Басты бетке     Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі      VKontakte facebook instagram Кіру       


Сайт мәзірі  


















































Іздеу:
 
free counters
Free counters

Жазықов Қожабай

Жазықов Қожабай 1920 жылы Қызылбұлақ ауылдық кеңесіне қарасты Қызылшоқы деген жерде шаруа отбасында туған.

1938 жылы Жарқамыс орта мектебінде жеті класс білім алғаннан кейін Темір қаласындағы педагогикалық техникумда екі жыл оқып, одан әрі оқуын жалғастыруға жағдайы болмайды да, 1940 жылы Аманкелді бастауыш мектебінде мұғалімдік қызметін бастайды. 1942 жылы Кеңес армиясы қатарына шақырылып, Ресейдің Бугуруслан қаласында кіші командирлер даярлайтын қысқа мерзімді курсын бітіріп, 337-полктің құрамында пулеметшілер бөлімшесінің командирі болып Воронеж майданында соғысқа кіреді. Кейіннен барлаушылар даярлайтын жеделдетілген курсты аяқтап, атақты 25 гвардиялық атқыштар дивизиясының сапында барлаушылар бөлімшесінің командирі болып, Украин майдандарында соғысады.

Ерлік істеріне сай 1943 жылы «Ерлігі үшін» седалін, «Қызыл Жұлдыз» орденін алады, ал 1944 жылы үшінші дәрежелі «Даңқ» орденін, екінші рет «Қызыл Ту» орденімен наградталды.

1945 жылы Будапешт қаласын жаудан азат ету операциясын жүзеге асыруда көрсеткен жауынгерлік қызметі үшін Кеңес Одағы Батырының Алтын жұлдызы мен Ленин ордені беріледі.

Елге жеңіспен оралғаннан кейін Жазықов Байғанин аудандық партия комитетінің нұсқаушысы болады. Ақтөбе, Шымкент педагогикалық институттарын бітіріп, жоғары білім алады. Байғанин аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі, аудандық партия комитетінің бөлім меңгерушісі, облыстық партия комитетінің нұсқаушысы, Родников ауданында МТС партия ұйымының хатшысы, Байғанин аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, ауылшаруашылығы қызметкерлері, кәсіподағы аудандық комитетінің төрағасы, Темір, Байғанин аудандық партия комитеттерінің нұсқаушысы қызметтерін атқарады. 1972 жылдан 1982 жылы қазан айында қайтыс болғанға дейін аудандық кеңес атқару комитеті төрағасының орынбасары болады. Сондай-ақ ол әр жылдарды мектепте мұғалім, Жарқамыс орта мектебінің директоры да болған.

Жазықов 1975 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен, 1976 жылы «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен наградтталады.

 
Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі