Басты бетке     Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі      VKontakte facebook instagram Кіру       


Сайт мәзірі  


















































Іздеу:
 
free counters
Free counters

Жаңа үлгідегі Жаңажол модельді ауыл кітапханасы

Мекен – жайы: Жаңажол селолық округі, Оймауыт селосы

Телефон/факс: 8(71347) 24 5 03

Электронды пошта қызметі: zhanazhol-kitaphana@mail.ru.

Кітапхана меңгерушісі: Шонаева Жанаргүл Дәрібайқызы

Кітапхана туралы қысқаша анықтама.

Байғанин ауданы, Жаңажол селолық округіндегі Оймауыт селосындағы Жаңажол селолық кітапханасы - 1966 жылдан ауыл тұрғындарына рухани мәдени қызмет көрсетіп келеді. Негізі қаланған уақытта 960 дана кітап қоры, 305 оқырман болған.

2011 жылдың желтоқсан айында Жаңа үлгідегі Жаңажол модельді ауыл кітапханасы болып қайта қалыптасты.

2015 жылы кітапхананың кітап қоры 14474 дана, жыл сайын 715 оқырман кітапхана қызметін пайдаланып, жыл ішінде 14644 дана кітаппен қамтамасыз етіледі. Кітапханаға келушілер саны 5180. Оқырмандардың күнделікті ақпараттық сұранысын қанағаттандыру мақсатында 10 аталымда мерзімді басылымдар алынады.

Заман талабына сай кітапхана компьютерленген, 2 компьютер толық жабдығымен жұмыс жасап,2011 жылдан Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының «РАБИС» (Республикалық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйе) бағдарламасының «Каталогизатор», «Іздестіру-тапсырыс» модульдері бойынша жұмыстар жүргізілуде, электронды қор саны - 2050. Көшірме құралы, телефон, факспен қамтылған.

Кітапханада ауыл тұрғындарымен анықтама – ақпараттық қызмет көрсетуде еліміздің саясаты, мемлекеттік Рәміздерді қолдану мен насихаттау, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол», «Қазақстан жаһандық нақты ахуалда: Өсім. Реформалар.Даму» Жолдаулары және «Ұлт жоспары: 5 реформа 100 нақты қадам», «Ұлт жоспары Қазақстандық арманға бастайтын жол» Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы, ҚР мемлекеттік «Мәдени мұра», аймақтық, өңірлік Бағдарламалар Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, ҚР Конституциясының 20 жылдығы, Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20 жылдығы аясындағы мерейтойлары аясында түрлі мәдени шаралар өткізілді.«Қазақстан -2050 – жасампаз ел» кітап көрмесі , стенді жасақталып, «Елбасы жолдауы халық қолдауына ие» атты тақырыптарда әңгіме , «Егемендігің, Рәміздерің мәңгі болсын, туған ел!», «Ата Заңым – Тәуелсіздік кепілі», «Қазақ хандығы ел тарихының бастауы», «Қазақстан бірлік пен ынтымақ мекені» атты кітап көрмелері ұйымдастырылып, библиографиялық шолулар өткізілді.

Өлкетану бағытында тұрақты «Жерлестеріміз жырлайды» (жерлес ақын-жазушылар шығармаларынан), «Ауылым – алтын мекенім», «Ауыл мақтаныштары» кітап көрмелері ұйымдастырылып, жаңа әдебиеттермен, жаңа деректермен толығуда.

«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында ұсынылған І .Есенберлиннің «Көшпенділер» тарихи романы бойынша жас оқырмандарға насихаттау мақсатында «Қазақ хандығына 550 жыл» тақырыбында кітап көрмесі, танымдық сағат ұйымдастырылды. «Бір өлке –бір кітап» аясында облыс бойынша таңдауға алынған Қ.Шаңғытбаевтың «Шайыр» кітабы бойынша «Білікті сөз зергері» атты көрме ұйымдастырылып, жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған басылымдар таныстырылды.

Кітапхана өз қызметінде үнемі жергілікті әкімшілікпен, мектеппен, ауылдық мәдениет үйімен тығыз байланыста жүргізеді.

Кітапхана жергілікті полиция ғимаратымен бірге орналасқан. Кітапхана көлемі – 103,3 ш.м.

Кітапханада 10 орындық оқу залы, абономент және балалар, жасөспірімдер бөлімі жұмыс жасайды.

Кітапхана меңгерушісі - Шонаева Жанаргүл арнаулы орта білімді кітапханашы, кітапханашы Байдуллина Айнаш білімі арнаулы орта кітапханашы, тазалықшы штаттары бар.


 
Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі