПХАНАЛЫҚ СЕРПІЛІС: 2024 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖӘНЕ 2025 ЖЫЛҒА КӨЗҚАРАС» тақырыбында директорлар кеңесі Бүгін «КІТАПХАНАЛЫҚ СЕРПІЛІС: 2024 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖӘНЕ 2025 ЖЫЛҒА КӨЗҚАРАС» тақырыбында директорлар кеңесі өтті. Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы «Өнер және халық шығармашылығы» бөлімінің бас маманы Д.Ғ.Тегісбаева 2024 жылы атқарылған жұмыстарға, С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры С.М.Хакимова кітапханалық қызметтің жаңаша даму бағыттарына шолу жасады. С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры Г.Р.Сейталина жастармен өткізген жұмыстары және оқырмандардың кітапханаға қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырған бағдарламалары мен іс-шаралар туралы баяндады. Темір аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры М.С.Ибраймова 2024 жылы жүзеге асырылған инновациялық жобалармен таныстырды. Кітапханаларды дамыту бөлімінің әдіскерлері А.Қ.Салиева АҚШ-тағы «OPEN WORLD» бағдарламасы бойынша алған тәжірибесімен бөлісті және шет елдің кітапхана жүйесі мен мәдениет қызметі туралы мәліметтер ұсынды, Қ.Т.Алпысбаева жасанды интеллекті пайдалану арқылы тәжірибесімен бөлісті.Сонымен қатар, «Лидерлік қасиеттер: көпшілік алдында сенімді сөйлеудің құпиялары» тақырыбында тренинг өткізілді.Тренинг спикері көпшілік алдында сөйлеу тренері, «Қымбат сөйле» курсының авторы, журналист С.Оңғар кітапхана директорларына көпшілік алдында тиімді сөйлеудің әдістері мен сөйлеу дағдылары және қоғамда табысты қарым-қатынас орнатудың құпияларымен бөлісті.
Жазушы, аудармашы Жұмекен Нәжімеденовтің туғанына 90 жыл. Биыл ақын, жазушы, аудармашы Жұмекен Нәжімеденовтің туғанына 90 жыл. Сонымен қатар, республикалық «Бір ел - бір кітап» акциясына ақынның шығармашылығы таңдалып алынған болатын. Осы орайда, ақын шығармашылығын насихаттау мақсатында Қарауылкелді орта мектебінің 9-сынап оқушыларына «Қазақ жырының тұңғиығы» атты ақпараттық сағат өткізілді. Шара барысында, Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденовтің өмірі мен шығармашылығы туралы деректер айтылып, qr-код арқылы бейнеақпарат көрсетілді. Сондай-ақ, «Қазақ жырының тұңғиығы» атты лэпбук оқушыларға таныстырылды.
«Мұқағали мәңгілік өмір» атты поэзия байқауы Ебейті ауылдық модельді кітапханасы Ебейті куб үйімен бірлесе отырып, ақпан айының 8 ші жұлдызында қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған Мұқағали Мақатаевтың 9 ақпан туған күніне орай ақын шығармаларының идеялық- көркемдік мағынасын ашу,өлеңді мәнерлеп жатқа оқуға дағдыландыру,талантты тұлғаның өлеңдері арқылы халқына,тіліне,Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту мақсатында «Мұқағали мәңгілік өмір» атты поэзия байқауы өтті. Шара барысында Ебейті ауылдық клуб жанынан құрылған « Жас өркен» домбырашылар ансамблінің орындауында Құрманғазының « Балбырауын» және Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйлері орындалып, көрермендерге рухани күш берді. Кеш жүргізушілері Жалдыбеков Өркен мен Тоқсанбаева Жаннұр ақын өмір жолы мен әдеби мұрасына шолу жасап, оның поэзиясындағы негізгі тақырыптарды атап өтті. Сонымен қатар, Мұқағали Мақатаевтың қазақ әдебиетінде алатын орны мен оның шығармаларының ұрпаққа беретін рухани құндылықтары туралы сөз қозғады. Мұқағалидың поэзиясы- таусылмайтын қайнар бұлақ. Саф алтындай поэзиясын бір елдің мұрасындай қалдыра білген ақынның өлеңдерін байқау барысында балалар көрермен жүрегіне жеткізе білді. Шарада Таубаев Тұрар ақынның сөзіне жазылған «Бақыт», «Таудағы көктем», Сакенова Сезім «Сәби болғым келеді» әнін шырқады. Шараға арнайы келген қонақтар мен әділқазылары қатарында Қопа орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ерпанова Алтынкүн Жолбатырқызы, Ебейті ауылдық клуб меңгерушісі Наурызова Бибігүл Тұрақбайқызы, Қопа орта мектебінің кітапханашысы Сарсенова Ұлмекен Ағыбайқызы болды. Байқау барысында қатысушылардың өнерін әділ бағалап, Мұқағали Мақатаевтың шығармаларына деген құрметтерін білдірді.Байқау нәтижесі бойынша балаларға дипломдар мен алғыс хаттар табысталды. Шара соңында ақынның шығармаларын тереңірек танып, оның мәңгілік мұрасына деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Әр өлеңі бір әлем» атты кітап көрмесі жасақталып, таныстырылды. Көрмеге: Мұқағали тілі сөздігі, Қарлығашым, Мұқағали Мақатаев энциклопедия, Мұқағали Мақатаев шығармалары I,II,III том, Аманат өлең жинақтары қойылды. Көрермендер әдемі кештен көңілді тарқасып, кеш ұйымдастырушыларына алғыс білдірді.
«Тұлға. Тарих. Қаламгер» атты кездесу кеші. 4 ақпан Жастар ресурстық орталығында аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен энциклопедист, жазушы, журналист Нұрымжан Керейұлы Мауытовпен «Тұлға. Тарих. Қаламгер» атты кездесу кеші өтті. Кешке ардагерлер, аудан әкімдігі және аудандық кітапхана қызметкерлері, жастар қатысты. Кеш барысында Нұрымжан Керейұлының өнегелі өмір жолы мен шығармашылығы таныстырылып, қаламгерге әртүрлі бағытта сұрақтар қойылып, әсерлі әңгіме өрбіді. Сондай-ақ, кешке қатысқан ардагерлер туған жеріне табан тіреп келіп жатырған жерлесіміз Нұрымжан Керейұлына ыстық ықыластарын білдіріп, жүрекжарды тілектерін жеткізді. Өлкетанушы, жазушы Ибрагим Ермекбаев жерлес қаламгерге «Жем-Сағыз ақын-жазушыларының антологиясы» кітабын сыйға тартса, авторлар қоғамының мүшесі Жеткербаев Айнабек арнау өлеңін оқыды.
«Жыр ғұмыр» клуб мүшелерімен «Ақын елдің ардағы» атты жыр кеші 15 қаңтар күні аудандық орталық кітапханада лирик ақын Сағи Жиенбаевтың өлеңдерін оқу, жас талапкерлердің шығармашылығын шыңдау мақсатында құрылған «Жыр ғұмыр» клуб мүшелерімен «Ақын елдің ардағы» атты жыр кеші өткізілді. Кешке ауданымыздың жас талапкерлері Жеткербай Айнабек, Шаңдин Ерболат, Алдабергенова Ақторғын қатысып өз өлеңдерін оқып, ұйымдастырылып отырған жыр кеші туралы пікірлерін білдірді. Шара барысында ақын шығармаларына шолу жасалып, Сағи Жиенбаевтың өлеңдері оқылды.
«Әділетті Қазақстан: заң пен тәртіп,экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына жолдауы Аудандық орталық кітапханада қаңтар айының 9 - күні, 2024 жылғы 2 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң пен тәртіп,экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына жолдауы мен 2025 жылғы 3 қаңтардағы «Ана тілі» газетіне көлемді сұхбаты жөнінде танысу және қолдау мақсатында талқылау өткізілді. Талқылауымызға кітапхана қызметкерлері қатысып, жолдауда, сұхбатта көрсетілген елдің әлеуметтік – экономикалық дамуының негізгі бағыттары, маңызды басталамалар, қоғамдық тәртіп және заң үстемдігі, болашақ жоспарлар , Қазақ тілінің мәртебесі туралы өз пікірлерімен бөлісті. Ұсынылған бастамалардың тиімді жүзеге асырылуы Қазақстанның тұрақты дамуына және халықтың әл -ауқатының артуына ықпал ететіні сөзсіз.
Мәдени шаралар мұрағат 2024 ж толығырақ... Мәдени шаралар мұрағат 2023 ж толығырақ... Мәдени шаралар мұрағат 2022 ж толығырақ... Мәдени шаралар мұрағат 2021 ж толығырақ... Мәдени шаралар мұрағат 2020 ж толығырақ... Мәдени шаралар мұрағат 2019 ж толығырақ... Мәдени шаралар мұрағат 2018 ж толығырақ... Мәдени шаралар мұрағат 2017 ж толығырақ... Мәдени шаралар мұрағат 2015-2016 ж толығырақ... Мәдени шаралар мұрағат 2013-2014 ж толығырақ... |
Біздің мекен-жайымыз:
|