Басты бетке     Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі      VKontakte facebook instagram Кіру       


Сайт мәзірі  


















































Іздеу:
 
free counters
Free counters

Жаңа үлгідегі Жаңажол модельді ауыл кітапханасы


Мекен – жайы: Жаңажол селолық округі, Оймауыт селосы

Телефон/факс: 8(71347) 24 5 03

Электронды пошта қызметі:zhanazhol-kitaphana@mail.ru.

Инстаграмм парақшасы:@zhanazhoikitaphana

Кітапхана меңгерушісі: Байдуллина Айнаш

Кітапхана туралы қысқаша анықтама.

    Байғанин ауданы, Жаңажол селолық округіндегі Оймауыт селосындағы Жаңажол селолық кітапханасы - 1966 жылдан ауыл тұрғындарына рухани мәдени қызмет көрсетіп келеді. Негізі қаланған уақытта 960дана кітап қоры, 305 оқырман болған.

    2011 жылдың желтоқсан айында Жаңа үлгідегі Жаңажол модельді ауыл кітапханасы болып қайта қалыптасты.

   2019 жылы кітапхананың кітап қоры 15377 дана, (оның ішінде мемлекеттік тілде 8615 дана) жыл ішінде 720 оқырман кітапхана қызметін пайдаланып, жыл ішінде 15545 дана(оның ішінде мемлекеттік тілде 14545 дана) кітаппен қамтамасыз етілді. Кітапханаға келушілер саны 5515.

    Оқырмандардың күнделікті ақпараттық сұранысын қанағаттандыру мақсатында 9 аталымда мерзімді басылымдар алынады.жыл ішінде 1000 мерзімді басылымдар оқыды. «РАБИС электронды қор – 4867-ны құрайды.

   2019 жылы Мемлекет саясаты, ҚР Рәміздері, мемлекеттік және аймақтық бағдарламалар , ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын және ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар : Рухани жаңғыру» , «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында, ақпараттық түсіндіру бағытында, және жыл ішінде аталып өтілген өнер, әдебиет және қоғам қайраткерлерінің мерейтойлық даталары аясында кітапхана өз қызметінде үнемі жергілікті әкімшілікпен, мектеппен, ауылдық мәдениет үйімен тығыз байланыста жүргізеді. 2019 жылы 212 шара өтіп,оған 2354 адам қатысты.

Кітапхана жергілікті ауыл әкімдігі ғимаратымен бірге орналасқан. Кітапхана көлемі – 41.25 ш.м.

Кітапханада 10 орындық оқу залы, абономент және балалар, жасөспірімдер бөлімі жұмыс жасайды.

Кітапхана меңгерушісі - Байдуллина Айнаш жоғары білімді кітапханашы

Бөлекбаева Айкенже -кітапханашы арнаулы орта білімді, тазалықшы штаттары бар.

 
Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі