Басты бет       Кіру       

ScreenReader
      VKontaktefacebookinstagramtiktok Құрметті оқырмандар! Кітапхана күнделікті 9:00-ден 18:30-ге дейін, Түскі үзіліс 12.30 дан 14:00-дейін демалыссыз жұмыс істейді. Әр айдың соңғы күні-тазалық күні.





БЛОГ ЖЫР ТАМҒАН ЖҮРЕК



БЛОГ ӘН МЕН ЖЫРДЫҢ
АҚБҰЛАҒЫ



БЛОГ "ЕШКІМ ДЕ, ЕШНӘРСЕ ДЕ
ҰМЫТЫЛМАЙДЫ"




                  
Cіздің сауалыңыз





           Іздеу:
 

Мәдени шаралар

«Тәңірдің тәтті сыйы-Тәуелсіздік»

   16 желтоқсан-Тәуелсіздік күніне орай Т.Жармағамбетов орта мектебімен бірлесіп «Тәңірдің тәтті сыйы-Тәуелсіздік» атты мерекелік кеш өткізілді. Еліміздің Тәуелсіздігін өскелең ұрпақтың санасына сіңіре отырып,егемендікті қадірлеуге баулу мақсатында өткізілген іс-шараға Т.Жармағамбетов орта мектебіндегі кітапханамыздың оқырмандары белсене ат салысты. Әсерлі ән, көңіл тебірентер күй тартылған әдемі кеш болды.

 











«Зорлық -зомбылықсыз 16 күн» акциясы

   Байғанин аудандық орталық кітапханасында 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өткізілетін «Зорлық -зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында «Атадан ұлағат, анадан ғибрат» атты ой талқысы ұйымдастырылды. Бүгінгі ой талқымызға арқау болып отырған жазушы Сара Мыңжасарованың «Әйел бақыты» романы. Романдағы кейіпкерлер бейнесін ашу арқылы оқырмандарға романның мазмұнын, идеясын, тақырыбын талқылау, Шараға «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының ардагер аналарымен қызметкерлері катысты. Кеш барысында, «Әйел бақыты» романының қысқаша мазмұны айтылып, аналармен әр түрлі сұрақтар қойылып, талқыланды.

 











«САҒИ ЖИЕНБАЕВТЫҢ 90 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТІЛДІ»

   30 қазан күні Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында ақын Сағи Жиенбаевтың 90 жылдығына арналған «Жырым менің – көктем жыры, гүл жыры» әдеби-сазды кеші ұйымдастырылды.Шараға облыс әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов, аудан әкімі Айбек Көпенов, мәдениет архивтер және құжаттама басқармасының басшысы, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы, облысқа танымал ақын-жазушылар, ақынның көзін көрген ауылдастары және Сағи Жиенбаевтың туыстары қатысты.Бұл шара ақынның қазақ поэзиясына қосқан үлесін ұлықтауға арналған және әдебиет сүйер қауымды жинады. Шара барысында Сағи Жиенбаевтың туындылары оқылып, мәдениет қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері және ақынның жерлестері естеліктерімен бөлісті.

     


ТОБЫҚ ЖАРМАҒАМБЕТОВТЫҢ 90 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТІЛДІ

   30 қазан күні Тобық Жармағамбетовтің 90 жылдығына арналған «Жемнің жарық жұлдызы» атты әдеби кеші өтіп, оның «Отамалы» кітабы қайта жарыққа шықты. Кеш барысында жазушының шығармашылығы туралы естеліктер айтылып, жаңа басылымның тұсаукесері өтті. Бұл шығарма өз кезеңінде оқырмандар мен әдебиет сыншыларынан ерекше ықыласқа ие болған, ал жаңа жинаққа «Қара жаңбыр» және «Нәзік бұлттар» повестері де енді. Кітапты «Зият» баспасының басшысы, ақын Асылан Тілегенов өз қаражатына шығарып, жазушы мұрасына жанашырлығын танытты. Шара барысында аудан әкімі Айбек Көпенов қос қаламгер жайлы ақпаратымен бөлісіп, киелі өңірден талай Тобық пен Сағидың шығарына сенімін білдірді. Сондай-ақ, кешке зиялы қауым өкілдері мен жазушының туыстары қатысып, оның әдеби мұрасын ұлықтады.

     


ТОБЫҚ ЖАРМАҒАМБЕТОВТЫҢ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ “ОТАМАЛЫ” КІТАБЫ ҚАЙТА ЖАРЫҚ КӨРДІ.

   Тобық Жармағамбетовтің бұл шығармасы Кеңес өкіметі кезінде әдебиет сыншылары, оқырмандар тарапынан зор құрметке, үлкен бағаға ие болды.

   Жазушы 1973 жылы 39 жасында өмірден өтті. Алматыдан жырақ, Ақтөбеде өмір сүрген оның шығармашылығы көп уақыт айтылмай келді. Араға біраз уақыт салып жарыққа шығып отырған кітапта «Отамалымен» бірге «Қара жаңбыр» және «Нәзік бұлттар» повестері бар.

   Жазушының 90 жылдық мерейтойы қарсаңында Алматыдағы «Зият» баспасынан «Отамалы» деген атпен жазушының төртінші кітабы жарық көрді.

     


«Жырым менің – көктем жыры, гүл жыры»

   Байғанин ауданының ұйымдастыруымен лирик ақын Сағи Жиенбаевтың 90 жылдығына арналған «Жырым менің – көктем жыры, гүл жыры» атты әдеби-сазды кеш өтті. Бұл шара ақынның қазақ поэзиясына қосқан үлесін ұлықтауға арналған және әдебиет сүйер қауымды жинады. Шара барысында Сағи Жиенбаевтың туындылары оқылып, мәдениет қайраткерлері мен ақынның жерлестері естеліктерімен бөлісті.

   Ақынның туыстары Сағи Жиенбаевтың отбасы, өмірі мен шығармашылығы туралы естеліктерімен бөлісіп, кештің қорытынды бөлімінде Бәйсеңгір Орал Ноғайбайұлы «Байғанин маршы» әнін орындады. Бұл әдеби-сазды кеш – қазақ поэзиясында өшпес із қалдырған ақын Сағи Жиенбаевтың шығармашылығын ұрпаққа үлгі етудің бірегей шарасы болды.

     


Тобық Жармағамбетовтың туғанына 90 жыл

   Ақтөбе қаласында Байғанин ауданының ұйымдастыруымен өткен жерлес лирик ақын Сағи Жиенбаевпен жазушы Тобық Жармағамбетовтың туғанына 90 жыл толуына орай өткізілген шара барысында Байғанин аудандық орталық кітапханасы кітапхана қоры негізінде «Өмірі жырға толы лирик ақын», «Әдебиет әлеміндегі нәзік әуен» атты кітап көрмелерін жасақтады.

     


«Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер»

   Құжаттама басқармасының басшысы А.Юнисованың Алғыс хатымен Ильджанова Нәзира Кеңесбайқызы

   «ҚСМСТжЖАҚКО» ҚБ АОФ филиалынің төрағасы Н. Табельдинованың “Құрмет грамотасымен” Қаленова Рауза Алданқызы

   «ҚСМСТжЖАҚКО» ҚБ АОФ филиалынің төрағасы Н. Табельдинованың Алғыс хатымен Жанат Бітімбайқызы марапатталды.

     


«2024 ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК КІТАПХАНАШЫСЫ»

   Кітапханашы мамандығының қыр -сырын танытып, оның сан қырлы қызметі мен қиындығын, зор құрметке лайық мамандық екенін деріптеу, кітапханашылардың бір - бірімен тежірибе алмасуына жағдай жасау, кітапханалық білімдерін тереңдетіп, іс жүзінде қолдануға шақыру,кітапх аналык кызмет көрсету саласындағы кездесетін қиындықтардың шешімін табу, Кітапхана саласының кәсіби құндылықтарын сақтауға жәрдемдесу мақсатында Білім мен ғылымның, мәдениет пен өркениеттің, ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтардың көзге көрінбес кілтін қолдарында ұстап отырган Байғанин аудандық ОКЖ - ға қарасты кітапханалардағы кітапханашылар арасында “2024 ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК КІТАПХАНАШЫСЫ” аудандық байқауы болып өтті.

Байқау нәтижесі бойынша:

   «2024 жылдың үздік кітапханашысы» Ебейті ауылдық модельді кітапханасының меңгерушісі Сәрсенова Эльмира Ағыбайқызы қаржылай сыйлық сертификат (30000 теңге)

   Алтай ауылдық модельді кітапханасының кітапханашысы Сыдықова Мақтагүл Сыражевна Алғыс хат,ақшалай сертификат (5000 теңге

   Сағыз ауылдық модельді кітапханасының кітапханашысы Әбдіғалиева Эльмира Ингайлиевна Алғыс хат,ақшалай сертификат (5000 теңге)

   Байғанин ауылдық модельді кітапханасының меңгерушісі Тажикова Жазира Кыдырбаевна Алғыс хат,ақшалай сертификат (5000 теңге)

   Бұлақтыкөл ауылдық кітапхананасының кітапханашысы Смагулова Гулнафис Шынжыровна Алғыс хат,ақшалай сертификат (5000 теңге)

     


««Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы ғажап ел»»

   18 қазан күні аудандық кітапханада 25 қазан-Республика күніне орай «Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы ғажап ел» атты жас мұғалімдер арасында патриоттық квест өткізілді. Сайысқа аудандың 5 мектебінен келген мұғалімдер қатысты. Патриоттық квест «Тапқыр болсаң, озып көр», «Өз өлкесін білмеген, дүниені де біле алмайды», « Әдеибет алыптары» атты 3 кезеңнен тұрды. 1 кезең бойынша арнайы ұяшықтарға жасырылған, 10 балл мен 50 балл аралығында 25 сұрақ жасырылды. 2 кезеңде Байғанин ауданының тарихына қатысты 20 сұрақ берілді. 3 кезеңде арнайы дайындалған тапсырмалар кітапхана ішіндегі кабинеттерге жасырылып, қатысулардың ұшқырлығы мен тапқырлығы сынға түсті.

   Сайыс қорытындысы бойынша № 1 ҚОМ келген «Жерұйық» тобы мен №2 ҚОМ келген «Бәйтерек» топтары алғыс хаттармен марапатталды. № 3 ҚОМ «Ақтолағай» тобы жүлделі 3-орын, Т.Жармағамбетов ат.ОМ «Тобық-90» тобы жүлделі 2-орын, Қ.Мұханбетқалиұлы ат. мектеп-гиназиясы «Гимназия» тобы жүлделі 1-орын алды. Сайыс жеңімпаздары мен қатысушы топтар арнайы дайындалған алғыс хаттар мен сыйлықтармен марапатталды.

     


«Еңбегі ерен Асыл ана»

   Бүгін 12 -ші қазан күні Аудандық орталық кітапханада Медениет саласы, онын ішінде кітапхана ісінде, ауданның коғамдық өмірінде белсенділіпен еселі еңбек еткен, отбасының берекесі мен ұйтқысы болған Имандосова Асылдың есімін ұлықтау, өнегелі отбасынын бірлігі мен ынтымағын үлгі ету мақсатында “Еңбегі ерен Асыл ана” атты ұрпақтарының қатысуымен еске алу кеші болып өтті.

     


«Қарттарым - асыл қазынам»

   1 қазан- Халықаралық қарттар күніне орай орталық кітапхананың коворкинг орталығында “Қарттарым - асыл қазынам” атты кітапхана ардагерлерімен кездесу кеші өтті.

     


«Кітап тайм-2024» жобасы аясында

   19-шы қыркүйек күні Байғанин аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен Т.Жармағамбетов атындағы орта мектебінде «Кітап тайм-2024» жобасы аясында жазушы, жерлес Т.Жармағамбетовтың туғанына 90 жыл толуына орай өмірі мен шығармашылығын насихаттау, прозалық шығармаларын оқыту арқылы жастарды адамгершілік, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында «Тобық зейіні бөлек қаламгер» атты оқырмандар конференциясы өткізілді.

   Конференция барысында №2 Қарауылкелді о.м қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстазы Әжібекова Г. «Табиғат толғағынан туған талант» (Т.Жармағакмбетовтың өмірі мен шығармашылығына шолу);

   Аудандық орталық кітапхана қызметкері Адилхан А. «Нәзік сезімді суреткер» (Т.Ж әңгімелерімен хикаяттарының көркемдік ерекшеліктері);

   Т.Жармағамбетов атындағы о.м педагог сарапшысы Қазиева Н. «Аңыздан арнат атқан Отамалы» (жазушының танымал шығармасы Отамалы әңгімесінің мазмұны мен көркемдік ерекшелігі) және Қ.Мұхамбетқалиұлы атындағы орта мектеп гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстазы Тынышбаев А. Ж «Қаламының ұшында сөзі қалған» (Жазушы Т.Ж. повестерінің идеалық мазмұны, көркемдік ерекшелігі) тақырыптарында баяндама оқыды.

   Сонымен қатар аталмыш мектептің 9 сынып оқушысы Табынбай Асылжан «Бәйтеректің жас шағы» атты Тобықтың шығармасынан үзінді оқыса, Нысандық Нұртілек «Тобыққа» атты арнау тарту етті. Шара соңында кітапхана қоры негізінде жасақталған «Жемнің жарық жұлдызы» атты кітап көрмесіне кітапханашы Жетібаева Орынгүл библиографиялық шолу жасады.

     


«ОТБАСЫМ- АЛТЫН ҚАЗЫНАМ»

   Ел- Президенті мемлекет отбысыдан басталатынын және біздің қоғамға негізгі отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударып отырғандығын атап өтуіміз керек. Отбасы күні Мемлекет басшысының Жарлығымен қыркүйек айының екінші жексенбісінде аталып өтіледі.Бүгін үлгілі отбасыларды құрмет тұту, келешек ұрпаққа өнеге ету мақсатында отбасы мерекесіне орай ұйымдастырылған “ОТБАСЫМ- АЛТЫН ҚАЗЫНАМ” атты кездесу кеші өткізілді.Кештің қонақтары ауданымыздың үлгілі жас отбасылары Азовтар отбасымен Қозыбаевтар отбасы.Барша қатысушыларға Алғыс білдіреміз!

     


«Бір ел – бір кітап»

   Республикалық акциясына ұсынылған, жазушы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жыл толуына орай аудандық орталық кітапхананың Коворкинг орталығында, 18-шілде күні қазақ балалар әдебиетінің классигі, жазушы Бердібек Соқпақбаевтың 100 толуына орай, жазушының шығармаларын жыл бойына кең көлемде насихаттай отырып, көпшілік жұмыстар және кітап көрмесі арқылы оқырмандарды кітап оқуға тарту, көркем әдебиетті оқуға баулу арқылы адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу, жазушы шығармаларын насихаттау мақсатында «Төгілме талант – Бердібек» атты талқы LIKE өткізілді. Шара барысында оқушыларға жазушының өмірбаяны, шығармашылығы, кітап көрмесі таныстырылып, Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» фильміндегі кейіпкерлердің образдарына талқылау жасалды.Оқушыларға фильм кейіпкерлері туралы сұрақтар қойылып, өз ой – пікірлерімен бөлісті.

     


«Жастар нашақорлыққа қарсы»

   Аудандық орталық кітапханада, Байганин техникалық колледж студенттеріне есірткі заттарының жас ағзаға тигізер әсері, келешек өмірлеріне келтірер кесапаты туралы түсінік беру. Нашалық заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып, сақтану жолдарын дұрыс таңдап алдын алу, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу мақсатында «Жастар нашақорлыққа қарсы» ой талқы сағаты өткізілді. Ой талқы сағаты барысында жасөспірімдерге нашақорлық жайында түсінік беріліп, студенттер нашақорлық жайында өз ойларын айтып, қарсылықтарын білдіріп сұрақ жауап қойылып, пікірлерін ортаға салды және де нашақорлық жайында бейне баян көрсетілді.

     


«ЖЫРЛАРЫ МӨЛДІР БҰЛАҚТАЙ»

   Нәзік сезімді суреткер, қазақ поэзиясында 8 буынды өлең жазудың хас шебері Сағи Жиенбаев пен қазақ поэзиясына бозала таң мен бозторғай сазын бар бояу болмысымен әкелген суреткер ақын, киелі Жем бойында туып-өскен Есенбай Дүйсенбайұлының шығармашылығын насихаттауға арналған «ЖЫРЛАРЫ МӨЛДІР БҰЛАҚТАЙ» атты әдеби кеші өтті. Кешке: «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры, Қазақстан Журналистер одағы облыстық ұйымының төрағасы, Қазақстан Республикасы Мәдениет қайраткері Раукен Отыншин; Ақтөбе облысының құрметті азаматы, академик, философия ғылымдарының докторы Алтай Тайжанов;Кәсіптік білім беру саласының ардагері, қоғам белсендісі Естай Жайлыбаев; «Ақтөбе Медиа» ЖШС директорының орынбасары Айгүл Нұркеева;Облыстық «Ақтөбе» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Сәтжан Дәрібай; Қазақстанның Құрметті журналисі, Ойыл ауданының құрметті азаматы Аманғос Орынғалиев;Қазақстанның Құрметті журналисі, Шалқар ауданының құрметті азаматы Жанғабыл Қабақбаев; Қазақстанның Құрметті журналисі, Ақпарат саласының үздігі Нұрмұханбет Дияров;Облыстық «Ақтөбе» газетінің қызметкері, Ақпарат саласының үздігі, Байғанин өңірінің перзенті Гүлжан Кетебаева;Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Талғат Тілеулесов, сонымен қатар кешке арнайы шақырылған қонақтарымыз: Өлкетанушы, жазушы Ибраһим Ермекбайұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әлжан Құрманғали,аудандық мәдениет және тілдерді дамыту,спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Роза Биахметқызы, Сағи Жиенбаевтың бөлесі Шаңытова Жазық апай, Сағи Жиенбаевтың жиені Қолдасбаев Нұрәділ ағай, және шуақ клубының мүшелері, ауданымыздың жас ақындары Жеткербай Айнабек, Аманкелдіұлы Мерген, Мырзабайұлы Есімхан қатысты. Кеште Сағи Жиенбаев пен Есенбай Дүйсенбайұлының өлеңдері оқылып, Сағи Жиенбаевтың сөзіне жазылған «Айналдым елім» әнімен қорытындыланды.Сонымен қатар кітапхана қоры негізінде жасақталған «Жауқазын жыр иелері» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

     


«Жыр ғұмыр»

   Туған далам, Сенің аппақ көп құсың

   Кең дүниенің шарлап-сүзіп кетті ішін...

   Бір жарқ етіп түспедім ғой көзіңе

   Мені ұмытып бара жатқан жоқпысың ..?!.

   Иә осылай деп жырлаған, Қазақ жырының қаражорғасы Сағи Жиенбаевтың пәниге келгеніне – 90, бақиға озғанына аттай 30 жыл болыпты. Өлеңіндей мөлдіреген, өнеріндей елжіреген ақынның соңынан талай жылдар жүгіре жоғалды. Оның ақ самалдай шуақты, ішкі дірілі қуатты жырлары енді оның мәңгілік ғұмырын жалғап, келер күндерге самғап барады. Өйткені, Сағи Жиенбаев жұрты естен шығаратын ақын емес. Осы орайда, 15 мамыр күні - көгілдір Жемнің бойында туып өскен, қазақ әдебиетінің төрінен, туған халқынан жүрегінен орын алған, рухани өнер – сөз өнеріне қайталанбас өрнек салған, сырлы сазды лирик ақын Сағи Жиенбаевтың 90 жылдығына орай аудандық кітапхананың коворкинг орталығында лирик ақынның құрметіне «Жыр ғұмыр» атты әдеби сазды кеші өтті. Кеш барысында ақынның інісі Тәжімбаев Қайырбай ағай мен келіні Шаңытова жазық апай қатысып Сағи ақынның азаматтық болмысы, адамдық қасиеттері, кісілік тұлғасы туралы естеліктерімен бөлісті. Кітапхана қызметкері Ақболатқызы Үміт ақынның «Сыр» атты өлеңін мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар, мерейтойға арнайы шақырылған жергілікті ақындарымыз Жеткербаев Айнабек пен Шаңдин Ерболат ақынға арнауларын оқып, көпшіліктің ықыласына бөленді. Сағидың сөзіне жазылған «Айналдым елім» атты әнін №3 Қарауылкелді орта мектебінің музыка пәні мұғалімі Ибраимова Сара апай нақышына келтіре орындап, кеш көркін кіргізді. Сондай-ақ, мәдениет үйінің қызметкерлері Жарас Алпамысұлы мен Дүйсекенов Қанат «Кейде бір ағалар болады», «Есте қалсын» әндерін орындап кешті көңілді аяқтады.

     


«Мерейлі отбасы»

   Жалпы қоғамның басты байлығы адам болса, парасатты да тәрбиелі қыздар – қоғамның ортаймайтын ең құнды қазынасы. «Қоғамды тәрбиелеймін десең, қызыңды тәрбиеле» деген қағиданың мәні қаншалықты терең болса, мазмұны соншалықты салмақты.Бүгінгі бойжеткен ертең жар, ұрпақтың анасы, тәрбиенің бастау бұлағы, ұлағаттың қайнар көзі болатындықтан, қыздар түзелмей, қоғам түзелмейді. Ол үшін әрбір ер азамат қызға өз қарындасындай қарап, әр әйелді анасындай қадірлеу керек. Қазақтың намысты жігіттері көбейсе, арлы қыздары арта түсетініне күмәнім жоқ. Сондықтан, жаһанданудың алып тегершігінде ұсақталып кетпеу үшін дәстүрлі құндылықтарымыз бен ұлттық ерекшеліктерімізді ардақтап, ұятты ұл, қылықты қыз тәрбиелеуге елдің келешегін ойлайтын әрбір адамның атсалысуы – азаматтық парыз.

   Осы орайда қазіргі қазақ қыздарының тәрбиесі туралы, жастардың тәрбиелі, саналы, білімді ұрпақ болуына ықпал ету мақсатында “Amanat” партиясы “Ұлттық мұра” партиялық жобасы аясында “Қыздар сұлу көрінер қылығымен” атты кездесу кеші өткізілді. Кездесу кешінің құрметті қонағы - Еңбегімен еленген жан, ардақты ана, Алтын алқа иегері, «Мерейлі отбасы» республикалық байқауының жеңімпазы, Патриоттық белсенділігі үшін медалінің, Ұлағатты ұстаз төс белгісінің, Елеулі еңбегі үшін медальдарының иегері, Қазақстанның ең үздік әйелі орденінің, ҚР Жоғары сотының төсбелгісінің, Бауыржан Момышұлының «Батыр шапағаты» төс белгісінің иегері, тәжірибелі медиатор, Анаға тағзым орталығының медиаторы – Әбділдаева Бибігүл Әбдішүкірқызы. Бибігүл Әбдішүкірқызы кеш барысында қазақтың дәстүрлі тәрбиесінен өнеге айтып, қазақ қыздарының тәрбиесі туралы салиқалы әңгіме өрбіді. Кеш соңын алтын алқа иегері, ардақты ана Бибігүл Әбдішүкірқызы аналық ақ батасымен аяқтады.

     


«Заманауи кеңістіктегі креативті кітапханалар»

   Аудандық орталық кітапхананың дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Аудандық ОКЖ ға қарасты кітапханалардың, кітапханашыларының қатысумен 14 ақпан күні кітапханашылардың іс –тәжірибе алмасуына ықпал ету мақсатында «Заманауи кеңістіктегі креативті кітапханалар» тақырыбында семинар –тренинг өткізілді. Семинар барысында аудандық ОКЖ әдіскері Хусайнова С.Ж «Заманауи кеңістіктегі креативті кітапханалар», Аудандық ОКЖ оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Исаева Г. «Жаңашыл жастар - біздің болашағымыз (кітапханаға жастарды қалай тартамыз)», Жарқамыс балалар кітапханасының кітапханашысы Бектұрова А. Е. «Кітап оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер қоржыны», Ебейті модельді ауыл кітапханасының кітапханашысы Сәрсенова Э. «Кітапханалардағы креативті шаралар» тақырыбында баяндама жасады. Қорытынды сөзді ОКЖ директоры 2024 жылға алға қойылған міндеттері туралы баяндады. Ашық ой алаңында кітапханашылар өз ойларын білдірді. Шара соңында аудандық Қ.Мұхамбетқалиұлы атындағы мектеп гимназиясының психологы Г.Төлекбаеваның қатысуымен психологиялық тренинг өткізілді.

     


«Рухы биік ұлы перзент»

   Аудандық орталық кітапханада, ақпан айының 1-і күні, профессор, академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай оқырмандарға Қ.Сәтбаевтың өмірбаянымен таныстыру, білімі, ғылыми еңбектері, қоғамдық жұмысы туралы мәлімет беру мақсатында «Сан қырлы, дара тұлға» атты портреттік кеш өткізілді. Кешке № 1 Қарауылкелді орта мектебінің 10 сынып оқушылары қатысты . Кеш барысында Қ.Сәтбаевтың өмірбаяны, атқарған қызметтері, ғылым жолындағы ізденістері жайлы мағұлматтар берілді. Сәтбаевтың республика көлеміне танымал 15 дерегі оқырмандарға бейнежазба ретінде экраннан көрсетілді. «Рухы биік ұлы перзент» атты кітап көрмесі жасақталып, оқырмандарға таныстырылды.

     


«Елтоқ ата – ел жадында»

   Бүгін яғни, 31- қаңтар аудандық орталық кітапханада тау тұлғалы Елтоқ Сәрсенбайұлы – Ұлы Отан соғысының ардагері, матрос, 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы жылдарында Ленинград қаласында блокадасының куәгері, «Ленинград қаласының құрметті азаматы», «Халық емшісі» туғанына 100 жыл толуына орай өнегелі өмірі мен ерлік істері, халқына еткен адал еңбегі, қайырымдылығы мен емшілік қасиеттерін ұлықтау мақсатында «Елтоқ ата – ел жадында» атты патриоттық сағаты өткізілді. Шараға Елтоқ Сәрсенбайұлының ұрпақтары Бекарыс Елтоқұлы, Нұрзайда Елтоққызы, күйеубалалары Ұлықпан Кәдір, Бауыржан Амантұрлыұлы, келіні Ғазиза Шырақбайқызы, Елтоқ атаның әріптесі, өрт сөндіру саласының ардагері Бахитов Рахметулла, өлкетанушы, жазушы Ибраһим Ермекбайұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әлжан Құрманғали, өлкетанушы Балғали Жазықов, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту спорт және дене шынықтыру бөлімі басшысы м.а. Данияр Қоштанбеков, Байғанин аудандық Қорғаныс істер бөлімінің басшысы Сатыпалды Өмірбайұлы қатысып, атаның өмір жолын, батырлық ерлігі, батылдығы, тәлімдік, тағылымдық қасиетін, қызмет атқарған жеріндегі қызықты кездерін, емшілік қасиетін айтып оқырмандармен бөлісті. Кеште өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, патриоттық рухта тәрбиелеу, құрметтеуге бағытталған шаралар мен бірге аудандағы көшеге атаның есімін беру туралы пікірлерін білдірді. Кешке қатысушы жасөспірімдерге Елтоқ Сәрсенбайұлының өмірі мен өнегесі туралы кітапхана қоры негізінде жасақталған көрмесі таныстырылды.

     


 

Warning: include(nov.php): failed to open stream: No such file or directory in /var/www/aqtbaybib/data/www/bjka.kz/msh.2024.php on line 132

Warning: include(): Failed opening 'nov.php' for inclusion (include_path='.:/opt/php54/share/pear:${prefix}/share/php') in /var/www/aqtbaybib/data/www/bjka.kz/msh.2024.php on line 132
Біздің мекен-жайымыз:

 

Ақтөбе облысы,
Байғанин ауданы,
Қарауылкелді селосы,
Барақ батыр көшесі,
№29 үй
Телефон: 8(71345)22 2 03, факс: 8(71345)23 1 35
E-mail: baiganinkitap@mail.ru

 
Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі