Басты бетке     Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі      VKontakte facebook instagram Кіру       


Сайт мәзірі  


















































Іздеу:
 
free counters
Free counters

Жаңа үлгідегі Сағыз модельді ауыл кітапханасы


Мекен жайы: Ащы селолық округі, Ноғайты селосы

Телефон/факс: 8(71347) 24 1 08

Электронды пошта:sagizkitap@mail.ru

Инстаграм парақшасы:@sagyz.library

Кітапхана меңгерушісі: Төлеу Ләззат Мырзағалиқызы


    Сағыз селолық кітапханасы – Байғанин ауданы Ащы селолық округіне қарасты Ноғайты селосында 1965 жылдын ауыл тұрғындарына рухани мәдени қызмет көрсетіп келеді. Негізі қаланған уақытта кітапханада 5472 дана кітап қоры, 180 оқырман болған. Алғашқы кітапханашы М.Иманғалиева.

    2004 жылы Сағыз ауылдық кітапханасында ауыл кітапханашыларының «Кітапхана: бүгін және болашақта» көшпелі семинар өтті.

    2005 жылы Сағыз селолық кітапханасы ҚР Мәдениет және ақпарат Министрлігінің ұйымдастыруымен өткен республикалық «Үздік ауыл кітапханасы» байқауына қатысып, ынталантыру сыйлығына ие болды.

    2007 жылы Кітапханашы Г.Әлібек (1975-2014 жж.қызмет жасаған) 18-19 сәуірде Астана қаласында өткен «Оқитын ел – бәсекеге қабілетті ел» атты Халықаралық Оқу Конгресіне қатысты.

    2007 жылдың қараша айында Жаңа үлгідегі Сағыз модельді ауыл кітапханасы болып қайта қалыптасты. Кітапханаға сол уақытта 816050 теңгеге мебельдер, стол-орындықтар, теледидар, кітап көрмелеріне арналған сөрелермен жабдықталды.

    2011 жылы аудандық кітапханашыларының «Моделді ауыл кітапханасы Тәуелсіздік жемісі» байқауында «Алғыс хатпен» марапатталды.

    2013 жылы -«Үздік библиографиялық жұмыс» байқауында «Үздік библиографиялық жұмыс» номинациясын иеленді.

    2015 жылы «Ауылым алтын бесігім» кітапханашылардың шығармашылық байқауында жерлес, ауыл экономикасының дамуына ерекше үлес қосқан Ө.Тағыбергеновтың «Болашаққа хат» кітабына буктрейлер дайындап«Үздік буктрейлер» номинациясымен марапатталды. Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20 жылдығы аясында өткен Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Үздік оқырман отбасы – 2015» байқауында кітапхана оқырманы Қисықов Бекбол Аманғосұлының отбасы қатысып «Үздік сюжетті бейнеролик» номинациясын иеленді.

    2018 жылы кітапхана меңгерушісі Төлеу Ләззәт Мырзағалиқызы «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісіне ие болды.

    2019 жылы кітапхананың кітап қоры - 166339 дана, оның ішінде мемлекеттік тілде – 12239 дана. 9 аталымда мерзімді басылымдар алынады, 1562 данасы оқылды. Жыл ішінде кітапханаға 962 оқырман тартылып, 18923 дана кітап оның ішінде мемлекеттік тілде - 17361 дана берілімімен қамтылған. Оқырманның кітапханаға қатысымы -9246, «РАБИС» электронды каталог қор саны – 14493-ді құрайды.

   2019 жылы Мемлекет саясаты, ҚР Рәміздері, мемлекеттік және аймақтық бағдарламалар , ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын және ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар : Рухани жаңғыру» , «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында, ақпараттық түсіндіру бағытында, және жыл ішінде аталып өтілген өнер, әдебиет және қоғам қайраткерлерінің мерейтойлық даталары бойынша жергілікті қоғамдық ұйымдар мен мекеме ұжымдармен бірлесе 181 шара өткізіліп, 2013 адам қатысты.

   Туған жер тарихы туралы арнайы бұрыш жасақталып, 20 орындық оқу залы, абономент және балалар, жасөспірімдер бөлімі жұмыс жасайды. Оқырман топтарымен жұмыс жүргізудің тиімді әдісі – ауыл тұрғындарының жанұя,мамандар, оқушылар картотекалары жасақталып, кітапхана қызметімен қамтылған.

Кітапхана ғимараты байланыс, пошта, полиция мекемелерімен бір ғимаратта орналасқан. Кітапхана көлемі – 100,90 ш.м.

Кітапхана меңгерушісі- Төлеу Ләззат, білімі жоғары,кітапханашы- Ыбырай Ләззат , білімі арнаулы орта және тазалықшы штаттары бар.


 
Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі