Басты бет      

ScreenReader
      VKontaktefacebookinstagramtiktok Құрметті оқырмандар! Кітапхана күнделікті 9:00-ден 18:30-ге дейін, Түскі үзіліс 12.30 дан 14:00-дейін демалыссыз жұмыс істейді. Әр айдың соңғы күні-тазалық күні.





БЛОГ ЖЫР ТАМҒАН ЖҮРЕК



БЛОГ ӘН МЕН ЖЫРДЫҢ
АҚБҰЛАҒЫ



БЛОГ "ЕШКІМ ДЕ, ЕШНӘРСЕ ДЕ
ҰМЫТЫЛМАЙДЫ"




                  
Cіздің сауалыңыз





           Іздеу:
 

Есжан Сәнімгул

      - Германияның Франкфурт қаласындағы Jogann Wolfgang Goete универститетінің «Педагогика және социология» факультетінің түлегі

      1988 жылы Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жарқамыс ауылында дүниеге келген. 1994жылы Жарқамыс орта мектебіне барды. Мектеп қабырғасында жүріп география, алгебра, шет тілі (неміс) ,математика пәндерінен аудандық олимпиадаларға қатысып жүрген. Мектеп бітіргеннен кейін Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Универститетінің «Шет тілі филологиясы» факультетіне түсіп, 2009 жылы үздік бітіреді. Оқып жүріп универститет жанындағы студенттерге арналған «Work & Travel USA» деп аталатын арнайы бағдарламамен АҚШ тың Ниагара қаласында үш жыл болып, ағылшын тілін терең үйренуге мүмкіндік алды. Оқуды бітірген соң Астана қаласындағы ағылшын тілінен сабақ беретін курстарда аудармашылық қызмет жасады.

      С.Есжан 2012 жылы Германияның Франкфурт қаласына барды. Сол елдің салт дәстүрі, тарихы мен мәдениетімен ерте бала кезден таныс болғандықтан, ұзақ жылдар бойы қолданбаған неміс тілі қайтадан оқып меңгеру Сәнімгүл үшін қиын болмады. Jogann Wolfgang Goete универститетінің «Педагогика және социология» факультетіне оқуға түсіп, қазіргі таңда соңғы курсында оқиды. Аталмыш оқу орнында оқи жүріп қоршаған ортаны қорғау туралы арнайы жобаларға қатысады. Сонымен қатар «BCG» фирмасында «Маман сапасын дамыту» («Personalentwicklung») жұмыс жасайды.

 
Біздің мекен-жайымыз:

 

Ақтөбе облысы,
Байғанин ауданы,
Қарауылкелді селосы,
Барақ батыр көшесі,
№29 үй
Телефон: 8(71345)22 2 03, факс: 8(71345)23 1 35
E-mail: baiganinkitap@mail.ru

 
Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі