ScreenReader       
Басты бетке     Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі      VKontakte facebook instagram Кіру       


Сайт мәзірі  


















































Іздеу:
 
free counters
Free counters

Сәбит Баймолдин

Сәбит Баймолдин 1942 жылы 5 наурызда Байғанин ауданы, Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. Қазақтың белгілі ақыны, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. 1964 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетін, кейін Қазақ КСР Ғылым Академиясы М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының аспирантурасын бітірген.

Жоғарғы оқу орнын бітірген соң Байғанин ауданының Байғанин орта мектебінде мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, директорлық қызметте болды. Бұдан соң Республикалық «Қазақстан Мұғалімі» газетінің батыс облыстар бойынша меншікті тілшісі, Батыс Қазақстан темір жол басқармасының органы «Стальная магистраль Болат жол» газеті редакторының орынбасары, Ақтөбе облыстық кітапқұмарлар қоғамы басқармасының жауапты хатшысы, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде бөлім редакторы болды.

Алғашқы өлеңдер жинағы «Жер-мекен» деген атпен 1966 жылы «Жазушы» баспасында жарық көрді. Одан кейін «Қырда туған» (1967), «Монолог» (1969), «Қызыл іңір» (1971), «Сағыныш» (1976), «Алтын гүл» (1978), «Сенемін саған» (1980), «Іңкәр күндер» (1982), «Армия семьясы» (1982), «Бесік жыры» (1985), «Тал кеме» (1988) тағы да басқа өлең кітаптары жарық көрді. Тақырыбы жағынан сан алуан болып келетін Сәбит Баймолдин өлеңдері авторлық өзіндік қолтаңбасына тән ырғақ, ұйқастармен ерекшеленеді. Ақын өз туындыларына замандастардың болмыс-бейнесі, тыныс-тіршілігі, моральдық және азаматтық бағыт-бағдары турасындағы ой-толғауларын арқау етті.

Сәбит Баймолдин 2000 жылы 9 желтоқсанда дүниеден озды.

Сәбит Баймолдин шығармалары:

Баймолдин С.

Жер-мекен: Өлеңдер.- Алматы: жазушы, 1966.- 40 б.

Жас ақын Сәбит Баймолдиннің бұл тұңғыш кітабы. Жинаққа автордың әр түрлі тақырыптағы шағын өлеңдері енді.

Баймолдин С.

Қырда туған: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1967.- 68 б.

Сәбит Баймолдиннің «Қырда туған» атты бұл кітабында туған даламыздың кешегісі мен бүгіні жырланады. Жас ақын дала тарихын өз көзімен өлең жолдарына түсіреді.

Жинаққа ақынның достық, махаббат жайлы бір топ өлеңдері де кірді.

Баймолдин С.

Монолог: Поэмалар.- Алматы: Жазушы, 1969.- 56 б.

«Монолог» - Сәбит Баймолдиннің үшінші кітабы. Бұл жинаққа дәуір, адамгершілік жәйлі лирикалық – философиялық поэмалары енді. Жас ақын өмір суреттерін өз даусымен, өзіндік ою-өрнектерімен бейнелейді.

Баймолдин С.

Сағыныш: Өлеңдер, толғаулар, дастандар.- Алматы: Жазушы, 1976.- 68 б.

Сәбит Баймолдиннің «Сағыныш» атты кітабына жаңа өлеңдері, толғаулары, дастандары кірді. Мұнда адамгершілік, жақсылық қасиеттер, замандастар өмірі жырланады.

Баймолдин С.

Алтын гүл: Өлеңдер, толғаулар, дастандар.- Алматы: Жалын, 1978.- 80 б.

Ақын Сәбит Баймолдиннің «Алтын гүл» кітабына жаңа өлеңдері, толғаулары, дастандары кірді. Мұнда адамгершілік, жақсылық қасиеттер, замандастар өмірі жырланады.

Баймолдин С.

Сенемін саған: Өлеңдер мен поэма.-Алматы:Жазушы,1980.-160 б.

Ақын Сәбит Баймолдиннің «Сенемін саған» атты кітабында жаңа өлеңдері мен «Қызыл сенбі» дастаны енді. Мұнда дәуіріміздің ұлылығы, замандастар өмірі жырланады.

Баймолдин С.

Іңкәр күндер: Поэма мен өлеңдер.- Алматы: жалын, 1982.- 96 б.

Сәбит Баймолдиннің жаңа жинағына «Сегізінші ғаламат» атты поэмасы мен өлеңдері еніп отыр. Ақын жас ұрпақты отаншылдыққа, азаматтық белсенділікке, елді, жерді, еңбекті, адамды, әділетті сүюге үндейді.

Баймолддин С.

Армия семьясы: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: Жазушы, 1982.- 112 б.

Ақын Сәбит Баймолдиннің «Армия семьясы» атты бұл жинағына оның саналуан тақырыпқа жазған өлеңдері мен поэмалары енді.

Соғыс жылдары ел қорғасып, әділет сүйіп, ыстық-суыққа ерте төзген ұрпақ өкілі – автор ерлікті, еңбекті, шындықты жырға қосады.

Баймолдин С.

Бесік жыры: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1985.- 160 б.

Ақын Сәбит Баймолдиннің бұл кітабы соңғы жылдары жазған жаңа өлеңдерінен құралды. Онда бүгінгі замандастарымыздың ерлік еңбегі, ой өрісі, Отанға, туған жерге деген махаббаты, қазақ даласының жаңарған бейнесі жырланады. «Бесік жыры» деп аталған бұл кітап азаматтық парызды терең сезінуге үндейді.

Баймолдин С.

Тал кеме: Өлеңдер, дастандар.- Алматы: Жазушы, 1988.- 200 б.

Жыр сүйер қауымға Сәбит Баймолдиннің есімі көптен таныс. Ақынның негізгі тақырыптары: сүйікті отан, партия, туған жер, өскен ел, бал махаббат.

Ұсынылып отырған жинаққа автордың 1962-1982 жылдар аралығында жарық көрген шығармалары енгізілді.

 
Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі