Басты бетке     Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі      VKontakte facebook instagram Кіру       


Сайт мәзірі  


















































Іздеу:
 
free counters
Free counters

Жаңа үлгідегі Сағыз модельді ауыл кітапханасы

Мекен жайы: Ащы селолық округі, Ноғайты селосы

Телефон/факс: 8(71347) 24 1 08

Электронды пошта: sagizkitap@mail.ru

Кітапхана меңгерушісі: Төлеу Ләззат Мырзағалиқызы

Сағыз селолық кітапханасы – Байғанин ауданы Ащы селолық округіне қарасты Ноғайты селосында 1965 жылдын ауыл тұрғындарына рухани мәдени қызмет көрсетіп келеді.

Негізі қаланған уақытта кітапханада 5472 дана кітап қоры, 180 оқырман болған. Алғашқы кітапханашы М.Иманғалиева.

2004 жылы Сағыз ауылдық кітапханасында ауыл кітапханашыларының «Кітапхана : бүгін және болашақта» көшпелі семинар өтті.

2005 жылы Сағыз селолық кітапханасы ҚР Мәдениет және ақпарат Министрлігінің ұйымдастыруымен өткен республикалық «Үздік ауыл кітапханасы» байқауына қатысып, ынталантыру сыйлығына ие болды.

2007 жылы Кітапханашы Г.Әлібек (1975-2014 жж.қызмет жасаған) 18-19 сәуірде Астана қаласында өткен «Оқитын ел – бәсекеге қабілетті ел» атты Халықаралық Оқу Конгресіне қатысты.

2007 жылдың қараша айында Жаңа үлгідегі Сағыз модельді ауыл кітапханасы болып қайта қалыптасты. Кітапханаға сол уақытта 816050 теңгеге мебельдер, стол-орындықтар, теледидар, кітап көрмелеріне арналған сөрелермен жабдықталды.

2011 жылы аудандық кітапханашыларының «Моделді ауыл кітапханасы Тәуелсіздік жемісі» байқауында «Алғыс хатпен» марапатталды.

2013жылы -«Үздік библиографиялық жұмыс» байқауында «Үздік библиографиялық жұмыс» номинациясын иеленді.

2015 жылы «Ауылым алтын бесігім» кітапханашылардың шығармашылық байқауында жерлес, ауыл экономикасының дамуына ерекше үлес қосқан Ө.Тағыбергеновтың «Болашаққа хат» кітабына буктрейлер дайындап«Үздік буктрейлер» номинациясымен марапатталды.

Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20 жылдығы аясында өткен Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Үздік оқырман отбасы – 2015» байқауында кітапхана оқырманы Қисықов Бекбол Аманғосұлының отбасы қатысып «Үздік сюжетті бейнеролик» номинациясын иеленді.

Ақын Н.Байғаниннің туғанына 155 жылдығына орай өткізілген «Ең үздік буктрейлер» облыстық байқауында ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды.

2015 жылы кітапханада 15277 дана кітап қоры бар. Жыл сайын кітапхана қызметімен 945 оқырман қамтылып, 18910 дана кітап беріліп келеді. Келушілер саны-8360.

Кітапханада 2 компьютер толық жабдығымен жұмыс жасайды. Кітапхана 2008 жылдан Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының «РАБИС» (Республикалық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйе) бағдарламасының «Каталогизатор», «Іздестіру-тапсырыс» модульдері бойынша жұмыстар жүргізіліп, электронды қор -12314-ке жетіп отыр. Көшірме құралы, телефон, факспен қамтылған. Телефон нүктесі арқылы Интернет жүйесі жұмыс жасайды.

Кітапханада Қазақстан Республикасының бүгінгі саясаты, ҚР Конституциясы, Мемлекеттік Рәміздер мен нышандарына, ҚР Президентінің Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауларын ақпараттық түсіндіру және халықтың рухани байлығын көтеру бағыттарына орай қызмет етуде мемлекеттік және аймақтық бағдарламалар аясында түрлі мәдени шаралар ұйымдастырып келеді.Сонымен қатар елімізде Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, ҚР Конституциясының 20 жылдығы, Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20 жылдығы аясындағы мерейтойларға орай түрлі тақырыптарда іс шаралар өтті. «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол», «Қазақстан жаһандық нақты ахуалда: Өсім. Реформалар. Даму» Жолдаулары және «Ұлт жоспары: 5 реформа 100 нақты қадам», «Ұлт жоспары Қазақстандық арманға бастайтын жол» атты қазақстандықтарға әлемдік дағдарысты еңсеру жолдары халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, ел экономикасын мен әлеуетін арттырып, қоғам өмірін рухани ізгілендіру бағытындағы нақты шараларды ауыл тұрғындарына ақпараттық түсіндіру мақсатында «Нұрлы жол болашаққа бастар жол», «Әлеуметтік мемлекеттің әлеуеті мықты» тақырыптарында ауыл тұрғындарымен әңгіме сұхбаттар , «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» атты жасөспірімдер арасында кеш, «Еліміздің Рәміздері мәңгілік» балалармен танымдық сағат, «Қазақ хандығының қалыптасуы» апталық, «Елдің пен ерліктің өшпес рухы», «Даңқ» орденінің толық иегері С.Ешбаев туралы патриоттық сағат, «Конституция мемлекет тұрақтылығы» кітап көрмесіне библиографиялық шолу, «Қазақстан халқы бірлігі әлемге үлгі» атты жыр кештері өткізілді. Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында «Бір ел бір кітап» акциясына ұсынылған жазушы І.Есенберлиннің «Көшпенділер» тарихи романы бойынша оқырмандар конференциясы өткізілді.

Кітапханада 2005 жылдан «Кәусар бұлақ» қызығушылық клубы жас таланттарды табу, олардың шығармашылығын дамыту, қолдау мақсатында жұмыс жасауда. 2015 жылдың еншісіндегі аудандық, облыстық деңгейдегі шығармашылық байқауларда кітапхананың жас оқырмандары топ жарып, белсенділік танытты.

Туған жер тарихы туралы арнайы бұрыш жасақталып, 20 орындық оқу залы, абономент және балалар, жасөспірімдер бөлімі жұмыс жасайды. Оқырман топтарымен жұмыс жүргізудің тиімді әдісі – ауыл тұрғындарының жанұя,мамандар, оқушылар картотекалары жасақталып, кітапхана қызметімен қамтылған.

Кітапхана ғимараты байланыс, пошта, полиция мекемелерімен бір ғимаратта орналасқан. Кітапхана көлемі – 100,90 ш.м.

Кітапхана меңгерушісі- Төлеу Ләззат, білімі жоғары,кітапханашы- Ыбырай Ләззат , білімі арнаулы орта және тазалықшы штаттары бар.


 
Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі