Басты бетке     Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі      VKontakte facebook instagram Кіру       


Сайт мәзірі  


















































Іздеу:
 
free counters
Free counters

Жаңа үлгідегі Миялы модельді ауыл кітапханасы

Мекен жайы: Миялы селолық округі

Телефон/факс: 76056

Электронды пошта:

Кітапхана меңгерушісі: Мыңжасарова Динара

Байғанин ауданы Миялы селолық округіндегі Миялы селолық кітапханасы 1982 жылы «Дияр» совхозы болып құрылғаннан бері жұмыс жасап келеді.

2013 жылдың желтоқсан айында Жаңа үлгідегі Миялы модельді ауыл кітапханасы болып қайта қалыптасты.

2015 жылы кітапхананың кітап қоры - 6053 дана, оның ішінде мемлекеттік тілде - 4207 дана. 9 аталымда мерзімді басылымдар алынады. Жыл ішінде кітапханаға 371 оқырман тартылып, 10125 дана кітап берілімімен қамтылған. Оқырманның кітапханаға қатысымы -4394.

Компьютер толық жабдығымен қамтамасыз етілген, бүгінгі таңда кітапхана Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының «РАБИС» (Республикалық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйе) бағдарламасының «Каталогизатор», «Іздестіру-тапсырыс» модульдері бойынша жұмыстар жүргізілуде, электронды қор саны - 566.

Кітапханада оқырмандарға арналған «Кітапхана қызметі, Сіздер үшін» жарнамасы, «Қазақстан Республикасыны Рәміздері» бұрышы, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол», «Қазақстан жаһандық нақты ахуалда: Өсім.Реформалар.Даму» Жолдаулары және «Ұлт жоспары: 5 реформа 100 нақты қадам», «Ұлт жоспары Қазақстандық арманға бастайтын жол» Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы және Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, ҚР Конституциясының 20 жылдығы, Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20 жылдығына орай тақырыптық көрмелер ұйымдастырылды.Оқырман жастар арасында «Елбасы Жолдауын қолдаймыз» атты әңгіме, «Қазақ хандығы ұлт мемлекетінің мұрагері», «Ер есімі ел есінде», «Конституция мәңгілік әділеттің қайнар көзі», «Қазақстан достық пен бірлік мекені» тақырыптарында кітап көрмелеріне библиографиялық шолу жасалды. Жерлес ақын Е.Дүйсенбайдың туғанына 75 жыл толуына орай «Есенбай жырлары –жүрегімде» атты әдеби сазды кеш, «Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі» атты тұрақты көрме жанынан «Ана тілі ардағым» атты жасөспірімдермен жыр кеші ауылдық мәдениет үйі, және мектеп ұжымыен бірлесе өтті.

Кітапхана ауыл әкімшілігімен, мектеп, балабақша және ауыл мәдениет үйімен бірлесе ұлтымыздың Наурыз мейрамы және Аналар, балалар күніне арналаған ауылдағы мәдени шараларды бірлесе ұйымдастыруға атсалысады.

Кітапхана ауыл әкімшілігі ғимаратымен бірге орналасқан, көлемі: 28,70

Кітапханашы Мыңжасарова Динара – жоғары білімді, гуманитарлық –заңгер мамандық иесі.

 
Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі